Музыкалық білім беру теориясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен жоғарғы оқу орындарының 050106 «Музыкалық білім беру»



бет6/68
Дата19.06.2023
өлшемі1,09 Mb.
#102324
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Этикалық қызметі
Бұны А.С.Пушкин мына бір қанатты сөзінен көреміз: «... ақындық асқақ шабытпен, оятатын әсем сезімді». Бұл сөзді музыкант – педагогтар: «Әсемдік жақсылықты туғызады», - деп қоштайды. Музыканың этикалық қызметін осыдан-ақ байқаймыз.


Эстетикалық қызметі
В.Н.Холопова музыканың эстетикалық қызметін «әдемілік» және «үйлесімділік» категорияларын түсіндіреді. Оның айтуынша: «Әсемдік, әдемілік, үйлесімділік әрдайым музыкалық туындының ең басты көрсеткіштері болып келеді».
А.Г.Бутниктің зерттеунше, музыка өнеріндегі эстетикалық қатынасқа жататындар: эстетикалық қабылдау, сезіне білу және бағалау. Автордың айтуынша, бұл қатынастар музыкалық өнердің ерекшеліктеріне байланысты айқындалады. Зертейшінің пікірінше, эстетикалық қатынастың басты белгілеріне: музыкалық кемелділікті әсемдік көзқарасы тұрғысында бағалау; әр жанрдағы туындыларды қанағаттанарлық сезімде қабылдау; қабылдаудың әржақтылығы; сезімнің нақтылығы; музыкалық туындылардың мазмұнына бағалаудың сәйкестігі жатады.


Канондық және эвристикалық қызметі
В.Н.Холопова өнердің канондық және эвристикалық қызметтерін сипаттай отырып, оларды бір-біріне қарама-қарсы диалектикалық жұп деп қарастырады. Канондықты мәдени сабақтастық, ал эвристикалық дәстүр жалғастығы, яғни мәдени дәстүрдің сабақтастығы мен жаңашылдығы ретінде бағалайды. Сондықтан да әрбір музыкалық туындыны оқытқан кезде оның тарихилық принципі сақталу керек.


Қоғамдық - өзгертушілік қызметі
В.Н.Холопованың ұсынысы бойынша, музыка өнерінің қоғамдық - өзгертушілік қызметі оның басқа қызметтерімен тұтастай, бірлікте әрекет етеді.


Тұлғалық - өзгертушілік қызметі
Музыка өнерінің тұлғалық - өзгертушілік қызметін мынадан көрінеді: оқышының қандай музыкалық шығармашылықпен айналысқанына қарамастан, оның шығармашылық мінезінің қалыптасуына ықпал етіп, тұлға ретінде дамытады. Музыкамен шұғылдана отырып оқушы сезімдік, ерік-жігерлік, интелектуалдық қасиеттерді бойына жинайды, мінез-құлқында өзгерістер жүреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет