Жұмыртқадан дайындалатын қуырылған тағамдар. Көбінесе белгілісі: уыздық пен омлет.
Уыздық. Уыздық табиғи немесе қосымша өнімдермен болады.
Глазунья уыздығы (табиғи) порциялық табада қуырылады, сары
май құйып, аскөк салып ұсынылады.
Қосымша өнімдермен дайындалатын уыздыққа шпиг, пияз, нан,
қызанақ, ет өнімдерін турап, табада қуырады және үстіне жұмыртқа
құяды.
Омлет. Табиғи, аралас, фаршталған омлеттер дайындалады.
Табиғи омлет үшін сүт пен тұзды араластырып,май салып қатты
қыздырылған табаға құйып қуырады. Масса қоюлана бастаған кезде
екі шетін ортасына қарай қайырып, тәрелкеге салады, үстіне сары
май құяды. Көп омлет дайындаған уақытта массаны қаңалтыр
табаға құйып, қуыру шкафына қояды.