Н. И. Дубровская



Pdf көрінісі
бет54/151
Дата27.01.2022
өлшемі2,1 Mb.
#24459
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   151
Сұйық  ботқалар.  Қарақұмықтан  (кесек  жармасынан)  басқа 
жарманың  барлық  түрлерінен  пісіреді.  Тұтқыр  ботқалар  сияқты 
сүтте немесе суда қант қосып пісіреді.  
1  кг  жармаға  4,2...5,7  л  сұйықтық  алу  қажет.  Дербес  тағам 
ретінде май қосып береді. 
Бұршақ  тұқымдас  өсімдіктердің  өнімдері.  Бадана,  бұршақ, 
жасымық,  ноқат,  иісбұршақ,  соя  тағамдарын  дайындау  үшін 
сұрыптайды, жуады, 5-8 сағат ішінде суық суда жібітеді. Аршылған 
бұршақты  жібітпейді.  Бұршақ  тұқымдастарды  суық  суға  салады  (1 
кг-ға  —  3  л  су)  және  пісіреді,  әлсін-әлсін  араластырып  отырады. 
Бұршақ тұқымдастарды пісіру кезінде дәмін жақсарту үшін кесілген 
тамырсабақ  және  көкөністер  (бұрыш,  ақжелкек,  балдыркөк,  пияз) 


58
 
 
 
немесе ақжелкек жасылын, балдыркөк қосады. Дөңгелек бұршақты 
1-1,5  сағат,  бадана  —  1,5-2  сағат,  жасымық  —  45  мин.  1  сағат, 
аршылған бұршақты  — 30-50 мин. пісіреді. 
Гүлді  бадананың  құрамында  гидролиз  барысында  көгерткіш 
қышқыл  бөлетін  фазеолин  улы  заты  бар,  гүлді  бадананы 
қайнағаннан  кейін  10-15  минут  пісіреді,  қайнатпасын  төгіп 
тастайды,  қайтадан  ыстық  су  құйып,  дайын  болғанша  пісіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет