Н. И. Дубровская


        № 3 Зертханалық-тәжірибелік жұмыс  ӘР ТҮРЛІ КӨЖЕЛЕРДІ ДАЙЫНДАУ    Жұмыстың  мақсаты



Pdf көрінісі
бет29/151
Дата27.01.2022
өлшемі2,1 Mb.
#24459
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   151
28
 
 
 
 
№ 3 Зертханалық-тәжірибелік жұмыс 
ӘР ТҮРЛІ КӨЖЕЛЕРДІ ДАЙЫНДАУ 
 
Жұмыстың  мақсаты:  білім  алушылардыезбе  тәрізді,  сүтті, 
тәтті,  мөлдір  және  суық  көжелерді  дайындау  технологиясымен 
таныстыру. 
Жұмыстың  мазмұны:  білім  алушыларға  келесі  тағамдарды 
дайындап,  беру  үшін  безендіру  ұсынылады:  картоптан  жасалған 
езбе-көже;  әр  түрлі  көкөністерден  жасалған  езбе-көже;  үй  кеспесі 
қосылған  сүтті  көже;  кептірілген  көкөністерден  жасалған  тәтті 
көже. 
Дайындалған  тағамдардың  дәмін  таттыру  және  олардың 
сапасына баға беру. 
Ыдыс-аяқтар  және  құрал-саймандар:  кәстрөлдер  —  5  дана, 
ожау,  тегештер  —  3  дана,  таба  —  3  дана,  пышақтар,  өлшегіш 
саптыаяқ,  асхана  қасықтары  —  5  дана,  бөліп  құятын  қасық,  ағаш 
қасық,  кәпкір,  кепсер,  азық-түлік  турайтын  тақтай,  оқтау,  терең 
тәрелкелер — 4 дана және ұсақ тәрелкелер — 3 дана, таразы. 
 
ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР 
 
Езбе-көжелер. Бұндай көжелердің көкөністерден, жармалардан, 
бұршақ  тұқымдастардан,  бауыр,  құс,  жабайы  құс,  балық  және 
саңырауқұлақтардан  жасайды.   Езбе-көже  сорпада  немесе 
қайнатпаларда пісірілген вегетариандық болуы мүмкін. 
Көженің  негізі  азық-түліктің  езбелері  мен  ақ  тұздық  болып 
табылады.  
Езбе  тәріздес  көжелерді  дайындау  ерекшелігі  осы  көжелерді 
дайындауға  қосылатын  азық-түлікті  біркелкі  және  нәзік 
консистенция алғанша дейін ысқылау болып табылады.  
Езбе-көжелерге арналған азық-түлікті пісіреді, бөктіреді немесе 
толық  дайын  болғанша  бұқтырады,  содан  кейін  езгілейді.  Езілген 
азық-түлікті  сорпа  және  майда  шала  қуырылған  ұн  немесе  майсыз 
сорпада  немесе  қайнатпада  пассерленген  ақ  тұздықпен  қосады. 
Дайын көжелерді шамамен тұздайды, сары май, ыстық сүт (кілегей) 
немесе  жұмыртқа-сүтті  қоспа  (льезон)  қосады.  Льезон  қосылған 
көжелерді  70  °С  жоғары  қыздыруға  болмайды,  жұмыртқаның 
ақуызы бүрісіп қалуы мүмкін. 
 


29
 
 
 
Азық-түліктің  жартысын  (15...20  г)  езгілемеуге  болады,  берген 
кезде  гарнир  ретінде  көжеге  енгізеді.  Барлық  езбе-көжеге  жүгері 
немесе  бидай  қауызын,  бәліш  немесе  бидай  ұнынан  жасалған 
қуырылған нан беруге болады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет