Н. И. Дубровская



Pdf көрінісі
бет8/151
Дата27.01.2022
өлшемі2,1 Mb.
#24459
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   151
Сәбіздерді кесу. 
Ұ з ы н н а н . Саламдап  кесілген  сәбізді  «Флот»  және  «Сібір» 
борщынан  басқа  борщтарға,  көжелерге,  маринадтарға,  салаттар 
және морковтан жасалған котлеттерге пайдаланады. Сәбіздің қалың 
бөлгін кесіп, тұрақты қалып беру үшін сәбіздің түбін тік қойыңыз. 
Жұқа  бөлігінен  бастап  тамырлы  жемісті  қалыңдығы  1  мм 
пластинкаларға кесіп, оларды ұзыннан тураңыз.  
К е с е к т е р . Бұндай кесінділердің бөктіру үшін, сонымен қатар 
макарон өнімдері қосылған көжелерді дайындау үшін пайдаланады.  
Шикі сәбізді ұзындығы 3,5.4 см көлденең цилиндрлерге кесіңіз, 
содан  кейін  қалыңдығы  0,5  см  пластинкаларға,  ал  платинкаларды 
кесектерге кесіңіз.   
Т е к ш е л е р . Сәбізді алдымен бойымен кескен жөн, содан кейін 
тамырлы жемістің көлеміне байланысты текшелерге кесу.  Кесіктері 
1... 1,5 см сәбіздің орташа текшелерін бұқтыру және бөктіру үшін, 
шикі сәбіздің ұсақ текшелерін (0,5 см) – көжелер дайындау үшін, ал 
піскенді  салқын  тағамдар  үшін  пайдаланады.  Шикі  сәбіздің 
майдаларын    (0,1  .0,2  см)—  тәуліктік  щи,  күріш  көжесі  және 
сәбіздік фарш үшін қолданады.  
Б ө л і к т е р . Бұндай  кесінділерді  бөктіру,  бұқтыру  (рагу, 
духовкадағы  сиыр  еті),  жаңа  піскен  қырыққабаттан  жасалған  щи 
үшін  пайдаланады.    Сәбізді  биіктігі  4  см  цилиндрге  қаққа  бөліп, 
әрбір жарты бөлікті радиусы бойынша бөліктерге кесу.  
Д ө ң г е л е к ш е л е р   м е н   т і л і м д е р . Сәбізді қалыңдығы 1 . 2 
мм  көлденең  кесіп,  тілімдерді  бойымен,  содан  кейін  көлденең 
кесіңіз.  Шикі  дөңгелекшелерді  шаруашылық  көжелері  үшін,  ал 
піскендерді  салқын  тағамдарды  безендіру  үшін  қолданады.  Шикі 
сәбіздің дөңгелектерін «Флот» және «Сібір» борщтарын, ал піскенді 
– салаттар және винегреттерді дайындау үшін пайдаланды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет