Н. А. Тойбазарова интербелсенді оқыту технологиясы (Оқу құралы) НҰр-сұлтан – 2019



Pdf көрінісі
бет12/31
Дата17.06.2023
өлшемі1,26 Mb.
#101987
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31
Ой қозғау. Т-кестесі, Болдау, Кластерлер, Оңай және 
қиын сұрақтар кестесі. Ойлан, жұптас, пікірлес, 
Алдын-ала берілген атаулар, Үлкен шеңбер, Атаулар 
туралы үш сұрақ, Еркін жазу, Білемін, білгім келеді, 
білдім, Дөңгелек үстел, Үш қадамды сұхбат, топтық 
зерттеу, Венн диаграммасы, Бестармақ. 
 
Проблема шешу 
Ой қозғау, Т-кестесі, Болжау, Кластерлер, Оңай 
және қиын сұрақтар кестесі, Ойлан, жұптса, 
пікірлес, Кең ауқымды лекция, Сұрақ қою, Постер 
құрастыру, Слайд жасау, Бірін-бірі оқыту, Қос 
жазба күнделігі, Үш жазда күнделігі, INSTER, Жигсо-
2, Үш қадамды сұхбат, Топтық зерттеу. 
 
Проблема 
шешімін 
қолдану 
Ой қозғау, Т-кестесі, Болжау, Кластерлер, Оңай 
және қиын сұрақтар кестесі, Ойлан, жұптса, 
пікірлес, Еркін жазу, Білемін білгім келеді, білдім, 
Дөңгелек үстел, Үш қадамды сұхбат, Пікірталас 
(Презентациялар, таныстырылымдар), Эссе, Үлкен 
шеңбер, 
Аквариум, 
Бестармақ, 
Жеңілдетілген 
анықтама/түсіндерме, Галереяны 
шарлау, Қос 
шеңбер. 
 
ТАНЫСУ ОЙСЕРГЕКТЕРІ 
Интербелсенді оқу,/оқыту мұғалім мен оқушылар арасында өзара 
сыйласымдық пен сенімге толы терезелері тең тұлғалардың қоян-қолтық 
араласуын үйрену процесінің басты қағидаларының бірі ретінде танып, 
оқушылармен тез тіл табысып кетуді қажет етеді. Осы бағытта мұғалімге 
әрбір оқушының есімін жадында сақтап қалуда танысу ойсергектері 
жәрдемдеседі.
Оқушылардың жаңа ұжымымен жұмыс ұйымдастыру алдында 
немесе тоқсан басында мынандай ойсергектерді ұйымдастырған тиімді. 
Биографиялық поэма (Биопоэма) 


51 
Тақтаға немесе әрбір оқушыға параққа жазылып, өзі туралы 
мынандай сауалдарға жауап беру тапсырмалары: 
1. Есімім (Өз есіміңізді келтіріңіз). 
2. Мен қандаймын? (Өзіңізді сипаттайтын үш сын есім келтіріңіз). 
3. Сүйікті іс-әрекеттерім (Қол боста айналысуды қумартатын үш 
әрекетіңіз , хобби). 
4. Неден 
қорқамын, 
сескенемін? 
(Өмірдегі 
қорқыныш 
пен 
қауіптеріңіз). 
5. Өмірлік қағидам (кредо) (Өмірде ұстанатын басты қағидағыз, 
ұраныңыз). 
6. Сүйікті 
ақын-жазушыларым 
(Қандай 
ақын-жазушыларды 
ұнатасыз?). 
7. Сүйікті тағамдарым (Қандай тағамдарды ұнатасыз?). 
8. Менің жетістіктерім (Отбасыңызда, оқуда, жұмыста қандай 
жетістіктеріңіз бар?). 
9. Менің арманым (Бір арманыңызды атаңыз). 
10. Фамилиям. 
Бұл тапсырманы орындауда оқушыларға 4-5 минуттай уақыт 
берілген соң, олар жазғандарын шағын топ ішінде немесе бүкіл сыныпқа 
(егерде оқушылар саны аз болып немесе уақыт жеткілікті болса) еді. 
Биопоэмаларды оқығаннан кейін, оқушылардың бір-біріне сұрақтар қойып,
таныстығын тереңдете түскені дұрыс. 
Бұл тәсілді бастары жаңадан қосылған оқушылармен ғана 
қолданбай, бір-бірін білетін топ ішінде де қолдануға тиімді, өйткені көп 
жағдайда келтірілген сұрақтар оқушылырды бұрын ескерілмеген жаңа бір 
қырынын ашады. 
Биопоэма сұрақтарын түрлендіріп әрі толықтырып жіберуге де 
болады.Мәселен, олардытарына П.Макдермот «Мен қандай туыспын?» 
деген сұрақты қосады, оқушылар мұнда өздерін туыс ретінде атайды(« 
Мен әке-шешемнің ұлымын/қызымын, )немере, аға/әпке, іні/қарындас не 
сіңлі, бауырым» деген секілді). Мұнымен қатар автор сүйікті заттарды, 
басынан кешкен сезімдерді, қол жеткізген табыстарды, көргісі келген 
немесе құмартатын нәрселерді туған жерін атауды ұсынады. 
Мұнда биопоэмада «Сүйікті гүлдеріңізді (пәндер,түстер спорт 
түрлері, машина не ұялы телефон түрлері,есімдер мұғалімдер, 
спортшылар, актерлар,әншілер,т.б.)атаңыз» секілді тапсырма да беруге 
болады. 
Бұл тәсіл Питер Макдермоттың «Используя автобиографическое 
письмо для развития критическое мышления» атты мақаласы бойынша 


52 
келтірілді (Письмо:От истоков к настоящему/СБ. Выступлений lll 
Национальной конференции по чтению.-Алматы:Фонд(“ХХl”,2003.-158-
163беттер). 
Қар көшкіні 
Оқушылар шеңбер құрайды,мұғалім да оқушылар арасынан орын 
алады.Әрбір қатысушы өз есімін атап,оған бастапқы әріптен басталатын 
бір сын есімін (эпитет)қосады.Мәселен, «Айнаш» есімі «А» әрпінен
басталады ,яғни Айнаш өз есімін« алғыр» сын есімді қосады. Келесі оқушы
тек дәл осылай өз есімін атайды, оған сын есім қосады да алдында тұрған 
барлық оқушылардың есімдері мен эпитеттерін қайталап шығуы 
кере:“Алғыр Асан, думанды Дәмеш,сабырлы Сейітжан,әділ Әбілғазы, 
реңді Рызуангүл, жалынды Жомарт!Ал мен –берекелі Бақытпын!». 
Бұл тәсілді қолданғанда оқушыларға мұқият тыңдау мен зейін қою 
қасиеттерін іске қосу қажет.Мұғалімнің танысуды өзінен бастауына 
болады, ал егерде ол оқушыларға өзінің жады мен есте сақтау қабілетін 
көрсеткісі келсе, онда ең соңында жауап береді. 
Есім- Акроним 
Әр оқушы өз есімінің бастапқы әріптерінен өзін сипаттайтын сын 
есімдер келтіруі керек. Мысалы, Әбдірахманды былай деп жазуына 
болады: 
Ә-әділ, 
Б-бақытты, 
Д-дана, 
І-Іскер, 
Р-рахымды, 
А-асқақ, 
Х-хас, 
М-мейірімді, 
А-арманшыл, 
Н-намысшыл, 
Тапсырма орындалғаннан кейін,әр оқушы өз жазғандарын жариялайды. 
Есім әріптерінен басталатын сөйлем 
Оқушылар өз есімдерінің бастапқы әріптерінен сөйлем құрады. 
Мысалы: Айгүлдің мынандай сөйлем келтіруіне болады: «Айшықтай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет