42
4. Интербелсенді оқыту әдістерін сабақта қолдану
«Ой қозғауды» сабақта былайша қолдануға болады:
Оқушылар қандай да болмасын ақпарат (мәлімет, проблема, сұрақ)
туралы бар білгендерін берілген уақыт ішінде жазбаша келтіреді.
Мұнда ең бастысы идеялардың көптігі, олардың еркін жағдайда
айтылуы болғандықтан, оқушылар өз ойындағыларын еш
күмәнданбай
(мәселен,
олардың дұрыс-бұрыс,
қажет-қажет
еместігіне қарамай) келтіре беруі керек;
Идеялар ешқандай сынға ұшырамауы керек, өйтпеген жағдайда
оқушылар тосылып қалып, идеяларды келтіре алмауы мүмкін;
Барлық идеялар сарқылмайынша, олар қағазға түсіріле беріледі;
Идеяларды келтіру жұмысы аяқталғаннан кейін ғана олардың
талқылау жұмысы басталады.
Бұл тапсырманы орындауға берілген уақыт (2-6 минут) аяқталған соң,
оқушылар бірлесе (жұптасып, шағын топ ішінде, бүкіл сынып болып)
жазғандарымен бөліседі, сұрақтарға жауап береді, тізімдерін толықтырады
(4-20 минут).
(Бұл тәсіл Темпл Ч.,Стилл Дж.,Медедит К.Сыни ойлауды дамыту әдістері.
«Сыни ойдауды оқу мен жазу арқылы дамыту»жлбасы үшін әзірленген №2
оқу құралы.-Алматы,1998.-кітабында келтірілген).
Оқушылырдың мынандай болжау кестесін толтыру тиімді:
Сұрақтар
Мәтін бөлімдері
Қандай
мәселелер
көтерілді?
(Не болады?)
Шындығында қандай
мәселелер
көтеріледі?
(Не болды?)
Iбөлім
2 сөйлемнен кем емес
болжау
2 сөйлеснен кем емес
апарат
II бөлім
2 сөйлемнен кем емес
болжау
2 сөйлемнен кем емес
апарат
III бөлім
2 сөйлемнен кем емес
болжау
2 сөйлемнен кем емес
апарат
IV бөлім
2 сөйлемнен кем емес
болжау
2 сөйлемнен кем емес
апарат
«ПРОБЛЕМА ШЕШУ» КЕЗЕГІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТӘСІЛДЕР
Сабақтың бұл кезеңінде мұғалім оқушылырға білім алудың белсенді
тәсілдерін ұсынып,олардығ өздігімен жаңа мәліметті жан-жақты
қарастырып,зерттеп,игеруіне мүдделі.Оқушылыр жекелей,жүппен,топпен
жаңа ақпаратпен танысып,ол туралы өзіндік пікір қалыптастырады.
43
Оқушылардың
бұл
кезеңде
(Қалайша
жаңа
білімге
үйренемін/түсінемін/игеремін?», «Қандай тәсілдерді қолданған
тиімді?», «Бұл мәлімет туралы менің ойым/түсінігім/қатысым
қандай?»-деген сұрақтарға жауап беруге ізденеді.
Кең ауқымды лекция-сабақты 6-15 минуттік бірнеше бөлімге
бөліп,олардың арасындағы үзілістерді (2-5 минут)оқушылырдың
жаңа ақпарат жайлы ойлану,пікірлесу,талқылау сияқты белсенді
әректтерімен толықтыратын дәріс оқу тәсілі.
Зерттеулер адам зейіні 6 минуттен кейін сейіле бастап,15 минуттан кейін
екі есе азаятығын дәлелдейді.Сол себепті лекцияны бөлімдермен оқу
(әр лекцияны 3-4 бөлікке бөлген тиімді)оқушылырдың зейінін
әлсіретпей,жаңа мағлұматқа деген қатынасы мен қызығушылығын
жоғары деңгейде ұстап тұру мүмкіншілігін береді.
Кең ауқымды лекцияны келесі үлгі бойынша өткізуге болады.
1.Зерттеу жаңа мәлімет жөніндегі сұрақтарды онымен танысудан кейін
емес(сабақ аяғында),сабақ барысында қою оқушылардың жаңа
тақырыпты игеру деңгейін арттыратындығын дәлелдеген.
Сабақ басында оқушыларға жаңа тақырып туралы ойлану, пікір мен
ойларын
ауызша/жазбаша
келтіру
тапсырылады(әрекеттер
жеке,жұппен,шағын топ ішінде-мұғалімнің және оқушылардың
қалауы
бойынша-атқарылады.)Мұнда
жоғарыда
«Сабақтың
«Проблема айқындау»кезеңінде қолдануға болатын тәсілдер» атты
бөлімде келтірілген тәсілдерді қолдануға тұрарлық.
Осы әрекеттер арқылы оқушылыр жаңа тақырыпқа деген қызығушылығын
арттырып,оны қабылдауға және игеруге дайын болады.
2.Лекцияның әр бөлімі оқылғанда оқушыларға оның мазмұны тұлғасында
ойланып,өз түсінігі мен пайымын көрсететін тәсілдерді орындау
тапсырылады.Бұл
тәсілдер
төменде
келтіріледі.Басқаша
айтқанда,лекция кезінде оқушы тек тыңдап не көшіріп қоймай
(бәсең,пассив әрекеттер)ғмазмүнды игерудің белсенді әрекеттерімен
(ауызша немесе жазбаша)айналысады.Бұл арқылы олар жаңа
тақырып мазмұнына деген өз қатынасы мен түсінігін айқындап,оны
игеру мүмкіншілігін арттырады.
3.Лекция аяқталған соң оқушылар оның мазмұны туралы алдымен жеке
ойланып,содан
кейін
жұп
немесе
топ
ішінде
талқылау
ұйымдастырады.Осыдан
соң
оларға
жазу
жұмысы
тапсырылады.Оқушылар«Не білдім/үйрендім/түсіндім?», «Бүгінгі
тақырыптың маған қандай пайдасы/тиімділігі бар?», «Бұл туралы не
ойлаймын?»деген сынды сұрақтарғажауап береді.Әдетте оның
44
жазғаны ағымдағы бақылау жасау үшін сабақаяғында мұғалімге
өткізіледі.
(Бұл тәсіл Ch.Bonwell,J.Eison.Active learning:Greating Excitement in the
Classroom.
Washington,1991.кітабында жан-жақты өарастырылған).
Сұрақ қою,қайтадан сұрақ қою-мәтіннің әр бөлігінен кейін оқушыларға
жұп(немесе шағын топ)ішінде бір-біріне немесе өзге де оқушыларға
белгілі бір жүйемен сұрақ қою тәсілі.
Мәтіннің бірінші бөлігі бойынша жұптағы А оқушы В-ға бірнеше сұрақты
жазбаша дайындап,оларды қояды,ал В оларға жауап береді.Екінші
бөлімнен
кейін,керісінше,енді
В
оқушы
А-ға
сұрақтарын
қояды.Үшінші бөлімнен кейін А мен В жұбы бірлесе көрші С және Д
жұбына
сұрақтар
әзірлеп,үзілісте
солармен
сұрақтарымен
алмасады,бірлесе жауап іздейді.Мәтіннің төртінші бөлімі оқылу
барысында
А
мен
В
бірлесе
мұғалімге
сұрақтар
дайындалады.Мұғалім бірнеше жұптан сұрақтарын тыңдауына
болады,оларға өзі жауап беріп,немесе ол сұрақтарға басқа
оқушылардың жауап беруін талап етуі мүмкін.
Мұнда
басты
назарды
жауаптарға
емес,сұрақтарға
аударған
жөн.Оқушылардың құрастырған сұрақтары олардың сабақта қандай
дәрежеде жұмыс жасағандығының айғағы болады,сол себепті
мұғалімнің сұрақтар жазылған парақтарды сабақ соңында жинап
алғаны тиімді әрекет.
Тапсырмалардың мазмұны мен реті мұғалім тарапынан шығармашылық
тұрғыдан мәтіннің таөырыбына,бөліктеріне сәйкес өзгертілуі мүмкін.
(Бұл тәсіл Темпл Ч., Стилл Дж.,Мередит К. Сыни ойлауды дамыту
әдістері. «Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» жобасы үшін
әзірленген №2 оқу құралы. «-Алматы,1998.-кітабында келтірілген).
Бірін-бірі оқыту(Мұғалім ретінде)-«Үйрете отырып,үйренемін» қағидасын
жүзеге асыратын тәсіл.
Әдетте біз біреуді үйрету арқылы өзіміз де үйренеміз,екіншіден көп
жағдайда мұғалімнен гөрі оқушылардың бір-біріне түсіндіргені
тиімдірек:олар
жолдастырының
айтқанына
тереңірек
иланады,тезірек түсінеді.
Сабақ
алдында мұғалім оқушыларға олардың топ ішінде(3-4
адамдық)кезекпен ұстаз рөлін орындайтындығы мен оның қандай
әрекеттер атқаратындығы туралы айтып кетуі керек.Мәтіннің әр
бөлігінен кейін оқушылар алдын-ала белгіленген кезекпен
мұғалімнің рөлінде мынадай амалдар орындайды:
45
1. Мұғалім рөліндегі оқушы мәтін бөлігі аяқталғаннан кейін мәтінде
айтылғанды қасындағыларға қорытындылып шығарады.
2. Одан кейін мұғалім рөліндегі оқушы қасындағы оқушыларға мәтін
мазмұны бойынша екі-үш сұрақ қояды,оның бұл жерде оқушылар
арасында кішігірім пікірталас тудыруы да ықтимал.
3. Мұғалім рөліндегі оқушы өз тобындағы оқушылардың туындаған
сұрақтарына жауап беріп,мітіннің қиын жерлерін түсіндіреді.
4. Соңында мұғалім рөліндегі оқушы мәтіннің келесі бөлігі не туралы
болатындығы туралы өз болжамын қасындағыларға келтіреді.
Мәтіннің келесі бөлігін игергенде мүғалім рөлін енді басқа оқушы
орындап.келтірілген әрекеттерді ретімен орындайды.
(Бұл тәсіл A.Brown, B.Armbruster, A.M.Palincsar.Instructing Comprehension-
Fortering Activites in Interactive Learning Situations.NJ:Earlbaym,1984.
Кітабында келтірілген)
Қос жазба күнделігі-мәтін мазмұнына оқушылардың зейінін аударып,өз
қатысын,қабылдауы мен түсінігін келтіре алатын кесте.
Мәтінді оқығанда оқушы қағазды екі бөлімге бөліп,сол жағын
«Үзінділер»(немесе «Цитаталар»)деп атап,оған мәтінде өзінің назарын
тоқтатқан,немесе
ерекше
толғандырған(келісетін,келесі
алмайтын,қызықтарған т.б) үзінділерді жазады.Үзінделер жеке сөздер,сөз
тіркестері,фразалар немесе қысқаша сөйлемдер түрінде келтірілуі
мүмкін.Бұл жерде мәтінді көлемді түрде көшірудің қажеті жоқ.
Қағаздың оң жағы «Түсіндірме» (немесе (Комментарий»)деп
аталады.Мұнда оқушы сол жақта келтірген жазбаларының түсіндірмесін
келтіреді:неліктен ол бұл үзінділерді жазып алды,оның себебі»
қандай?Осы арқылы ол мәтін туралы өз ойларын,түсінігін,пайымдау мен
дәлелдерін жария етеді.Бұл баған сол жақтағы бағана қарағанда маңызды
болғандықтан,көлемді түрде тұтас сөйлемдерден тұруы керек.
Мәтін
бөліктері
арасындағы
үзілістерде
оқушылар
жұптасып,жазғандарымен
бөліседі,оларды
талқылайды,пікірлеседі.Мұғалім әр үзілісте бір-екі оқушыны жазбаларын
бүкіл сыныпқа оқып беруін сұрайды.
Үзінді
Түсіндірме/Комментарий
Білім әрбір төрт жылда ескеріп
отырады....
Адам миының көлемі шектеулі....
Сонда біз жоғары оқу орнын
аяқтағанда,көп
біліміміз
ескеріп
кетеді
екен
ғой!Біз
ақпаратты
жаттамай,сол мәліметті игеретін
тәсілдерді үйренуіміз керек деп
мұғалімнің айтқаны рас екен.
46
Бұл жерде мен «Сонда адам өз
миында не сақтауы керек?»деген
сұрақ
төңірегінде
ойланып
қалдым.Біздің миымыз кей жағдайда
қоқыр-қоқыс
салынған
себетке
ұқсайды:оның
ішінде
қажетті
де,қажетсіз де нәрселер көп.Аннан-
мыннан жиналған арасында еш
байланысы мен біріктіретін жүйесі
жоқ түрлі-түрлі ақпараттар мен
ұғымдар.Ал
олардың
қайсысы
өмірде
нақты
түрде
қажетті
болатындығын мен өзім шешуім
керек шығармын.
(Бұл тәсіл А.Berthoff.The making of Meaning.Portsmouth,1981.кітабында
келтірілген).
Сұрақтар кестесі-бұл тәсіл «Қос жазба күнделігі» тәсіліне ұқсас:кестенің
сол жағына оқушылар мәтінді тыңдау немесе оқу барысында
ұғымдарды,атау/терминдерді,жеке сөздер мен тіркестерді жазады.Ал
кестенің оң жағына жазып алған сөздер бойынша туындаған сұрақтарын
жазады.
Үзінді
Сұрақтар
Репродуктивтік білім
Түрлендіруші білім
Бұлыңғыр болашақ
Репродуктивтік білімнің қандай
қажетті бар екен?Бұл ұйғарымды
кім дәлелдеді?Ондай болса мектепте
не нәрсеге үйрену керек?
Біз
сабақта
білімді
қалайша
түрлендіре
аламыз?Білімді
мен
қалайша өзгерте аламын?
Бұл ұғымды қалайша түсіндіруге
болады?Сонда
бұрынғы
білім
шәкірттерді нақты түрде болашаққа
дайындамаған ба?
Мәтін бөлімдерінің арасында және оқу аяқталғаннан кейін оқушылар
туындаған сұрақтарды бір-біріне оқып беріп,оларға жауап беруге
тырысады.Қажет болған жағдайда бұл жұмысқа мұғалімнің да араласуына
болады.
Білемін,білгім келеді,білдім-бұл тәсіл «Жұптағы ой қозғауға» ұқсас.
Бұл тәсілдің алғашқы екі тапсырмасы сабақтың бастапқы бөлімінде
орындалады.Мұғалім сабақ басында оқушылардың жаңа тақырып
бойынша білгендерін жазбаша айқындауын сұрайды:оқушылар алдымен
47
жекешн,содан кейін жұптасып білгендерін келтіреді.Оқушылардың
жазбалары талқыланғаннан кейін,оларға «Осы тақырып бойынша не
белгіңіз келетінді жазыңыздар!» деген жазба тапсырмасы беріледі.Бұл
тапсырма да алдындағыдай орындалады.
Сабақ
барысында
оқушылар
жазғандарын
мәтін
мазмұнымен
салыстырып,»Менің сабаққа дейін білгенім дұрыс/бұрыс па екен?Менің
білейін дегенім сабақта қарастырылды ма?» деген сұраққа жауап беріп
отырады.
Мәтінді оқу аяқталғанда оқушылар «Мен не білдімЮ» деген сұраққа
жазбаша жауап береді,жауаптарын дұптасып немесе топ ішінде
талқылайды.Мұғалім бүкіл сыныптың білгені дұрыс.Егер де оқушылардың
білейін деген сұрақтары сабақта қарастырылмаса (мысалы,уақыт
жетпесе),мұғалім бұл мәселелерді өздігімен игеруін сұрайды.
Оқушылар сонымен сабақ барысында мынандай кестені толтырып
шығуы қажет(оның оң жағына олар өз ойларын келтіреді):
Білемін
Білгім келеді
Білдім
Сабақ барысында мұғалім тақтада оқушылардың кейбір жауаптарын
кетіріп,бүкіл сыныпқа ортақ кесте толтыруына болады.
(Бұл тәсіл D.Ogle.K-W-L:A Teacheng Model That DevelopsActive Reading of
Expository Text7The Reading Teather,39,1986.мақаласында келтірілген).
Бұл кестені сабақ соңында «Тағы да не білгім келеді?»деген сауалмен
толықтырған да тиімді.Оқушылар тақырып бойынша өздігімен ізденетін
білімнің тізімін келтіріп,өз мұқтаждарының ауқымын анықтайды.
Білемін
Білгім келеді
Білдім
Тағы да білгім келеді
Белгі қойып оқу немесе INSERT(Interactive Noting System for
Effective Reading and Thinking-тиімді ойлау мен оқуға арналған белгілеудің
интербелсенді жүйесі)деп те атайды.
Оқушылар мәтінді оқығанда жекелей мынандай кестені толтырып отыруы
керек:
V
+
-
?
«Бұрыннан
білемін»
Мұнда
«Жаңа
ақпарат»
Бұл
жерде
«Менің
ойлағаныма
қайшы, қайкерағар»
Мұнда
оқушылар
бұрынғы білімдеріне
«Келісе
алмаймын.Білгім
келеді»
Бұл
бағанда
48
оқушылар
мәтінде
кездескен
бұрыннан
білетін
мәліметтерді
келтіреді
оқушылар
осы мәтінде
жаңадан
білгенін
жазады.
қарама-қайшы
мәтінде
келтірілген
мәліметтерді
келтіреді(«мен бұрын
басқаша
ойлайтынмын,сөйтсем
олай
болмай
шықты...»)
оқушылар өздері
келіспейтін
немесе түсініксіз
болған,тағы
да
білгісі
келетін
мәтіннің
тұстарын
жазады.
Бірінші(«қанатша»белгісі бар)бағанға оқушылар мәтінде кездестірілген
өздерінің бұрыннан білетін таныс мәтіндерді келтіреді.
Екінші(«плюс»)бағанға оқушылар осы тақырып бойынша өздері үшін жаңа
болып табылатын ақпаратты жазады.
Үшінші(«минус»)бағанға осы мәтінде келтірілген қандай ақпарттың
олардың бұрыннан білетініне қайшы келгенін хазады.
Төртінші
бағанда оқушылар қандай мәліметпен келіспейтіндігін
жазады,бұған қоса мұныда тақырыптың түсініксіз жақтары да
келтіріліп,тақырып бойынша оқушының тағы да не білгісі келетіндігі
айқындалады.
Сабақтың
әр
бөлігінен
кейін
оқушылардың
өз
кестелерін
салыстырып,өзара талқылау жүргізіп отырғандығы орынды.
Кестені толтырғанда оқушылар мәтіннің басты мазмұны мен идеяларын
жеке сөз,сөз тіркестері,тезистер,фразалар немесе қысқа сөйлемдер арқылы
(мұғалімнің талабына сәйкес)келтірулеріне болады.
(Бұл тәсіл Th.Estes,J.Vaughn.Reading and Reasoning Beyond the Primary the
Primary Grades.Boston,1986 келтірілген).
Мұғалім бұл тәсілді шығармашылық тұрғыдан қарастырып,оған
өзгертулер енгізуіне болады.Мәселен,бағандардың(твпсырмалардың)санын
қысқартып немесе басқа да тапсырмаларды келтіруге болады: «көп
нүкте»(.....) тапсырмасы оқушыдан мәтіннің әрі қарай не туралы
болатындығы туралы болжауын сұраса, «мен» тапсырмасы келтірілген
мәліметтердің жасырын астарын анықтауды талап етеді, «мен»
тапсырмасы тақырып немесе мәтіннің оқушыға қалай септік тигізіп,қандай
пайда келтіретіндігі жайлы болмақ, «!» белгісі бойынша ұнаған жерлерді
келтіру керек т.с.с.
49
Жигсо-көлемді мәліметтер мен мағлұматтарды оқушылардың өздігімен
игеруге және бірін-бірі оқытуға,үйретуге бағытталған тиімді тәсіл.
«Жигсо» деп ХХ-ғасырдың елуінші жылдары балаларға арналып шыққан
құрастырмалы (констукторлық) ойыншықты атаған (бүгінгі күнгі «Лего»
сықырлы):әр бөлігін өз оргыга қойғанда ғана ойыншық бүтін болып
шыққан.Бұл
тәсілдің
басқаша
да
атауларын
кездестіру
ықтимал.Мәселен,кейбір әдістемелік және дидаетикалық әдебиетте оны
«Пазл» (ағылшынның jigsaw puzzle сөздерінен), «Зигзаг», «Ажурная пила»,
«Мозайка» деп те атайды.
Бұл тәсілдің орындалу тәртібі (алгоритмі) мынадай.
1)Көлемді мәтін тқрт бөлікке бөлінеді.Оқушылар да 4 адамдық шағын
топтарға бөлініп («бастапқы топ»),1-ден 4-ке дейін нөмірленеді.Осыдан
кейін олардың әрқайссы өз нөмеріне сәйкес мәтіннің бір бөлігін ғана
оқиды:мәтіннің бірінші бөлігін №1 оқушы,екінші бөлігін №2оқушы т.с.с.
Бастапқы топта олардың басты міндеті-мәтінді оқу,ақпаратпен танысу.
2)Содан кейін топтар құрамы өзгертіліп,жаңа топтар («сарапшылар
тобы»)құрылады.Сарапшылар
топтарында
оқушылар
нөмерленіп
жинақталады:мәтіннің №2 бөлігін оқыған оқушылар бір топқа,№2 бөлігін
оқығандар екінші топқа т.с.с
Сарапшылар тобында оқушылар мәтіннің белгілі бір бөлігін ғана жан-
жақты талқылайды.
Бұл жерде олар:1)тақырыптың мазмұнын бірлесе игеру )қиын жерлерін
талқылап,бір-біріне түсіндіру арқылы)жұмысымен айналысады: «Не
білдік?Не үйрендік?» 2)бастапқы топтарына оралғанда,басқаларды
мәтіннің өз бөліміне қалай үйретуге болатындығын талқылайды: «Қалай
үйретеміз?».
Мұнда мұғалімнің оларға бірін-бірі тек сөз арқылы ғана үйретпей,әрекет
арқылы да үйрету керектігін талқылағанда,мынадай үйрету тәсілдерін
қолдану қажеттігін де ойластырғандары жөн болады:
- Тірек сөздер кестесі(өздері жазып немесе басқаларды жазғызып)
- Мәтін жоспарының сызбасы,
- Кластерлер,
- Ойлау карталары
- Мәтіннің мазмұны бойынша кестелер немесе диоаграммалар.
Осы
кезде
оқушылардың
өздерін
ұстаз
рөлінде
сезінуі
керек.Олардың
осы
бөлік
бойынша
білімі
басқалармен
салыстырғанда анағұрлым жоғары болғандықтан,олар аталмыш
бөлімнің «сарапшысы» атанады.
50
Осыдан кейін сарапшылар бастапқы топтарына қайта оралып,өзге
оқушыларды кезекпен (алдымен №1-ден бастап,әрі қарай
жалғастыра)өз бөлімдеріне үйретеді.
ИНТЕРБЕЛСЕНДІ
ТӘСІЛДЕРДІҢ
САБАҚ
КЕЗЕҢДЕРІНДЕ
ҚОЛДАНЫЛУЫ
Кезеңдер
Қолдануға тиімді тәсілдер
Проблема айқындау
Достарыңызбен бөлісу: |