№ 3 Зертханалық-тәжірибелік жұмыс
ӘР ТҮРЛІ КӨЖЕЛЕРДІ ДАЙЫНДАУ
Жұмыстың мақсаты: білім алушылардыезбе тәрізді, сүтті,
тәтті, мөлдір және суық көжелерді дайындау технологиясымен
таныстыру.
Жұмыстың мазмұны: білім алушыларға келесі тағамдарды
дайындап, беру үшін безендіру ұсынылады: картоптан жасалған
езбе-көже; әр түрлі көкөністерден жасалған езбе-көже; үй кеспесі
қосылған сүтті көже; кептірілген көкөністерден жасалған тәтті
көже.
Дайындалған тағамдардың дәмін таттыру және олардың
сапасына баға беру.
Ыдыс-аяқтар және құрал-саймандар: кәстрөлдер — 5 дана,
ожау, тегештер — 3 дана, таба — 3 дана, пышақтар, өлшегіш
саптыаяқ, асхана қасықтары — 5 дана, бөліп құятын қасық, ағаш
қасық, кәпкір, кепсер, азық-түлік турайтын тақтай, оқтау, терең
тәрелкелер — 4 дана және ұсақ тәрелкелер — 3 дана, таразы.
ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
Езбе-көжелер. Бұндай көжелердің көкөністерден, жармалардан,
бұршақ тұқымдастардан, бауыр, құс, жабайы құс, балық және
саңырауқұлақтардан жасайды. Езбе-көже сорпада немесе
қайнатпаларда пісірілген вегетариандық болуы мүмкін.
Көженің негізі азық-түліктің езбелері мен ақ тұздық болып
табылады.
Езбе тәріздес көжелерді дайындау ерекшелігі осы көжелерді
дайындауға қосылатын азық-түлікті біркелкі және нәзік
консистенция алғанша дейін ысқылау болып табылады.
Езбе-көжелерге арналған азық-түлікті пісіреді, бөктіреді немесе
толық дайын болғанша бұқтырады, содан кейін езгілейді. Езілген
азық-түлікті сорпа және майда шала қуырылған ұн немесе майсыз
сорпада немесе қайнатпада пассерленген ақ тұздықпен қосады.
Дайын көжелерді шамамен тұздайды, сары май, ыстық сүт (кілегей)
немесе жұмыртқа-сүтті қоспа (льезон) қосады. Льезон қосылған
көжелерді 70 °С жоғары қыздыруға болмайды, жұмыртқаның
ақуызы бүрісіп қалуы мүмкін.
29
Азық-түліктің жартысын (15...20 г) езгілемеуге болады, берген
кезде гарнир ретінде көжеге енгізеді. Барлық езбе-көжеге жүгері
немесе бидай қауызын, бәліш немесе бидай ұнынан жасалған
қуырылған нан беруге болады.