Н. И. Дубровская



Pdf көрінісі
бет110/151
Дата27.01.2022
өлшемі2,1 Mb.
#24459
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   151
Дәмдік  жеңіл  бутербродтар  (канапе)  қуырылған  кішкентай  ақ 
нандарға азық-түліктер салынады. 
Бидай  наны  төрт  бұрышты,  ромб,  дөңгелек,  жұлдызша  етіп 
қалыңдығы 0,5 см болатындай кеседі. Кесілген нанды тостер немесе 
қуыру  шкафында  кептіреді,  суытады,  май  немесе  май  қоспаларын 
жағып  үстіне  ірімшік,  ветчина,  уылдырық,  пісірілген  немесе 
сүрленген  балықты,  таңқышаяндарды  және  т.б.  азық-түліктерді 
қояды. 
Үлкен  көлемде  дәмдік  бутербродтарды  дайындаған  кезде, 
кептірілген  нандарға  май  жағып,  үстіне  азық-түліктерді  қойып, 
содан кейін  кеседі.   
Бутербродтарды  тәрелкелерде  немесе  майлық  жайылған 
вазаларға салып ұсынады

Салаттар  мен  винегреттер.  Салаттар  мен  винегреттер  шикі 
немесе  пісірілген  көкөністерден  дайындалады  (немесе  ет,  балық, 
құс  етін  қосады).  Араластырмас  бұрын  міндетті  түрде 
салқындатады. 
Ең  алдымен  азық-түліктерді  дайындаймыз.  Шикі  көкөністер: 
сәбіз,  шалқан,  балдыркөктерді  тазалап  жуамыз,  дөңгелектеп 
кесеміз.  Ақ  шалғамды  қабығынан  тазартамыз.  Ақжелкекті  немесе 
қызылжелкенді қырыққабатты өңдеп, ұзынша етіп тураймыз, түрлі-
түсті 
қырыққабатты 
пісіріп, 
салқындатамыз, 
гүлшоғырға 
бөлшектейміз. Жасыл салатты іріктеп, түбін кесіп, салқын сумен 2-3 
рет жуамыз,суын сорғытамыз. Жаңа піскен қияр мен қызанақтарды 
жуып,  жеміссабақтарын  алып  тастап,  дөңгелектеп  немесе  тілімдеп 


188
 
 
 
кесеміз. 
Картоп,  сәбіз,  қызылшаларды  қабығымен  пісіріп,  тазалап, 
тілімдеп немесе текшелеп кесеміз. Картоп пен сәбіз негізгі тәсілмен 
немесе буда пісіруге болады. 
Консервіленген көкөністер (жасыл бұршақ, үрмебұршақ, жүгері 
және  т.б.).  Тұздалған  қиярдың  қабығын  ашып,  тілімдеп  кесеміз. 
Ашытылған  қырыққабатты  тұздығынан  сығып  алып,  іріктеп, 
үлкендеу бөліктерін тураймыз. 
Балықты  сүйекті  сүлдесімен  порцияға  бөліп,  қайнатады  немесе 
екінші тағам ретінде ұсынылады. Бекіре балықты буындап пісіреді. 
Пісірілген  балық  салқындатылып  кесіледі,  оларды  салаттарды 
әсемдеу үшін пайдаланылады. 
Сиыр  еті,  майлы  емес  шошқа,  бұзау  еттерін  пісіріп, 
салқындатады  да  салат  құрамына  кіретін  көкөністердің  пішіні 
сияқты текшелеп немесе тілімдеп кеседі. Салатты әсемдеу үшін етті 
көлденең жіңішке етіп турайды. 
Тауық  немесе күркетауық  еттерін  пісіреді  немесе  қуырады, құс 
еттерін  қуырады,  салқындатып,  сүйегінен  жұмсақ  етін  ажыратады. 
жон  етін  қиғаштап  жіңішкелеп  тілімдейді,  қалған  жұмсақ  еттерін 
көлденең  турайды.  Жұмыртқаны    пісіреді  және  оны  дөңгелек, 
бөлшектеп,  немесе  түймедақ  секілді  етіп  турап  салаттарды 
әсемдеуге  пайдаланады  немесе  ұсақталған  күйінде  салаттарға 
салады. 
Салаттарға  өсімдік  майы,  қаймақ,  салат  дәмдеуіштері  немесе 
майонез салады. 
Жаңа  піскен  қызанақ,  қияр,  шалғам  және  басқа  көкөністерге 
өсімдік  майы,  3%  сірке  суы,  тұз,  қант  және  ұнтақталған  бұрыш 
қосылған  салат  дәмдеуіштерін  қосады.  Осы  салаттарға  қаймақ 
салуға  болады.  Жасыл  пияздан  дайындалатын  "Көктемдік"  және 
"Күздік" салаттарға да қаймақ салуға болады.  
Дәруменді  салаттар  жаңа  піскен  көкөністерден  жеміс-
жидектерден  тұрады.  Оларға  қаймақ,  лимон  шырыны  және  қант 
қосылған  қоспаны  салуға  болады.  Ашытылған  қырыққабат, 
саңырауқұлақтар,  майшабақ  қосылған    картоп  салатына  салат 
дәмдеуіштерін,  кальмар  немесе  қақталған  балыққа  -майонез, 
алмаға- қаймақ салады. 
Балық,  ет,  құс  етінен  дайындалған  салаттарға  майонез 
араластырады.  Көкөніс  винегретке  өсімдік  майы  немесе  салат 
дәмдеуіштері,  ал  ет  және  балықтан  дайындалған  салаттарға- 
майонез немесе қаймақ қосады.  
Дәмдеуіштер  салатқа  ұсынылар  алдында  салынады,  себебі 


189
 
 
 
салатты  сақтаған  кезде  көптеген  шырын  бөлініп  сыртқы  түрі 
бұзылады. 
Салқын тағамдар және көкөніс, жұмыртқа, саңырауқұлақтардан 
дайындалған  жеңіл  тағамдар.  Салқын  тағамдар  үшін  көкөністерді 
пісіреді,  бұқтырады,  немесе  маринадталған,  тұздалған  жаңа  піскен 
күйінде пайдаланылады.Саңырауқұлақтарды маринадталған немесе 
тұздалған түрінде пайдаланады.   
Салқын  тағамдар  үшін  жұмыртқаны  қабығымен  пісіреді, 
тазартады. 
Пісірілген 
жұмыртқалардан 
келесі 
тағамдарды 
дайындауға  болады:  туралған  жұмыртқа,  майонез  қосылған 
гарнирмен  жұмыртқа  немесе  гарнирсіз,  фаршталған  және 
құйылмалы жұмыртқа. 
Салқын тағамдар және балықтан дайындалатын жеңіл тағамдар. 
Балықтан  жасалған  салқын  тағамдарды  пісірілген,  қуырылған, 
тұздалған  немесе  қақталған  балықтардан,  сонымен    қатар  теңіз 
өнімдері  -  креветка,  теңіз  шаяны,  шаян,  кальмар  және  т.б. 
дайындайды. 
Майшабақтардың  таза  жон  еттерін  қалдырады.  Майшабақтан 
келесі  тағамдарды:  табиғи  майшабақ,  туралған  немесе  гарнимен 
дайындайды.  
Табиғи майшабақтың таза жон етін қиғаштап кесіп алып, пышақ 
көмегімен  астауға  саламыз,  дөңгелектеп  кесілген  пиязбен, 
әсемдейді.  Ыстық  картопты  қақпағы  бар  дөңгелек  кәстрөлде, 
табақшаға сары май салып ұсынады. 
Майшабақты  гарнирмен  ұсыну  үшін  балық  тілімдерін  астауға 
салып,  қыша  дәмдеуішін  құяды,  бір  жағынан  немесе  екі  жағынан 
әдемілеп  аскөктер,  жұмыртқа,  және  пиязды  орналастырады. 
Пісірілген көкөністер, картоп, сәбіз, қызылшаларды тілімдеп немесе 
текшелеп 0,5 см етіп гарнир ретінде тураймыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет