іскерлік және рөлдік ойындар, нақты жағдайлар мен ситуацияларды
талдау, топтық пікірталастар, презентациялар.
Мысалы, оқушы топтарына практикада туындаған проблеманы шешудің,
белгілі бір ситуациядан шығудың ең тиімді жолдарын табу немесе қандай
да болмасын әрекетті жүзеге асыру тапсырмалары берілді делік. Мұндағы
мәселе оқушылардың нақты дағды немесе тәжірибеге үйреніп, оларды
практикалық әрекеттер арқылы бекітуінде. Сол себепті де оқушылар
берілген уақыт ішінде өз әрекеттерін талқыға салып, жоспарлап алып, өз
шешімдерін ситуацияны көрсету, оны рөлдерге бөліп ойнау арқылы
басқаларға жеткізеді.
Мәселен, егер де оқушыларға фандрейзинг тұрғысынан тапсырма берілсе,
оқушылар белгілі бір фирмаға қалай барып, оның басшылығын қалайша өз
жобаларын қаржыландыру ісіне қызықтырып, жұмылдыратындығын
көрсетіп беруі керек. Оқушылар өздерінің позициясы мен әрекеттерін,
сөйлеген сөздерін, тіпті мимика мен ишараттарын мұқият ойластырғаны
абзал.
Тағы да бір мысал: топ мүшелері өздеріне берілген тапсырмаға
сәйкес жоғарғы оқу орнын жаңадан бітірген жас маманың бірінші жұмыс
күнінің ең маңызды мезеттерін ойнап шығуы ықтимал. Мұнда олар жас
маманның мекеме немесе бөлім басшысымен қалайша сөйлесетіндігін,
қалайша жұмысқа қабылдау туралы өтініш жазатындығын, ұжыммен қалай
танысатындығын келтіріп, «ойнап» шығуы керек.
Әрбір топтың осындай әрекеттері тренинг барысында талқыланады, басқа
топ оқушылары өз пікірлерін келтіреді, сұрақтар қояды. Бұл жерде
талқылау пікірталасқа да айналып кетуі мүмкін. Әңгіме аяғында сөз
ситуацияны көрсеткен топқа екінші рет беріліп, олар өз әрекеттеріне
қандай өзгертулер енгізгендігі туралы баяндайды.
Тренингтердің түрлері
39
Презентацияларды өткізу дағдыларын қалыптастыру тренингтері қандай
да болмасын ұсыныстарды баршаға тиімді таныстыру тәсілдерін
қарастырады. Презентация «жариялау» деген мағынаны білдіреді.
Мұндай тренингтерде оқушылар жеке немесе топтық жұмыстардың
нәтижелерін басқаларға таныстырудың әдістерін меңгереді. Мәселен, бір
топ бірлесе отырып қарастырған проблеманың шешімін плакатта кесте,
кластер, схема түрінде кескіндеп, өз ұстанымын топ өкілі (шешен, спикер
арқылы жария) қылады.
Бұл жерде басты назар жариялаудың қандай әдістер мен тәсілдер арқылы
нақтылы, ұтымды әрі баршаға анық болатындығына аударылады.
Оқушылар осындай тәсілдерді іс жүзінде игереді.
Жаңа дағдыларға үйрену тренингі – оқушы сынып (немесе ұйым, мекеме,
фирма, кәсіпорын ұжымдары т.б) мүшелерінің қандай да бір жаңа білік пен
дағдыларға үйренуі үшін өткізілетін жаттығулар жиынтығы. Мұндай
тренингтің мақсаты – топтың жұмыс жасау деңгейін (ұжымның бәсекеге
қабілеттілігін) арттырып, оқушылардың (қызметкерлердің) оқу мен
жұмыстың жаңа тәсілдеріне үйренуі.
Мәселен, тоқсанның басында өткізілген мұндай тренингтерде
оқушылар оқу ерекшеліктерімен, қажетті құжаттармен танысып,
интербелсенді
әдістер
мен
тәсілдерге,
жаңа
компьютерлік
бағдарламаларға, интерактивті тақтамен жұмыс жасауға үйренуі мүмкін.
Іскерлік қатынас дағдыларының тренингтері үйренушілерде тұлғааралық
қарым-қатынастың тиімді дағдыларын дамытуға бағытталады. Оқушылар
мұндай сабақтарда топ құрамында бірлесе жұмыс жасаудың, өзгелермен
тіл табысудың, ортақ мәмілеге келудің, жанжалдардың алдын алудың
тәсілдерін меңгереді.
Келіссөз жүргізу дағдыларының тренингтері қарама-қарсы жақпен тиімді
талқылау мен пікір алмасудың тәсілдерін ұсынады. Бұл тренинг те іскерлік
қатынас дағдыларын дамытатындықтан, мұнда да өзгелермен (тіпті
қарама-қарсы пікір ұстанушылармен) тіл табысудың, бітімге келідің,
жанжалдардың алдын алудың тәсілдерін меңгеріледі.
Көшбасшылық (лидерлік) немесе басқару дағдыларын қалыптастыру
тренингтері оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін дамытуға
бағытталады.
Мұндай тренингтерде тыңдаушылар ұжымды басқарудың кейбір
ерекшеліктерімен таысып, ұжым мүшелерін ынталандыру, бірлесе жұмыс
жасауды ұйымдастыру, шешім қабылдау және де басқа дағдыларды
қалыптстыруға белсенді әрекеттер арқылы үйренеді. Бұл әрекеттердің
40
қатарына ситуацияларды ойнау және талдауды, іскерлік және рөлдік
ойындарды, пікірталастарды жатқызуға болады.
Үйрену нәтижесінде қатысушылар басқару ісіне (жоспарлау, таңдау және
шешім қабылдау, бағалау, бақылау, болжау, ынталандыру т.б) талдау
жасап, басқару мәселелерін тиімді шешудің әркекттері мен алгоритмдеріне
үйренеді, өздерінің көшбасшылық қасиеттерін дамытады. Мұндай
тренингтерде «Көшбасшылық деген кім?», «Бәсеке және билік»,
«Басшының қасиеттері қандай болу керек?», «Келіссөздер жүргізу»,
«Конфликтерді басқару» тақырыптарын қарастыруға болады.
Соңғы кезде үйрену процесінде видеотренингтердің қолдануы күрт
ұлғаюда. Олардың ерекшелігі видео жазбаларды оқу мақсатында
қолдануда.
Видеотренингтер ойын әрекеттеріне негізделіп, екі кезеңнен тұрады.
Бірінші кезеңде берілген тапсырма бойынша оқушы немесе оқушылардың
шағын тобы проблема шешудің жолдарын іс-әрекет тұрғысынан көрсетіп
береді. Мәселен, мұғалім оқушыларға тұлғааралық немесе іскерлік
қатынаста туындайтын ситуациялар ретінде жиналыс жүргізу немесе онда
сөз сөйлеу, тұтынушымен әңгімелесу, жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа
тұру, бастықпен немесе қол астындағы қызметкермен сөйлесу сияқты
жағдаяттарды сыныпта көрсетіп, рөлдердің көмегімен ойнап шығуды
ұсынады. Бұл үшін топ (топтар) өз әрекеттері мен диалогтерін бірер уақыт
талқылап, жоспарлайды.
Осыдан кейін топ проблема шешімін өз түсінігінен туындаған қалыпта
көөрсетеді де, олардың әрекеттері видеоға түсіріледі. Топ қойылымы
аяқталған соң, оқушылар оны бейнетаспадан көреді. Мұнда ситуацияны
«қоюшы» оқушылар өз әрекеттерін тағы да «басынан өткеріп», басқа
оқушылармен бірге оларды талқылау және бағалау, ұсыныстар жасап,
өзгертулер енгізу мүмкіншілігін алады.
Әрине, бұл жұмыста мұғалім мен басқа оқушылардың сұрақтары, пікірлері
мен ұсыныстары тек позитивті тұрғыдан болғандығы дұрыс.
Әр сабақта қолдануға тиімді интербелсенді тәсілдер
«Проблема айқындау» кезеңінде қолданылатын тәсілдер
Сабақтың бұл кезеңінде оқушылар сабақ мазмұнын өздерінің бұрынғы
білімдерімен салыстырып, байланыстырады. Мұғалімнің бұл кезеңдегі
басты мақсаты – оқушылардың жаңа білім қабылдауға және игеруге
белсенділендіру. Оқушылар тақырып бойынша сұрақтар қалыптастырып,
өз мақсаттарын айқындайды.
41
Сабақтың бұл кезеңінде оқушылар «Не білемін?», «Не білгім келеді?»,
«Жаңа білімнің маған берер пайдасы қандай болмақ?» деген сұрақтарға
жауап беруге ұмтылады.
Ой қозғау (brainstorming, «Ми шабуылы» деп те аталып жүр).
Шығармашылық ойлауды сын немесе сыннан сескену тежейтіндігі белгілі.
Әрине, кез келген жаңа идеяның дұрыс болуы шарт емес. Егер автор
сыннан қорқатын болса, онда ол өзінің кейбір дәлелденбеген иддеяларын
келтірмеуі де мүмкін. Алайда әзірше дәлелденбеген ойлардың қаншасы
кейінірек жақсы идеяларға айналады емес пе? Ал сын айту мен сыннан
қорқу жақсы идеяларды жоғалтып жбереді. Сол себепті де жаңа идеяларды
келтіргенде сынды болдырмау үшін Алекс Осборн «Ой қозғау»
(brainstorming) тәсілін ойлап тапқан. Оның 1957 жылы көрген
«Қолданбалы қиял» атты кітабында осы тәсіл жан-жақты сипатталады.
Тәсілдерн негізінде сынға еш көңіл бөлмей, назар аудармай, еркін
ассоциациялар арқылы жаңа идеяларды көптеп келтіру мен оларды
жинақтау жұмысы жатыр. Мұндағы басты мәселе идеялар мен ойлардың
сапасында емес, керісінше, олардың санында болып тұр. Ал сыни
пікірлерді келтіріп, идеялар мен ұсы)ныстарды іріктеу жұмысы
шығармашылық әрекеттер аяқталғаннан кейін басталады.
«Ой қозғау» тәсілін қолданғанда мынандай ережелерді ұстану қажет:
1. Проблеманы негізгі термендер арқылы құрастырып, бір ғана
ең басты мәселені айқындау.
2. Бір де бір идеяны жалған деп танымай, оны зерттеуді
тоқтатпау.
3. Кез келген идеяны (тіпті оның қажеттілігі қазір күмәнді
көрінсе де) жалғастыруға ұмтылу.
4. Қатысушылар өзін ыңғайлы сезініп, «ашылуы» үшін оларды
қолпаштап, ынталандырып отыру.
5. Идеяларды бағалау мен іріктеуді тек шығармашылық идеялар
келтіру жұмыс аяқталғанан кейін ғана бастау. Мұндай
жұмысты алғашқы әрекетке (идея келтіруге) қатынаспаған
сарапшыларды жұмылдыру.
Сарапшылар ой қозғауда келтірілген барлық ұсыныстар мен идеяларды
мұқият зерттеп, оларды жүзеге асыру мәселесіне баса назар аударады.
Сарапшылар ұсынылған идеялардың ішінен нақты жағдайларда қолдануға
тұраралық таңдап алады.
Достарыңызбен бөлісу: |