Н. А. Тойбазарова интербелсенді оқыту технологиясы (Оқу құралы) НҰр-сұлтан – 2019



Pdf көрінісі
бет8/31
Дата17.06.2023
өлшемі1,26 Mb.
#101987
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31
ұстаным!», «Мен мұнымен келісе алмаймын!», «Біздің пікір ғана 
дұрыс!» деген тәрізді), олардың мағынасы мен мазмұнын 
айқындайтын сұрақтар қойған орынды.
6. Пікірталаста икемділік пен бейімшілдіктің жоғарғы дәрежесін 
көрсеткендер (яғни өз пікірлерін басқалардың позитивті де 
жағымды ықпалы арқасында өзгерте алатындар) жеңіске жетеді.
7. Ақиқатқа жету жолы біреу емес және олардың барлығы да тең 
дәрежелі.
Пікірталас тәсілдері 
Торлы талқылау 
1) Екі жақты шешімі бар проблеманы келтіргеннен кейін, мұғалім 
оқушылардың осы мәселе төңірегіндегі өз ойларын қағарға түсіріп 
алып, өз көзқарасын айқындауын сұрауы керек. 
Бұл жерде оқушылар «Т-кестесін» қолданғаны орынды. Олар мұғалім 
ұсынған проблема (немесе сұрақты) жазып алғаннан кейін дәптерін екіге 
бөліп, сол жақ бағанға бірінщі көзқарасты жақтайтын, ал оң жақтағы 
бағанға екінші көзқарасты негіздейтін дәлелдерді келтіреді. Осыдан кейін 
олар өздерінің қай позицияны жақтайтындығын кестенің астына жазып 
қояды.
Иә 
Жоқ 
Дәлелдер 
Дәлелдер
Ұстанған 
позициям:_________________________________________________ 
 
2) Осыдан кейін оқушылар үш үлкен топқа бөлінеді: бірінші пікірді 
ұстанғандар, екінші ұстанымды жақтағандар және «Екеуі де мүмкін» 
деген көзқарастағылар.
3) Пікірлестер тобында оқушылар өз көзқарастарын дәлелдейтін 
тұжырымдарды талқылап, дәлелдердің тізімін жасайды. 
4) Әрбір топ бүкіл топ атынан сөйлейтін спикерді таңдайды. 
5) Осыдан соң топ спикерлері кезекпен өз дәлелдерін сыныпта 
белгіленген уақыт ішінде (мәселен, 2 минут) жеткізеді.
6) Спикер сөйлеп болған соң, қарсы жақтардың сұрақ қоюына болады
оларға жауапты барлық топ мүшелері береді. 


26 
7) Осылайша үш топ та өз дәлелдері мен уәждерін келтіргеннен кейін 
қарсыластар проблема жөнінде өз ойларын жазбаша келтіреді 
(мәселен, эссе түрінде). 
Пікірталастың ережелері: 

біреу (мысалы, спикер) сөйлегенде, оның сөзін бөлмеу керек; 

қарсы жақтың көзқарасына жағымсыз тұрғыдан сын және пікір айтпау 
керек («дұрыс емес!», «келіспейміз!», «жалған!», «біздің ойымыз 
ғана дұрыс!» деген сияқты); 

егер келіспейтін жағдай болса, қарсы жақтың көзқарасын 
айқындайтын сұрақ қою керек. 

Пікірталас соңында оқушылардан «Қай жақ жеңді?» деп сұрауға 
болады. Егер оқушылар жеңісті біреуге беретін болса, онда оларды 
мынандай түсініктерге алып келу керек (мысалы, сұрақ қою 
арқылы); 

пікірталас – ақиқатқа жетудің тиімді тәсілі; 

пікірталас әркімнің өз көзқарасын айқындауға зор мүмкіншілік 
береді; 

пікірталаста жеңілгендер болмайды: бәрі де ұтыста болады.  

(Бұл тәсіл «Темпл Ч., Стилл Дж., Мередит К. Бірлескен оқу. «Сыни 
ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» жобасы үшін әзірленген V-
құрал. –Алматы, 1998» кітабы бойынша келтірілді.
Кезектескен пікірталас 
Оқушыларға екіұшты жауабы (шешімі) бар проблемалық сұрақ 
қойылады.
Жеке жұмыс. Пікірталсқа қатысушы әрбір оқушы екі шешімді де 
жақтайтын дәлелдерді берілген уақыт ішінде (2-6 минут) жазбаша 
келтіруі қажет. Бұл жұмыста тағы да «Пікірталас кестесін» қолданған 
орынды\\\\\\\\\\. 
Шешім №1 
Шешім №2 
Екі дәлелден кем емес 
Екі дәлелден кем емес 
Топтық жұмыс. Оқушылар шағын топтарға құрамында өз дәлелдерін 
ортаға салып, толқылап, топқа ортақ әр көзқарасты жақтайтын бес 
дәлелден таңдап, тізім жазады. 
Пікірлер бойынша бөліну. Оқушылар сыныпта екі қарама-қарсы 
пікірлерді жақтаулары бойынша екі үлкен топқа бөлінеді. Екі топ өз 
дәлелдерін маңыздылығы бойвнша бөледі: алдымен ең маңызды дегендері 
жазылады.


27 
Пікірталас.Екі топтың пікірталасы кезектескен түрде өткізіледі алдымен 
бірінші топ өзінің бірінші дәлелін келтіреді,ал екінші топ оған қарсы пікір 
айтып,оның осал жақтарын іздестіріп,жоққа шығаруға ұмтылады.Осыдан 
кейін екінші топ өзінің бірінші дәлелін жариялайды,ал бірінші топ оны 
сынайды.Пікірталас 
осылайша 
бес 
дәлел 
келтіру 
арқылы 
ұйымдастырылады.
Қорытындылау және бағалау.Пікірталас аяқталғаннан кейін жүргізуші 
(мұғалім немесе оқушы) пікірталасты қорытындылап,әр көзқарастың 
(пікірдің) оң ұтымды жақтары мен кемістіктеріне тоқтайды.Осыдан кейін 
оқушылар пікірталас нәтижесінде тиянақтаған ойларын қағазға түсіреді.(6-
10 минут) 
Бұрыштар пікірталасы 
1.Мұғалім тақырып бойынша екі немесе одан да көп баламалы шешімдері 
бар проблеманы анықтап,оларды жариялағаннан кейін оқушыларды 
шағын топ құрамында осы мәселені «Ой қозғау»тәсілін қолдана отырып 
талқылауды ұсынады.
2.Мұғалім оқушыларға көзқарастардың бірін таңдап,үш минут ішінде 
ұстанған позицияларды дәлелдейтін аргументтерді жазуды тапсырады.
3.Бірінші көзқарасты ұстанған оқушылар сыныптың бір бұрышына, ал
енді үшінші немесе төртінші позицияны таңдағандар бөлменің басқа 
бұрыштарына барып тұрады.
4.Мұғалім талқыланып жатқан проблема бойынша алдын-ала дайындаған 
мәтінді «мақала , лекция , ғылыми монография т.б» оқушыларға таратып 
береді.Оқушылар шағын топ ішінде мәтінді өзара бөліп , өздерінің 
позициясын қуаттайтын дәлелдер іздейді. Әр топтың 1-2 оқушы осыдан 
кейінгі пікірталаста топ пікірін білдіретін спикер шешен , сөйлеуші болып 
таңдалады.
5.Топтарға кезекпен сөз беріледі.Спикерлер 1-2 минут аралықта өз 
топтарының позицияларын айқындайды 
6.Енді сөз топтарының басқа да мүшелеріне беріліп, олар да пікірталасқа 
араласады.Топтарды пікірталасқа ынталандыру үшін мұғалім тарапынан 
оқушыларға мынандай сұрақтар қойған орынды: «Неліктен бірінші топтың 
мүшелері үшінші топтың көзқарасын қабылдамады?», «Сіздер екінші 
топтың қандай пікірімен келіспейсіздер», «Неліктен бірінші топтың 
оқушылары сіздерді өз көзқарасына иландыра алмады?», «Неліктен сіздер 
өз позицияларыңызға өзгеріс енгізбедіңіздер ( енгіздіңіздер)?»
7.Пікірталас кезінде оқушыларға олардың өз көзқарастарын өзгертіп, 
басқа топтарға ауыса алатындығын ескерту керек.Мұғалім тіпті 
оқушыларды өз пікірлерін өзгертуге ынталандыру керек.Бұл жәйт олардың 
ойлану жқмысына қызу түрде қатысқандығын және ойлау икемділігінің
жоғары деңгейін көрсетіп, топтың басқа мүшелерінің жауапкершілігін 
көтереді олар жақтастарынан айрылып қалмау үшін пікірталаста дәлелді 
болуға тырысады. 


28 
8.Пікірталас соңында әрбір топқа өз позициясын қысқа түрде (1 минут) 
басқалардың алдыңғы ауызша тұжырымдау мүмкіндігі беріледі (спикерлер 
сөйлеп болғаннан соң оларға сұрақтар қойылмайды).
9.Пікірталас аяқталғаннан кейін мұғалім оқушыларға өз ұстанымдарын 
эссе 
түрінде 
жазбаша 
ұсынуды 
тапсырады.
(Бұл тәсіл «Темпл Ч., Стил Дж.Мередит К. Бірлескен оқу. «Сыни ойлауды 
оқу мен жазу арқылы дамыту»жобасы үшін әзірленген v-құрал. – Алматы, 
1998»кітабы бойынша келтірілді) 
«АКАДЕМИЯЛЫҚ ДАУ-ДАМАЙ» ПІКІРТАЛАСЫ
1.Мұғалім сабақта қарастырылып жатқан тақырып бойынша кемінде екі 
шешімі бар проблеманы оқушыларға жария қылады. 
2.Оқушылар төрт адамнан тұратын шағын топтардан бөлінеді 
3.Топ ішінде оқушылар қарама-қарсы көзқарастар бойынша екі-екіден 
бөлініп, жұптаса отырып, өз позициясын қорғауға дайындалады (бұл жерде 
оқушылар жұптарға өз қалауы бойынша немесе тіпті мұғалім нұсқауымен 
бөлінуіне болады). 
4.Жұптар уақытша бұзылып, оқушылар сынып ішінде өз жақтастарын 
тауып, басқа жұптар құрып, өз дәлелдерімен бөліседі, оларды 
толықтырады, 
5.Оқушылар алғашқы жұптарына қайта оралып, басқа оқушылардан 
естіген дәлелдерін ортаға салып талқылайды, алдағы пікірталасқа 
дайындалады. 
6.Жұптар топ ішінде кезекпен екінші жұпқа өз позициясын 
жеткізеді.Қарсы жақ мұқият тыңдап, туындаған ойларын қағазға түртіп 
отырады. 
7.Екі жұп бір-біріне сұрақтар қойып, жауап беріп, өз ұстанымдарын 
жақтап, пікірталасқа кіріседі. 
8.Пікірталас тоқтатылып, екі жақ келісім мен мәмілеге келетіндей ортақ 
шешімді іздестіреді. Мұнда әр жақтан ұтымды дәлелдер ескеріледі. 
9.Бағалау. Оқушылар пікірталаста туындаған өз ойлары, позициялары мен 
ұстанымдарын қағазға түсіріп, әрекеттері бойынша есеп береді. (Бұл тәсіл 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет