Н. А. Тойбазарова интербелсенді оқыту технологиясы (Оқу құралы) НҰр-сұлтан – 2019



Pdf көрінісі
бет13/31
Дата17.06.2023
өлшемі1,26 Mb.
#101987
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31
иілген гүл үзіле лүпілдейді». Тапсырма орындалғаннан кейін, әр оқушы өз 
жазғандарын жариялап, басқалар олардың есімдерін айтады.
Бұл тапсырманың алдыңғы тәсілге қарағанда анағұрлым қиын 
екенін ескеру керек, сол себепті де мұнда оқушылар келтірілген 
сөйлемдердің құрылымы мен мағынасына аса сын көзбен қараудың 


53 
қисыны жоқ. Бұл жұмыстың басты мақсаты – танысу, көңіл – күйді көтеру 
деп түсінген абзал. 
Қарама – қарсы саптар
Оқушылар екі сапқа бөлініп, бір – біріне қарама қарсы тұрады, екі 
минут ішінде олар қарсы тұрғанмен әңнімелеседі, бір – біріне таныстық 
сұсақтарын қояды. Берілген уақыт аяқталған соң, мұғалім бір саптың оң 
жаққа, ал екінші саптық сол жаққа бір қадам жылжуын сұрайды. 
Оқушылардың жұптары өзгеріп, олар сұхбаттасады (шетте тұрғандар 
саптың басына оралады).
Осылайша оқушылар бір – бірімен танысып шыққанша жылжи 
беруге болады. 
Өзі туралы кластер 
Оқушылар танысу үшін өздері туралы кластерлер құрастыруы 
керек. Олар парақтың ортасындағы шеңберге өз есімдерін жазып, одан 
таратылатын шеңберлерге өздерінің өмірде «ойнайтын» бес негізгі рөлін 
жазады. Мысалы, жанұяда: біреудің баласы, әкесі, бауыры, ағасы; оқуда: 
оқушы, шәкірт, курстас жолдас; сабақтан тыс уақытта; дос, жолдас. 
Әр рөлден туындайтын шеңберлерге өзінің осы рөлдегі ахуалын 
сипаттайтын сын есімдерді жазады. 
Жұмыс аяқталғаннан кейін оқушылар өз жазғандарын жариялайды: 
топ ішінде талқылайды немесе қабырғаға іліп қояды, басқалардың 
сұсақтарына жауап береді.
 
Бұл тәсіл «Казахстанская Ассоциация по чтению. Материалы 
тренинга «Лидерство и менеджмент», 4-8 января 2004 года, Алматы» 
кітабынан алынды. 
Кесте толтыру 
Танысу алдында әрбір оқушы мынандай кесте толтырады: 
Менің өмірім 
Маңызды мезеттері 
Менің аты-жөнім 
Қыстаубаев Бақытжан Құсайынұлы 
Туған 
жерім, 
мекен-
жайым 
-Туған жерім: Алматы облысы, Жамбыл ауданы, 
Қарғалы ауылы. 
-Мен қазір Алматы қаласы, Б.Момышұлы көшесі, 
129 үй, 10 пәтерде тұрамын 
Мекен жанұям 
-Біздің жанұяда алты жан бар: әкем, анам, мен, 
үлкен ағам мен әпкем, қарындасым 10 сыныпта 
оқиды. 
Менің ермегім (хобби) 
-Қолым боста мен шым-шытырық оқиғаларды 
оқығанды ұнатамын. Маған әсіресе детективтік 
романдар ұнайды. Сүйікті авторларым-А.Кристи, 
Г.Честертон, Ж.Сименон. 


54 
Менің достарым 
-Ауылда менің Әбілғазы мен Сейітжан деген 
достарым бар, ал Алматыдағы достарымның 
есімдері-Мұрат, Жүніс және Сейілхан.
Өмірімнің 
қызықты
мезеттері 
-Бала кезде бірінші рет Ақтау қаласына Біржан 
ағамыздың үйіне барып, сол жерде Каспий 
теңізінде қайықпен жүзіп, балық аулағанымыз 
есімде қалды. 
-Бірінші курста Астана қаласында оқушылардың 
форумына қатысуым. 
Бұл жұмыс аяқталғаннан кейін оқушылар шағын топ ішінде өз кестелерін 
бір-біріне оқып,оларды талқылайды. Әр топтан бір-екі оқушының кестесі 
бүкіл сыныпқа жарияланады. 
Қос шеңбер ішінде танысу 
Оқушылар екі шеңберге (ішкі және сыртқы) бөлініп, бір-біріне жүзін 
қаратып тұрады. Ішкі және сыртқы шеңберде бір-біріне қарап тұрған 
оқушылар бір-бірімен әңгімелесіп, танысады. Берілген уақыт өте 
оқушылар жұптарымен алмасады: ол үшін бір шеңбердің оңға немесе 
солға бір қадам жасауы керек.
Өзін-өзі таныстыру
Танысудың бұл тәсілін қолдану үшін бір қапшық (немесе пакет) керек 
және топтағы әрбір оқушы сыныптағы барлық адамдар санына сәйкес бір 
қағаз тілімін дайындау қажет: мәселен топта 20оқушы болса, 19 қағаз 
тілімі (өзінен басқаларға арналған). Осыдан кейін бірінші оқушы орнынан 
тұрып, өзін елге қысқа түрде таныстырады, өзі туралы 15 секунд ішінде 
жағымды ақпарат келтіреді, өздерін мақтайды. Осы уақыт ішінде басқалар 
бір қағаз тіліміне сөйлеп тұрған оқушыға мадақ пен комплимент жазады. 
Сөйлеп болғаннан кейін оқушы қапшақты алып, сыныпты аралайды, 
басқалардан өздері туралы жазылған қағаз тілімдерін жинап алады. Қағаз 
қиындыларын әзірше оқуға болмайды. Осындай әрекетті барлық оқушылар 
қайталап шығады.
Өзін-өзі таныстыру аяқталғаннан кейін оқушылар өздері туралы қағаз 
тілімдеріне не жазылғандығын оқиды.
Мынадай адамды табыңыз...
Оқушылар топ ішін аралап, төмендегі кестеде көрсетілген ерекшеліктер 
барларын жазып, 4-6 адамнан тұратын шағын топ құрайды, бір-бірімен 
жақынырақ танысады. 


55 
Кітап 
оқуды 
ұнататын 
2-ден 
көп 
бауырлары бар 
Үш 
тілде 
сөйлейтін 
Ақ 
түсті 
киім 
киюді ұнататын
Киімінде 
жасыл 
түс бар 
Музыкалық 
аспапта ойнайтын 
Шетелде болған Бейтаныс 
адамдармен тез тіл 
таба білетін
Барлық 
нәрсені 
қағазға 
жазбай, 
есінде 
сақтай 
алатын 
Астанаға дейінгі 
пойыз билетінің 
бағасын білетін 
Ән 
салуды 
ұнататын 
Алма 
жеуді 
ұнататын 
Билеуді ұнататын Жұмыс жасағанда 
музыканы қоюды 
ұнататын 
Лекцияның 
алғашқы 
15минутына 
ғана 
шыдай 
алатын
Шаңғы 
тебуді 
ұнататын 
Өз таңбаңды (герб) жаса 
Оқушылар бір парақ қағазда мынадай секілді фигураны сызып, оның 
ішіндегі бөліктерге өздері туралы келесіде деректерді жазады:

Өз есіміңізді жазыңыз. 

Ұялы телефоныңыз бен электрондық поштаңызды жазыңыз. 

Сүйікті пәніңізді жазыңыз. 

Зерттеу тақырыбыңызды жазыңызды жазыңыз. 

Өз қолыңызбен жақсы жасай білетін екі заттың суретін 
салыңыз (жиһаз, тағам түрі, тоқыма түрлері). 

Өзіңізді жақсы сезінетін бір жердің суретін салыңыз (үй, 
бөлме, табиғат аясы). 

Өміріңіздегі ең үлкен жетістіктердің суретін салыңыз. 

Өміріңізге ең елеулі ықпал жасаған үш адамның суретін 
салыңыз. 

Өмірде қандай жетістіктерге қол жеткізгіңіз келеді? Бір сөз 
жазыңыз. 

Өзіңіз туралы естігіңіз келетін үш жағымды сөз жазыңы. 
Оқушылар өз таңбаларын жасап бітіргеннен кейін шағын топ ішінде 
суреттерін талқылап, сұхбаттасады. 
Бұл тәсіл «Методическое пособие для тренера. Программа «Street Law» 
(Сост. Мухтарова А.К., Булуктаев Ю.О., Калинина А.А., Асаебекова Г.С. – 
Алматы: Фонд «ХХІ век», 2001.-153с.) кітабынан алынды. 
ЖАҒЫМДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН 
ОЙСЕРГІТУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ 
Үндеме! 


56 
Мұғалім барлық оқушыларды «Бірінші» және «Екінші» деп санап, екі 
топқа бөледі.
Тапсырма: екі топ үндемей тек ишарат пен ыммен ғана түсінісіп, туған 
күндері бойынша сап түзеуі керек. Саптың алдына 1-қаңтарда туған 
оқушылар тұрады да, қалғандары туған күндерінің реті бойынша тізіле 
береді. 
Өзіңізге тілегенді-басқаларға тілеңіз! 
Әр оқушыға 10-15секунд уақыт аралығында ішінен өзіне бір немесе 
бірнеше ізгі тілек тілеу тапсырылады. Содан кейін қатысушылар жұпқа 
бөлініп, бір-бірінің қолынан алып, жаңағы өзіне тілегенді жұптасына айту 
керек. Мұғалімнің да бұл іске қатысқаны дұрыс. Тілектерді бір-біріне топ 
ішінде де айтуға болады. 
Сүйікті адамыңызға тілегенді-өзгелерге тіле! 
Бұл ойсергек алдыңғыға ұқсас. Мұнда оқушылар тек алдымен сүйікті 
адамды көз алдына елестетіп, оған бір немесе бірнеше ізгі тілек тілейді. 
Содан кейін оқушылар тілектерін жұп немесе топ ішінде өзгелерге айту 
керек. Мұғалімнің да бұл іске қатысқаны орынды. 
Көңіл-күйді анықтау 
Сабақ басында оқушылар бір параққа өзінің көңіл-күйін келтіретін сурет 
(немесе смайлик) салады: суретте олар адамның бет-әлпетін келтіруі керек 
(мәселен, күліп немесе езу тартып тұрған, қабағын түйіп тұрған, бейтарап 
т.б). Олар суреттерін бір-біріне көрсетеді. Оларға сабақтың аяғына дейін 
көңіл-күйлерін көтеріңкі деңгейге жеткізу жұмысы тапсырылады. 
Немесе көңіл-күй табиғат құбылыстары арқылы көрсетуге болады: 
жарқырап күн шығып тұр, аспанды бұлт торлаған, жаңбыр немесе қар 
жауып тұр т.с.с. 
Айна 
Оқушылар жұптасып бір-біріне қарама-қарсы тұрады (немесе партада 
отырып та болады). Олардың біреуі қолдарымен, аяқтарымен, денесімен, 
бет-әлпетімен әр түрлі қимылдар жасайды, ал екінші оқушы оларды айна 
секілді қайталайды: оңды сол қылады, солды оң жасайды. Бір минуттан 
кейін оқушылар рөлдерімен алмасады.
Маймыл
Бұл ойсергек дәл «Айна» секілді өткізіледі. Айырмашылығы: маймыл 
рөліндегі оқушы өз жолдасының жасағанын дәл сол қалпында қайталайды. 
Арқаға сурет салу 
Бұл ойында әрекеттерді үнсіз жасау керек. Оқушылар екі топқа бөлініп, 
бірінің артынан екіншісі тұрып, сап түзейді. Мұғалім ең артында тұрған 


57 
оқушыларға бір заттың атауы жазылған қағаз ұсынады (мәселен, алма, 
алмұрт, жүзім, гүл, кітап, ағаш, автомашина т.б.). 
Тапсырма: соңында тұрған оқушы үндемей алдында тұрған оқушының 
арқасына әлгі заттың суретін саусағымен салады. Арқасына сурет 
салынған оқушы алдында тұрғанның арқасына өзінің арқасына салынған 
затты салады. 
Суреттер салынып біткеннен кейін мұғалім соңғы оқушыдан арқасына 
салынған заттың атын сұрап, оны қағазда жазылғанмен салыстырады. 
Сыныптағы заттар
Оқушылар сыныптан қандай да болмасын бір затты таңдап, бір минут 
ішінде оны өзіне немесе өзінің көңіл-күйіне ұқсастығын ойластырып, топ 
ішінде бір-біріне айтып беруі керек. Мысалы, «мына төбедегі шам маған 
ұқсас екен: менің де көңілім қазір жарқырап тұр!». 
Қалауы бойынша кейбір оқушылардың әңгімесін (немесе әр топтан бір 
оқушының) бүкіл сыныпқа да жариялауды сұрау керек. 
Алма, шие, өрік, банан 
Оқушылар орындықтарды шеңберлей орналастырып жайғасады. Мұғалім 
оқушыларды отырған ретімен жемістер атауымен санап шығады: «Алма, 
шие, өрік, банан» деп. Осыдан кейін мұғалім бір не бірнеше жемістің атын 
атайды (мысалы, «Шие!» деп, не «Алма, өрік!» деп, немесе «Алма, шие, 
өрік, банан!» деп), сол кезде жемісті аталған оқушылар орындарын 
алмастыру қажет. Ал мұғалім бір бос орынға отырады. Орын жетпей 
қалған оқушы жүргізуші болып, жемістердің атын атайды. 
Өзгертулерді тап! 
Оқушылар жұптарға бөлінгеннен кейін оларға мынадай тапсырмалар 
беріледі: 

Жұбыңызға қарама-қарсы тұрып, бір-біріңізге 10-15 секундтай қарап 
алыңыздар. 

Енді сырт айналып, бір-біріңізге арқа беріп тұрыңыздар. Сыртқы 
пішініңіге (киіміңізге, шашыңызғы) қандай да болмасын 3 өзгерту 
(немесе 5те болады) енгізіңіз. 
Бұл жерде оқушылар шаштарының жатуын өзгертіп, сыртқы киімін, сағат, 
сырға немесе көзілдірігін шешіп немесе киіп, сыртқы пішіндерін 
өзгертулері керек. 

Екі жақта өзгертулерді аяқтағанда, бір-біріңізге қараңыздар да, сол 
өзгертулерді табыңыздар. 
Сөздерден әңгіме құрастыру
Оқушылардың әрқайсына қандай да болмасын бір-бір сөз ойлауды 
тапсырып, бірнеше секундтан кейін ол сөздерді (жалпы саны 15-20сөздей) 
тақтаға жазып, оқушылардың шағын топтарына осы сөздерді қолданып, 2 


58 
минут ішінде оқушылар өмірін суреттейтін ауызша әңгіме құрастыруды 
ұсыну керек. Әңгімеде топ оқушыларының және мұғалімдердің есімдері 
міндетті түрде аталуы керек. 
Көршінің суреті
Оқушылар дәптерін төбесіне (басына) қойып, өзінің жұптасына қарап 
отырып, берілген қысқа уақыт ішінде (1-1,5 минут) оның суретін салуға 
тырысады. Суретті салып бітіргенше, дәптерге қарауға болмайды. Әрине, 
салған суретердің қисық-қыңыр болатындығы сөзсіз, алайда олардың 
оқушыларға қызық болып көрінуі сөзсіз. Оқушылар сурет салынған 
парақтарға өз қолдарын қойып, бір-біріне тарту етеді. 
(Бұл ойсергек «Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» жобасы 
практикасынан алынды). 
Қозғалыстағы сурет
Бұл ойсергек алдыңғыға ұқсас. Алайда суретті енді қозғалыста салу 
керек. Ол үшін оқушылар қолдарына дәптер мен қаламсаптарын алып, 
шеңберлене тұрады, сол жаққа бұрылып, сынып ішінде шеңберді бұзбай 
жүре бастайды. Олар алдында тұрғанның арқасына дәптерін қойып, 
арттағы оқушының суретін салуға тырысу керек. Бұл жерде мынандай 
ережелерді сақтаған орынды: 
- Тоқтауға болмайды! 
- Шеңбер жүруін тоқтатқанша суретті сала беру керек. 
- Суретке ренжуге болмайды! 
Оқушылар сурет салған парақтарға өз қолдарын қойып, суреті 
салынғанға тарту етеді. 
«Сәлемдесу» 
Сабақ басында оқушылар сынып ішінде ары-бері жүріп, бір-біріне қол 
беріп, сәлемдемеді («ассалаумағалейкүм!», «сәлем!», «сәлеметсің бе?!», 
«қалайсың?!», «есен-амансың ба?!» т.б.) жүргізуге де болады
«Мадақтау» 
Оқушылар сынып ішінде ары-бері жүріп бір-біріне мақтау мен 
комплимент айтады: «Бүгін тіпті құлпырып кетіпсің ғой!», «Мен сені 
шыншылдығың және әділеттілігің үшін өте сыйлаймын!», «Сен өте әдепті 
жансың!», «Маған сенімен бір топта жұмыс жасау ұнайды!» т.б. 
Бұл жұмысты шағын топ ішінде де ұйымдастыруға болады.
«Өзін таныстыру» 
Сабақ басында бір оқушы тақта алдына шығып, өзі туралы бір минут 
әңгіме айтады: өз сөзінде ол өзі туралы қызықты деректер келтіруге 
тырысуы керек. Қалған оқушылар оның сөздерін жағымды тұрғыдан 
қабылдап, үнемі қол шапалақтап және қуаттап отыруы керек. Осы 


59 
әрекеттер арқылы сынып ішінде оқушылардың бір-біріне деген сенімді 
қатынасын орнату көзделеді. 
Комплименттердің бұрқасыны 
Оқушылар берілген уақыт ішінде (1-1,5 минут) бір парақ қағазға 
өздерінің сүйікті адамдарынан естігісі келген комплиментті жазады. 
Комплиметтердің жеке сөздер (эпитеттер) түрінде болмай, толық 
сөйлемдер түрінде болғаны дұрыс. Жазы болған соң оқушылар бұл 
парақтарды домалақтап, домалақ қармен атқыласқандай лоарды бір-біріне 
лақтыруы керек. Содан кейін мұғалім оқушыларға бір-бірден «қар 
домалағын» ашып, оларды оқуды тапсырады. 
«Бұл кім» 
Жүргізуші (мұалім немесе әдейі дайындалған оқушы) сыныптағы бір 
оқушыны 
ауызша 
сипаттайды:оның 
бет 
әлпетін,сыртқы 
пішінін,киімін,сөйлеу 
мәнерін,әдеттерін 
т.б. 
келтіреді. 
Әрине,ол 
оқушының есімін атауға болмайды және де сипаттардвң барлығы да 
жағымыды тұрғыдан болуы керек,мұнда оқушыны мақтаған дұрыс. 
Бір-екі сипаттан кейін жүргізуші оқушылардан: «Бұл кім?Сіздер 
таптыңыздарма?» деп сұрап,олардың жауаптарын тыңдайды.Оқушылар 
таппаса,сипаттауды әрі қарай жалғастыра береді. 
Мысалы, «Бұл оқушының күкісі өте әдемі. Ол ақ жейде киген...Ол 
кім?..Бұл оқушыны жолдастары сыйлайды.Оның қолында қаламсап 
бар..Ол кім?..». 
Бұл ойсергек оқушылардың бір-біріне деген ынта-ықыластарын 
арттыруға бағытталған:оқушылар өздері және өзге жолдастары туралы 
әңгімелерді өте ұнатады. 
«Ортақ портрет» 
Оқушылар ортақ өз портретін құрастырады.Бұл үшін олар топ 
құрамындағы оқушылардың арасында дене мүшелерін бөліп (мәселен, 
біреудің көздері мен қолдар, екіншісінің құлақтары мен иықтары, 
үшіншісінің шашы мен аузы, төртінішсінің мойыны мен мұрыны 
т.с.с.),оларды біріктіріп, ауызша сипаттайды. 
Әрине,әдеттегідей сипаттардың барлығы да жағымды тұрғыдан 
болуы керек,мұнда оқушылардың бірін-бірі мақтағаны дұрыс. 
Топтар өз портреттерін сыныпқа оқып береді. 
«Бірлік» 
Оқушылар шағын топ құрамында бір қолын жұдырыққа жұмып, бір 
мезгілде саусақтарын ашады.Мақсат:оқушылардың барлығы да бірдей 
саусақ санын көрсетуі керек. Ойын оқушылардың біркелкі саусақ 
көрсеткенге деін жалғасады. 


60 
Ойын кезінде оқушылар сөйлеспеуі керек. 
ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖАТТЫҒУЛАР 
(жұмбақтар, есептер,мәселелер) 
Ойсергектердің бұл түрін қолданудың басты мақсаты-оқушыларды 
(адамның миы ойлану арқылы дамиды деп ұйғардық емес пе?). Егер 
оқушылар берілгне уақыт ішінде(30 секунд немесе 1-2 минут) жауап 
таппаса, онда бағыт-бағдар беріп (мәселен,сыбырлақ арқылы), олардың 
бұл тапсырманы міндетті түрде шешуіне жәрдемдесу қажет, оқушыларды 
дұрыс жауапқа жетелей беру керек. 
Мұнда тек дұрыс жауапты мұғалімнің өзі айтуы керек. Ондай жағдайда 
келесі жолы оқушылар ойнауды қажет етпейд і(«Ойланып қайтеміз? 
Азырақ дамылдасақ, дұрыс жауапты мұғалімнің өзі-ақ айтып береді!»). 
Орны ауыстырылған әріптер 
Тақтаға әріптерінің орны ауысып кеткен оқушылардың бірнеше есімі 
(немесе тақырыпқа тікелей қатысы бар терминдер, ұғымдар, түсініктер, 
ғалымдардың есімдері т.б.) жазылады: 
ЙТНЖСІЕА (СЕЙІТЖАН) 
ААЫНҚТБЖ (БАҚЫТЖАН) 
Тақырыпты жасыру (Анаграмма немесе Адасқан әріптер) 
Бұл ойсергек алдыңғыға ұқсас.Сабақ тақырыбы тақтаға әріптерінің 
орны ауыстырылып жазылады, мәселен: 
«Ққааз тнңііееәидб удма рікееедңз»-«Қазақ әдебиетінің даму кезеңдері». 
Оқушылар жасырылған тақырыпты табуыкерек. 
Жұмбақ шешу 
Оқушылардың ойлау қабілеттерін сабақ тақырыбына жұмылдыру үшін 
оларға қысқа уақыт ішінде (1-2 минут) қызық жұмбақтарды шешу 
жұмысын тапсырған орынды. 
Халық жұмбағы. 
Бір қырдың басында тұрған қойшы екінші қырдағы қойшыға былай деп 
айқайлайды: 
-Ей, Дүйсенбай! Егерде сен мған бір қойыңды берсең, онда менің 
қойым сенікінен екі есе көп болады! 
Дүйсенбай болса былайша деп тіл қатады: 
-Жоқ, Сейсенбай!Ондаша сен мған бір қойыңды бер: сонда біздің 
қойымыз тең болады! 
Сұрақ: Екі қойшыда қой саны қаншадан болған? 
Жауабы: Біреуінде-бес қой, екіншісінде-жеті қой. 


61 
(Бұл жұмбақ Мұрат Құрмановтың жинағандарынан алынды). 
Үйректер 
Үйректердің үйірі ұшып келеді. Біреуі алдында, екеуі артында;біреуі 
артында, екеуі алдында;біреуі екеуінің арасында және үшеуі бір тізбекте. 
Барлығы неше үйрек? 
Жауабы: 3 үйрек. 
Әкелер мен балалар
Екі әке мен олардың екі баласы жолда келе жатып, 3алтын тауып алып, 
оны өз арасында теңдей бөліп алады. Қалайша? 
Жауабы: Жолаушылар үшеу болатын: атасы, әкесі, баласы (екі әке мен екі 
бала). 
Хирург 
Автомобиль авариясында бір жігіт қатты жарақат алады, ал қасында 
отырған әкесі мерт болады. Жігітті жедел түрде ауруханаға жеткізеді. 
Алайда алдарынан шыққан хирург бұл жігітке операция жасаудан бас 
тартты: 
-Мен өз балама операция жасай алмаймын ! –деп. 
Сұрақ : Хирург жігітке кім болып келеді? 
Жауабы: Хирург-жігіттің шешесі. 
Қанша алма? 
Шаруа базарда алма сатады. Бірінші сатып алушы одан барлық 
аламалардың жартысын және оған қоса жарты алма сатып алады. Екінші 
адам шаруада қалған аламының жартысын және жарты алма сатып алады. 
Үшінші сатып алушы тек бір алма алады. Шаруа базарға қанша алма алып 
келіп еді? 
Жауабы: Есепті аяғынан бастап шешу керек. Еекінші сатып алушы 
шаруадан қалған алманың жартысын және жарты алма сатып алған соң 
шаруада бір алма ғана қалады. Демек бір жарым алма шаруаның бірінші 
сатып алушыдан кейін қалған алмалардың жартысын құрайды, яғни 
қалдық 3 алманы құрайды. Оған жарты алма қосып, шаруаның базарға 
алып келген алманың саны-7. 
Лев Толстойдың жұмбағы 
Сатушы бөрік сатады. Бағасы - 10 теңге. Біреу келіп сатып алғысы 
келіп, 25 теңгелік ақша ұсынады. Сатушы көршіге барып, 25 теңгені 
10+10+5 етіп майдалап алады. Ол сатып алушыға бас киім мен 15 теңгені 
береді. Біраздан соң көрші келіп, бағана алған 25 теңгенің жасанды 
Мен қандаймын? 
Оқушылар бірден онға дейінгі сандарды бір мезгілде екі қолымен жазуы 
керек: мәселен, оң қолымен де, сол қолымен де «1» санын, одан кейін «2» 


62 
санын және әрі қарай жалғастырып. Жазу барысында қалай 
жазылғандығына (әдемі, нашар) наар аудармау керек. Содан кейін олар 
жазғандарының ішінен жазылуы бір – біріне ұқсас бір жұп санды таңдауы 
керек. 
Мұғалім енді оқушыларға олардың жеке бастарының қасиеттерін 
сипаттайтын мынандай тізмді оқып береді: 
– егер «1» сандары ұқсаскелсе, онда бұл адамдар – эгоистер дегенді 
білдіреді;
– «2» сандарының ұқсастығы бұл оқушылардын іскер адамдар, болашақ 
басшылар екендігін меңзейді; 
–егер «3» сандары ұқсаскелсе, онда бұлар – бейбіт өмірді жақтайтын, 
әрқашан да бітімге келе білетін адамдар; 
–егер «4» сандары ұқсаскелсе онда бұл адамдар – өздері өз басына 
қиыншылық туғызып, оларды өздері жеңе білетін адамдар ; 
–«5» санддарының ұқсастығы бұл оқушылардын ақылы екендігін 
көрсетеді; 
–егер «6» сандары ұқсаскелсе, онда бұлар өз жұмысының озық 
өкілдері:нағыз еркек немесе нағыз әйел; 
–егер «7»сандары ұқсаскелсе, онда бұл адамдар жан–жақты дамыған; 
–егер «8» сандары ұқсас келсе, онда бұл адамдар қауіпті дегенді білдіреді; 
–«9» сандарының ұқсастығы бұл адамдарға сенәм артуға болады дегенді 
білдіреді. 
Әрине, бұл жерде мұндай тестілердің барлығы да әзілге негізделетіндігін 
ұмтпау керек. 
Менің қасиеттерім қандай? 
Оқушыларға мына аң –жануарларды тігінінен жазуды тапсыру 
қажет: қасқыр, ит, мысық, тышқан. Бірінші жолға осылардың ішінен ең 
ұнайтынын 
жазып, 
екінші 
және 
үшінші 
жолдарға 
азырақ 
ұнайтындарынкелтіріп, 
төртінші 
жолға 
осылардың 
ішінен 
ең 
ұнамайтындарын жазу керек. Осылайша тізімді тігінен келтірген соң, әр 
аң–жануардың тұсына олардың қандай бір қасиетінің ұнайтындыан нмнсе 
ұнамайтындығын жазутапсырылады. Мәселен: 
Мысық –жұмсақтық, 
Қасқыр– батылдық, 
Ит– адалдық, 
Тышқан – ұсақтық. 
Осыдан кейін оқушыларға бұл психологиялық тестіннің жауабы 
келтіріледі. Жоғарғы жолға жазған қасиет–өзімізге жетіспейтән қасиет, біз 
оны өзіміздің тұла бойымызда арттыруға, жетілдіруге ұмтыламыз. Екінші 


63 
жолға жазылған қасиет–өзімізде бар деп есептейтін қасиетіміз, біз өзімізді 
осылайша түйсінеміз. Үшінші жолдағы қасиет басқа адамдардың бізді 
қалай қабылдайтындығымызды білдіреді, ел көзіне біз осылайша 
көрінеміз. Ал ең төменг жолға жазылған қасиет біздің неден 
қашқақтайынымызды көрсетеді, біз тұла бойымызды бұл қасиеттен 
арылтуға ұмтыламыз. 
Мұндай тәсілдер әзілге негзделетіндігін ұмытпау керек. 
Үй, жол, жылан, шалбар және орамал 
Оқушыларға мынандай ережелерді қадағалап отырып, сурет салатындығы 
ескертіледі: 

Бұл жұмыста сіздер өз беисаналарыңыздың хатшысы іспеттес 
боласыздар,сол 
себепті 
де 
еш 
ойланбай,қорықпай,берілген 
тапсырманы тездетіп орындауға тырысыңыздар. 

Сурет салу тапсырылғанда, «Қалай саламын? Суреттер қандай болу 
керек?» деп сұрауға болмайды өз қалауларыңыз бен шешімдеріңіз 
бойынша салу керек.

Суреттерді тез салу керек,өйткені олардың салуға уақыт өте аз 
беріледі. 

Суреттерді салғанда,басқалардың суреттеріне қарауға болмайды. 

Осыдан кейін оқушыларға үй,жол,жылан,шалбар мен әйелдердің 
басына тағатын орамалды кезекпен салуға тапсыру керек әр затты 
салуға мелінше аз уақыт беріп(бес он секундтай ғана),оқушыларды 
асықтырып,жұмыстарын жеделдетіп отырған жөн. 

Оқушылар салынып біткен суреттерін бір-біріне көрсеткеннен 
кейін,мұғалім олардың мынандай мағына білдіретіндігін айтады: 

Үй адамның өзін өзі бағалау денгейін көрсетеді. 

Егер үйдің суреті кең әрі бейік болса,онда бұл оқушының өзін өзі 
бағалау деңгейі жоғары деп есептеуге тұрарлық. 

Егер де үйдің есік терезелері бар болса,онда бұл оқушы-қарым-
қатынасқа ашық адам. 

Егер де үйдің есігі ашық болып немесе оның тұтқасы бар болатын 
болса,бұл жайт оқушының қонақжай екендігін білдіреді. 

Жол адамнын қарым-қатынасқа қандай деңгейде араласатындығын 
айғағы. 

Егер жол кең,әрі үйдің есігінен басталатын болса,бұл адамнаң 
қарым-қатынасқа бейім және қонақжай екендігін көрсетеді. 


64 

Ал егер де жол тар немесе үйдің қасынан ( үйге бұрылмай ) өтіп 
жатса, онда бұл жәйт адамның қарым – қатынасқа оңай кірісіп 
кетпейтіндігің білдіреді. 

жылан – «басқа адамдардың мен туралы пікірі қандай?» деген 
сұраққа өзіңіздің қалайша жауап беретініңіздің айғағы. 

Егер жылан үй жақа қарап тұрса, әрі оның айрық тілі аузынан 
көрініп тұрса, онда сіз «баскалардың мен туралы пікірі жақсы емес: 
олар күні бойы мені жамандаудан басқа іспен айналыспайды екен» 
деген ойдасыз. 

Ал егер жылан үй жақақарап тұрмаса, онда сіз «басқалардың мен 
туралы ойы жаман емес» деген ұстанымдасыз. 

Шалбар мен орамал – оқушының түсінігіндегі ер адамдар мен 
әйелдердің дәрежесін көрсетеді. 

Егер шалбардың суреті орамалдан биік тұрса, онда оқушы өмірде ер 
адамды әйелдерден жоғары санайды деген сөз. 
Мұнлай тестілер әзілге негізделетіндігін ұмытпау керек. 
(бұл ойсергек «сынй ойлауды оқумен жазу арқылы дамыту»жобасы 
практикасынан алынды). 
Адамның суреті 
Оқушыларға 
адамның 
бет-әлпетінің 
суретін 
салу 
тапсырылады.салынып біткен суреттерді оқушылар бір-біріне көрсетуі 
керек. Осыдан кейін мұғалім бұл суреттердің қандай мағына 
білдіретіндігін айтып береді: 

Салған адамның көздері үлкен болса, онда бұл суретті салған 
оқушы өте сезімтал адам(эмоционалды). 

Ал егер адамның аузы үлкен болса онда, бұл оқушының қарым-
қатынасқа өте жеңіл кіре алатын адам болғаны 

Қүлағы үлкен болса, бұл жәйт оқушының басқаларды тыңдай 
білетіндігін меңзейді. 

Шашының қалың болғандығы оқушының ойшыл екендігін 
көрсетеді. 

Егерде суретте адамның денесі де келтірілетін болса, онда 
оқушының шығармашыл болғаны. 

Егер суреттегі адамның қолында гүл бар екендігі салынса, онда 
бұл оқушының ашылмаған құпия сыры бар деген сөз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет