Фри балық жартылай дайын өнім жасау үшінбұрышта
кесілген порциялық кесектерді кептіреді, тұз себеді, ұнда аунатады,
льезонда жібітеді және кепкен нанда аунатады.
Шанышқыда қуыру үшінтерісі және шеміршегі жоқ кесектер
түріндегі бекіре тектес балықтарды 3-4 сағат ішінде суықта өсімдік
майын, лимон шырынын, бұрыш, тұз және ақжелкек қосып
маринадтайды.
Торда қуыру үшінбекіре тектес балықтытерісі және шеміршегі
жоқ кесектерге, көксеркені таза жон етке бұрышта кеседі, еріген
сары майда жібітеді, ақ кепкен нанға аунатады.
Негізгі тәсілмен қуыру үшін балықтың дайындалған кесектерін
май қызған табаға салады 140...150°C температурада қызарған
қыртыс пайда болғанша екі жағынан қуырады және қуыру
шкафында кесектердің қалыңдығына байланысты 5-8 минут ішінде
дайын болғанша жеткізеді. Қуырылған балықты алып шығып,
майдың ағуына жол береді және қуыру шкафында дайын болғанша
жеткізеді.
Ашық отта қуыруды арнайы пештерде жанып жатқан көмірдің
үстінде, электрогрильдер немесе инфрақызыл сәулесі бар арнайы
аппараттарда жүзеге асырады.
Негізгі тәсілмен қуырылған балықты піскен, қуырылған картоп
немесе картоп езбесімен береді. Балықты берген кезде сары май
немесе лимон шырынын құяды. Табаққа гарнир салады, жанына
қуырылған балық кесегін қойып май немесе қызанақты тұздық
құяды, лимон тілімдерімен және аскөкпен безендіруге болады.
Шыжыған майда торда қуырылған балықты фри картобымен
немесе қуырылған картоппен береді. Балықты сопақша табаққа
салады, лимон тілімдерімен және аскөкпен безендіреді, жанына
гарнир салады. Қызанақты, корнишон және аскөк қосылған
майонезді жеке тұздық сауытта береді. Шанышқыда қуырылған
балыққа бөліктеп туралған лимон, жаңа піскен қызанақ, қияр,
жасыл немесе басты пияз, аскөк береді.