Ірімшіктен дайындалатын тағам. Ірімшіктен вареник, сырник,
көмеш, пудинг дайындайды. Тағамдарды дайындай үшін ірімшікті
ұнтақтайды, егер ылғалдығы 75% болса, оны сығып алады.
Варениктер. Варениктің екі түрі: ірімшік қосылған вареник
және жалқау вареник болады.
Ірімшіктен дайындалған варениктердің технологиялық процессі
келесі операциялардан тұрады: ащы қамыр иленеді, фарш
дайындалады, вареник жартылай өнімдерін дайындау, жартылай
өнімдерді сақтау, пісіру және ұсыну. Варениктердің түрлері
тұшпараға ұқсас, бірақ көлемі үлкенірек болады.Тұз салып
қайнатылған суда аздаған порциямен 5-8 минут қайнатады. 1кг
вареникке 4л су құямыз. Дайын вариник судың бетіне қалқып
шығады, оны ожаумен алып, ерітілген май салынған ыдысқа
саламыз.
Жалқау варениктерді ірімшік қамырынан дайындайды. Үгітілген
ірімшікке ұн, жұмыртқа, қант, тұз салып, біртекті масса болғанға
дейін араластырамыз. Варниктерді екі тәсілмен формалаймыз.
Ірімшік қамырын диаметрі 1-1,5см болатындай етіп жайып, ромб
пішінінде кесеміз немесе ені 2-2,5 см болатындай үзынша кесіп,
оны ромб пішіне кесеміз. Жалқау варениктерді пісіру ұзақтығы 4-5
минут.
Сырниктер. Сырниктерге жалқау вареник сияқты қамыр
иленеді. Ірімшікті ұнтақтап, қантпен үгітілген жұмыртқа, тұз, ұн
салып жақсылап араластырамыз.
Домалатпа сияқты формалап, ұнға аунатады. Сырник-жартылай
өнімдерді майда немесе маргаринде қуырып, 5-7 минутке қуыру
шкафына қояды. Қантпен, қаймақпен, тосап немесе тәтті сүт
тұздығымен қоса ұсынылады.