2.2 Қазіргі әлеуметтік–мәдени білім беру жүйесіндегі музыкалық өнердің орны Социолог мамандардың зертеуінше, қазіргі таңда музыкаға деген сұраныс жастар арасында алдынғы қатарда тұр. Бірақ та, мына мәселеге көңіл бөлу керек: поп музыкалар кең қанат жаюға, ал, классикалық, халықтық үлгідегі шығармалар аз сұранысқа ие болып отыр.
Сондықтан да музыка мұғаліміне қойылатын талап та жоғары:
Біреншіден, оқушыларды алғашқы сабақтан, бірінші сыныптан бастап отандық және әлемдік музыка мәдениетімен таныстырып, осы құндылықтарды олардың бойына, эстетикалық ләззатану арқылы музыкалық ой-өрісін кеңейте отырып тәрбиелеп, оқыту керек.
Екіншіден, мұғалімнің өзі де поп музыкалардың ең озық үлгілерінің жанрлық, стильдік бағыттарын зерттеп, сабақта халықтық, классиакалық музыкалармен бірге салыстырып оқушыларға түсіндіре білуі керек.
Адамзат техникалық ойлауға көшіп отырған XXI ғасырда, көркемдік ойлау жүйесін дамытуға деген сұраныс өзінен-өзі туындайды. Өйткені адамдық негізінің ең басты критерийінің өзі – көркемдік ойлау, көркемдік түйсіну, қабылдау екені ақиқат. Сондықтан да, адамды көркемдік, әсемдікке бауылып, айналадағы дүниені, құбылысты көркемдік ойлау арқылы таныстыратын өнер – музыка өнері.
Кез-келген адам, соның ішінде жас сәби музыканы өзінше сезініп, қабылдайды. «Мектептегі музыканың ерекшелігі, тек бір өнер саласымен шектелмейді, - дейді Д.Б.Кабалевский, - Сондай-ақ, әдебиет пен бейнелеу өнері сияқты музыка өнері де оқушының тәрбиесі мен біліміне әсер етіп, жан-жақты қалыптастырады, рухани әлемін кеңейтеді».
Музыканың негізгі мазмұнын құрайтын – сұлулық, ал сұлулық-қуаныштың, шаттықтың белгісі.
Музыканың адам көңіл-күйін жақсартып, тұлғалық дамуындағы сезімдік ой-өрісін дамытып, күш-жігеріне әсер етіп, бүтіндей жан-дүниесін ретке келтіретін арттерапевтік қасиетін де жоққа шығаруға болмайды.
Музыкалық психотерапияның табиғатын әр түрлі мектептер мен бағыттардың негізінде талдап, зерттеген В.И.Петрушин музыканы психотерапевтік мақсатта қолданудың төмендегідей мүмкіндіктерін көрсетеді:
емханалық ортаны әсемдік пен үйлесімділікке бөлеу;
коммуникативтік (қатынас) актілерінің дамуына жағдай жасау;
Жалпы, қорытындылай келе айтпағымыз: Музыканың ізгі әсерін оқушыларға сезіндіру үшін оларды музыканы сүйе білуге, түсінуге үйрете отырып, музыкалық қажеттіліктерін қалыптастыру керек. Ал ол үшін мынадай педагогикалық шарттар орындалуы тиіс:
оқушыларға сыныпта және сыныптан тыс жағдайларда музыкамен мүмкіндігінше көбірек қарым-қатынас жасауға жағдайлар жасау керек;
оқушының музыкаға деген эмоциялық-жауап беру әсерін жан-жақты дамыту қажет;
оларды музыка өнерінің ырғақтық (интонация) табиғатын түсінуге және музыканың мазмұндық мәнін таба білуге үйрету керек;
бұрыннан таныс халақтық және классикалық үлгідегі музыкалармен қатар әр түрлі шығармашылық бағыттар мен стиль, мектептердің музыкаларын қалыптастыра отырып оқушылардың музыкалық есту қаблеті қорын мақсатты түрде және біртіндеп кеңейтіп дамыту қажет;
«дөрекілікке қарсы иммунитетті» (Д.Б.Кабалевский) күшейту мақсатында оқушыларға әр түрлі бағыттағы қазіргі попмузыкаларды ең үздік туындыларымен таныстыру керек;
оқушылардың музыкалық білім алуын кеңейтіп және сол алған білімдерін әр түрлі музыкалық шығармашылыққа қолдана білуіне ықпал ету керек;
музыкалық сабақтарда әр оқушының музыкамен тілдескендей күй кешіп, оның мәні-мағынасына жете үңіліп шығармашылық шаттыққа бөленуіне жағдай жасау қажет;
әр мұғалім өзінің жұмыс жоспарын музыка балалармен күнделікті өмірде бірге жасасып, тіршіліктің ажырамас бір бөлігіндей қажеттілік тудыратын жағдайда құруы керек.