Н. А. Раупова, Ә. Т. Төлебиев, Г. Қ. Жарымбетова



бет46/53
Дата17.08.2024
өлшемі0,51 Mb.
#105921
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   53
Байланысты:
2 кл ктп

Бөлім:

Қоршаған орта

Педагогтің аты-жөні




Күні:




Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Монотипия жасаймыз

Оқу бағдарламасына
сәйкес оқу мақсаттары

2.2.1.1 қоршаған ортадағы белгілі бір визуалды элементтерді әртүрлі тәсілдер және құралдармен бейнелеу
2.2.2.1 әртүрлі әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, материалдарды (көркемдік, табиғи және жасанды) және құралдарды қолдану, эксперимент жүргізу

Сабақтың мақсаты

Монотипия тәсілі арқылы жануарлардың бейнесін жасайды.
Түсті дақтардан бейнелерді байқап, олармен әрі қарай жұмыс істеуді үйренеді.

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Ұйымдастыру сәті Жаңа сабақты түсіндіру Монотипия жасаймыз Қызығушылықты ояту
Мұғалім монотипия тәсілімен жасалған бірнеше
жұмысты көрсетіп, сурет салудың бұл түрімен қаншалықты таныс екенін сұрайды.

Балалар пікірлерін ортаға салады.



Бағалау критерийі: монотипия тәсілі туралы біледі; бір дақтан бірнеше сурет салады.

Оқулық, 96–97-беттер. Әртүрлі тақырыпқа арналған монотипиялар, фотосуреттер.
2-сыныпқа арналған CD-диск.

Ортасы

Тақырыпты түсіндіру
Мұғалім монотипияның басқа сурет түрлерінен несімен ерекшеленетінін сұрайды. Содан кейін монотипия терминімен танысады.
Жаңа ұғымды түсіндіру
Монотипия – шыны немесе қатырғықағаздың бетіне салынатын түсті дақтардың таңбалары. Монотипия жасау жолын көрсетеді. Одан кейін оқушыларға тапсырма беріп, оның дұрыс орындалуын қадағалайды.
Шығармашылық жұмыс Монотипия жасаймыз Жұмыстың жасалу реті:

  1. Қатты қағазға гуашь бояуларымен негізгі суретті сал.

  2. Оның бетін жұқа қағазбен жауып, қозғалтпай ұста.

  3. Қағазды ақырын көтер. Қозғалтпауға тырыс.

  4. Таңбаны қосымша суреттермен толықтыр.

Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау

Суреттерінен ненің бейнесін көргендерін айтып береді.
Суреттерін қылқаламмен бояп, толықтырады. Бір-бірінің суретін қарап шығып, өз ойларымен бөліседі.
№ 2 жұмыс дәптерінің 24–25- беттеріндегі тапсырмаларды орындайды.

(ҚБ) Мұғалім әдісті өзі таңдайды.

(ҚБ) Бас бармақ.


Дескриптор:

  • дақтардан әртүрлі суреттерді көреді;

  • монотипия тәсілімен бейнелерді жасайды;

  • жұмысты мұқият орындайды.

Оқулық, 96–97-беттер.

Қалың қағаз, гуашь бояулары, қылқалам.


№2 жұмыс дәптері, 24–25-беттер.



Соңы
Рефлексия

– Бүгін сендер сурет салудың қызықты тәсілімен таныстыңдар. Монотипия тәсілімен түрлі бейнелер жасап үйрендіңдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет