Н. И. Дубровская


Ірімшіктен дайындалатын тағам



Pdf көрінісі
бет104/151
Дата27.01.2022
өлшемі2,1 Mb.
#24459
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   151
Ірімшіктен дайындалатын тағам. Ірімшіктен вареник, сырник, 
көмеш,  пудинг  дайындайды.  Тағамдарды  дайындай  үшін  ірімшікті 
ұнтақтайды, егер ылғалдығы 75% болса, оны сығып алады.  
Варениктер.  Варениктің  екі  түрі:  ірімшік  қосылған  вареник 
және жалқау вареник болады.   
Ірімшіктен дайындалған варениктердің технологиялық процессі 
келесі  операциялардан  тұрады:  ащы  қамыр  иленеді,  фарш 
дайындалады,  вареник  жартылай  өнімдерін  дайындау,  жартылай 
өнімдерді  сақтау,  пісіру  және  ұсыну.  Варениктердің  түрлері 
тұшпараға  ұқсас,  бірақ  көлемі  үлкенірек  болады.Тұз  салып 
қайнатылған  суда  аздаған  порциямен  5-8  минут  қайнатады.  1кг 
вареникке  4л  су  құямыз.  Дайын  вариник  судың  бетіне  қалқып 
шығады,  оны  ожаумен  алып,  ерітілген  май  салынған  ыдысқа 
саламыз. 
Жалқау варениктерді ірімшік қамырынан дайындайды. Үгітілген 
ірімшікке  ұн,  жұмыртқа,  қант,  тұз  салып,  біртекті  масса  болғанға 
дейін  араластырамыз.  Варниктерді  екі  тәсілмен  формалаймыз. 
Ірімшік  қамырын  диаметрі  1-1,5см  болатындай  етіп  жайып,  ромб 
пішінінде  кесеміз  немесе  ені  2-2,5  см  болатындай  үзынша  кесіп, 
оны ромб пішіне кесеміз. Жалқау варениктерді пісіру ұзақтығы 4-5 
минут. 
Сырниктер.  Сырниктерге  жалқау  вареник  сияқты  қамыр 
иленеді.  Ірімшікті  ұнтақтап,  қантпен  үгітілген  жұмыртқа,  тұз,  ұн 
салып жақсылап араластырамыз.  
Домалатпа сияқты формалап, ұнға аунатады. Сырник-жартылай 
өнімдерді    майда  немесе  маргаринде  қуырып,  5-7  минутке  қуыру 
шкафына  қояды.  Қантпен,  қаймақпен,  тосап  немесе  тәтті  сүт 
тұздығымен қоса ұсынылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет