Музыкалық білім берудің тарихы мен теориясы музыкалық білім беру педагогикасының жалпы мәселелері



бет15/20
Дата18.10.2023
өлшемі374 Kb.
#118820
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Сұрақтар мен тапсырмалар:

1.Музыкалық білім берудің принциптерінің өзара байланыстарын қалай түсінесіздер ?


2. Музыкалық білім берудің принциптерінің жалпы дидактикалық принциптерден айырмашылығы неде ?
3. Музыкалық білім берудің принциптерінің бағыттылығын ұстанудың педагогикалық шарттары қандай ?
4. Музыкалық білім берудің принциптерінің музыкалық-педагогикалық бағыттылығын қамтамасыз ету жолдары ?
5.Музыканы оқытудың, тәрбиелеудің, дамытудың бірлігі принципін ұстанудың мәні неде ?
6.Музыка сабағына қатысып, ғылымилық, еліктіргіштік, бірізділік, жүйелілік, көрнекілік, музыканы оқыту мен өмірдің байланысы принциптерінің қалай жүзеге асырылатындығына талдау жасаңыз ?


Әдебиеттер:

Баранов С.П. Принципы обучения. – М., 1975.


Современная дидактика: теория-практика // Пед.ред. И.Я.Лернер, И.К.Журавлева. – М., 1995.
Лернер И.Я. Процесс обучения и его закономерности. М., 1980.
Абдуллин Э.Б. теория и практика музыкального обучения в общеобразовательной школе: Пособие для учителя. – М., 1983
Абдуллин Э.Б., Николаева Е.В. Музыкально-педагогическое образование России на рубеже XX и XXI столетии. М., 2002.
Загвязинский В.И. О современной трактовке дидактических принципов // Советская педагогика. 1978.
Абдуллин Э.Б., Николаева Е.В. Теория музыкального образования: учебник для студ.высш.пед.учеб.заведений. – М., 2004.
Музыкальное образование в школе: Учебное пособие для студ.муз.фак.и.отд.высш.и.сред.учеб.заведений. / Л.В.Школяр,В.А.
Школяр, Е.Д.Критская и др.; под.ред.Л.В. Школяр.-М., 2001.
Кабалевский Д.Б. Основные принципы и методы программы по музыке для образовательной школы. Программа по музыке (с поурочной методической разработкой) для общеобразовательной школы. 1-3. – М., 1983.

6. Жалпы білім беретін орта мектептегі музыкалық білім беру мазмұны


Жоспары:
1.Музыкалық білім мазмұны ұғымына түсінік.
2. Музыкалық білім мазмұнының құрылымдық элементтерінің сипаттамасы.
3.Қазақстан Республикасындағы музыкалық білім мазмұнының реттеуші ресми құжаттар.

Музыкалық білім берудің жалпы мазмұны «не үшін оқыту ?» деген сұраққа жауап іздестіреді. Дегенмен, неменеге оқыту деген сұрақты қанағаттандыру үшін, азаматтың әлеуметтік өмірінде жинақталған аса бай музыкалық мәдениетінен тәлімдік-тәрбиелік маңыздысын, ең қажеттісін таңдап алу және оны жас ұрпақтың бойына сіңірудің мақсатын, міндеттерін анықтап алу қажет. Ал білім беру мақсаты қоғамдағы өркениеттің дамуына сәйкес әр тарихи кезеңдерде сан қилы өзгеріп отыратындығы мәләм. Міне, сондықтан музыкалық білім берудің міндеттері, білім көлемі, оқулықтардың құрылымы, пән мазмұны үнемі пікірталасты проблема болып келеді.


Педагогикалық сөздікте білім беру мазмұны ұғымына: «Жеке тұлғаның дамуын қамтамасыз ететін білім, іскерлік, дағдылардың, шығармашылықты іс-әрекет тәжірибесі мен дүниеге деген эмоционалды-құндылықты қарым-қатынастың педагогикалық тұрғыдан бейімделген жүйесі», - деген анықтама берілген.
Музыкалық білім мазмұнына белгілі бір білім беру мекемесінде меңгертілуге тиісті сұрыпталған музыкалық білім, іскерліктер жүйесі, орта мектептердегі музыкалық білім мазмұнын қалыптастырудың алғышарттары ретіндегі белгілі бір жүйелер жатады.
Музыкалық білім беру – орта мектептегі оқу процесінің тұтас бір бөлігі ретінде білім беру мазмұнын қалыптастырудың теориялық тұжырымдамаларына негізделеді. Музыкалық білім беру мазмұны бүгінгі әлеуметтік тапсырыс, әлеуметтік және ғылым жетістіктері, қажеттіліктер жүйесінің сипатына қарай анықталады.
Ал музыкалық білім беру көздеріне музыка мәдениеті, нақтылап айтқанда, түрлі жанрдағы әлемдік және отандық классикалық музыка, халық музыкасы, балалар әндері және т.б.жатады.
Музыкалық білім беру мазмұнын сұрыптауда, оны құрастыруда қабылданған талаптар және оқу пәнінің оқу-музыкалық материалдармен толтырылуын анықтайтын өлшемдерді анықтайтын дидактикалық-принциптер (В.В.Краевский, В.С.Леднев, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин, Ю.К.Бабанский, Б.Т.Лихачев, И.Ф.Харламов және т.б.) негізге алынады.
Музыкалық білім беру мазмұнының тұжырымдамасы аға ұрпақтың музыка өнері, тәлім-тәрбиесі саласында жинақтаған тәрбиесін жеткізуді оның басты әлеуметік функциясы ретінде қарастыра келе, төрт құрылымдық элементтерін ашып көрсетеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет