Тұтқыр ботқалар. Бұл ботқаларды суда және сүтте пісіреді.
Суда тұтқыр ботқаларды бытырақ ботқа сияқты пісіреді. Жарманың
түріне байланысты тұтқыр ботқалар үшін 1 кг жармаға 3,2.3,7 л
сұйықтық алады.
Егер ботқаны сүтте дайындаса, онда жарманы қайнап жатқан
тұзды суға салады, қоюланғанша пісіреді, содан кейін қайнаған сүт
қосады, жақсылап араластырады және қақпағын жауып, әлсіз
қайнауда дайын болғанша ұстайды. Ұнтақ жармасы, «Геркулес»
сұлу қауыздарын бірден сүтте пісіреді.
Тұтқыр ботқаларды май, қант, тоспа қосып беруге болады,
котлет, домалатпалар, көмеш, пудингтер үшін пайдалануға болады.