Н. А. Тойбазарова интербелсенді оқыту технологиясы (Оқу құралы) НҰр-сұлтан – 2019



Pdf көрінісі
бет9/31
Дата17.06.2023
өлшемі1,26 Mb.
#101987
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31
Байланысты:
Тойбазарова-Н.А.-Учебное-пособие-ИНТЕРБ-1

«Темп Ч. , Мередит К. Бірлескен оқу. «Сыни ойлауды оқу мен жазу 
арқылы дамыту»жобасы үшін әзірленген V – құрал . –Алматы, 1998» 
кітабы бойынша келтірілді). 
Дөңгелек үстел 
4-6 оқушы топтар талқыланып жатқан даулы мәселе бойынша өз ойларын 
ортаға салады.Мұнда олар кезекпен де, кез келген тәртіппенде (таңдап 
алған ережелері бойынша) сөйлеуі ықтимал.Пікірталасқа берілген уақыт 
аяқталған соң (әдетте 4-10 минут), оқушылар талқылаудың нәтижелерін 
тиянақтап, ортақ қорытынды шешім қабылдайды, өз ойларын 6 минут 
ішінде қағазға түсіреді.(бағалау) 
Сыныпта бірнеше топ (сыныптағы оқушылар санына байланысты) бір 
мезгілде дөңгелек үстел шеңберінде пікірталас жүргізуі мүмкін. 


29 
Ток-шоу
Теледидарда 
жиі 
жүргізілетін 
желісі 
бойынша 
ұйымдастырылады.Пікірталастың бұл түрі талқыланатын проблема бүкіл 
сынып үшін қызықты және өзекті болған жағдайда тиімді болады. Бұл 
үшін 4-6 оқушы оларды алдын- ала дайындаса да болады немесе оларды 
сабақ барысында міндеттеуге де болады бүкіл сыныптың алдына шығып, 
ұсынылған проблема бойынша өз ойларын жария қылады.Жүргізуші 
(мұғалім немесе алдын-ала дайындалған оқушы)үнемі олардың 
көзқарастарының қарама-қарса жақтарына назар аударып, пікірлердің 
қақтығысуына жол береді.Әр қатысушы өз ойларын дәлелдеуге тырысып, 
қарсы пікірлерге дау айтады.Әрине, бұл оқушылардың талқыланып жатқан 
проблема бойынша өзіндік пікірлері болуы керек.Қалған сынып тек 
тыңдайды,олардың 
талқыға 
қатысу 
құқығы 
болмайды.
Пікірталас соңында жүргізуші талқыны қорытындылап, ортақ шешім 
табуға тырысады.Барлық оқушылар өз ойларын жазбаша келтіріп 
(әдеттегідей 

минут 
ішінде), 
жұмыстарын 
бір-біріне 
оқып 
береді.(жариялайды 
Форум
Пікірталастың бұл түрі «Ток шоуға» ұқсас.Мұнда тек қалған сынып 
талқыға түсе алады: өз орындарынан сұрақ қойып, өз пікірлерін берілген 
мерзімдеқысқа түрде баяндайды.(мәселен, олардың сөйлеуі 30 секунд 
немесе 1 минуттан аспауы керек).Осы арқылы бүкіл сынып пікірталасқа 
қатыса алады. 
Сарапшылар топтарының отырысы
Пікірталасқа дейін.Оқушылар шағын топ құрамында әдетте 4-6 адамдық 
ұсынылған проблеманы 4-8 минуттай өзара талқылап, аяғында бір 
топтамға, ортақ шешімге келуі керек.Сыныптағы топтар саны 3-6 
аралығында болған дұрыс.Осыдан кейін әр топ өз ішінен бір сарапшыны 
таңдап, оған өз көзқарастарын қорғау жұмысын жүктейді.
Пікірталас. 
Сарапшылар сынып алдына шығып, пікірталас барысында топ пікірін 
(мүддесін) қорғайды.Жүргізуші (әдеттегідей мұғалім немесе талқыға 
салынған мәселені жақсы білетін оқушы) сарапшыларға кезекпен сөз беріп,
олардың идеяларына комментарий жасап, пікірталас ережелерінің ұстануын 
қадағалайды.
Топтар пікірталасқа қатыса алмайды.Алайда әр топта пікірталас барысында 
1минуттық үзіліс (тайм-аут) алып,өз өкілімен (сарапшысымен) кеңесу 
құқығы болады. Сөз талқы соңында жүргізуші пікірталасты қорытындылап, 
барлық сарапшыларға ортақ пікірге, ортақ шешімге келуді тапсырады.Бұл 
үшін ол әр сарапшыға өз ойын қорытындылап, оны басқа пікірлерге 
жақындастыру үшін 1 минут уақыт береді.
Бағалау.Барлық оқушылар әдеттегідей өз ойларын жазбаша келтіріп (6 
минут 
ішінде),жұмыстарын 
бір-біріне 
оқып 
береді.(жариялайды).
Симпозиум


30 
Оқушылар берілген тақырып бойынша өз баяндамаларын топ алдында 
оқып, тыңдаушылардың сұрақтарына жауап береді.Жүргізуші назарын 
пікірлердің қақтығысуы мен қарама-қарсйшылықтарына назар аударып, 
пікірталас ұйымдастырады.Сыныптың пікірі екі жақты болып, әртүрлі 
көзқарастар келтірілгені орынды.Пікірталас баяндамашының ұстанған 
көзқарасы төңірегінде ұйымдастырылады. 
Сот отырысы. 
Пікірталастың бұл түрі қылмыстық немесе азаматтық істердің сотта 
қаралғандығын қайталайды,имитациялайды.Сот отырысында алдын-ала 
дайындалған орынды,Бұл үшін оқушылар өзара рөлдерді таңдап,бөлісіп 
алады.Рөлдердің 
ішінде
судья,прокурор,адвокат,айыпталушы,жәбірленуші,жауап беруші,куәгерлер 
т.б. болуы ықтимал.Пікірталас сот отырысының ережелері бойынша 
өткізіледі:алдымен 
судья 
қаралатын 
қаралатын 
істің 
мән-жайын 
баяндайды,содан кейін тараптар сөз сөйлеп, өз көзқарастарын білдіреді, 
содан кейін куәгерлерден жауап алынады. Соңында судья пікірталастың 
қорытындыларын жариялап,үкім шығарады.
Мысалы,әдебиет сабақтарында әдеби кейіпкерлердің істерін қарастыру 
мәселесін қолдануға әбден болады.Олардың қатарында Қодарды (Қозы 
Көрпешті 
өлтіргендігі 
үшін),Бекежанды 
(Төлегенді 
өлтіргені 
үшін),Құнанбайды (Қодар мен Қамқаны өлтіруге. үкім шығарғандығы үшін) 
т .б кейіпкерлердің «істерін» жатқызуға болады. 
Пікірталас-диалог
Дайындық кезеңі.Оқушыларға екі шешімі бар проблема (тақырып, сұрақ) 
ұсынылады.Оқушылар шағын топтарға бөлінеді:топ ішінде бір жұп бірінші 
пікірді, 
ал 
екінші 
жұп 
басқа 
пікірді 
жақтаушы 
болып 
тағайындалады.Осыдан кейін жұптар пікірталасқа дайындалады:тақырып 
бойынша ақпарат көздерімен танысады, дәлелдерді жинастырады, мысалдар 
келтіреді т.с.с Негізгі кезең. Қарама-қарсы пікірлерді ұстанған жұптар бір 
партаға отырып, пікір таласады: өз дәлелдерін келтіреді, сұрақ қояды, жауап 
береді (6-10минут). Уақыт аяқталған соң мұғалім оқушылардың жұптарына 
бастапқы рөлдерімен алмасуды тапсырады:бірінші көзқарасты ұстанғандар 
енді екінші пікірді жақтаса, екінші ұстанымды жақтағандар бірінші 
көзқарасты дәлелдейді. Пікірталас әрі қарай өз жалғасуын табады, алайда 
мұнда алдында келтірілген дәлелдерді келтіруге болмайды: аргументтер 
тың, соны, жаңа болуы керек.
Қорытындылау кезеңі. Мұғалімнің пікірталасты қорытындылағанда келесі 
мәселелерге тоқталғандығы орынды: 
Негізгі тақырыпты қорытындылау; Келтірілген фактілер, дәлелдер мен 
мәліметтерге шолу жасау; Талқылау парысында пайда болған және 
болашақта пікірлесуді қажет ететін сұрақтар мен тақырыптарды анықтау; 
Талқылау барысына талдау мен камментарий жасау. (М.В.Клариннің « 
Иновации в мировой педагогике» кітабы бойынша) «Фишпул»
Қатысушылар екі шеңберге бөлініп отырады.Ішкі шеңберге пікірталасқа 


31 
қатысатын оқушылар отырады да, қалғандары сыртқы шеңберге жайғасады 
– оларпікірталасқа қатыспайды. Ішкі шеңбердегі оқушысаны 6 болуы керек, 
олардың төртеуінің пікірталасқа қатынасындағы алдын-ала жаряланған 
және олар пікірталастың аяғына дейін болады, қалған екі орын бос. Бұл 
орындарға пікірталасқа қатынасамым деген сыртқы шеңбердің кез келген 
оқушы отыра алады. Сыртқы шеңбердегі оқушылар саоапшылар рөлдерін 
орындап, пікірталасқа баға береді
«Мылқау пікірталас»
Қатысушыларға тақырып ауқымында 4 көзқарасты талқылау ұсынылады. 
Талқылау барысы мынандай кезекпен ұйымдастырылады: 
1)Оқушылар шағын топтарға бөлінеді.
2)Топтың әрбір мүшесі плакатқа жазылған тұжырыммен танысады да, 
астына аяқталмаған екі сөйлемнің біреуін аяқтайды : «Автормен келісемін, 
өйткені...»неесе «Автормен келіспеймін, өйткені...». Жұмыстың бұл 
кезеңінде сөйлесуге, талқылауға тиым салынады.
3)Шағын топтар барлық 4 плакатты аралап шығады. 
4)Барлық топтар өз ойларын плакаттарға жазып болғаннан кейін, әр топқа 
бір плакаттағы жазуларды талдап, оларды қорытындылау тапсырмасы 
ұсынылады. 
5)Шағын топтар өз ойларын ортаға салады, бүкіл сынып оларды 
талқылайды.
Ойындар
Мектептің оқу процесінде қолдануға тиімді ойындардың ішінен мынандай 
түрлерін қарастыруға болады:
1.Рөлдік ойындар
2.Іскерлік ойындар
а)Іскерлік оқу ойындары
саяхат ойындары
блиц-ойындар;
ә)Өндірістік ойындар
3.Имитациялық ойындар
Рөлдік ойындар
Рөлдік ойындар-тиімді интербелсенді әдістерінің бірі.
Педагогика саласында зерттеу жүргізетін ғалымдардың басым 
көпшілігі 
оқу, 
оқытудың 
ойын 
әдістерін 
кәсіби 
дамуды 
қамтамасыздандырудағы ең тиімді әрі болашағы зор тәсілдер деп 
есептейді.Өйткені іс-әрекет арқылы үйрену үйрету-танымның ең тиімді 
тәсілі екендігі баршаға аян:адамның жадында бірінші мезетте өзінің 
жасағаны мен бастан кешкен әсерлері қалады.Ал рөлдік ойындар 
оқушылардың өздерін басқа адамдардың орнына қойып, мәселе немесе 
проблеманы 
солардың 
тұрғысынан 
қарастырып, 
шешімді 
өз 
«қолдарымен»жасауды меңзейді. 


32 
«Ойын» сөзі сабақта инсценировканың орын алып, әрекеттердің спектакль 
түрінде көрсетілетіндігін меңзейді.Ал «рөлдік» сөзі әр қатысушының 
белгілі бір рөл орындайтынын және де бұл рөлдің басқа рөлдердің 
қатарында болып, олармен тығыз қарым-қатынаста болатындығын 
білдіреді.Бұл қарым-қатынас өмірде орын алған қарым-қатынастарды 
қайталайды, сол себепті де рөлдік ойындар қоғамда кең етек алған 
проблемалар мен оларды шешудегі тиімді әрекеттерді меңгеруді мақсат 
тұтады.Мұнда 
оқушылар 
пікірталастағыдай 
өз 
түсініктері 
мен 
көзқарастарынан туындаған позицияларды ұстанбай, өздерін басқалардың 
орнына қояды.
Бұл әдіс оқушыларды жинақталған теориялық білім, практикалық 
тәжірибе, өмірде ұстанатын құндылықтарды еркін түрде меңгеру және 
қолдану дағдыларын қалыптастырады.Рөлдік ойындарда оқушы өзінің
теориялық білімдерін өмірде (практикада) кездесетін ситуациялар мен 
жағдаяттарда қолданады.Ол мұндай ойындарда проблемалардың мазмұны 
мен мән-жайын дұрыс түсінетіндігін көрсетеді, олардың шешу жолдарын 
қарастыру арқылы өзінің шығармашылық (креативтік) деңгейін дамытады.
Рөлдік ойындарды жүргізу алдында мұғалімнің әдістемелік тұрғыдан жан-
жақты дайындалу шарт, ол әсіресе келесі мәселелерді алдын-ала мұқият 
талдап алуы керек; ойынды өткізудің әдістемесі(ойын шарттары мен 
ережелері, мақсаттары, кезеңдері,қатысушылар т.б) ойынның мүмкін 
нәтижелерін болжау ; ойынның нәтижелерін қорытындылау.
Рөлдік ойында оқушылардың тобы бүкіл қоғамның кішірейтілген 
моделі немесе қоғамдық процестің бір көрінісі ретінде қарастырылып, 
оларға 
ойын 
түрінде 
қоғамдық 
қатынастарды 
(проблемаларды, 
ситуацияларды, т.б.) қайталау, модельдеу, «ойнап шығу» тапсырмасы 
берілді.Сол себепті де рөлдік ойындардың басты тақырыбы – «қоғамды» 
ойнау,қоғам проблемаларын қарастыру және талқылау.
Рөлдік ойындарда қатысушылардың топтардың әр түрлі қоғамдық 
топтардың рөлдерін орындайды, мәселен : мемлекет, өкімет, парламент, 
партиялар, бизнес өкілдері немесе субьектілері
(компаниялар, фирмалар, кәсіпорындар, банктер, жинақтаушы 
қорлар), жалдамалы жұмысшылар немесе әлеуметтік топтар (оқушылар, 
студенттер, 
зейнеткерлер,мемлекеттік 
бюджет 
тарапынан 
қызмет 
жасаушылар). 
Мұндай ойындардың тақырыбы ретінде әлеуметтік сипаттағы 
мынандай жағдаяттарды таңдап алуға болады: 
-парламентте 
заң 
қабылдау 
немесе 
заңға 
өзгертулер 
енгізу;
-парламентте өкімет әрекеттерін партиялар мен әлеуметтік топтар 
тұрғысынан талдау және баға беру (мысалы, экономикалық дағдарыстан 
шешу саясаты),
-парламентте немесе өкімет отырысында әлеуметтік топтарының ахуалын 
қарастыру(немесе болжау) 


33 
-келісім шарт жасау (мемлекетаралық, мемлекет пен жекеменшік 
компаниялар, 
компания 
мен 
қызметкерлерлер 
арасында),
-қызметкерлерді 
таңдау 
(кастинг) 
және 
жұмысқа 
қабылдау,
-компанияның бір жылдық (тоқсандық) жұмысын талдау және бағалау,
-компанияның 
дағдарыстан 
шығу 
жолдарын 
талқылау,
-компанияның рынокқа шығу мақсатында өз өнімдерін презентациялау,
-компанияның 
даму 
мәселелерін 
талқылау 
және 
т.б.
Рөлдік 
ойынды 
былай 
ұйымдастыруға 
болады
1.Проблема (тақырып) айқындау.
Мұғалім оқушыларға алдын-ала талқылауды, пікір таластыруды қажет 
ететін тақырып немесе шешімі қажет проблеманы ұсынады.Оқушылар 
жекелей тақырып немесе проблеманы қарастырып, ұсынылған әдебиетпен 
танысып, сабаққа дайындалып келеді.
2.Рөлдік топтарға бөліну. Бұл әрекет сабақтан тыс уақытта өтеді:оқушылар 
әртүрлі көзқарастар мен позицияларды ұстанған топтарға бөлінеді (әр 
топта оқушылардың саны 10-нан аспағаны дұрыс).Оқушылардың 
командалары 
пікірталастағыдай 
ұстанған 
көзқарастар 
бойынша 
жасақталмай,басқа тұрғыдан жасалуы керек, өйткені ойында оқушылар 
басқа біреудің позициясын ұстанып, проблема шешудің жолдарын 
қарастырады. 
Егер де рөлдік ойында ауқымды мәселелер талқылатан болса, онда 
оқушылар қоғамнан негізгі саяси және әлеуметтік топтары немесе олардың 
мүдделерін жақтайтын саяси партиялар, кәсіп орындар, компаниялардың 
ролдерін «ойнайды». Ал егер ойын қандай да бір әлеуметтік маңызы бар 
проблеманы көпшәләк тұрғысынан шешуге бағытталса, онда оқушылар 
пікірлер мен көзқарастар тұрғысынан бөлінеді: «жақтаушылар» және 
«қарсы 
шығушылар», 
«жаңашылдар» 
және 
«консерваторлар». 
Мұндай топтардың кемінде екеу болғаны дұрыс. Алайда қоғамда сан 
алуан пікірлерді туғызатын мәселелерді қарастырғанда (мәселен, ұлт 
мәселесі, экономикалық дағдарыс, рухани ахуал), топтар санын ұлғайтып 
жіберуге де болады. Бірақ олардың жалпы саны 4-5 тен аспағаны дұрыс, 
өйткені ролдердәі көптігі талқылауды бөлшектеп жіберіп, сабақты 
ұйымдастыруды қиындатуы ықтимал. 
Топ ішінде де оқушылар жеке ролдерге бөлінуі мүмуін. Мұндай 
бөліну екі тұрғыдан жүзеге асырылады. 
1.Лауазымдық тұрғыда, яғни әлеуметтік топ ішіндегі қызыметтеріне 
сәйкес бөліну. 
Мысалы, егер оқушылар тобы өкімет ролін ойнайтын болса,онда 
оқушылар премьер министр, министрлер ролдерін өзара бөліп алуы керек 
2.Қызымет (функция) тұрғысынан, яғни топ ішінде ұстанатын 
позиция 
мен 
атқаратын 
әрекеттерге 
сәкес 
бөліну. 
Мәселен, оқушылар жоғарыда келтірілген көшбасшы, ынталандырушы, 
күмәнданушы, сынаушы т.б ролдерді өзара бөліске салуы мүмкін 
3. 
Рөлдерді 
талқылау 


34 
Рөлдер таңдалғаннан кейін, оқушылар топ ішінде олардың басты 
ерекшеліктерін айқындап, қандай позиция ұстанып, ролдерді қалай ойнау 
керектігін 
талқылайды. 
4.Өз 
ұстанымын 
дәйектеу 
Топтар өз ұстанымын құрастыру үшін бірнеше беттік баяндама 
жасайды.Баяндаманы дайындау кезінде оқушылар өз әрекеттерін таңдап 
алған 
рөлдері 
бойынша 
атқарады. 
5.Жариялау 
Әрбір рөлдіктоп берілген тақырып (проблема) бойынша өз позециясын 
жариялауы керек.Бұл үшін топ атынан спикер берілген уақыт ішінде (5-
8мин) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, оларға топ ұстанымын 
жеткізеді. 
6.Пікірталас 
Оқушылар өз позицияларын негіздейді, дәлелдейді.Олар мұнда 
басқалардың пікірімен санасу, бітімгершілікке келу,мағыналы сөздерді 
демагогиядан 
ажырата 
білу 
секілді 
дағдыларды 
меңгереді. 
7.Қорытындылау 
Мұғалім рөлдік ойынның берілген тақырыпты (проблеманы) қандай 
деңгейде ашқандығы, бұл жұмыстағы оқушылардың кәсіби деңгейі туралы 
ой қозғап, өзінің де позициясын келітреді.Оқушылар өз ұстанымдарымен 
рөлдері жайлы, ойынның қандай деңгейде өткендігі туралы пікірлерін 
алдымен ауызша келтіріп, соңынан жазбаша есеп береді.Егерде олар өзінің 
қателерін анықтап, олады түзету үшін қандай біліммен дағды керектігін 
түсінсе немесе өз әрекеттерінің дұрыстығына көздеоін жеткізсе бұл 
жәйттер ойынның өз мақсатына жеткедігін меңзейді.Қорытындылауда 
басты назарды практика үшін маңызды әрі қолайлы ойын нәтижелерін 
талдауға аударған дұрыс. Сонымен бірге қорытындылауда бүкіл ойын 
барысын талдап,оны ой елегінен өткізгенде, келесі әрекеттерді талқылаған 
орынды: 
Жеке, 
топтық, топ аралық ойлау әрекеттерінің өзгерістері. 
Тұлға аралық қатынастардың өзгеруі нәтижесінде туындаған ұжымдық 
пікірлердің 
қалыптасуы
Оқушылардың пікірлері мен рөлдерінің өзгеруі, олардың қарым-
қатынас динамикасы 
Рөлдік ойындар үйренушілерде мынандай біліктерді қалыптастыруға 
септігін тигізеді. 

қарым-қатынасытық (коммуникативтік)дағдылар; 

шағын топтарда жұмыс жасау дағдылары

толерантылық (басқаның пікірімен көзқарасын қабылдау,оларды 
сыйлау,олармен санасу,төзімділікпен шыдамдылық )

өзіндік тұрғыдан ойлау,пікір және көзқарас қалыптастыру,позиция 
(сенім,құндылықтар)таңдау т.б 


35 

үйренгенді (білім,білік,дағды,түсініктер т.б) практикалық тұрғыдан 
қолдану; 

өздеріннің үйрену деңгейін анықтап оны әрі қарай дамыту. 
Іскерлік оқу ойындары. 
Іскерлік оқу ойындарында оқушылар қандай да бір сценарий ауқымында 
рөлдерді өзара бөлісіп, зерттеу жұмыстарын жүргізу және деректерді 
талдау арқылы нақты практикалық мәселерді бірдесе отырып шешеді.Оқу 
ойындарының сценарийлері тақырып ауқымында болып, күрделі мәселерді 
ойын тұрғысыннан, «ойнап» шешуге бағытталады. 
Оқу ойындарының екі түрін ажыратуға болады: 
1.Сабақ тақырыбы бойынша жазылған сцентарийлер бойынша 
(мұғалімдермен оқушыладың өздері жазған) қысқа ситуацияларды 
ойнау. 
2.Компьютерді қолданатын ойындар 

мультимедиалық ойындар, 

интернетте ақпарат табу әрекеттеріне негізделген іздеу 
ойындары. 
Компьтерлік 
ойындарда 
оқушылар 
бірнеше 
топқа 
(командалар)бөлініп,бөлек сыныптарда отырып,бір-бірімен Интернет 
арқылы байланысуына болады.
Оқу ойындары сценарийлерінің негізінде қандай да болмасын 
мәлімет(оқулықта немесе басқада ақпарат көздерінде берілген құжат,оқиға, 
мәтін,деректер) жатады.Мәлімет сценарийде өзінің деректік формасыннан 
айрылып,оқушылардың 
рөлдерге 
бөлініп, 
ойнауына 
мүмкіншілік 
туғызатын қызықты оқиғаға айналу мүмкін. 
Оқу ойындарында бірінші кезекте оқушылардың қиял мен фантазиясына
жол ашу керек.Бұл әсіресе саяхат ойындарында сәтті түрде жүзеге 
асырылады.Оқушылар саяхат ойындарында көркем шығармалар мен 
кітаптар,тарихи 
оқиғалар,аңыздар,карталар,құжаттар,бойынша 
тарихи,географиялық,өлкетанушылық,ғылыми 
«экспедицияларды 
» 
ұйымдастырып,өз қиялдарыннан туындаған оқиғалар мен ситуацияларды 
құрастырады. Мәселен «Отырар,1219 жыл», «Түркістанға саяхат », 
«Кенесары әскерінің ізімен», «Шоқанның ізімен», «Алматыдан Атырауға 
велоспипедпен саяхат жасау», «Алтын адам заманында », «Майкросфт» 
фирмасына «Нюрнберг процесінде», «Жетоқсан,1986 жыл»,т.б тақырыптар 
бойынша «экспедиция» ұйымдастыру болады.Оқушылар мұндай саяхат 
кезінде өзара бөліп алған ойын рөлдеріне сәйкес әрекеттер 
атқарып,шығармашылықтарына кеңіннен жол береді. Мұндай рөл 
қатарына тарихи тұлғаларды,ғылыми немесе кәсіби мамандарды 
(тарихшы,мұражай 
қызыметкері,палеонтолог,археолог,геолог,экономист,ғарышкер,ұшқыш,то
пограф т.б)жатқызға болады.Саяхат ойындары барысында оқушылар 
күнделік жазып,оқиға болған жерлерден репортаждар беріп,өз жұмысы 
немесе ашқан «жаңалықтары» бойынша есеп дайындап,достары мен 


36 
туыстарына хат жазып,әр түрлі мағлұматтар жинау ісімен айналысуы 
мүмкін.Әрине мұндай «құжаттардың»қиял мен фантазия негізінде 
жазылатындығы сөзсіз. 
Оқу ойынын қалайша құрастыруға болады?
Оқу ойындарын құрастыруды Роберта Л.Росс-Фишердің «Игра, 
моделирующая реальность,как средство повышения эффективности 
обучения»(Р.Фишер,18-22)атты мақаласында келтірілген реттілік бойынша 
қарастырайық. 
Оқу 
ойынның 
мұғалім 
жеке 
өзі 
немесе 
басқа 
әріптестілерімен(оқушылармен)бірігіп құрастырады.Ойынды құрастыруда 
мынындай ережелерді ұстанған жөн: 
1.Ойын 
арқылы оқушылардың қандай білік пен дағдыларға 
үйренетіндігін анықтаңыздар. 
Бұл мәселе тақырып пен ойынның сюжетін таңдап,ойынға қатысушы 
оқушылардың әркеттерін бағалау критерийлерін белгілеуге комектеседі. 
2.Ойын оқушылардың тоқсан аяғында қорытынды жұмысты сәтті 
жазуына көмектесуі керек. 
3.Сценарий жазғанда,оқушылардың қызығушылығын арттыратын келесі 
мәселелерге назар аудару керек: 

Қызықты кейіпкерлер. 
Олардың саны топтағы оқушылардың санымен бірдей болғаны 
дұрыс;әр кейіпкердің есімін,жасын,кәсібін,отбасы жағдайын нақтылау 
керек;мұның 
бәрі 
қатысушылардың 
ойынын 
жеңілдету 
үшін 
жасалады;мәселен: 
«Қуандықұлы 
Бақытжан,42 
жаста,үш 
баласы 
бар,Отансүйгіш ақын,елінің азаттығын көксейді»; 

Оқиғаның өрбитін уақыты мен мекен-жайы. 
Ойында келтірілетін оқиғалар қандай кезеңге жатады? Қайда болған? 
Мысалы, жоғарыда есімі аталған Бақытжан XIX-ғасырда,XX-ғасырдың 70-
ші жылдары немесе казіргі уақытта өмір сүруі мүмкін. 

Сюжет. 
Сценарий жалпы түрде жазылады,алайда оның сюжеттік жолдары 
қатысушыларды қызықтыруы керек. 

Жалпы проблемалар 
Қатысушылардың шешімін қажет ететін ең кемінде бір проблеманы 
айқындау керек. 

Нақты проблемалар. 
Сюжеттің даму кезеңдерінде шым-шытырық оқиғаларды келтіру 
керек:олар қатысушылардың өздігімен таңдау жасап,өз шешімі мен оның 
салдарына 
деген 
жауапкершілікті 
мойындарына 
жүктеуі 
қажет.Қатысушылар 
«Әрі қарай неістеу керек?Қалайша таңдау 
жасаймыз?Оның салдары қандай болуы мүмкін?»деген сұрақтарға жауап 
бере отырып,өз әрекеттерін жоспарлайды. 

Оқиғалардың шешімі. 
Бұл жерде де қатысушылар өздігімен таңдау жасап,шешім қабылдайды. 


37 

Ойынды аяқтау. 
Ойын аяқталғаннан кейін оның логикалық қорытындысы қандай 
болуы керек?Мәселен,оқушылар өз ойындары бойынша жаңа сценарий 
жазып,қажет болған жағдайда оны басқа оқушылардың алдында ойнап 
беруі де мүмкін;немесе олар сценарийлерді жинақ түрінде басып 
шығарады. 
4.Ойыннан кейін.Қатысушыларға ойын туралы өз ойларын білдіру 
мүмкіндігін ойын аяқталысымен берген орынды.Ол үшін оқушыларды 
шағын топтарға бөліп,мынындай сұрақтарды талқылауды тапсыруға 
болады: 

Бұл ойында өздеріңіз үйренген жәнебілгендеріңіздің ішінде ең 
маңыздысы қандай жәйт болды? 

Бұл тақырып бойынша тағы да не білгілеріңіз келеді? 

Бұл ойынның шынайы өмірден қандай айырмашылығы бар? 
Талқылауға жеткілікті уақыт берген дұрыс(15 минуттан 30 минутқа 
дейін).Әр 
топ 
өз 
ойларын 
плакатқа 
түсіріп,содан 
кейін 
жариялайды:қабырғаға іліп,қорғайды,сұрақтарға жауап береді.Ауызша 
талқылаудан соң оқушылар өздерінің ойында қандай тәжірибе иеленгендігі 
туралы жазуы қажет. 
5.Ойынның оқушыларды қандай білік пен дағдыларға үйрететіндігіне 
байланысты нәтижені бағалайтын жүйе жасау керек.Бұл жүйе әр 
оқушының жетістіктері мен мұғалім жұмысының тиімділігін бағалау 
мүмкіншілігін береді.Оқу ойындары туралы қызықты мәліметтерді 
мынандай сайттардан білуге болады: 
http://memory.loc.gov/ammem/ndlpedu/index.htlm,www.spa3.k12.sc.us/WebQu
ests.html
 
Тренингтер 
Тренингтер – қысқа мерзім ішінде практикалық қолданыста қажетті әрі 
тиімді біліктер мен дағдыларды игеруге бағытталған оқу сабақтары. 
Тренингтерде әр үйренуші кәсіби (қоғамдық) қызыметі мен жүктелген 
міндеттерін орындауда тиімді әрі ұтымды әрекеттерді таңдап, оларды 
бекітуге, үйреншікті дағдыға айналдыруға машықтанады. Тренингтер 
қатысушыларда (оқушыларда, қызметкерлерде) арнайы практикалық 
дағдыларды қалыптастыруға арналады, мұнда жұмыстың жалпылама 
әдістемесі қарастырылмайды. 
Тренингтерд 
Тренингтердің басты мақсаты – ұйренудің ең тиімді жолдарын игеру. 
Мұнда үйренушілер өз әрекеттерін қалайша тиімді түрде ұйымдастырып, 
жұмыста оң нәтижеге қалайша жету керектігімәселесімен айналысады. Сол 
себепті де тренингтер оқу мазмұны (материалы) тек практикалық тұрғыдан 
қарастырылады. Мәселен, үйренушілер тренингтерде арнайы берілген 


38 
жағдайлар мен ситуацияларды модельдейді, олардың қатысушы ретінде 
өздері «ойнап шығады». Осындай әрекетер арқылы үйренушілер қажетті 
практикалық білік пен дағдыларды бекітіп, өздерінің өмірлік тәжірибелері 
мен жұмыс тәсілдеріне өзгерістер енгізеді. 
Тренингтердің соңында үйренушілер үйренген дағды және 
машықтары тұрғысында пікір алмасып, олардың тиімділігі иен 
маңызытуралы өз ойларын ортаға салып, талқылайды. Мұндай жұмыс әр 
үйренушінің өз ойлары мен пікірлерін қағазға түсірумен аяқталады. 
Әдетте тренингтерде мынадай интербелсенді тәсілдер қолданылады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет