Н. А. Тойбазарова интербелсенді оқыту технологиясы (Оқу құралы) НҰр-сұлтан – 2019



Pdf көрінісі
бет14/31
Дата17.06.2023
өлшемі1,26 Mb.
#101987
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31
Мұндай тестілер әзілге негізделетіндігін ұмытпау керек. 
Үйдің суреті 


65 
Бұл ойсергекте оқушыларға үйдің суретін салу тапсырылады. 
Әдеттегідей оқушылар салынып біткен суреттерін бір-біріне көрсеткеннен 
кейін, мұғалім олардың қандай мағына білдіретідігін айтады 
-егер 
үйдің терезелері кең, үлкен болса, ол оқушының 
мазасыздығының көрсетеді. 
-есіктегі тұтқа суретшінің қонақжай екендігін білдіреді. 
-үйдің баспалдақары болса немесе үй алдына жол салынса, ол 
оқушының қыдырымпаз адам екендігін білдіреді. 
Мұндай тестілер әзілге негізделетіндігін ұмытпау керек. 
Өзін-өзі бағалау деңгейі 
Тақтаға он басқышты баспалдақ суретісалынады, оларды номерациялық 
төменнен жоғаррыға қарай қойылады. Оқушылар басқыштың бірін 
тандауы керек. Өзін-өзі бағалау деңгейі төмен оқушылар 1-ден 4-ке дейінгі 
басқыштарды таңдағандар, өзін-өзі тым жоғары бағалағандар санына 8-ші,
9-шы және 10-шы басқыштарды көрсеткендер, ал өздерін нақты, реалистік 
тұрғыдан бағалайтын оқушылар қатарына 5-ші, 6-шы және 7-ші 
басқыштарды жатқызуға болады. 
Орманда адасу
Оқушылардың өздігімен үйрене алатындығын немесе жетекті қажет 
ететіндігін былайша анықтауға болады. Оларға мынандай жағдайатты 
келтіру қажет: «сіз қалың орманда адасып қалдыңыз. Орманнан шығудың 
амалын білмейсіз. Кенет қараңғы нуда сізге бір адам жолыға кетті. Жөн 
сұрастырып едіңіз, ол адам дұрыс жолды білетін болып шықты. Ол сізге 
бұл орманнан қалайша шығу керектігін айтып, жол сілтеді. Сіз енді екі 
әрекеттің қайсысын таңдайсыз: 1) әлгі адамның айтқаны бойынша 
шығатын жолды іздеймін; 2) сөзіне иланбай, сол адамның өзі жол бастап, 
мені орманнан шығарып жіберуін өтінемін. 
Бірінші жауапты таңдаған оқушыларды өздігімен алатындардың қатарына 
жатқызуға болады, оларға бағыт бағдар сілтесе жеткілікті. Ал екінші 
жауапты таңдағандар әлі де өздігімен үйрене алмайтындар, оларға әлі де 
жетек керек деп есептеуге болады. 
ТОПТАРҒА БӨЛІНУ ТӘСІЛДЕРІ 
Қағаз қиындылары 
Бірнеше құттықтау қағаздардың әрқайсысын (немесе ақ парақтарды) топ 
құрамындағы оқушылар саны бойынша жыртып (төртке, беске), оларды 
араластырып, оқушыларға таратып беру керек. Оқушылар қиықтардан 
бүтін құрастырып, сол бойынша топ құрайды. 
Ұқсас ерекшеліктер 


66 
Мұғалім оқушыларға қандай да болмасын бір ерекшелікті айтып (мысалы, 
туған айы, жұлдызнамалық белгісі, киген киімдері, шашының түсі т.б.), 
сол бойынша төрт (немесе үш, бес) адамдық топтарды құруды тапсырады 
немесе топтарды құру жұмысына өзі кіріседі: 
- мына партаға аталары мен әжелері барлар отырады. 
- мында үйдің үшінші қабатында тұратындар отырады. 
- мына жерге үйдің кенже балалары отырады. 
- мында «нокиа» ұялы телефондары барлар отырады. 
Ән бойынша бөлу 
Оқушылар топтарына ел арасында көп тараған, кеңінен таныс 
әндердің бір шумағы мен қайырмасы жазылған карточкалар таратылып 
беріледі. Оқушылар сол әндерге байланысты топтарға бөлініп, 
карточкаларда келтірілген әндерді бірлесе орындайды. 
Сап түзеу
Оқушылар туған айлары мен күндері бойынша сапқа тұрады: 
алдымен қаңтарда туғандар, ал ең соңында желтоқсан айында дүниеге 
келгендер. Топ құрамдары бір айда туған оқушылардан құралады ( немесе 
алдыңғы оқушыдан бастап төрт адамнан тұратын топтар құрауға болады) 
Сапты оқушылардың бойлары бойынша да түзеуге болады. Онда 
топтар бойлар 
(бойы биіктер, орташалар, аласалар) бойынша құралып немесе 
оқушылардың бірден төртке дейін санауы бойынша араласып құралады. 
Сапты әліпби (алфавит) бойынша да қарауға болады: алдымен 
есімдері (немесе фамилиялары) «А» - дан басталтындар тұрып, қалғандары 
олардың артынан тізіледі. 
Сапты киген киімдердің түсіне қарай түзеуге болады: алдымен қара 
киімділер, әрі қарай киімдер ақшылдана түсіп, сап аяғында ақ киімділер 
тұрады. 
Киімінің түсі бойынша 
Бәр партаға киімінде қара түс барлар (тіпті киімінде қара түсті бір 
фрагмент болса да жеткілікті), екіншіге қызыл түс, үшінші партаға ақ 
түстілер, төртіншеге киімінде жасыл түс барлар т.с.с. отырады.
«Жұбыңды тап!» 
Әр оқушының арасында түйрегішкпен (немесе скотчпен) А-4 
фарматындағы қағаз бекітіледі. Қағаздарда сынарлары (жұптары) бар 
ертегі немесе әдеби кейіпкерлердің бір есімі жазылады. Мысалы, Алпамыс 
немесе Гүлбаршын, Қобыланды немесе Құртқа, Ертарғын немесе Назым, 
Айман немесе Шолпан, Ақан сері немесе Ақтоты, Естай немесе Қорлан
Асан немесе Үсен, Ербол немесе Меңтай, Абай немесе Әйгерім, Қожа 
немесе Жанар т.б.
Оқушылар сынып ішін аралап жүріп, өз жұбын табуға тырысады. Өз 
жұбын білу үшін әр оқушы басқаларға сұрақтар қояды. Мұнда тек «Менің 
арқамда кімнің есімі жазылған?» деген тіке сұрақты ғана қоюға болмайды. 


67 
Олардың тұспалдап қойған сұрақтарына басқа оқушылар тек «Иә» немесе 
«Жоқ» деген жауып беріу тиіс. 
Өз сынарларын тапқаннан киін оқушылар олармен бір партаға 
отырады. Шағын топ құрамдары осылайша қалыптасады. 
Жағымды сөздер
Мұғалім оқушылардын «Бүгін қандай жағымды, жылы сөздер 
естідіндер?» деп сұрап, олардың жауаптырын тақта жазып қояды. 
Жауаптардын саны топ сандарымен байланысты болады. Егерде, мәселен, 
жиырма оқушыдан тұратын сыныпта топтар саны бесеу (әр топта төрт 
оқушыдан) болатындығы жоспарланса, онда тақтағада бес жағымды сөздер 
немесе тіркестер жазылады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет