Н. И. Дубровская



Pdf көрінісі
бет100/151
Дата27.01.2022
өлшемі2,1 Mb.
#24459
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   151
ЖҰМЫРТҚА МЕН ІРІМШІКТЕН 
ТАҒАМДАР ДАЙЫНДАУ 
Жұмыстың  мақсаты:  Үйренушілерді  жұмыртқа  және 
ірімшіктен 
дайындалатын 
тағамдардың 
технологиясымен 
таныстыру. 
Жұмыстың  мақсаты:  Үйренушілерге  келесі  тағамдарды 
дайындап  ұсыну  мен  әсемдеуді  үйрету:  жұмыртқа  ботқасы, 
ірімшікпен  омлет,  драчена,  ірімшік  қосылған  варениктер,  жалқау 
ірімшіктер  сырниктер.  Дайындалған  тағамдардың  дәмін  көріп, 
олардың сапасына баға беру. 
Ыдыстар  мен  құралдар:  кастрөлдер  —  5  дана,  тегештер  —  3 
дана, табалар — 3 дана, порциялық табалар, астау, күрекше, сүзгіш, 
ожау,  пышақтар,  араластырғыш,  асханалық  қасықтар—  5  дана, 
тұздық  қасығы,  ағаш  қасық,  кәкпір,  оқтау,  турайтын  тақтай, 
кішкентай  тәрелке  —  4  дана,  варениктерге  арналған  оймақша, 
қақапағы бар дөңгелек кәстрөл, тұздық сауыт — 2 дана. 
Жұмыртқадан  дайындалатын  тағам.  Тағамды  дайындау  үшін 
жұмыртқа,  жұмыртқа  мұздағы  —  (тоңазытылып  араластырлған 
жұмыртқаның  ақуызы  мен  сарыуызы),  жұмыртқа  ұнтағы  керек. 
Жұмыртқаны пайдаланар алдында (35...40°С) жылу суда жуады, өте 
ластанған  болса  тұзбен  тазалайды.  Жұмыртқа  мұздағын  керегінше 
жібітеді,  себебі ол тез бұзылады. Жұмыртқа мұздағы бар. 
ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР 
 
Пісіру үшін торлы ішпегі бар қазандықтарды пайдаланамыз. 
Тұздалған қайнап жатқан суға жұмыртқаны салып, (10 жұмыртқаға- 
3л су) қайнаған уақыттан бастап: шала пісірілген жұмыртқа 3,5 
минут, "қалташықта" 4,5-5,5 минут, қабығымен пісірілген 8-10 
минут.  Жұмыртқаны тазалау ыңғайлы болуы үшін қабығымен 
пісірілген жұмыртқаны салқын суға салады, ал "қалташықта" 
пісірілген жұмыртқаны ағынды салқын су астында тазалайды.  
Қабығымен пісірілген жұмыртқаны ыстық және салқын тағам 
ретінде ұсынуға болады, тұз және сары май бөлек беріледі. Жасыл 
сорпа, шпинат және басқа тағамдармен бірге ұсынады және тұздық 
фарш дайындауға пайдаланылады.
 
"Қалташадағы" жұмыртқаны қабықсыз пісіруге болады.Тұз және 


169
 
 
 
сірке  суы  қосылған  қайнап  жатқан  суға жұмыртқаны  салып,    3-3,5 
минут қайнатады, күрекше көмегімен оларға пішін беріп, сүзгішпен 
сүзіп алады. 
Қабықсыз пісірілген жұмыртқаны қуырылған ветчина қойылған 
крутонның  (қуырылған  нан)  үстіне  салып,  үстіне  қызыл,  қызанақ, 
қызыл  эстрагон  бар  тұздық  құйып,  крутонда  немесе  сүт  және 
"Мадера" тұздығы құйылған тарталеткада пісіреді. 
Жұмыртқа  ботқасын  немесе  меланж  дайындау  үшін  салқын 
сүтпен  араластырады,  тұздайды,  ерітілген  май  қосылған  кастрөлге 
салып,  қайнатады,  массаның  консистенциясы  біртекті  болғанға 
дейін  үздіксіз  араластырамыз.  Жұмыртқа  ботқасын  табиғи  түрде 
порциялық  табаларда, үстіне бір кесек сары май немесе қуырылған 
көкөністер,  саңырауқұлақ,  жасыл  бұршақ,  қызыл  немесе  қызанақ 
тұздығы құйылған ет тағамдарымен бірге ұсынылады.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет