Салқын көжелер. Салқын көжелерге көксорпа (етті, көкөністі),
қызылша сорпасы, салқын борщтар, жасыл щи, көк көжелер
жатады. Оларды кваста, айранда, қызылша немесе көкөніс
қайнатпасында немесе суда дайындайды.
Салқын көжелердің гарнирлеріне қайнатылған ет өнімдері мен
көкөністер (қызылша, сәбіз, картоп), жұмыртқа, жасыл жуа және
жаңа піскен қиярлар мен шалғанды пайдаланады.
Салқын көжелерді бергенде ұсақтап туралған аскөк сеуіп,
қаймақ қосады.Көк көжеге қаймақ салмайды, оған пісірілген бекіре
тектес балық немесе балық өнімдерін жаңа піскен қиярлардан,
салаттан, желкектен гарнирмен бірге жеке береді.
30
Салқын көжелерді тоңазытқышта сақтайды, 14 °С жоғары емес
температурада беріледі.