Жұмыстың мақсаты: үйренушілерді суық және ыстық тәтті
тағамдар және ыстық сусындар дайындау технологиясымен
таныстыру.
Жұмыстың мазмұны: білім алушыларға мынадай тағамдарды
дайындауға, беру үшін әсемдеуге ұсыну: құрғақ жеміс қоспасынан
компот, қою сүт киселі, бұқтырылған алма, алма қосылған
құймақтар, сүтпен қаракофе, сүтті кофе. Дайындалған тағамдардың
дәмін татып көру және олардың сапасын бағалау.
Ыдыс-аяқ пен құрал-жабдықтар: кастрюль — 5 дана,
табақшалар — 3 дана, табалар — 2 дана, порциялы табақ, таратпа,
қалақша, елеуіш, көпсіткіш, пышақ, ас қасық — 5 дана, тұздық
қасығы, ағаш қасық, азық-түлік турайтын тақтай, шағын тәрелкелер
— 2 дана, бәлішке арналған немесе салатқа арналған тәрелке — 4
дана, тәрелкесі бар шынаяқ, тұздық сауыты.
ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
Пюре дайындау үшін алманы пісіреді және үгітеді, кептірілген
өрікті жуады, жібітеді, сол суда жібігенше қайнатады және езеді.
Жидектерді шикі күйінде үккіштен өткізеді.
Крахмалға 4-5 еселенген мөлшердегі су құяды, жақсылап
араластырады. Желатин, агарды жуады және қайнаған суық суға
жібітеді, ісіну үшін желатинді шамамен 1 сағатқа қалдырады, агар
ісіну үшін 30 минут қалдырады, дәкеге түсіріп алады және сығады.
Дірілдекті заттарды суландыруға арналған суды өнімге қарағанда 8-
10 есе артық алады.
Жұмыртқалы сүт қоспасын дайындау үшін жұмыртқаны қантпен
езеді, біртіндеп ыстық сүтпен араластырады және су моншасында
қоюланғанға дейін қайнатады. Қайнатудың соңында ванильді қант
қосады.
Кілегей және 25-30% майлылықтағы жаңа піскен қаймақты
салқындатады және шайқалған масса бұлғауыштажақсы ұсталып