Н.Қ. Жуе пов ф о ж, ош ртан,йырда щ ШрІшиІ ж ар т


мен  Тәбия»,  «Біржан  мен  Сара»,  «Мәнсүр  мен  Дәме  қыз»,  «¥лбике



Pdf көрінісі
бет16/33
Дата03.03.2017
өлшемі13,43 Mb.
#6391
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33

мен  Тәбия»,  «Біржан  мен  Сара»,  «Мәнсүр  мен  Дәме  қыз»,  «¥лбике 
мен  Күдері  қожа»,  «Мүрат  пен  Тыныштық»,  «Мүрат  пен  Жантоқ», 
«Кеншімбай  мен  Ақсүлу»  айтыстары  т.б.-  бар-жоғы  147  беттен 
түратьга 9  айтыс мәтіні топтастырылған.
Түйіп  айтқанда,  айтыс  үлгілерінің  ғылыми  жинағы  Кенес  үкіметі 
түсында  алғаш  жиналып,  басылым  көруі  қазақ  фолыслортану 
ғылымынын  сол  түстағы  жетістігі  десек,  ал  ол  мәтін  үлгілерінің 
қалай  қағаз  бетіне  түскендігіне  катысты  мәтін  паспортының 
толтырылмауы,  не  көрсетілмеуі  т.б.  —  бөрі  бүған  дейін  айтып 
өткеніміздей,  ғылымның  балаңдылығымен,  әрі  ғалымдардың  арнайы 
фольклортанушылық  білімі болмауымен түсіндіріледі.
XX 
ғасырдың 
бірінші 
жартысында, 
сондай-ақ 
«Правда», 
«Комсомольская  правда»,  «Известия»,  «Рабочая  Москва»  газеттері
199

мен  «Наши  достижения»,  «30  дней»,  «Дружба  народов»,  «Народное 
творчество» 
журналдарында, 
республикамызда 
шығатын
«Казахстанская 
правда», 
«Социалистическая 
Караганда», 
«Литературный  Казахстан»  сияқты  газет,  журналдарда  халық  ауыз 
әдебиетінің  тәуір  деген  үлгілері  орыс  тіліне  аударылып  жарияланды 
[265].
Ендігі жерде мүндай игілікті істер кітап бетінде де көріне бастады. 
М.Әуезов,  С.Мүқанов,  Қ.Жүмалиев сияқты жазушыларымыз орыстьщ 
ақын,  жазушы,  аудармашылары-  Соболев,  Пеньковский,  Тарловский, 
Алтайский, 
Сельвинский, 
Никольскаялармен 
бірлесіп 
көптеген 
жүмыстар  істеді.  Мәселен,  М.Әуезов  «Қазақ  антологиясынын» 
(«Песни  степей».  М.  1940)  ауыз  әдебиеті  бөлімінде  жарияланған 
текстерді  іріктеп  алып,  осы  бөлімге  кіріспе  ретінде  көлемді  макала 
жазған 
[266]. 
«Антологияға» 
батырлар 
жыры 
(«Қобыланды 
батырдан», «Ер Тарғыннан», «Қамбардан» үзінділер бар), түрмыс-салт 
жырлары  («Қозы  Көрпеш-Баян  сүлудан»,  «Қыз  Жібектен»,  «Айман- 
Шолпаннан»  үзіндіпер  бар),  ертегілер  («Қырық  өтірік»,  «Жиренше 
мен  Қарашаш»,  «Кедей  мен  бай»,  «Алдар  көсе  мен  Шығайбай», 
«Алдар  көсе  мен  шайтандар»)  мал  жайындағы  өлеңдер,  әдет-ғүрып 
өлеңдері,  мақалдар  мен  жүмбақтар  енген.  Бүл  текстерді  орысшаға 
аударғандар- 
М.Тарловский,  Л.Пеньковский,  Вс.Рождественский. 
Халық  ауыз  әдебиетін  өте  жетік  білетін  М.Әуезов  сияқты  көрнекті 
жазушыларымыздың 
орыс 
ақын, 
жазушыларымен,
аудармашыларымен  достасып  жүмыс  істеуі  ғылымға  көп  пайда 
келтірді.  Осы  «Антологияда»  жарияланған  мәтіндер  кейінгі  жерде 
басқа жинақтарда  әлденеше рет қайтадан басылды [267].
Қорыта  айтқанда,  XX  ғасырдың  Қазан  төңкерісінен  кейінгі 
кезеңде  баспасөз  беттерінде  басылым  көрген  фольклорлық  үлгілер: 
біріншіден,  газет  шығарушылар  тарапынан  фолыслордың  кімнен, 
қалай  алынғаны  турасында  деректер  мен  фольклорлық  мәтіндерді 
жинаушылар  есімдерінің  көрсетілуімен 
ерекшеленеді.  Екіншіден, 
ел  аузындағы  үлгінің  қай  тәсілмен  қағаз  бетіне  түскені,  көбінесе 
ауызба-ауыз жинау тәсіпі арқылы хатталғаны анықталды.  Үшіншіден, 
тіпті  ол  мәтіндер  кімдердің  аузынан,  қай  елді-мекенде  т.б.  жазылып 
алынғанына  қатысты  паспорттық  деректердің  толықтығымен  көзге 
түсті.  Төртіншіден,  баспасөз  беттерінде  жарияланған  үлгілер  әрі 
белгілі 
ғалымдар 
тарапынан 
жиналса, 
сондай-ақ 
әуесқойлар 
тарапынан  да  жиыстырылғаны  т.с.с,-  бәрі  мәтін  жарияланымына, 
сапасына әсер етіп отырды.
Сонымен қатар Кеңес үкіметі түсында жарияланған мақалалардың 
дені  қазақ  фольклорын  әрі  жинау,  әрі  жариялау,  әрі  зерттеу
200

мәселелеріне  арналған.  Бүл  материалдардың  жиналып,  баспа  бетінде 
жариялануы,  оған  кең  назар  аударылуы  т.б.-  бәрі  фольклортану 
ғылымы  тарихында  баспасөз  басылымдарының  маңызды  кызмет  т.б. 
аткарғанын дітгейді.
Қазан  төңкерісінен  кейінгі  кезеңдегі  фольклортану  ғылымында 
орын  алған  басты  кемшілікгерге  келетін  болсақ:  бірі-  Қазан 
төңкерісіне  дейінгі  жарық  көрген  фольклор  үлгілерінің  қайта 
басылым  көрмеуі  дер  едік.  Тіпті,  ол  нүсқалар  ара-түра  шыға  қалған 
жағдайда 
кезең 
ерекшелігіне 
сай 
түрлі 
өзгерістерге, 
редакциялануларға,  түзетулер  мен  қысқартуларға т.б.  үшырауы  т.с.с. 
фольклортану ғылымы дамуьгаа көп кедергі келтіріп отьфды.
XX 
ғасырдың 
алғашқы 
жартысында 
қазақтың 
үлттық 
фольклортану 
ғылымы  жалпы  филологиялык  ғылымның  өзінше 
саласы  ретінде  көріне  бастады.  Фольклор  үлгілері  ғылыми  мақсатта 
жинала  бастады.  Сондай-ақ  академиялық,  не  арнаулы  фольклорлық 
жинақтар т.б ғылыми түрғыдан  алғаш  зерттеле бастады.  Фольклорды 
белгілі  фольклорист  ғалымдармен  қатар  әуесқойлардьщ,  яғни  тек 
саяхатшылар емес, дәрігер, қызметкер, мүғалімдер  де жинай бастады. 
Фольклорлық  мәтіндер  орталық  газет-журналдармен  қатар, 
Ресей 
ғылым  академиясы  тарапынан  үйымдастырылған  түрлі  жазбалар 
бетінде  басылым  көрді.  Сондай-ақ  фольклор  нүсқалары  көлемі  әр 
түрлі  кітаптар,  хрестоматиялар,  оқулықтар,  жинақтар  т.б.  ішінде 
жарық  көруі  т.б.-  бәрі  сол дәуірдегі  қазақ  фолыслортану  ғылымының 
даму ерекшелігі болып табылады.
XX 
ғасырдың 
алғашқы 
жартысында 
ғылыми 
сипаттағы 
басылымдарды 
жариялаудың 
негізгі 
мақсаты- 
төл 
әдебиетке 
көпшіліктің  назарын  аудару  мен  фольклорды  маманданған  түрде 
зерттеу болатын.  Сондай-ақ  бүл  кезде  фолыслордың  жеке  жанрларын 
зерттеудің  негізі  қаланды.  1930-шы  жылдарда  халық  шығармаларын 
ғылыми  жариялау  негізі  қалыптаса  бастады.  Бүл  басылымдардың 
біразы  тілдік  мақсатта,  біразы  фольклорды  халықтың  өзіндік 
ерекшелігін,  салт-дәстүрін,  сана-сезімін  таньггу  мақсатьгада,  біразы 
фольклордың жанрлық ерекшелігін ажырату үшін т.б. қолданылды.
Ғылыми  жинақтар  іші  фольклордың  сан  жағынан  көптігімен  де 
және  олардың  көп  нүскалығымен  де,  сапалы  сүрыгіталуымен  де  т.б. 
ерекшеленді. Жинақтар кіріспесінде фольклордың жиналу тарихы мен 
қазіргі  жагдайы,  өзіндік  ерекшелігі,  әлеуметтік  табиғаты,  фольклор 
мен  әдебиеттің  өзара  байланыстылығы,  жинақтың 
мазмүндық 
тақырыпшалары т.б. сөз болды.
Ал,  басылымдардағы  фольклорлық  мәтіндер  жанрлық  жағынан 
топтастырылып 
орналастырылып, 
соңынан 
ескертулері 
мен
201

түсініктемелері  бірге  берілді.  Сонымен  бірге  бүл  фолыслорлық 
метіндер  сүрыпталу  меы  жариялану  өдіс-тәсіліне  келетін  болсак: 
белгілі  бір  үлгіыін  пайда  болу  мәселесі,  шығармалардьщ  идеялық- 
тақырыптық өзара байланыстылыгы, халыктык  үлгілердің дамуы  мен 
таралу  ерекшеліктері,  өрі  өлеуметтік  топтарда  олардын  өзгеру 
мүмкіндіктері т.б,- бөрі  ғылыми жинаққа кіргеы мәтіндердің, көбіыесе 
толықтай  паспорты  толтырылуымен,  орындаушылардын  аты-жөні 
көрсетілуімен,  мөтіннін  кағазға  тускен  күні,  уақыты,  жері  т.б. 
тіркелуімен де күнды болды.
202

3  Ф ольклорды   зерттеудін түрлері  мея  м ақсат- 
бағы ттары .
3.1  Отарлау максатындағы зерттеулер.
Қазан  төңкерісіне  дейін  отарлау  саясаты  әрі  ашык,  әрі  күшпен 
жүргізілді.  Рас,  Ресей  билеушілері  бірте-бірте  айлаға  көпггі.  Тікелей 
соғыспен  апу  оңайға  түспеген  соң,  қазақтың  тілін,  фольклорын, 
тарихын,  мәдениетін  білу  арқылы  отарлау  өрі  шығынсыз,  әрі 
тереңірек  болатынын  білген  империя  соларды  зерттеу 
ісін  қолға 
алды.  Олардың  бүл  саладағы  істері  бүгінгі  таңда  біздер  үшін  ғылым 
тарихына айналып кетгі. Сөйтіп,  Ресей билеушілері қазақ  даласында 
әр  түрлі  мектептер  ашты,  газет  пен  журнал  шығарды,  тілі  мен 
фольклорға  қатысты  жинактар,  оқулықтар,  сөздіктер  т.б.  іПығарды. 
Отарлау  үшін  істеліп,  жиналған  материалдар  мен  зерттеулер 
объективті  түрде  үлттық  фольклортануға  негіз  қалады.  Отарлау 
максатындағы  зерттеулер  бірнеше  бағытга,  негізінен  тарихи- 
этноғрафиялық  бағытга  жүрді.  Мүндай  отарлау  мақсатындағы 
фольклорлық  зертгеулер сонау XIX ғасырдан келе жатыр.
ТХІХ  ғасьфда  казақ  жеріне  орыс  шаруалары  қоныстана  бастады, 
қалалар мен селолар саны көбейді, өнеркәсіп өндірісі мен  сауда дами 
түсті, қатынас жолдары, байланыс жүйесі күшейді,  егіншілік кең етек 
ала  бастады. 
XIX  ғасырдағы  осьгадай  тарихи,  саяси-әлеуметтік 
жағдай  Қазақстанның  мәдени,  оқу-ағарту  ісіне  үлкен  өзгерістер 
әкелді.  Мүның  бәрі  қазақ  халқының  коғамдық-саяси  санасының, 
әдебиеті 
мен 
өнерінің 
дамуьгаа, 
ғылымның 
пайда 
болып, 
қалыптасуына  ықпал  жасады .1 ХГХ  ғасырда  Қазақстанның  Ресейге 
түгел  косылуымен  байланысты  халык  өмірін,  шаруашылығын, 
мәдениетін,  түрмыс-салтын,  әдет-ғүрпын,  дінін  толық  білу  қажеттігі 
т.с.с.-  бәрі  де  Гқазақ  фольклоры  мен  этнографиясын  зерттеу 
жүмыстарының 
бірнеше 
бағытта, 
өр 
түрлі 
өдіспен 
жүзеге 
асырылуына мүмкіндік туғызды.  Арнайы  тапсырмамен  келген  әскери 
адамдар,  саяхатшылар  қазақ  жерінің  топографиясын  жасаумен  қатар, 
чиновниктер  мен  миссионерлер  қазақ  тілін  зерттеп,  қазақша-орысша 
сөздіктер, орыс әрпінде жазылған оқулықтар даярлағанда т.б,- бәрінде 
дерлік  жергілікті елдің фольклорын пайдаланды.
Қазақ  фолыслорын  таза  ғылыми  мақсатта,  академиялық  түрде 
зерттегендер  де  болды.  Олар  фольклорды  барынша  дүрыс  жазып 
алуға, сүрыптап,  жүйеге келтіруге, жарыққа  шығаруга,  ғылыми түрде 
талдап,  зерттеуге  күш  салды.  XIX  ғасырдағы  қазақ  фольклорын 
зерттеулер,  көбінесе  жолжазба  мен  очерктер  түрінде  жүргізілді.
203

Мұңдағы  ғалымдардың  фольклор  туралы  ойлары  жалпылама  сипат 
танытып,  көбінесе  жол  бойы  жазылғандықтан,  басқа  елдерге 
таныстыру  мақсатымен  шектеліп  отырды.  Мәселен,  М.Киттары  орыс 
тілінде 
Боғда  тауы  мен  мен  Басқүншақ  көлі  туралы  аңыздың 
мазмүнын  хабарласа  [268],  1859  жылы  Алматыдан  Кеген  асып, 
Ыстықкөлге  барған  әскери  саяхатшы  А.Голубев  өзінің  жазбаларында 
жол  бойы  көрген-  білгендерімен  қатар  қазақ  аңыздарын  пртяттяйдьі 
[269].  Олар:  «Ақсақ  қүлан»,  «Жеті  қарақшы»  жайындағы  аңыздар, 
Ыстықкөлдің пайда болуы туралы  әпсана т.б.
СҚазақ  халқының  ауыз  әдебиетін  зерттеуге  арналған  Қазаа 
хөңкерісінен  бұрынғы  ғылым  екі  түрлі  кезеңді  бастан  кешірген.  Бірі- 
XVIII  ғасырдан  XIX  ғасырдың  ортасына  дейінгі;  екіншісі-  XIX 
ғасырдың  екінщі  жартысынан  XX  ғасырдың  басына  дейінгі,  яғни 
орыстың  түркітанушы  ғалымдары  мен  қазақ  оқымыстыларының  күш 
біріктіре отырып зерттеген кезеңдерін қамтиды.
қазақ  фольклорын  зерттеу  ісі  әлі  ғыльімның  дербес  саласы  болып 
бөлінбеген.  Сондықтаң да бүл кезеңдегі еңбектерде фольклор үлгілері 
қазақ даласы туралы  жазылған  тарихи  деректерді дәледдеу үшін  ғана 
келтірілетін-ді|  Мәселен,  Н.П.Рычковтың  «Күнделіктерінде»  қазақ 
арасында  өлікті  жерлеу  ғүрпын  сипаттау  үшін  жоктау  өлеңдерінен 
мысал келтірілген.  Бүл сияқты халық әдебиетін пайдалану әдісін  П.С. 
Папластың, И.Георгидің, Г. Спаскийдің т.б.  қолданғаны анық [270].
1864  жылы  «Современник»  журналында  К.Губаревтің  Шоқан 
Уәлихановқа  арналған  «Қазақ  даласы»  деген  мақаласы  жарияланды. 
Этнографиялық  және  фольклорлық  материалдар  арқылы  К.Губарев 
қазақ  еңбекшілерінің  хал-жағдайы  қаншалықты  ауыр  екендігін 
көрсетіп,  қазақтардың  жағдайын  нашарлатып  жіберген  әлеуметтік 
кесел  ретінде  патшаның  отарлау  саясатын  әшкерелейді.  К.Губарев 
қазақтардың  оқу-білімге  ынтызарлығын  атап  көрсетіп,  халықтың 
дамуьша,  жергілікті  халықты  оқыту-ағаргу  мәселесіне  үкімет 
орындарының  мейлінше  кедергі  жасап  отырғанын  айтады  [271]. 
Дегенмен  К.Губарев  фольклорлық  материалдарды  қарастырғанда 
міндетті  түрде  әлеуметтік  мәселелермен  байланыстыра  бағалаған. 
К.Губарев  очеркінде  демократияшыл  фольклористиканың  негізгі 
принціптері:  хальпстьщ  хал-жағдайына  көңіл  бөлу  және 
оның 
мүдделерін қорғау т.с.с. дұрыс көрсетілген.
XIX 
ғасырда  тек  саяхатшылар  емес,  қазақ  ауылына  барған 
дәрігерлер,  қызметкерлер,  мүғалімдер,  оқыған 
зиялылар  да 
фольклорды  жинаумен  катар,  түрлі  этнографиялық  очерктер  жазған. 
Мүнда  қазақтьщ  салты,  өмірі,  өнері  суреттеліп,  газет-журналдарда
204

беріліп 
отырдьі 
(«Акмолинские 
областные 
ведомости», 
«Семипалатинские  областные  ведомости»,  «Тургайские  областные 
ведомости» т.б.).
1846  жылы  кұрылған  Орыс  Географиялық  қоғамы  бүкіл  Ресейді 
мекендеп,  қоныстанған  халықтардың  фолыслоры  мен  этнографиясын 
зерттеу  саласында  қыруар  жұмыс  атқарды.  Негізінен  бүл  қоғамның 
күрылуы  ғалым  М.К.Азадовский  пікірінше,  патша  үкіметінің 
отаршылдық саясатымен байланысты болды [272.] 

Олар  жөнінде  Н.С.Смирнова  былай  деп  жазды:  «Географиялың 
қогамның орталық архивінде өткен гасырда және осы гасырдың  бас 
кезінде  жиналган  қазақ  хальіқ  творчествосының  материалдарьі  әлі 
кунге  дейін  өз  зерттеуиіісін  күтуде.  Оларды...  Орыс  Географиялық 
қогамының  толық  және  қьізметкер  мушелері  ЦІ.Ш.Уәлихановтың, 
С.Г.Рыбаковтың,  В.Н.Плотниковтың, 
В.Н.  Шнитниковтың,
С.ЕДмитриевтің,  таеы  басқалардың жеке қагаздарында ушыратуга 
болады» [273].
) Фольклортанушы  Шоқан  Уөлиханов  қазақ  халқының  рухани 
мәдениеті  мен  ауыз  өдебиетін  ерінбей  үйреніп,  зерттеуші  алғашқы 
ғалымдардың  бірі.  Қазақ мақаддарын  зерттеуді  алғаш қолға  алған да 
Ш.  Уәлиханов  еді.  Қазақтың  халық 
ауыз  әдебиетін,  жырларын 
зерггеуде  Ш.  Уәлиханов  өзі  жетік  білген  орыс  әдеӨиетіне  сүйенді. 
Қазақтың халықтық шығармаларына  [274]  қорытынды жасау үшін ол 
орыстын  мақалдары,  жылнамалары,  ертегілері  және  батырлық 
жырлары  туралы  айтылған  деректерді  пайдаланған.  Мәселен, 
«Жоңғария  очерктері»  (1861)  атты  еңбегінде  тек  славян  дүниесімен, 
[275]  араласу  арқылы  ғана  ауысуы  мүмкін  тақырыптардың 
үшырасатынын  жазды.  Ш.  Уәлихановтың  тарих,  этнография 
тақырыбына  жазған  «Жоңғар  очерктері»,  «Қазақтың  ата-тегі», 
«Қазақгар  арасындағы  шамандықтың  қалдықтары»,  «Шона  батыр» 
және басқа еңбектерінде халық шығармалары көптеп кезлеседі  Онын 
халық шығармашылығына көзқарасы қандай екендігін осы  тарихтық- 
этнографиялық  еңбектерінде  айтылған  кейбір  қорытындылары  мен 
байымдауларынан,  сондай-ақ  фольклор  материалдарын  жазып  алу 
үстінде 
жасаған 
түсініктерінен 
байқауға 
болады/ 
Халық 
творчествосының  білім  берерлік  маңызын  Ш.  Уәлиханов 
жогары 
бағалады.  Халық  әдебиетіне  тән  шығармалардың  болмысқа  дөл 
келетіндігін  көрсетеді.  Ол  қазақтың  халық  поэзиясынан  «халықтық 
рух, үғым, әдет, әдеп, өмірлік кейіп» бейнелерін көре білді [275, 716.].
1900  жылы  Қазан  қаласында  белгілі  ғалым  А.В.Алекторовтың 
атақты  «Указатель  книг,  журнальных  и  газетных  статей  и  заметок  о 
киргизах»  атты  библиографиялық  көрсеткіші  жарияланған  [276].  Бүл
205

қітап  XX  ғасырдын  басында  жарняланған  аса  күнды  ғылыми  еңбек 
рвтінде бағаланып қеледі.  Еңбектің алғашқы бетінде мынадай сілтеме 
бар:  «(Іечащано  по  определению  Совета  Общества  Археологии, 
Истории 
и 
Этнографии 
при 
Императорском 
Казанском 
Университете  от  9  сентября  1899  года.  Секретарь 
Общества
В.Борисов»,- делінген  [276, 2 б.].  Демек,  сонау XX ғасырдыц басында 
да белгілі  бір  ғылыми  еңбектің кітап  болып  басылуы-  міндетгі түрде 
маманданған  ғылыми  қоғамның,  не  кеңестің  т.б.  пікірінсіз  рүксат 
етілмегені де анык.
А.Е.Алекторов  еңбегінің  кіріспесі  52  беттік  2  бөлімнен  түрады. 
Кіріспеде  автор  қазақтардың  XVI  ғасырда  белгілі  бола  бастағанын, 
Орта Азия  жерлерін  мекендейтінін,  XVII  ғасырда Түркістанды  билеу 
жүзеге  асқанын  сөз  етеді.  Сонымен  қатар  онда  қазақ  елінің  XVII 
ғасырдың  аяғы  мен  XVIII  ғасырдың  басындағы  кезеңде-Тәуке  хан 
түсында  ерекше  күшейгені  (оның  себебі  Үлы,  Орта,  Кіші  жүздердің 
бірігуімен түсіндірілген), Абулхаир ханның түсы, казақ елінің Ресейге 
қарай  бастағаны,  ант  ішуі,  Абылай  хан  заманы  т.б.-  бәрі  қазак 
тарихын  қамтуға  бағытталған.  Мүнда,  әсіресе  қазак  елін,  жерін 
билеген хандар, сүлтандар тарихы жан-жақты көрсетілген.  Сондай-ақ 
қазақ  жерін  жайлаған  Кенесары  бастаған  үлт-азаттық  көтерілісі  де, 
түрлі  кезде  шыққан  Патша  жарлықтары  да  т.б.-  бәрі  кіріспеде  орын 
алған.
Ал,  кіріспенің  екінші  бөлімінде  автор  А.Е.Алекторовтың 
қазақтармен  алғаш  1882  жылы  Торғай  облысында  кездескені,  ол 
жерге  баруына  «Москвалық 
ведомость»  газетінің  редакторы 
М.Н.Катковтың  хаты  әсер  еткені,  қазақ  елі  авторға  өте  жақсы  әсер 
еткені,  1883  жьшы  Орынбордан  Ташкентке  сапар  шеккені  айтылады. 
Сонымен  бірге  автордың  1891  жылы  шыққан  Алексей  Николаевич 
Харузиннің  көрсеткішінің  толық  еместігін  ескертуі,  онда  сараптау, 
сын 
көзбен 
қарау 
жоктығын 
сынауы  т.б,- 
бөрі 
де 
осы 
библиографиялық  көрсеткіпггің  жазылуьгаа  мүрындық  болғаны 
байқалады.
Көрсеткіште 3234  мақала қамтылған. Бүл мақалалардың дені: XIX 
ғасырдың  екінші  жартысындағы  қазақ,  орыс,  араб  әрпінде  жазылған 
қітаптар, журналдар мен газетгер беттерінде жарияланған қазақ елінің 
тарихы, этнографиясы, әдебиеті, тілі, фольклоры, философиясы, әдет- 
ғүрпы,  салт-дәстүрі,  түрмыс-тіршілігі,  діні,  медиңинасы,  оқу-ағарту 
мөселесі,  экономикасы,  саяси-әлеуметгік  мәселелері,  сауда-саттық, 
егіншілік,  жер,  әйелдер,  жер  казбалары,  халыктык  мектептер, 
статистика,  темір  жол,  тамақ  т.с.с.түрлі  мәселелер  камтылған 
мақалалар,  ішкі  хабарлар,  рецензиялар  болып  келеді.  Демек  қазақ
206

өмірін жан-жақты қамтыған, құнды деректерге толы бұл көрсеткіштің 
қазақ  әдебиеті,  тілі,  тарихы,  этнографиясы,  фольклористика  т.б. 
ғылымдары үшін маңызы ерекше екендігі белгілі.
Көрсеткіштің  993  бетін қамтыған  3234 мақалаиың 263  саны  қазақ 
фольклорына 
қатысты. 
Ол 
үлгілерді 
фольклордың 
жанрлық 
ерекшелігіне  қарай  жіктесек:  қазақ  шежіресіне-18;  мақал-мәтелдерге- 
17;  жүмбактарға-  4; 
т у р л і   э п о с т ы к  
ж ррпяр*~я 
^ ц г г а - п я г т я ц п я р У Ч -  
халықтық  әндерге-6;  аитысқа-1;  фольклордың  бірнеше  жанрларьга 
камтыған  түрлі  жинақтарға-6;  фолыслорды  жинау  керектігі  мбселесін 
көтергенге-1  мазмүндамалар  берілген.  Әсіресе  казактың  аңыз  бен 
ертегілеріне бүл еңбекте көп мән берілуі т.б.- бәрі қазақ елі турасында 
көбірек  мағлүмат  алғысы  келген  зерттеушілердің  танымдық, 
ақпаратгык  т.с.с.  қызығушылығьга  тудырғаны  сөзсіз.  Көрсеткіш 
соңында  мынадай  ескерту де  бірге  берілген:  “В заключение  должно 
заметить,  что о киргизах говорят также все русские и  иностранные 
путешественники,  посещавшие  в разные  времена  Россию  и  Азию",  - 
делінген.
Ендеше,  сонау  XIX  ғасырдың  аяғы  мен  XX  ғасырдың  басында 
жарыққа шыкқан бүл көрсеткіш қазақ елінің әдеби, мәдени, саяси т.б. 
өмірін  бір  арнаға  жинақтаған,  зерттеушілер  үшін  баға  жетпес  қүнды 
дерек көзі болумен қатар, отарлау мақсатындағы зерттеулерге де негіз 
болғаны сөзсіз.
/Қазақ  фольклорын  зерттеу ісі  бірнеше  бағытта,  әр түрлі  әдіспен 
жүзеге  асты.  Орыс 
миссионерлері  мен 
зерттеушілері 
халык 
шығармаларын  қазақша-орысша  сөздіктер 
жасау[  орыс  әрпімен 
оқулыкгар,  әр  түрлі  хрестоматиялар  дайьгадау үшін  де  пайдаланды. 
Мәселен,  қазақ  фольклорын  жинаушы 
П.П.  Мелиоранский
1894  жылы  Санкт-Петербург  қаласьгада  «Краткая  грамматика  казак- 
киргизского  языка»  атты  кітабын  бастырды.  Ал,  орыс  зертгеушісі 
И.Лаптев  «Грамматика  по  казак-киргизскому  языку»  атты  кітабын 
1900  жылы  Мәскеуде  (148  бет)  басып  шығарды.  Сондай-ақ 
кұрастырушысы  белгісіз  «Орысша-  қазақша  сөздік»'те  1900  жылы 
Орьгабор  қаласында  жарияланды.  Мүның  бәрі  қазақ  даласында 
орыстандыру саясатының тездетіп жүруіне үлкен септігін де тигізді.
XX ғасырдың алғашқы он жеті жылы ішінде Ресейде болған саяси
экономикалық, әлеуметтік өзгерістер өз кезегінде қазақ фольклортану 
ғылымьгадағы  болып  жатқан  зерттеу  жүмыстарьгаа  өз  әсерін  тигізді. 
Қазақ тілінде  шығатын  баспасөз,  кітап бастыру ісі  көбейді.  Бүл  кезде 
әдебиет  кітаптары  ғана  емес,  сонымен  катар  оқулықтар,  сөздіктер, 
хрестоматиялар т.б. да басылым көрді. XX ғасыр басында белгілі орыс 
түркітанушылары  А.В.Васильев  пен  Н.Н.  Пантусовтың  жинақтары
207

басылып  [277],  апғысөзінде  казақтың  халық  поэзияеы  үлгілерімен 
таныстыру мақсаты көзделді.
М әселен,  қазақ  жүмбақтарын  бір  жерге  топтастырып  бастырған 
А.В.Васильевтың  «Образцы  киргнзской  народной  словесности»  атты 
жинағы  [278]  127 жүмбақты  қамтиды.  Олардың ішінде қазактың салт- 
дәстүрі, 
түрмыс-тіршілігі, 
әдет-ғүрпына 
т.б. 
байланысты 
тақырыптарды  қамтитын-  112  жүмбақ,  діни  тақырыпта-  11  жүмбақ, 
қыз  бен  жігіт  айтысы  түрінде-  4  жүмбақ  жауаптарымен  орын  алған. 
Бүлардың  бәрі  дерлік  екі  тілде,  яғни  қазақ  (кириллица  түрінде)  және 
орыс  тілдерінде  берілген.  Жинақтың  мазмүны  мен  алғысөзі  орыс 
тілінде жазылған.
Алғысөзде,  негізінен,  А.В.Васильевтың  жүмбақтар  турасындағы 
ой-пікірлері  келтірілген.  Жүмбақтар,  көбінесе  Торғай  жеріндегі 
казақтардан 
тікелей  ауызша  айтуларынан  жазылып  алынған. 
Жүмбақтарды  қазақтардың  көп  қолданатыны,  кез-келген  жастар 
отырысы жүмбақ айтыспай  өтпейтіні,  тіпті  жүмбақ  айту  түрлі  топтар 
арасында да  болатыны,  әсіресе  жүмбақ  айту-  қыз  бен жігіт  арасында 
тартысты  өтетіні,  негізінен,  жүмбақ  айту айтыс түрінде  келетіні  т.б.- 
бәрі  де  авторды  кызықтырған.  Жүмбақтардың  үрпақтан  үрпаққа 
берілетіні,  көптеген  жүмбақтардың  аяқ  астынан  суырып  салма  тәсілі 
арқылы  шығарылатыны  сөз  болады.  Сол  себепті  бүл  мәтіндердің 
қазақ  даласының  түкпір-түкпіріне  тез  тарайтыны,  сондай-ақ  қазақ 
жүмбақтарының  сыртқы  пішіні  қарапайым 
келетіні, 
өзіне  төн 
үйқасы,  шумақ  түрі,  ырғағы  болатыны,  сол  себепті  олардың  есте 
сақталуы  жеңіл  келетіні  т.б,-  бәрі  автор  тарапынан  назарға  алынған. 
Бүлардың бәрі жинақтың  маңыздылығын арттырады
Сонымен  қатар  А.Васильев  қазақ  жүмбақтарынын  мазмүнын  да 
сөз  етеді.  Басқа да халықтар  тәрізді  қазақ жүмбақтарында да белгілі 
бір  жүмбақталатын  зат  өзара  үқсас  келіп,  келесі  бір  заттың  қатысы 
арқылы  анықталатынын  да  байқайды.  Мысал  ретінде,  айды-  қалаш 
түріндегі  нанмен,  жүлдызды-  тастармен  т.б.  салыстырады.  Мүндай 
жүмбақтар 
бойындағы  кездесетін  қарапайым  сезімдер  астарында 
жеңіл  күлкі  жататынына  т.б.- 
бәрі  де  тындаушылардың  өзіндік 
қызығу, қуанышын өсіре  түсетініне көңіл бөлінеді.
Кіріспеде  автор 
сондай-ақ  кітабынын  бірінші  тарауында 
кездесетін 
жүмбақтарды 
іштей 
үшке 
бөлген. 
Ол 
бойынша 
жүмбақтардың  біріншісі-  физикалық  өмір  қүбылыстарына;  екіншісі- 
хайуанаттарға;  үшіншісі-  адам,  оның  түрмыс-тіршілігі,  қоршаған 
ортасы  т.б.  төңірегіне  арналғаны  анықтаған.  Ал,  діни  мағынадағы 
жүмбақтарды өз алдына жеке бөліп  қарастырған. Олардын көпшілігін 
қазақтың діци адамдары мен  молдаларынан жазып алғандығын айтып
208

кетеді.  Осы  орайда  жүмбақ  айтушылардың  есімдері,  түрғылыкты 
жерлері, мәтіндердің қай тәсіл арқылы, қай уақытга қағазға түскендігі 
тәрізді  деректердің  ескерілмеуі  т,б.-  бәрі  фольклорды  зергтеу 
ғылымының кезеңдік кемшілігі деп  бағалаған жөн
Түйіп айтқанда,  жинақтың  бір жанр төңірегінде  басылым көруі, 
әрі  казақ-орыс  тілдерінде  берілуі-  сол  кездегі  казақ  халкының  әдет- 
ғүрпьщ,  тұрмыс-тіршілігін,  жалпы  мәдениетін  зерттеуші  орыс 
шығыстанушы,  түркітанушы  ғапымдармен  қатар,  казақ  елін  одан әрі 
отарлау  саясатын  жүргізуді  мақсат  еткендер  үшін  де  қүнды  .таным, 
информация көзі болғаны сөзсіз.
Ал,  қазақ  тілінің  ерекшеліктерін  қарастыруды  мақсат  еткен 
жинақтарды  жариялаған  Н.Н.Пантусов  та  халықтық  шығармаларды 
қолданды  [279].  Бірінде  мөтін  көзі  ретінде 
ертегілер  алынса, 
келесісінде  халық  әндері  алынған.  Жинақ  маңыздылығы:  берілген 
мәтіндердің  түп-  нүсқасы  араб  әрпінде,  транскрипциясы  кириллица 
әрпінде,  ал  аудармасы  орыс  тілінде  берілген.  Ендеше  бүлар  әрі 
окырман  көпшілікке,  әрі  орыстың  шығыстанушы,  түркітанушы 
зерттеушілеріне  де  арналған.  Ғылыми  сипатга  басылым  көрген  бүл 
жинақтар, бір жағынан, қазақтың мәдени  мүрасын  орыс тілді  елдерге 
насихаттау күралын атқарса,  екінші жағынан,  қазақ халкына тездетіп 
орыс  тілін  үйрену  жолын  да  көрсеткен.  Ал,  оның  ар  жағында 
қазактарды  орыстандыру  тәрізді  миссионерлік  саясат  жатқаны  да 
белгілі.  Демек  бүлар  да  казақ  елін  отарлау  саясатына  тура  болмаса 
да,  жанама  түрде  қызмет  еткен.  Бүл  жинақтардың 
алғысөздерін 
профессор  Н.Катанов  пен  Н.Н.Пантусов  жазған.  Мәселен, 
«Қара 
мерген  деген  казақтың  бір  ғажайып  ертегісі»  атгы  үлгі  алғысөзінде 
профессор Н.Катанов  ертегінің  қысқа мазмүнын  орыс тілінде  береді. 
Осы  арқылы  Н.Катанов 
мәтінге  деген  орыс  тілді  оқырманның 
қызьпушылығын арттыруды көздеген. Ал, сөз басында Н.Катанов бүл 
ертегінің  лингвистикальщ  сипатымен  қатар  этнографиялық  жағы  да 
күнды екеніне баса назар аудартады [280]. Ал, «Бір үры ақырында хан 
болыпты» ертегісі  [281]  алғысөзінде Н.Катанов  үрлықты дөріптейтін 
мүндай 
ертегілер 
түркі 
тектес 
халықтардың 
фольклорында 
кездесетінін,  ал  кейбір  бөліктері  Еуропа  елдерінің 
халыктык 
шығармаларьшда 
да  бар  екеніне  көңіл  бөледі.  Халықтың  салт- 
санасынан  көрініс  беретін  бүл  үлгілер  этнографиялық  сипатымен 
қатар,  басқа да елдің  азаматтарына таным  көзі  болары  сәзсіз.  Демек 
бүл  орыс  тіліндегі  алғысездердің  авторлары  баска  да  орыс  тілді 
халыкка  қазақтың  халық 
шығармаларын  таныстыру  мақсатын 
көздеген.
209


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет