Н. И. Дубровская


      № 13 Зертханалық-тәжірибелік жұмыс   САЛҚЫН ТАҒАМДАР МЕН ЖЕҢІЛ  ТАМАҚТАРДЫ ДАЙЫНДАУ  Жұмыс  мақсаты



Pdf көрінісі
бет108/151
Дата27.01.2022
өлшемі2,1 Mb.
#24459
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   151
186
 
 
 
№ 13 Зертханалық-тәжірибелік жұмыс  
САЛҚЫН ТАҒАМДАР МЕН ЖЕҢІЛ 
ТАМАҚТАРДЫ ДАЙЫНДАУ 
Жұмыс  мақсаты:  Үйренушілерді  салқын  тағамдар  мен  жеңіл 
тамақтарды дайындау технологиясымен таныстыру.  
Жұмыс  мазмұны:  үйренушілерге  ұсыну  үшін  келесі 
тағамдарды дайындау мен әсемдеуді үйрету: майшабақ бутерброды, 
ет  салаты,  көкөніс  винегреті,  гарнирмен  майшабақ,  маринадтап 
қуырылған балық. Дайындалған тамақтар мен салқын тағамдардың 
дәмін көріп, олардың сапасына баға беру.  
Ыдыстар  мен  құралдар:  кәстрөл  —  5  дана,  тегеш  —  3  дана,  
таба  —  3  дана,  порциялық  табалар,  күрекшелер,  сүзгіш, 
варениктерге  арналған  оймақтар,  араластырғыш,  пышақтар, 
асханалық  қасықтар  —  5  дана,  тұздық  қасығы,  ағаш  қасық,  ожау, 
оқтау,  турайтын  тақтай,  кішкентай  тәрелке  —4  дана,  қақпағы  бар 
дөңгелек кәстрөл, тұздық сауыты- 2дана. 
ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР 
 
Салқын  тағамдар  мен  жеңіл  тамақтар  өздерінің    әртүрлігімен 
ерекшеленеді. 
Оларға: 
бутербродтар, 
салаттар, 
көкөніс, 
саңырауқұлақ,  ет,  құс  еті,  балық,  жұмыртқалардан  дайындалатын 
жеңіл  тамақтар  мен  салқын  тағамдар.  Салқын  тағамдар  мен 
тамақтар тәбетті ашу керек, сондықтан оларды әдемі кесілген азық-
түліктермен, көкөністермен, май, лимон және т.б әсемдейді.  
Салқын тағамдар мен тамақтарды салат салатын ыдысқа, астауға  
тәрелкелерге салып ұсынады. 
Салқын тағамдар мен тамақтарды ұсынар алдында жылытпайды, 
сондықтан  салқын  тағамдар  мен  жеңіл  тамақтарды  дайындау 
кезінде санитарлық талаптарды сақтау керек. 
Бутербродтар.  Ашық,  жабық  (жай  және  күрделі)  жеңіл 
бутербродтар болып бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет