Н. И. Дубровская



Pdf көрінісі
бет18/151
Дата27.01.2022
өлшемі2,1 Mb.
#24459
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   151
Саңырауқұлақ  қайнатпасы.Кептірілген  саңырауқұлақтарды 
іріктейді,  жуады,  суық  су  құяды  және  10-15  минуттан  кейін  оны 
мұқият бірнеше рет жуады. Содан кейін саңырауқұлақтарға суық су 
құйып (1 кг саңырауқұоаққа 7 л), 3-4 сағатқа ісінуга қалдырады; сол 
суда  дайын  болғанша  пісіреді.  Дайын  қайнатпаны  сүзеді,  ал 
саңырауқұлақтарды жуып, кеседі  немесе шабады, пісіру аяқталған
ша дейін  5-10 минут қалғанда көжеге салады.   
Азық-түлікті  дайындау. Көкөністерді  өңдейді  және  кеседі.  Кесу 
пішіні көженің негізгі азық-түлігіне сәйкес болу керек. Картоп және 
қырыққабатты  шикі  түрінде  салады.  Пияз,  тамырсабақ,  қызанақты 
110-120°C температурада майменшала қуырады. Ұнды табада ашық 
сары  түске  дейін  кептіріп,  суытып,  суытылған  сорпамен 
араластырады  және  сүзеді.  Қызылшаны,  ашытқан  қырыққабатты 
сорпа, май, қызанақ езбесін қосып бұқтырады. Қызылшаны бұқтыру 
барысында  түсін  сақтап  қалу  үшін  сірке  суын  қосады.  Тұздалған 
қиярларды  аршып,  кеседі  және  бөктіреді.  Жармалар  және  бұршақ 
тұқымдастарды  іріктеп,  жуады.  Арпа  жармасын  жартылай  дайын 
болғанша  алдын  ала  пісіреді  және  кілегейлі  қайнатпадан  арылу 
үшін жуады. Бұршақ тұқымдастарды өңдеуден кейін жібітеді және 
жұмсарғанға дейін пісіреді.  


17
 
 
Асқатықты  көжелерді  дайындаудың   технологиялық  процесі.
Қайнап  жатқан  сорпаға  азық-түлікті  салады.  Салудың  реттілігі 
олардың  пісіру  мерзімі  бойынша  анықталады.  Азық-түлікті  пісіру 
ұзақтығы  дәрумендерді  жоғалтуды  арттырып,  дәмдік  сапаны 
төмендетіп,  азық-түліктің  пішінін  жоғалтады.  Азық-түлікті 
салғаннан  кейін  көжелерді  қайнауға  тез  жеткізіп,    пісіруді  әлсіз 
қайнауда жалғастырады.  
Дайын  болуға  10-15  минут  қалғанда  көжеге  шала  қуырылған 
көкөністерді салады, 5-7 минутқалғанда көженің порциясына 0,05 г 
бұрыш,  лавр  жапырағы  0,02  г,  тұз  3.5  г  есебімен  тұз,  лавр 
жапырағын,  бұрыш  салады.  Пісіріп  болған  соң,  лавр  жапырағын 
жояды.  
Ашытқан  қырыққабат,  тұздалған  қияр,  сіркемен  бұқтырылған 
қымыздық,  қызылша  және  картоп  қосылған  көжелерді  пісіру 
кезінде  бірінші  кезекте  картоп  салады,  содан  кейін  құрамында 
қышқыл бар азық-түлікті салады. Қышқыл ортада картоп езілмейді. 
Картоп  қосылмайтын  көжелерге  пісіру  аяғында  шала  қуырылған 
ұнды көжеге аздан араластыра отырып  қосады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет