Н. К. Кибатаева педагогика ғылымының



Pdf көрінісі
бет11/22
Дата19.01.2017
өлшемі4,54 Mb.
#2235
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22

 
 
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ САБАҚТАРЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ 
 
Сансызбаева А.Г., 
Ақтөбе қаласы № 26 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі 
 
Оқытудың  тиімділігін  арттыру  мақса-
тында  жаңа  білім  парадигмасына  сүйене 
отырып, біз оқыту технологияларының тиім-
ді  жақтарын  таңдап  алуымыз  қажет  және 
оқу-тәрбие  үрдісінде  озық  технологияларды 
белсенділікпен  енгізуіміз  керек.  Еліміздің 
болашағы 
көркейіп 
өркениетті 
елдің 
қатарына  қосылуы  бүгінгі  ұрпақ  бейнесінен 
көрінеді.  Қазіргі  білім  беру  саласындағы 
мәселе 
әлеуметтік-педагоги-калық 
және 
ұйымдастыру  тұрғысынан  білім  мазмұнына 
жаңалық  енгізудің  тиімді  жаңа  әдістерін 
іздестіру, оны өмірге пайдалану. 
Мемлекеттік білім стандарты деңгеінде 
оқыту  үрдісін  ұйымдастыру  жаңа  педагоги-
калық  технологияны  өндіруді  міндеттейді. 
Жаңа  технологияның  мақсаты  оқытуды  ізгі-
лендіру,  яғни  оқу  құралдары  оқушылардың 
өздігінен  танымдық  іс-әрекетін  жүргізе 
алатындай  болуы  керек.  Жаңа педагогиялық 
технологиялар  оқушының  шығармашылық 
қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады. 
Мен қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұ-
ғалімі  болып  қызмет  істеп  келе  жатқаныма 
жиырма бес жылдай болды. Бұл уақыт ішін-
де  шәкірттерімнің  білімнің  биік  шындарын 
бағындыруына  үлес  қосып  келемін.  Еліміз-
дің  ертеңі  жастардың  қолында.  Ал  жастарға 
берілген білім мен тәрбиенің негізі тіл арқы-
лы  келеді.  Тәуелсіздіктің  ең  үлкен  жетістік-
терінің  бірі  ана  тіліміздің  мемлекеттік 
мәртебе алуы десек болады. 
Мемлекеттік  тілдің  мәртебесін  нығай-
тып,  қолданыс  аясын  кеңейтуде  оқытудың 
жаңа технологияларының ықпалы зор. Қазақ 
осы тұрғыда арнайы технологиялық ақпарат-
тық құралдар негізіндегі педагогикалық тех-
нологияларды біз қазақ тілі сабақтарында да 
кеңінен  пайдаланамыз.  Олардың  қатарына 
интерактивті тақта, интернет ресурстарымен 
жұмыс,  мультимедиялық  кітапхана,  қашық-
тан  жүргізілетін  сабақтар,  диспуттар  мен 
тренингтер.  Жаңа  технологиялар  білім  беру 
мен  тәрбие  жүйесін  бірдей  қамтуымен 
ерекшеленеді. Жаңа  ақпараттық  технология-
ларды  пайдалану  педагогикалық  іс-әрекет-
тердің  мазмұны  мен  формасын  толықтыру 
негізінде  оқыту  үрдісін  жетілдірудің  бірден-
бір жолы. Ақпараттық технологияларды пай-
даланып  оқыту  мынандай  нәтижелерге  қол 
жеткізуге мүмкіндік береді: 
- оқу материалын терең түсіну; 
- оқу мотивациясының артуы; 

 
     
 
74 
-  алған  білімнің  неғұрлым  ұзақ  уақыт  есте 
саталуы; 
-  білім  беруге  жұмсалатын  шығынның 
азаюы; 
Заман  талабына  сай  күнделікті  сабақ 
барысында  бейне  және  аудио-  құрылғылар-
ды,  теледидарды,  компьютерді,  электронды 
оқулықты,  интерактивті  тақтаны  қолдану 
оқушылардың тілді үйренуге деген белсенді-
лігін арттырып, ең бастысы олардың шығар-
машылықпен  жұмыс  істеуіне  жағдай  жасай-
ды.  Сабақ  барысында  кеңінен  қолданылып 
жүрген  технологиялардың  бірі  модульді 
оқыту. Модульді оқыту технологиясы негізі-
нен  үш  бөлімнен  тұрады  (кіріспе,  сөйлесу 
бөлімі,  қорытынды).  Білімдегі  олқылық  пен 
алақұлалықты жоюдың тәсілі- дифференция-
лап оқыту әдісі болып табылады. Дифферен-
циялап оқытуда кітаппен, тақтамен, тірек-кө-
мек құралдарымен, сызба, кестемен, жұмыс-
тың ауызша, жазбаша түрлері алма кезек жү-
ріп тұруы қажет. 
Қазақ тілін жаңа технологияларды қол-
дана отырып оқушы қызығушылығын артты-
руға және қазақ тілін жылдам әрі  тиімді  үй-
реніп алуға болады. Қазіргі таңда инновация-
лық технологиялардың көптеген түрлері бар. 
Атап айтсақ, модульдік технология, сын тұр-
ғысынан  ойлау,  тірек-сызба  технологиясы, 
дамыта  оқыту,  проблемалық  оқыту,  деңгей-
леп-саралап  оқыту  технологиясы  және  ойын 
технологиясы,  ақпараттық  технология.  Біз 
өзіміздің тәжірибемізде жаңа технологиялар-
дың  ішінде  модульдік  технологияны  қолда-
намыз.  Бұл  технологиямен  жұмыс  барысын-
да мұғалім структуралық бөлімдерді мазмұн-
мен  байытады,  тәжірибе  жинақтайды.  Жеке 
тақырыпты модульдік оқыту жағдайында са-
бақтың  ақпараттық  структуралық  компонет-
терінің мазмұны төмендегіше анықталады. 
1.Сабақ  мазмұнын  оқу  элементтеріне  бөліп 
оған мақсат қоя білу. 
2.  Оқу  мазмұнын  оқу  элементтері  бойынша 
деңгейлеп беру. 
3.Оқушының 
сыныптан 
тыс 
қызметін 
ұйымдастыру. 
4.Сабақтың логикалық құрылымын белгілеу. 
5.Түзету- ескертпе жасау. 
Жалпы  оқу  процесін  бүтіндей  модуль-
дік оқытуға бейімдеу ісі оқу пәнінің бүтіндей 
курсын тақырыптың немесе тарау, бөлім бо-
йынша  модульдеуге,  сабақтың  ақпараттық- 
структуралық компонеттерін жасауға тікелей 
байланысты. Сабақта электронды кітаптарды 
пайдаланудың  да  маңызы  зор.  Себебі,  ол 
оқушының  танымдық  көзқарасын  қалыптас-
тыруға,  ізденіс  ұлғайтуға,  шығармашылық 
қабілетін арттыруға, өзіндік жұмыстарды тез 
орындауға  көмектеседі.  Оқу  үрдісінде  жаңа 
технологияларды қолдану аса маңызды. 
Осы  технологияларды  пайдаланудың 
тиімді тұстары: 
-  оқушының  пәнге  деген  жеке  қызығушы-
лығын оятады; 
- танымдық қабілеттілігін қалыптастырады
-  оқушыны  шығармашылық  жұмысқа  бау-
лиды; 
- мұғалімнің уақытын үнемдейді; 
- қосымша мәліметтерді береді. 
Жаңа  технологияларды  сабақта  қолда-
нудың тиімділігін қашан да жолға қоярымыз 
анық.  Қазақ  тілін  өзге  ұлт  өкілдеріне  оқыту 
өте күрделі мәселелердің бірі. Мен өз сабақ-
тарымда  мынадай  талаптар  қоямын.  Жаңа 
технологияны қолдана отырып, сапалы және 
терең білім беру оқушының ойлау қабілетін, 
есте  сақтау  қабілетін  арттыру.  Өзім  сабақта 
бірнеше  технологияның  элеметтерін  қолда-
нып  жүрмін.  Соның  бірі  В.Ф.Шаталовтың 
технологиясы,  яғни  сабақта  тірек-сызбалар-
ды  қолдану.  Тірек-сызбалары  арқылы  оқу-
шылар  сөз  тіркесін,  сөйлемдер,  әңгіме  құра-
ды.  Бұл  технология  түрі  оқушылар  сабақты 
қаншалықты  меңгергенін  байқауға  болады, 
сондай-ақ  оқушының  танымдық  қасиетін 
арттырады, сөз қорын байытады. 
Жобалық  жұмыс  технологиясының  тү-
рінде  бар  ауыртпалық,  жауапкершілік  оқу-
шыға  түседі.  Бұл  сабақта  оқушыға  алдына 
ала  өз  бетінше  дайындалуға  тақырыптар  бе-
ріледі. Сабақ барысында оқушы сол тақырып 
төңірегінде  ізденіп  тақырыпты  кеңінен  аша-
ды.  Мысалы:  тақырып  «  Жыл  мезгілдері»  I-
топ  «Қыс»,  II-топ  «Көктем»,  III-топ 
«Күз»,VI-топ  «Жаз».  Әр  топ  оқушылары  өз 
тақырыптарына  сай  өлеңдер,  тақпақтар  айта 
отырып,  бейне  таспа  дайындайды,  әр  топ 
өзінің тақырыбын толық қорғап шығады. 
Қазіргі кездегі жаңа технологияның бі-
рі  визуалді  компонеттер  қолдану  түрі.  Бұл 
технологияның  ерекшелігі  оқушыны  сурет 
бойынша  сөйлету.  Бұл  технология  оқушы-
лардың есте сақтау қабілетін арттырады. Ке-

 
75 
     
 
лесі  қолданып  жүрген  әдісім  ол  деңгейлік 
тапсырма. 
Мысалы:  «  Күз»  тақырыбы  бойынша 
мынадай деңгейлік тапсырма қолдандым. 
III-деңгей: Көп нүктенің орнына тиісті 
сөздерді жазыңдар. 
Күз  айлары  -  ...,...,...  .  Күздігүні  ... 
жауады.  Балалар  ...  барады.  Күзде  күн 
...болады. 
Керекті  сөздер:  қыркүйек,  жаңбыр, 
қазан, қараша, қысқа, мектепке. 
II-деңгей:  Төмендегі  сөз  тіркестерінің 
аудармасын жазыңдар. 
Осенью,  прохладный,  урок,  холодный, 
первый снег, учебный год, осенний. 
I-Деңгей:  «Күз»  тақырыбына  әңгіме 
жазыңдар. Осындай тапсырмалар арқылы әр 
өткен тақырыпты пысықтауға болады. 
Қазақ  тілін  оқытуда  түрлі  әдістемелер 
қолдануға  болады.  Қай  әдістемені  қолданса 
да қарапайым тілмен, оқушыға түсінікті болу 
керек. 
Қорыта  айтқанда,  қазақ  тілін  меңгеру 
өте маңызды. Ол оқушылардың ой- өрістерін 
кеңейтеді, халықаралық достыққа, мәдениет-
ке  тәрбиелейді.  Оқушының  жеке  тұлға  ре-
тінде  дамуына  жағдай  жасауға  бағыт  алып 
отырған бүгінгі білім беру жүйесінде әлемдік 
стандарттар талабының негізгі компонеттері-
нің  бірі  деп  танылған  көптілдік  оқытуға 
көңіл  бөлу  бүгінгі  заман  тапсырысы  болып 
табылады.  
Қазақ  тілінің  мұғалімі  оқытудың  жаңа 
технологиясын  жан-жақты  меңгеріп,  соңғы 
жарық  көрген  ғылыми-әдістемелік  әдебиет-
тердегі  тәжірибелі  ұстаздардың  оқыту  әдіс-
терін  оқып  үйреніп,  оларды  өз  жұмысында 
орынды қолдана білуі керек. 
 
 
 
 
 
 
 
ПРОФЕССОР С.ҚАЛИЕВ – ҰЛТТЫҚ ЭТНОПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ 
НЕГІЗІН САЛУШЫЛАРДЫҢ БІРІ 
 
Базарғалиев Ғ., 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің қауымдастырылған 
профессоры 
Муханова А., 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің магистранты 
  
Көрнекті 
педагог-ғалым 
Серғазы 
Қалиұлы  1929  жылы  25  маусымда  Шығыс 
Қазақстанда  облысы,  Абай  ауданы  Қарауыл 
селосында  дүниеге  келген.  1945-46  оқу  жы-
лында  Абай  ауданы  Қарауыл  селосында 
Абай  атындағы  орта  мектептің  9-сыныбын 
бітіріп,  Семейдегі  Н.Крупская  (бүгінде 
Шәкерім)  атындағы  педагогика  институты-
ның  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  факультетіне 
оқуға түседі. 
1949  жылы  институтты  ойдағыдай 
оқып  бітіріп,  Семей  облысы  Аягөз  ауданы 
Сергиополь  орта  мектебіне  Қазақ  әдебиеті 
пәнінің  мұғалімі  болып  орналасып,  еңбек 
жолын бастайды. 
Ал  1951-57  жылдары  Аягөз  аудандық 
оқу бөлімінде мектеп инспекторы, Аудандық 
Жастар  одағының  бірінші  хатшысы,  аудан-
дық  кеңес  атқару  комитеті  төрағасының 
орынбасары  қызметтерін  атқарады.  1957-66 
жылдары Аягөз қаласындағы теміржол қазақ 
орта  мектебінде  директор  болып  қызмет  іс-
тейді. 1966-81 жылдар аралығында Қазақ те-
міржолы оқу бөлімінде мектеп нұсқаушысы, 
бөлім бастығының орынбасары, ал соңғы он 
жыл  оқу  бөлімінің  бастығы  қызметтерін  ат-
қарады.  Аспирантураны  сырттай  оқып  бі-
тірген С.Қалиұлы оқу-ағарту саласының бас-
қару  қызметтерін  атқара  жүріп,  1971  жылы 
Қырғыз 
мемлекеттік 
университетінде 
«Ғ.Мүсірепов  творчествосын  орта  мектепте 
оқытудың  жолдары»  деген  тақырыпта 
РСФСР  педагогика  ғылымдарының  акаде-
мигі,  Кеңес  Одағының  Батыры,  орта  және 
                                                                                                
 
МЕКТЕПТЕГІ ТӘРБИЕ
 

 
     
 
76 
жоғары  оқу  орындарындағы  Қазақ  әдебиеті 
оқулықтарының 
авторы 
М.Ғабдулиннің 
жетекшілігімен  педагогика  ғылымдарының 
кандидаты  ғылыми  дәрежесін  қорғап  алады. 
1981-2004 ж. ж. аралығында үздіксіз ғылыми 
еңбекпен 
айналысып, 
Ы.Алтынсарин 
атындағы  Ұлттық  педагогикалық  ғылымдар 
академиясында  аға  ғылыми  қызметкер, 
зертхана  меңгерушісі,  директордың  ғылыми 
жұмыс  жөніндегі  орынбасары  қызметтерін 
ойдағыдай атқарады. 
С.Қалиұлы  1996ж.  Қайнар  университе-
тінде, соңғы 10 жыл Қазақ мемлекеттік қыз-
дар  педагогикалық  университетінде  студент 
жастарға  Қазақ  этнопедагогикасынан  дәріс 
беріп келеді. С.Қалиұлы Қазақ этнопедагоги-
касының  теориясы  мен  әдістемесіне  байла-
нысты 48 кітаптың, 400-дей ғылыми мақала-
лардың авторы. 
Жарияланған 
еңбектердің 
ішінде 
«Ғ.Мүсірепов  шығармаларын  орта  мектепте 
оқыту» (1974), «Түрксіб және оқу-ағарту ісі» 
(1980),  «Халық  педагогикасының  ауыз  әде-
биетіндегі көрінісі» (1986), «М. Әуезотің пе-
дагогикалық  және  психологиялық  көзқарас-
тары» (1987), «Қазақстандағы педагогикалық 
ойлар  мен  мектептер  тарихының  анықтама-
сы»  (I,  II  кітап,  1986,  1990.  «XV-XIX  ғғ. 
Ақын  жыраулар  поэзиясындағы  педагогика-
лық  ойлар»(1992),  «Еуропа  ғалымдарының 
қазақ  мәдекниеті  туралы  ойлары»  (1992), 
«Қазақтың  салт-дәстүрлері  және  ағартушы- 
демократтары»(авторлар  бірлестігінде  1994) 
монографияларымен  «Қазақтың  салт-  дәс-
түрлері» атты орта мектептің VIII-IX сынып 
оқушыларына  арналған  оқулығы  және 
«Қазақ тәлім-тәрбиесі» (проф. Қ.Жарықбаев-
пен  бірге,  1995),  «Қазақ  этнопедагогикасы-
ның  теориялық  мәселелері  мен  тарихы» 
(2003ж.)  атты  жоғары  оқу  орындары  сту-
денттеріне  арналған  оқулықтарын  ерекше 
атауға болады. Ғалымның соңғы еңбегі 2004 
жылы  ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігінің 
Ы.Алтынсарин 
атындағы 
мемлекеттік 
сыйлығымен марапатталды. 
С.Қалиұлы  1996  жылы  «Қазақтың  ха-
лықтық тәлім-тәрбиесінің ғылыми- педагоги-
калық негіздері» деген тақырыпта докторлық 
диссертация  қорғады.  Оның  басшылығымен 
1994-98  жылдары  «Қазақтың  тәлімдік  ой- 
пікір  антологиясының»  орысша-қазақша  үш 
томдығы  жарық  көрді.  Бұл  еңбекте  VI  ғ. 
Көне  Орхон-Енисей  жазуының  тәлімдік 
үлгілерінен  бастап,  әл-  Фараби,  М.Қашқари, 
Ж.Баласағұни, 
А.Иассауи, 
С.Сарай, 
Қ.Жалаири  сияқты  орта  ғасыр  ойшылда-
рының, XV-XVIII ғғ. Хандық дәуірдегі ақын- 
жыраулардың  тәлімдік  ой-  пікірлеріне,  XIX 
ғ. Шоқан, Ыбырай, Абай бастаған ағартушы-
лардың  озық  ойларына  жан-жақты  талдау 
жасалған. 
Антологияның  2-томы  А.Байтұрсынов, 
Ш.Құдайбердиев, 
М.Дулатов, 
Х.Досмұхамедов, 
Ж.Жұмабаев, 
Ж.Аймауытов,  М.Әуезов,  Ә.Марғұлан,  т.б 
кеңестік  дәуірдегі  елуге  тарта  педагог- 
ғалымдар  мен  Ә.Бөкейханов,  М.Шоқай, 
С.Сәдуақасов,  О.Жандосов,  Т.Жүргенов, 
І.Омаров  сияқты  көрнекті  қоғам  қайраткер-
лерінің  еңбектерін  талдауға  арналған. 
С.Қалиұлы  бүгінде  қазақ  тәлімінің  30 
ғасырлық  тарихын  қамтитын  педагогикалық 
ойлар антологиясының 10 томдығын даярлау 
үстінде.  Бүгінде  Қазақтың  тәлімдік  ойлар 
Антологиясының  6  томы  «Сөздәк-Словарь» 
баспасынан  жарық  көрді.  Бұл  еңбектердің 
қазақ  педагогикасының  тарихын  зерттеуші 
ғалымдарға  да,  қазіргі  және  келер  ұрпаққа 
тәлім-  тәрбие  беруші  ұстаздар  қауымын  да 
аса қажетті құрал болатыны даусыз. 
С.Қалиұлы қазақ этнопедагогикасының 
өзекті  мәселелері  жайында  республикалық 
газет,  журнал  беттерінде  өзінің  ғылыми  ма-
қалаларын жиі-жиі жариялап, радио- теледи-
дардан  келелі  пікірлер  айтып,  әрдайым  өз 
ойын ортаға салып отырады. Сондай- ақ, өзі 
көптен  айналысып  жүрген  ұлттық  тәлім-
тәрбиенің  көкейкесті  мәселелері  бойынша 
Мәскеу,  Баку,  Ташкент,  Бішкек,  Ұлан-Батор 
қалаларында  өткен  халықаралық  ғылыми- 
теориялық  конференцияларда  ғылыми  мәнді 
баяндамалар 
жасады 
және 
әріптес 
ғалымдармен пікір бөлісіп отырады. 
Көрнекті  ғалым  С.Қалиұлы  өзінің 
ғылыми  жұмыстарын  шәкірт  даярлау  ісімен 
де  тығыз  ұштастыруда.  Ол  орта  мектепте 
директор  болған  он  жыл  ішінде  және 
Алматы  мемлекеттік  Қыздар  педагогикалық 
институты  мен  «Қайнар»  университетінде 
педагогика  тарихынан  дәріс  берген  кезде-
рінде оның алдынан жүздеген жастар өмірге 
жолдама  алып  шыққаны  мәлім.  Солардың 
ішінде  ұстазы  мақтаныш  ететін  ғылым 
докторлары: 
Х.Қазыханов, 
С.Ұзақбаева, 

 
77 
     
 
Е.Омаров,  С.Маусымбаев,  Ғ.Амиргазин, 
Т.Садықбеков, 
С.Иманбаева, 
ғылым 
кандидаттары:  С.Садықов,  К.Бықыбаева, 
С.Баймұратова,  Ш.Нағымов,  Б.Иманбекова, 
Г.Рысбекова,  А.Имашева,  Р.Мұратханова, 
Г.Таубаева,  М.Құрсабаев,  С.Сеңкібаев  т.б. 
ғалымдарды зор мақтанышпен айтады. 
С.Қалиұлының  жетекшілігімен  22  ғы-
лым  кандидаттары,  2  ғылым  докторлары 
қорғап  ғылыми  дәрежеге  ие  болды.  Ғалым-
ның 
шапағатын 
көргендердің 
ішінде 
Қ.Қабдыразақұлы,  Ә.Ашайұлы,  Б.Әбдиев 
сияқты  Моңғол  Халық  Республикасы  мен 
көрші  Қырғыз  мемлекетінің  азаматтары  да 
бар.  Бүгінде  оның  жетекшілігімен  2  аспи-
рант,  2  ғылыми  ізденуші,  3  магистрант 
ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуда. 
Ерінбей  еңбек  ету,  өзінің  бар  білгенін 
басқаларға  үйрету  С.Қалиұлының  бойына 
біткен асыл қасиет. Оған айқын дәлел соңғы 
10  жыл  ішінде  ғана  оның  ресми  оппонент-
тігімен М.Тәнекеев, Н.Әсіпова, Қ.Сейталиев, 
М.Сарыбеков,  Н.Мыңжанов,  А.Бейсекеев, 
К.Қожахметова  сияқты  7-8  ғылым  доктор-
лары,  отызға  тарта  ғылым  кандидаттары 
қорғаудан өтті. 
Ғалымның оқу-ағарту, ғылым саласын-
дағы  ұзақ  жылдық  жемісті  еңбегі  елеусіз 
қалған  емес.Оның  айқын  айғағы  «Еңбектегі 
үздік  еңбегі  үшін»,  «Еңбек  ардагері», 
«Егемендіктің 
10 
жылдығы», 
«Ы.Алтынсарин  атындағы  медальдары»  мен 
Қазақстан  Республикасы  Жоғарғы  Кеңесінің 
Құрмет  грамотасы,  «КСРО  және  Қазақ  КСР 
оқу-ағарту 
ісінің 
озаты», 
«Қазақстан 
Республикасы  ғылымын  дамытуға  еңбегі 
сіңген  қызметкері»  белгілерімен  марапатта-
луы соның куәсіндей. 
2004 жылы С.Қалиұлын ҚР Білім және 
ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы 
1- дәрежелі сыйлықпен марапаттады. 
Ғалымға 
Қазақстан 
Республикасы 
Министрлер  Кабинеті  жанындағы  Жоғарғы 
аттестациялау  комиссиясы  1997  жылы  26 
маусымда 
педагогика 
ғылымдарының 
профессоры  атағын  берді.  2003  жылы  Қазақ 
білім  академиясының  құрметті  академигі 
болып сайланды. 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
 
Жарықбаев  Қ.  Қазақ  психологиясының 
тарихы.  – Алматы:  «Қазақстан», 1996.  – 160 
б. 
2.
 
Ғарифолла  Есім.  Қазақ  Ренессансы.  – 
Алматы: «Қазақ университеті», 2006. – 198 б. 
3.
 
Әлемдік  мәдениеттану  ой-санасы.  Он 
томдық.  10-том.  Қазақстанның  қазіргі 
заманғы  мәдениеттану  парадигмалары.  – 
Алматы: «Жазушы», 2006. – 496 б. 
 
 
ХАЛЫҚ ДӘСТҮРІ – АСЫЛ ҚАЗЫНА 
 
Василиева А.М., 
Ақтөбе қаласы № 15 ОМ бастауыш класс мұғалімі 
 
Қазақ  халқы  –  салт-дәстүрге  өте  бай 
халық.  Ал  салт-дәстүрге  бай  болу  елдің 
мәдениетті  әрі  тәрбиелі  екенін  айғақтайды. 
Жалпы салт-дәстүр деген не, соған тоқталып 
өтейік.  Салт-дәстүр  ел  өмірімен  біте  қайна-
сып кеткен рухани және мәдени азық. Біздің 
халқымыз  өз  ұрпақтарын  қасиетті  салт-дәс-
түрмен,  өнегелі  әдет-ғұрыппен,  ырым-ты-
йыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл мен инабат-
ты  қызды  теріс  жолға  түсірмей  тәрбиелей 
білген. Б.Момышұлы «мен өзімнің ұрыстағы 
тәжірибемнен  жауынгерлік  қасиетті  тәрбие-
леуде  ұлттық  дәстүрдің  маңызы  зор  екеніне 
көзім  жетті»  деп  жазады.  Бұдан  отаншыл-
дық,  ерлік,  мәрттік,  жомарттық,  адамгерші-
лік қасиеттердің бәрі салт-дәстүр арқылы да-
ритынын түсінуге болады. Яғни, салт-дәстүр 
адамды  адастырмас  тура  жолмен  жүруге, 
жөн  -  жосықты  біліп,  үйренуге  және  өмірде 
қолдануға  үгіттейтін  мызғымас  заң  іспетті 
десек те болады. 
Қазіргі  таңда  салт-дәстүрлеріміздің 
ұмытылып  бара  жатқаны  және  оны  тек  нау-
рыз  мерекесінде  есімізге  түсіретініміз  маған 
ұнамайды. Бұлай жалғаса берсе түбі бір құр-
тылмайтынына  кім  кепіл,  кім  куә?  Жетпіс 
жыл  бойы  жетесіз  әрі  қанқұйлы  тәртіптің 
қырсығынан ұлт дәстүрлерінің ережесі бұзы-
лады.  Біреулері  ұмытылды,  біреулеріне 
тыйым  салынды.  Салт-дәстүр  мен  әдет-
ғұрыпсыз  ел  әдепсіздік  пен  берекетсіздікке 
салынуы мүмкін. Осындай зиянды жақтарды 

 
     
 
78 
біле  отырып  мен  жұдырықтай  жүрегіммен 
қолыма  қалам  алып,  салт-дәстүр  арқылы 
қалай  өзім  секілді  жеткіншектердің  отанға 
деген патриоттық сезімдерін арттыра аламын 
деген  ой  қозғамақпын.  Ел  боламын  десең 
бесігіңді  түзе  демекші  ең  алдымен  отанға 
деген сүйіспеншілікті салт-дәстүрді түзеуден 
бастау керек. Бұл арқылы бала салт-дәстүрін 
білсе  тарихын  таниды,  ал  тарихын  білу 
отанды тану. Бала түгіл үлкен адамдарда біле 
бермейтін  салт-дәстүр  түрлері  өте  көп.  Со-
лардың  бір  түрі  белкөтерер  салты.  «Тоқсан 
көтеремін  деген  жасым  бар  еді,  быламық 
ішемін деген асым бар еді» деп бұрынғы қа-
риялар  айтпақшы,  жасы  келген  адамдардың 
тісі  болған  соң  тамақ  іше  алмайды.  Мұндай 
жағдайда оларға арнап  «белкөтерер» тағамы 
дайындалады. Бұл әрі жұмсақ, әрі дәмді, нәрі 
мол тамақтардан дайындалады.  
Мұны  балалары,  көрші-көлемдер,  сый-
лас кісілер әдейі дайындап әкеледі. Бұған ри-
за болған қарт батасын береді. Біз бұдан хал-
қымыздың  жасы  үлкен  адамдары  сыйлау-
дың, бағып қағудың үлгісін көреміз. «Белкө-
терер»  аурудан  жаңа  тұрған  адамдарға,  сол 
сияқты  «Наурыз»,  «Айт»  күндері  де  үлкен-
дерге  әдейі  тартылады.  Наурыз  мерекесі 
жақындап  келе  жатыр.  Осындайда  жасы 
үлкен  қарияларға  белкөтерер  дайындап 
берсек  алғысын  аламыз.  Тек  наурызда  ғана 
емес  әркез  дайындап  беріп  тұрсақ  салт  - 
дәстүрімізге  деген  құрмет  болар  еді.Біз 
балаларды  қалай  патриоттыққа  тәрбиелей 
аламыз  дейміз.  Қай  бала  патриот  болсын  әз 
наурызды  өз  жаңа  жылын  асыға  күтпесе. 
Орыстардың  жаңа  жылында  аспанға  түрлі  - 
түрлі  от  шашулар  шашып  ат  шапанын 
сүйретіп  алыстан  аяз  ата  келеді.  Ал  әз 
наурызда  да  Қыдыр  атамыз  келеді.  Қыдыр 
ата  жақсылық  жасаушы  ырыс,  құт,  несібе 
жасау,  бақыт  сыйлаушы  қарт.  Әр  балаға 
Қыдыр 
ата 
келіп 
арман-тілектеріңді 
орындайды  десек  бала  арманын  айтып 
Қыдыр 
атаны 
сағынып 
күтеді 
және 
наурызды да асыға күтіп отырады.  
Отбасында  ата-ана,  мектепте  ұстаз, 
көпшілік  ортада  ақсақалдар  жастарға  салт-
дәстүрлерін  үйретіп,  айтып  отырса,  ұтары-
мыз көп болар еді. Құрдастарымның, сынып-
тастарымның 
бойына 
қазақтың 
салт-
дәстүріне  деген  қызығушылықты  қалыптас-
тырып,  қазақ  халқының  салт-дәстүрі  мен 
әдет-ғұрпының  тәрбиелік  мәнін  ұғындырып, 
олардың  бойына  адамгершілік,  имандылық 
қасиеттерін 
қалыптастыра 
алдым 
деп 
ойлаймын.  Балалар,  үлкенге  –  сәлем, 
қуантқанға  –  сүйінші,  соғымнан  –  сыбаға, 
егіннен – кеусен, малдан – көгендік, балаға – 
базарлық,  кішіге  –  байғазы,  сәбиге  – 
көрімдік,  көрші  қонғанға  –  ерулік,  жетім  - 
жесірге  –  қолқайыр,  мүсәпірге  –  садақа, 
алғашқы  қымыздан  –  қымызмұрындық, 
соңғы  қымыздан  –  сіргежияр,  сағынғанға  – 
сәлемдеме,  қуанышқа  –  шашу  шашып 
ешқашан  салт  -  дәстүрімізді  ұмытпай,  қазақ 
деген халықтың патриот ұрпағы болып атын 
шығара  беріңіздер  демекпін.  Бұл  жазылған 
шығармам  біреуге  жай  сөз  болып  қалар, 
біреулерге  қамшы  болып  тиетініне  көзім 
жетеді. 
«Қазақ  кеңес  энциклопедиясында»: 
«Дәстүр дегеніміз ұрпақтан-ұрпаққа көшетін 
тарихи  қалыптасқан  әлеуметтік  нормалар 
мен  принциптер.  Дәстүр  –  қоғамдық  ұйым-
дар  мен  халықтың  мінез-құлқы  мен  іс-
әрекеттерінің 
рухани 
негізі» 
делінсе, 
философиялық  сөздікте:  «дәстүр  (traditio– 
жапсыру,  жалғастыру)  –  тарих  барысында 
қалыптасып,  ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасып 
отыратын 
әдет-ғұрыптар, 
салт-сана, 
қоғамдық  тәртіп,  заң,  мұрат  пен  игілік, 
мінез-құлық  қалыптары  және  т.б.  қоғамда, 
ұлтта немесе жекелеген әлеуметтік топтарда 
ұзақ  уақыт  бойы  сақталатын  әлеуметтік-
мәдени 
мұра 
элементтері» 
– 
деп 
тұжырымдалады.  
“Дәстүр – тарихи тұрғыда қалыптасқан 
және  ұрпақтан  ұрпаққа  беріліп  отыратын 
қарекет пен мінез-құлық нысандары, сондай-
ақ  оларға  ілеспе  астасқан  ғұрыптар, 
қағидалар,  құндылықтар,  түсініктер  жатады. 
Белгілі  бір  қауымның  дамуының  әлеуметтік 
жағдаяты 
өзгеруіне 
орай 
дәстүрлер 
ыдырауы,  басқадай  болып  өзгеруі  не 
алмасуы мүмкін. Дәстүр адамдардың өмірлік 
қарекетін реттеудің маңызды факторы болып 
қызмет 
етіп, 
тәрбие 
негізі 
болып 
табылады”,– делінген. 
Философ  ғалым  Н.Сәрсенбаев:  «Әдет-
ғұрып,  дәстүр  және  қоғамдық  өмір»  атты 
еңбегінде:  «Дәстүрге  әдет-ғұрыптың  өткен 
қоғамнан  қалған  озық  түрлері  мен  тұрмыс-
тық  формалары,  ырым-жоралары,  рәсімдер 
жиынтығы  кіреді,  қоғамда  және  белгілі  бір 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет