Н. А. Тойбазарова интербелсенді оқыту технологиясы (Оқу құралы) НҰр-сұлтан – 2019



Pdf көрінісі
бет17/31
Дата17.06.2023
өлшемі1,26 Mb.
#101987
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31
Байланысты:
Тойбазарова-Н.А.-Учебное-пособие-ИНТЕРБ-1

Арқаға сурет салу 
Бұл ойында әрекеттерді үнсіз жасау керек. Оқушылар екі топқа бөлініп, 
бірінің артынан екіншісі тұрып, сап түзейді. Мұғалім ең артында тұрған 
оқушыларға бір заттың атауы жазылған қағаз ұсынады (мәселен, алма, 
алмұрт, жүзім, гүл, кітап, ағаш, автомашина т.б.). 
Тапсырма: соңында тұрған оқушы үндемей алдында тұрған оқушының 
арқасына әлгі заттың суретін саусағымен салады. Арқасына сурет 
салынған оқушы алдында тұрғанның арқасына өзінің арқасына салынған 
затты салады. 
Суреттер салынып біткеннен кейін мұғалім соңғы оқушыдан арқасына 
салынған заттың атын сұрап, оны қағазда жазылғанмен салыстырады. 
Сыныптағы заттар  
Оқушылар сыныптан қандай да болмасын бір затты таңдап, бір минут 
ішінде оны өзіне немесе өзінің көңіл-күйіне ұқсастығын ойластырып, топ 
ішінде бір-біріне айтып беруі керек. Мысалы, «мына төбедегі шам маған 
ұқсас екен: менің де көңілім қазір жарқырап тұр!». 
Қалауы бойынша кейбір оқушылардың әңгімесін (немесе әр топтан бір 
оқушының) бүкіл сыныпқа да жариялауды сұрау керек. 
Алма, шие, өрік, банан 
Оқушылар орындықтарды шеңберлей орналастырып жайғасады. Мұғалім 
оқушыларды отырған ретімен жемістер атауымен санап шығады: «Алма, 
шие, өрік, банан» деп. Осыдан кейін мұғалім бір не бірнеше жемістің атын 
атайды (мысалы, «Шие!» деп, не «Алма, өрік!» деп, немесе «Алма, шие, 
өрік, банан!» деп), сол кезде жемісті аталған оқушылар орындарын 
алмастыру қажет. Ал мұғалім бір бос орынға отырады. Орын жетпей 
қалған оқушы жүргізуші болып, жемістердің атын атайды. 
Өзгертулерді тап! 
Оқушылар жұптарға бөлінгеннен кейін оларға мынадай тапсырмалар 
беріледі: 

Жұбыңызға қарама-қарсы тұрып, бір-біріңізге 10-15 секундтай қарап 
алыңыздар. 

Енді сырт айналып, бір-біріңізге арқа беріп тұрыңыздар. Сыртқы 
пішініңіге (киіміңізге, шашыңызғы) қандай да болмасын 3 өзгерту 
(немесе 5те болады) енгізіңіз. 
Бұл жерде оқушылар шаштарының жатуын өзгертіп, сыртқы киімін, сағат, 
сырға немесе көзілдірігін шешіп немесе киіп, сыртқы пішіндерін 
өзгертулері керек. 

Екі жақта өзгертулерді аяқтағанда, бір-біріңізге қараңыздар да, сол 
өзгертулерді табыңыздар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет