Н. А. Тойбазарова интербелсенді оқыту технологиясы (Оқу құралы) НҰр-сұлтан – 2019



Pdf көрінісі
бет15/31
Дата17.06.2023
өлшемі1,26 Mb.
#101987
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31
Байланысты:
Тойбазарова-Н.А.-Учебное-пособие-ИНТЕРБ-1

- Тұра ғой, жаным! 
- Сәлеметсіз бе?! 
- Бүгін әдемі болып кетіпсіз ғой! 
- Жұлдызың жансын, құлыным! 
- Сені асыға күтеміз! 
Бұл сөздерді оқушылар кезектесіп бір – бірден атайды. Топ 
құрамдары әр оқушының қандай сөздерді айтқанына байланысты болады. 
Топтарды осы тіркестермен атайды, мысалы: «Жұлдызың жансын, 
құлыным!» тобы, «Бүгін әдемі болып кетіпсіз ғой!» тобы. 
(Бұл бөліну «Санап ойлауды, оқу мен жазу арқылы дамыту» жобасы 
практикасынан алынды) 
Санамақ
Оқушылардың бірі бала кезден есінде қалған санамақты айтып, 
оқушыларды рет бойынша қолымен қөрсетіп, мензеп отырады: 
Қуыр – қуыр қуырмаш, 
Балапанға бидай шаш! 
Тауықтарға тары шаш! 
Бас бармақ. 
Балан үйрек, 
Ортан түйрек, 
Шүлдір шүмек, 
Кішкене бөбек! 
Бұл санамақты бірнеше рет (оқушылардың бәрін көрсетіп шықпайынша) 
қайталайды. Оқушылар бес топқа бөлініп саусақтар бойынша аталады: 
«Бас бармақ» тобы, «Баланүйрек» тобы, «Ортан терек»«Шүлдір шүмек» 
тобы, «Кішкене бөбек» тобы. 
Санамақтардың басқа да түрлерін қолдауға тұрарлық. 
Каманда таңдау 
Тақтаға футболдың каманда аттарын белгілейтін бос сөз тізбектеліп 
жазылады: 
- « Жетісу» 
-« Қайрат» 
- «Барселона» 


68 
- «Арсенал», 
Оқушылар орындарынан тұрып әр каманданын астына өз есімін 
жазуы керек. Оларға әр каманда құрамы төрт адамның атауы туралы 
ескертіледі. 
Камандаларға гүл (қызғалдақ, сарғалдақ, раушан, түймедақ, 
байшешек т.б.), автомашина («Мерседес», «Тайота», «Опель», «Лексус», 
«Хонда», «Форд», «Фиат», «Запарожец» т.б.) ұялы телефон маркалары 
(«Нокиа», «Филипс», «Самсунг», «Электроник» т.б.) аттары бойынша 
континент ( Азия, Еуропа, Америка, Африка, Австралия, Антарктида) 
немесе қала атаулары ( Астана, Алматы, Ақтау, Шымкент, Талдықорған, 
Тараз, Атырау, Семей т.б.) бойынша бөлінуге болады. 
Картамен топқа бөлу
Егер әр топта төрт оқушының жұмыс жасауы қажет болса, онда 
оларды топтарға ойын карталары арқылы бөлеуге болады. Ол үшін 
топтардың санына қарай карталардың жиынтығын алып, карталарды 
аралыстырып, оқушыларға таратып беру керек. Топтардың атаулары да 
карта жиынтықтары бойынша болады: «Тұздар» тобы, «Каролдар» тобы, 
«Қыздар» тобы, «Балталар» тобы, «Ондықтар» тобы т.б. 
Жануарлар
Мұғалім оқушыларға жан – жануарлардың аттары жазылған 
карточкалары таратып беріп, олардың карточкада жазылған жануардың 
қылықтарын қайталап отырып, бірін – бірі тауып, шағын топтарға бөлінуін 
тапсырады. Бұл жерде дыбыс шығаруға болмайтындағы оқушыларға 
ескертіледі. 
(Бұл бөліну «Санап ойлауды, оқу мен жазу арқылы дамыту» жобасы 
практикасынан алынды)
Заттар бойынша бөліну 
Әр оқушы өзінің бір ұсақ затын мұғалімге немесе жүргізушіге 
тапсырады, мәселен, қаламсабын, дәптерін, помадасын, кілтін, көзілдірігін 
т.б. Бұл заттар портфельге салынып, әр партаға төрт – төрттен ретсіз түрде 
қойылады. Оқушылар өзінің заты қойылған парталарға отыруы керек. 
Өлең жолдары
Әр оқушыға бір өлең жолы (тармағы) жазылған карточка беріледі. 
Оқушылар сыныпты аралап, тармақтардан шумақ құрап, сол құрамда 
топқа бөлінуі керек. Берілген шумақтар саны топтардың санымен бірдей 
болуы керек.
Мәселен, 24оқушыны төрт адамнан алты топқа бөлу қажет болса, Төлеген 
Айбергеновтың алты шумақты мына өлеңін әр оқушыға бір тармақтан 
таратып беруге болады: 
1. Сеземін: сүйген жүрекке 


69 
Сағыныш соқпас оңайға... 
Дегенмен,қалқам,қалайда 
Қалт еткен шақта мені ойла. 
2. Таңертен тұр да, шықты көр: 
Оянған шақта мені ойла! 
Шұғылаға шығыс түп-түгел 
Боялған шақта мени ойла! 
3. Дүниені нұрлы кірпігің 
Қамастырғанда мені ойла! 
Талдарға көктем бүртігін
Жаңа аштырғанда мені ойла! 
4. Арадай балға тоймаған, 
Бал қызғанда мені ойла! 
Жым-жырт боп тегіс айналаң, 
Жалғыз қалғанда мені ойла! 
5. Тағатсыз аңсар ыстық үн- 
Жаралы хал ғой ғашық хал! 
Рояль көрсең, бір тілін 
Мені ойла да басып қал! 
6. Тек қана көзге жас алма! 
Ойлай бер мені күніге! – 
Махаббаттардың қашанда
Ойламау жеткен түбінде... 
Егер оқушылар топ құруды ұзартып жіберсе, онда өлеңнің алдын-ала 
жазылған толық нұсқасын тақтада немесе мониторда көрсетуге 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет