Н. А. Казбеков, Н. А. Казбекова, Р. М. Садвакасова, Е. Ж. Аубакиров


тақырып. Қазақстанның мәдени саясаты. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы



бет28/32
Дата18.11.2022
өлшемі157,54 Kb.
#50988
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
10 тақырып. Қазақстанның мәдени саясаты. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы


Мәдени саясаттың генезисі мен қағидалары: Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» заңы. Дербестік жағдайында қазақ ұлттық жаңғыруына қатысты мәселелерді қою мүмкін болды. Үкімет қаулысымен тіл, мәдениет туралы заңдар шықты. Ұлттық сана-сезім мен сананың деңгейі жоғарылайды. Өзінің рухани, мәдени, тарихи құндылықтарын іздеу қажеттілігі сезіледі.
Бүгінде мәдениет пен мәдени әлеуетті дамыту әлемнің көптеген халықтары мен мемлекеттерінің дамуының негізгі басымдықтарының қатарына жатады. Табысты мемлекеттің мәдени саясаты жасампаз құндылықты бағдарларды қалыптастыру негізінде қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған және қоғам мен мемлекет тіршілігінің барлық маңызды аспектілерін дамытудың сапалы өлшемі болып табылады.
Сондықтан "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабында мәдениет саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттары, мақсаттары мен міндеттері келтірілген. Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатының негізгі қағидаттары:
«1. мәдениетті мемлекеттік қолдау, мәдениет саласындағы қызметті жүзеге асыруға және мәдени өмірге қатысуға Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау;
2. азаматтардың өз мүдделері мен қабілеттеріне сәйкес кәсіби және кәсіби емес (әуесқойлық) негізде шығармашылық қызметінің еркіндігі;
3. азаматтардың мәдени құндылықтарды құрудағы, жаңғыртудағы, сақтаудағы, дамытудағы, таратудағы және пайдаланудағы құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігі;
4. тарихи және мәдени мұраны қорғау және оларды дамытудағы сабақтастықты қамтамасыз ету;
5. қазақ ұлттық мәдениетінің тұтастығын сақтау және өзара байыту факторларының бірі ретінде шетелде тұратын отандастармен мәдени байланыстарды дамыту;
6. қазақ халқының және этникалық диаспоралардың тарихи мұрасын сақтау, қоғамның шығармашылық әлеуетін дамыту және молықтыру үшін құқықтық кепілдіктер жасау;
7. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен шығармашылық одақтарға, өзге де қоғамдық бірлестіктерге біріктіру еркіндігі;
8. ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына баулуға, балаларды, оқушы жастарды эстетикалық және патриоттық тәрбиелеуге ықпал ететін тәрбиелеу жүйесін дамыту;
9. мәдениет ұйымдарына олардың нарықтық жағдайларда жұмыс істеуі үшін қолайлы орта қалыптастыруға жәрдемдесу» [84].
Бұл қағидаттар жаңа мәдени бәсекеге қабілетті ментальды қалыптастырудың өзегі болып табылады, оның негізінде қалыптасқан құндылықтар жүйесі, шығармашылық белсенділік, қажетті мәдениет өнімін жасау қабілеті. Отандық мәдениет сапалы жаңа деңгейге шығып, әлемде кеңінен танылуға тиіс.
Мақсаты: ұлттық сананы рухани жаңғырту және жаңарту, елдің бірыңғай мәдени кеңістігін, бәсекеге қабілетті мәдени ментальді және қазақстандықтардың жоғары құндылық бағдарларын қалыптастыру, экономиканың табысты дамуына әсер ететін қазіргі заманғы мәдени кластерлерді дамыту және танымал ету, туристік тартымдылықты және елдің оң халықаралық имиджін арттыру.
Мемлекеттің мәдениет саласындағы негізгі міндеттері:
1 мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2 Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін қайта өркендетуге, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған шаралар қабылдау;
3 азаматтарды эстетикалық тәрбиелеу үшін жағдай жасау;
4 мәдени құндылықтарға еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету;
5 халыққа мәдени қызмет көрсетудің ең төменгі мемлекеттік стандарттарын белгілеу;
6 мемлекеттік мәдениет ұйымдарының инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету және материалдық-техникалық базасын нығайту;
7 талантты тұлғаларды қолдауды қамтамасыз ету;
8 мәдениет саласында Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау;
9 мәдени құндылықтарға меншік иесінің құқығын заңсыз әкетуге және әкелуге, заңсыз беруге кедергі жасау, оларды кез келген заңсыз иеленуден қайтаруға шаралар қабылдау;
10 мәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастық үшін жағдай жасау;
11 Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтардың ұлттық-мәдени бірлестіктерге қатысу еркіндігін, мәдениет ұйымдарын құруды, шетелдегі отандастармен мәдени байланыстарды кеңейтуге қатысуды қоса алғанда, ұлттық және мәдени өзіндік ерекшелікті қорғау мен дамытуға құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету “Қазақстан Республикасының Мәдениет туралы Заңы, ҚР Президенті 2006 жылғы 15 желтоқсанда № 207-ІІІ ҚРЗ бекіткен» [85].
Қоғамдық сананы жаңғырту контексінде ұлттық бірегейлікті нығайтуға және жаңа қазақстандық патриотизмді ілгерілетуге ерекше назар аударылуы тиіс. Осыған байланысты мәдениет саласындағы қолданыстағы жобалар шеңберінде жұмыс жалғастырылатын болады, сондайақ «Рухани жаңғыру» - «Қазақстанның Сакральная географиясы», «Жаһандық әлемдегі қазіргі қазақстандық мәдениет», «Туған жер» және т. б. бағдарлама жобаларын іске асыру бойынша жұмыс басталады.
Дәстүрлі құндылықтарды қолдау, қоғамдық сананы жаңғыртуға, ұлттың мәдени кодын рухани жаңартуға және нығайтуға ықпал ететін адамгершілік бағдарларды қалыптастыру және тілді дамыту, мәдени-тарихи құндылықтарды, дәстүрлерді сақтау, Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық картасын қалыптастыру, жаһандық әлемде қазіргі заманғы қазақстандық мәдениетті ілгерілету, өзінің кіші Отанына «Туған жер»деген әлеуметтік құрмет пен сүйіспеншілікті сақтау арқылы жүзеге асырылатын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет