Н. К. Кибатаева педагогика ғылымының



Pdf көрінісі
бет7/22
Дата19.01.2017
өлшемі4,54 Mb.
#2235
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22

 
43 
     
 
нәрсе алмастыра алмайды» деген пікір білді-
реді.  Себебі,  рефлексия  мұғалімдердің  өз 
қызметіне сыни баға беріп, оқыту мен оқуда-
ғы  мәселелерді  сезіне  біліп,  олардың  шеші-
мін табуға көмектесетін қажетті дағды. Реф-
лексивтік  дағдының  дамуына  мұғалімдердің 
интерактивті әдістер арқылы оқыту негізінде 
белсенді  қызметке  тарту  тиімді.  Тыңдаушы-
лардың  арасында  сенімді  қарым-қатынас 
туғызатын  түрлі  тренингтер,  пікірталастар, 
диалогтік оқыту ерекше рөл ойнайды.  
Мұғалімдердің  рефлексивті  дағдыла-
рын  қалыптастыруда  психологиялық  тұрғы-
дан  әсер  ету  өте  маңызды.  Тренердің  мақ-
саты  мұғалімдердің  өз  қызметтеріне  сыни 
баға  беруіне  жағдай  туғызу.  Сол  мақсатпен 
оқу  дәрістерінің  соңында  тыңдаушыларға 
бірнеше  сұрақтарға  жазбаша  жауап  беру  сұ-
ралады.  Көп  жағдайда  мұғалімдер  сабақ  ке-
зінде  орын  алған  қиыншылықтар  мен  же-
тістіктері  туралы  өз  ойларын  жазбаша  жет-
кізуге қиналып жатады. Мысалы« Сабақ ұна-
ды  ма?»,  «Егер  де  жоқ  немесе  иә  болса,  не 
үшін?»,  «Сіз  дәріс  кезінде  не  жасай  алды-
ңыз?»,  «Сіз  үшін  қиын  болған  тұсы?...».  Ба-
сында  мұғалімдер  осындай  сұрақтарға 
қысқаша жауап беріп, бірыңғай «иә, ұнады», 
«қиындықтар  болмады»,  «ұсынысым  жоқ», 
«бәрі ұнады» деп жауап беретін.  
Осыдан  келіп  шығатын  қорытынды, 
мұғалімдерде  рефлексия  деген  ұғым  туралы 
түсінік  пен  өз  жұмыстарына  сараптама,  тал-
дау  жүргізудің  жеткіліксіздігі  анықталады. 
Бірақ,  аз  ғана  уақыт  ішінде,  тренерлердің 
түрлі  әдіс-тәсілдерді  қолдануларының  арқа-
сында оқытушыларды ауызша және жазбаша 
рефлексивтік  дағдылары  қалыптасады.  Тре-
нерлер  мұғалімдерге  рефлексивтік  күнделік, 
есеп  жазуға  үйретеді.  Мектептегі  тәжірибе-
ден  өту,  екінші  кезеңде  мұғалімдердің  реф-
лексивтік  дағдысын  дамытуға  рефлексивтік 
күнделік  жүргізудің  ықпалы  зор.  Жай  ғана 
жазба  жүргізу  жеткіліксіз,  ол  үшін  келесі 
әрекетті  ұйымдастыруға  ой  салатын  реф-
лексия  қажет.  Әр  сабақтан  соң  оқытушы-
ларға  күнделіктеріне  мынадай  жазбалар 
түсіруді ұсынамыз. 
Сабақ қалай өтті? 
Таңдалып  алынған  әдіс-тәсілдер  тиімді 
болды ма? Неге? 
Егер  де  сабақты  қайта  өткізу  мүмкін 
болғанда нені өзгертер едің? 
Білім алушылар не білді? Не үйренді? 
Не  арқылы  үйренді?  Үйренбесе  не 
себепті үйрене алмады? 
Келесіде мен ... жасаймын. 
Осындай  күнделік  жазбалары  оқыту-
шыға  келесі  сабақты  жоспарлауға  қажет. 
Жазбалар  мұғалімдерге  қорытынды  шыға-
рып,  жақсартуды  талап  ететін  тұстарын 
ескеруге,  өз  қызметін  жетілдіруге  көмекте-
седі. Үш айлық курс соңында мұғалімдер өз 
тәжірибесімен  білімін  айқындап,  бекітетін, 
7000  сөзден  тұратын  рефлексивтік  есеп  жа-
зады. Бұл есептері мұғалімнің тәжірибе кезе-
ңіндегі  жұмыстарын  талдауға  бағытталып, 
тренерлер тарапынан қалыптастырушы және 
жиынтық бағалау жүргізіледі. 
Өз тәжірибелерінің басым мен жетілді-
ретін тұстарын талдап, «әлсіз тұстарын» «ба-
сымдыққа»  қалай  айналдыру,  болашақтағы 
іс-әрекеттерін 
жақсартуға 
байланысты 
сұрақтар  күнделіктің  маңызды  сұрақтары 
болып  табылады.  Дегенмен  рефлексивтік 
есеп  жазу  барысында  тренерлер  мынадай 
мәселелерге тап болады: 

 
Мұғалімдер  көп  жағдайда  интернет  көз-
дерінен  алған  ақпараттарды  сол  қалыпында 
пайдаланатындығы,  ақпарат  көзіне  сілтеме 
жасамайтындығы ойландырады. 

 
Немесе,  тақырыптан  ауытқып,  мазмұны 
сәйкес келмей жатады. 

 
Көптеген  есептер  сипаттама  түрде  жазы-
лып, не болғандығын баяндап, неге олай бол-
ды  деген  сұрақтарға  жауап  беретін  аналити-
калық талдау жүргізілмейді. 

 
Мектептегі  тәжірибе  кезіндегі  іске  асыра 
алмаған  мәселелері  туралы  жазуға  немесе 
келешекте  қандай  мәселені  шешу  керектігін 
жоспарлау жеткіліксіз. 
Осы мәселелерді  шешу үшін деңгейлік 
бағдарламалар 
орталығының 
тренерлері 
төмендегідей жүйелі жұмыстар жүргізуде: 

 
Бетпе-бет  кезеңдерінде  дәріс  барысында 
ауызша  немесе  жазбаша  кері  байланыстар 
жүйелі жүргізеді; 

 
Курстың  барлық  кезеңдерінде  мұғалім-
дердің  рефлексивтік  дағдыларын  дамытуға 
көмектесетін  рефлексивтік  күнделік  жүргізі-
леді. 

 
Тренерлер  әрбір  мұғалімдерге рефлексив-
тік  есеп  жазуға  он-лайн,  оф-лайн  түрінде 
кеңестер береді. 

 
     
 
44 
Сонымен  бірге,  іс-әрекеттеріне  қоры-
тынды  жасауға,  өз  құндылықтарын  бағалау-
ға,  әлсіз  және  күшті  тұстарын  зерделеуге, 
рефлексивті  есептерін  үш  критерийге:  бағ-
дарлама  идеясын  білу,  түсіну,  тәжірибеде 
қолдануға  сай  жазылуына,  тәжірибелік  қыз-
метін сараптауға көмектеседі.  
Зерделеуші,  рефлексивті  мұғалім  анық 
мақсат  қоя  білетін,  қызықты  сабақ  өткізе 
алатын,  оқушыларға  қамқор,  сыйлайтын, 
нақты  бағалай  алатын,  тәуелсіз,  оқу 
процесіне  білім  алушыларды  белсенді  тарта 
алатын мұғалім. 
Деңгейлік  Бағдарламалар  курсы  мұға-
лімдерге  әдіс-тәсілдерін  қайта  қарауға,  оқу-
шылардың  жеке,  жас  ерекшеліктеріне  сай, 
психологиялық қажеттіліктеріне сәйкес стра-
тегиялар  таңдауға  көмектеседі  деп  ойлай-
мыз. Курс барысында мұғалімдердің рефлек-
сивті  дағдыларының  қалыптасуы  мен  дамы-
ту  үрдісі  олардың  өзіндік  жетілуіне,  өзара 
әрекеттесуі  мен  өзін-өзі  реттеумен  қамтама-
сыз етеді. 
Қолданылған әдебиеттер: 
1.  Бизяева  А.А.  Психология  думающего 
учителя: педагогическая рефлексия. – Псков: 
ПГПИ им. С.М. Кирова, 2004. – 216 с. 
2.  Задорожная  Н.П.,  Низовская  И.А.  От 
педагогического  опыта  к  педагогической 
рефлексии:  Методические  рекомендации  по 
организации  и  проведению  педагогических 
мастерских  /Общ.ред.Т.А.  Матохиной.  –  Б.: 
Maxprint, 2011. 
3.  Хохотва  О.  Методические  рекомендации 
по  написанию  рефлексивных  отчетов  и 
подготовке  презентационной  речи  –  Астана: 
Центр  педагогического  мастерства  АОО 
«Назарбаев 
Интеллектуальные 
школы», 
2013. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ 
 
Байшағанова Ш.Н., 
Ақтөбе қаласы, №30 ОМ 
Нуркожаева К.Е., 
Ақтөбе қаласы, №13 ОМ 
 
Кімде-кім халқынан алмаса тәлім, 
Оны үйрете алмас ешбір мұғалім. 
Ж.Баласағұн 
 
Ұлы  дидактик  Я.А.Коменский  „Алтын 
ережеге”  балаған  көрнекілік  ұстанымының 
талаптарына толық жауап бере алатын муль-
тимедиалық  технологиялар  ұғымдарын  қа-
растырайық.  Алдымен  мультимедиа  ұғымы-
на  талдау  жасап  көрейік. 
Мультимедиаға 
зерттеушi ғалымдар түрлiше анықтама бередi: 
Мультимедиа әртүрлi типтi ақпараттар-
ды  компьютердiң  ұсыну  мүмкiндiгiн  дамы-
татын және адамның мультисенсорлық таби-
ғатына негiзделген технология (D.Little). 
Мультимедиа  екi  не  онан  да  көп  типтi 
ақпараттарды  интерактивтi  формада  бiрiктi-
ру  (D.H.Jonassen). 
Мультимедиа  әртүрлi 
формада  ұсынылған  ақпараттарды  бiрiктiруге 
мүмкiндiк  беретiн  компьютердiң  аппараттық 
және 
бағдарламалық 
құралдары 
кешенi 
(И.И.Косенко).  Мультимедиа  графика,  гипермә-
тiн,  дыбыс,  анимация,  бейнемәлiметтердi  пайда-
лануға  мүмкiндiк  туғызатын  аппаратты-бағдар-
ламалық құрал (И.Вернер).  
Мультимедиа  терминi  латын  тiлiнiң 
„multy”  (көп)  және  „media”  (орта)  деген 
сөздерiнiң  бiрiгуiнен  құралған.  Сондықтан 
да, 
мультимедиалық 
жүйеге 
арналған 
оқулықтарды,  ғылыми  еңбектердi  саралай 
келе  бұл  терминге  „ақпараттық  орта”  деген 
мағына  беруге  болады.  Ал,  ақпараттық  орта 
түсiнiгiн  белгiлi  бiр  ор-тада  ақпараттық 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ: 
ІЗДЕНІС ПЕН ТӘЖІРИБЕ
 

 
45 
     
 
технологияларды 
пайдалану 
арқылы 
ақпаратты  ұсыну  мен  өңдеуге  ба-ғытталған 
арнайы  ұйымдастырылған  процесс  деп 
қабылдай аламыз. 
Осы  орайда,  мультимедиаға  және  оған 
қатысты  ұғымдарға  өздiгiмiзше  анықтама 
бере  кетейiк.  Мультимедиа  -  компьютерлiк 
графикамен,  суреттермен,  бейнеақпараттар-
мен,  анимациямен,  мәтiндермен,  жоғары 
сапалы  дыбыстармен  жұмыс  iстеудi  қамта-
масыз  ететiн  интерактивтi  жүйе.  Кез  келген 
қарым-қатынас  тілінде  әртүрлі  мағынада 
қолданылатын сөздер бар. Сол секілді „муль-
тимедиа” сөзін де бірнеше мағынада қолдана 
аламыз. 
Яғни, мультимедиа – 

 
әртүрлі  типті  ақпараттарды  өңдейтін  құ-
ралдарды  жасаудың,  пайдаланудың  тәртібін 
анықтайтын технология; 

 
әртүрлі  типті  ақпараттарды  өңдеу  мен 
ұсыну  технологиясы  негізінде  құрылған 
ақпараттық ресурс; 

 
түрлі  типті  ақпараттарды  өңдеу  мен  ұсы-
нуға  мүмкіндік  беретін  компьютерлік  бағ-
дарламалық жабдық; 

 
пайдаланушыға  барынша  тиімді  әсер  ету 
мақсатында  түрлі  бағдарламалық  және  тех-
никалық  құралдарды  пайдаланатын  ақпарат-
тық технологиялар спектрі. 
Мультимедиалық  технологиялар  –  әр-
түрлi  типтi  мәлiметтердi  дайындау,  өңдеу, 
бiрiктiру,  ұсыну  әрекеттерiн  аппараттық  жә-
не  бағдарламалық  жабдықтарды  пайдалану 
арқылы  жүзеге  асыратын  технологиялар 
(әдiстер мен тәсiлдер) жиынтығы. 
Бiлiм  берудегi  мультимедиа  –  бiрiншi-
ден,  таным  процесiнiң  жоғарылауына  септi-
гiн  тигiзетiн,  екiншiден,  бiлiм  беру  мазмұ-
нын  интерактивтi  формада  ұсынатын  дидак-
тикалық аппаратты-бағдарламалық құрал. 
Мультимедианың  бағдарламалық  құ-
ралдары  –  кезкелген  типті  ақпаратты  инте-
рактивтi  режимде  пайдалануға  мүмкiндiк 
беретiн  компьютердiң  бағдарламалық  жаб-
дықтары.  Қазiргi  қоғамның  ғылыми-техни-
калық, экономикалық, әлеуметтiк салаларын-
дағы  мультимедиалық  технологиялардың 
алатын орны, оның болашақ даму тенденция-
лары  мен  перспективалары  жан-жақты  тал-
дауды, талқылауды қажет етедi.  
Өйткенi,  қазiргi  кезде  бiздiң  елiмiзде 
оны  пайдаланушылар  арасында  қарама-
қайшылықты пiкiр қалыптасқан, бұл мульти-
медиалық  технологиялар  жөнiнде  толықтай 
түсiнiктiң  болмауынан  туындайтын  мәселе. 
Осының салдарынан оның көптеген мүмкiн-
дiктерi  мен  қолданылу  салалары  әлi  толық 
айқындала қойған жоқ. Мультимедиа техно-
логиясын  оқы-туда  пайдаланудың  жаңа 
бағыттарының  бiрi  компьютерлiк  желiлерде 
теле  және  бейне  конференциялар  ұйымдас-
тыру. 
Мультимедиалық технологиялар интер-
нет-технологияның  да  дамуына  тiкелей  әсер 
етiп  отыр.  Электрондық  пошта  арқылы  ды-
быстық  және  бейне  хабарларды  қабылдау, 
жiберу  немесе  интернет  арқылы  байланысқа 
түскен адамның бет-бейнесiн компьютер мо-
ниторынан  көрiп  отыру  мультимедианың 
жемiсi.  
Бейнеконференциялар  ұйымдастыруда 
дыбыстық  және  бейнелiк  хабардың  сапасын 
төмендетпей  ұсыну  мультимедиалық  құ-
ралдардың  жүзеге  асыратын  iс-әрекетi. 
Мультимедиалық  технологиялардың  көмегi-
мен  бүгiнгi  таңда  кез  келген  адам  өзi  жө-
нiндегi  мәлiметтердi,  фотосуреттердi,  тiптi, 
өз  дауысын  интернет  желiсiне  шығаруға 
мүмкiндiк алып отыр. 
Интерактивтi  негiздегi  мультимедиа-
лық  технологиялар  интернет  желiсi  және 
CD-курстар  арқылы  ауыл  мектептерiнiң 
әлемдік  ғылым,  білім  жетістіктерінен  оқшау 
қалып  қою  мәселесiн  де  шешуге  мүмкiндiк 
бередi.  Мультимедианың  ажырамас  бөлiгi 
болып  табылатын  лазерлiк  дискiлерде  жа-
зылған  электрондық  энциклопедиялар,  оқу-
лықтар мен сөздiктер оқыту процесiнде ерек-
ше маңызға ие.  
Мысалы, 
электрондық 
сөздiктерде 
әрбiр  сөздiң  аудармасы  мен  жазылуы  ғана 
емес,  сонымен  бiрге  оның  айтылу  үлгiсi  де 
қамтылады.  Электрондық  энциклопедиялар 
мен сөздiктердiң тиiмдiлiгi қажеттi мәлiметтi 
тез  iздеп  табуға  болады.  Сонымен  қатар  тiл 
үйретуге  бағытталған  интерактивтi  оқыту 
бағдарламалары диалогты байланыс жасауды 
жоғары деңгейде жүзеге асыра алады. 
Әлемнiң  атлас  картасы,  жекелеген  қа-
лалардың  картасы  сияқты  әртүрлi  электрон-
дық-картографиялық  жүйелер,  қажеттi  дағ-
дыны қалыптастыруға, жетiлдiруге негiздел-
ген тренажерлiк бағдарламалар, адамның ой-
өрiсiн  дамытуға  бағытталған  ойын  түрiндегi 

 
     
 
46 
оқытушы  бағдарламалар  оқыту  процесiнде 
жиі қолданылуда. 
Соңғы  кездері  ағылшын  тілінде  edu-
tainment және infortainment деген сөздер ком-
пьютерлік  термин  ретінде  жиі  айтылады. 
Олар  education  (білім  беру),  information  (ақ-
парат)  и  entertainment  (көңіл  көтеру)  деген 
сөздерден  құралған.  Бұл  терминдер  мульти-
медиалық  құралдарды  пайдалану  арқылы 
оқыту кезінде көңіл көтеру мен оқу қызметі-
нің  арасындағы  алшақтықтың  азаятынын 
білдіреді.  Мектепке  дейінгі  немесе  мектеп 
жасындағы  балалар  болсын,  үлкендер  бол-
сын,  компьютерде  көңіл  көтеретін  ойындар-
ды  ойнау  арқылы,  алдына  білсем  деген  ар-
найы мақсат қоймаса да, біршама білімге, әр-
түрлі  ақпараттарға  қол  жеткізеді.  Бұл  да 
мультимедианың 
тиімді 
жағы 
болып 
табылады. 
Мультимедиалық 
бағдарламалардың 
негiзгi  атқаратын  функцияларының  бiрi  бас-
қаруды  қамтамасыз  ету.  Қажеттi  ақпаратқа 
еш  кедергiсiз  ауысу  мүмкiндiгi  қамтылған. 
Мысалы,  кинофильмдердi  көру  барысында 
мультимедиалық  бағдарламалар  пайдалану-
шыға  қажетсiз  кино  үзiндiлерiн  өткiзiп  жi-
берудi, керектi киноүзiндiнi бiрнеше қайтара 
көрсетудi жүзеге асырады. 
Оқытуды  интерактивті  түрде  өткізу 
мультимедиалық  технологиялардың  келесі 
бір  маңызды  сипаттамасы  болып  саналады. 
Американдық  ғалым  А.Галбриц  интерактив-
тiлiктiң үш түрiн атап көрсетедi: 

 
реактивтi  интерактивтiлiк:  оқушылар  мен 
студенттер  компьютердегi  бағдарламаның 
бағыт  берiп,  көмектесуi  нәтижесiнде  жауап 
бередi; 

 
әрекеттiк  интерактивтiлiк:  бұл  жағдайда 
оқушылар, студенттер бағдарламаны басқара 
алады; 

 
екi  жақты  интерактивтiлiк:  оқушылар, 
студенттер  бағдарламамен  өзара  ықпал 
жасай алады. 
DEC  компаниясының  хабарлауынша, 
дұрыс  жолға  қойылған  (яғни,  аппараттық, 
бағдарламалық  және  әдiстемелiк  құралдар-
мен  толық  жабдықталған)  мультимедиа  тех-
нологиясын  пайдалану  оқытуға  жұмсалатын 
шығын көлемiн едәуiр азайтады екен. 
Зерттеушiлердiң  пiкiрi  бойынша  дәс-
түрлi  оқыту  әдiсiмен  берiлген  материалдың 
25%-ы,  көру  арқылы  33%-ы,  көру-есту 
арқылы  50%-ы,  ал,  мультимедиалық  инте-
рактивтi  оқыту  бағдарламалары  көмегiмен 
берiлген 
материалдың 
75%-ы 
есте 
сақталады. Мультимедиалық  технологиялар-
ды  пайдалану  мен  дәстүрлi  оқыту  әдiстерi 
арасындағы  айырмашылықты  2-суреттен 
көруге болады. 
Диаграммадан  көріп  отырғанымыздай, 
мультимедиалық  технологиядарды  пайдала-
нып оқыту, атап айтқанда, мынадай нәтиже-
лерге қол жеткiзедi: 
-
 
оқуға кететiн уақыттың үнемделуiне; 
-
 
оқу мотивациясының жоғарылауына; 
-
 
зейiн аудару нәтижесiнде оқу материалын 
толық түсiнуге; 
-
 
алынған  бiлiмнiң  ұзақ  уақыт  есте 
сақталуына. 
 
 
Мультимедиалық 
технологияларды 
бiлiм  сапасына  әсерi,  оқытудағы  тиiмдiлiгi, 
қасиеттерi,  субьект  iс-әрекетiн  дамыту 
мүмкiндiгi,  т.б.  сипаттамалары  бойынша  3-
суреттегiдей жiктеуге болады.  
 
0,45 
0,38 
0,5 
0,3 
0,52 
0,75 

0,1 
0,2 
0,3 
0,4 
0,5 
0,6 
0,7 
0,8 
Жұмсалған уақыт
 
Зейін аудару
 
Есте сақтау
 
Дәстүрлі 
оқыту әдісі
 
Мультимедиа
ны қолдану 
арқылы оқыту
 

 
47 
     
 
 
 
 
 
 
Сурет 3 - Мультимедианың оқытудағы сипаттамалары бойынша жiктелуi 
Сонымен,  мультимедиалық  техноло-
гиялар: 

 
 әрбір  пайдаланушының  қабілеті  мен 
ерекшелігін  ескере  отырып,  олардың  оқу 
мотивациясын арттыруға септігін тигізеді; 

 
 түрлі типті ақпараттарды біріктіріп ұсыну 
арқылы  оқытудың  интерактивтілік  ұстаны-
мын  қамтамасыз  етеді,  өйкені,  әртүрлі типті 
ақпаратты  пайдалану  адамның  әртүрлі  сезім 
мүшелері  арқылы  оқу  материалын  жан-
жақты қабылдауына ықпал етеді; 

 
 нақты,  күрделі  де  қиын,  белгілі  көлемде 
шығын  мен  ұзақ  уақытты  қажет  ететін 
экспериментті модельдеуді жүзеге асырады; 

 
 құбылыстар  мен  процестерді  динамикада 
көрсету  арқылы  абстрактілі  ақпараттарды 
көрнекі тұрғыда ұсына алады; 

 
 макро  және  микро  әлемдегі  нысандарды 
визуалдауға мүмкіндік береді; 

 
бiлiм  беруге  жұмсалатын  шығынның 
азаюына ықпалын тигізеді. 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.  Ќазаќстан  Республикасында  бiлiм  берудi 
дамытудың  2005-2010  жылдарға  арналған 
мемлекеттiк 
бағдарламасы//Егемен 
Ќазаќстан, 16 ќазан, 2004.  
2.  „Орта  бiлiм  беру  жүйесiн  аќпараттанды-
рудың” мемлекеттiк бағдарламасы. - Астана, 
1997. 
3.  „Бастауыш  және  орта  кєсiптiк  бiлiмдi 
аќпараттандырудың” 
мемлекеттiк 
бағдарламасы. - Астана, 2001. 
4.  Абдеев  Р.Ф.  Философия  информационной 
цивилизации. -М.: ВЛАДОС, 1994. -334 c. 
 
 
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ИНТЕРАКТИВТІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ 
 
Бутаева С.Т., 
Қарғалы ауданы №1 Бадамша орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі 
 
Бүгінгі  таңда  жеке  тұлғаны  басқару 
емес,  оның  даму  үдерісін  басқару  қажет. 
Оны  педагогикалық  іс  әрекет  арқылы  көрі-
неді.  Оқушы  белсенділігінің  әсерін  арттыру 
үшін  қолданылатын  әдістерді-интерактивті 
әдіс деп атайды.  
Интерактивті  әдісті  таңдау  себебі 
көбіне  ол  оқушылардан  модельдеуді  және 
қатысушының  дағдысын  дамыту,  яғни 
бүгінгі  демократиялық  қоғамға  қажетті 
болуын  талап  етеді.  Мұнан  ары  қарай 
"интерактивті  оқыту"  терминінің  мазмұны 
түсіндіріледі,  біз  бұл  оқыту  түрін  не  үшін, 
қайда  қолдануымыз  керек,  сонымен  бірге 
оны  сабақ  барысында  сенімді  түрде  және 
үнемі қолдану керек.  
Атап  айту  керек,  ұсынылып  отырған 
әдістер  кез  келген  сабаққа,  кез  келген  дең-
гейге  қатысы  бар.  Интерактивті  үдеріс  деге-
німіз  оқу  үдерісіне  қатысушылардың  өзара 
ықпалдастығы мен бір - біріне өзара әсерінің 
мақсатқа бағытталған түрдегі үрдісі.  
Интерактивті  әдіс  оған  қатысушы-
лардың  қарым-қатынас  жасауының  жоғары 
қарқындылығы-мен,  өзара  қызмет  алмасуы-
мен,  қызмет  түрлерін  ауыстырумен  және 
түрлендіруімен,  процессуалдылықпен  (қаты-
сушылар  жағдайының  өзгеруімен),  олардың 
өз  қызметін  мақсатқа  бағыттау  түріндегі 
рефлекциясымен сипатталады.  
Оқыту  мен  оқудағы  интерактивті  әдіс, 
бұл  сабақ  барысындағы  оқушы  -  оқушы, 
оқушы  -  мұғалім  арасындағы  жоғары 
деңгейдегі  өзара  әрекеттер.  Мұндай  өзара 
әрекеттер  көбіне,  ұсынылған  шешімнің 
қаншалықты 
қажеттілігіне 
және 
де 
мәселелердің  қандай  жолдармен  шешілетін 
нұсқаларын  талқылау  формасында  жүзеге 
асырылады. 
Мұндағы ең бастысы, жауаптың өзінен 
де мәселені  шешу үдерісінің маңызды неме-
се  маңыздырақ  екенін  түсіну.  Интерактивті 
әдістің  мақсаты  тек  қана  ақпарат  беру  ғана 
емес,  оқушылардың  өз  бетімен  жауап  табу 
Мультимедиа 
Оқыту құралы 
Бiлiм беру ресурсы 
Бiлiм беру ортасы 
Қарым-қатынас құралы 

 
     
 
48 
дағдыларын  қалыптастырумен  байланысты 
болып  отыр  және  педагогикалық  өзара  ық-
палдастық әрекетіне қатысушылардың мінез-
құлық  және  қызмет  үлгілерін  өзгерту  және 
жақсарту. Өз әрекетін және серіктесінің әре-
кетін талдай келе, әрбір қатысушы өз мінез - 
құлқының үлгісін өзгертеді және оны саналы 
түрде меңгереді. 
Интерактивті  үдерісті  ұйымдастыру-
дың жетекші қағидалары: 
- ойлау қызметін ұйымдастыру; 
-  мазмұн  шығарушылық  қызметті  ұйым-
дастыру; 
- таңдау еркі; 
- рефлекцияны ұйымдастыру. 
Интерактивті  әдіс  өзара  әрекет  түрін 
және кең көлемдегі тапсырмаларды қамтиды. 
Бірақ  та  қандай  әдістемелік  тәсілдер  болма-
сын,  негізгі  білім  көздері  оқушының  өз 
өміріндегі тәжірибесі болып табылады. Оқы-
ту барысында оқушылармен өзара әрекеттер 
болады: 
-  мұғаліммен  (яғни  оқушы  мұғалімнің 
сұрақтарына жауап бергенде); 
-  Шақырылған  адамдармен  (немесе  сынып 
басқа мекемеде және адамдардан бірге); 
- басқа оқушылармен (жұптық жұмыс); 
- шағын топта (3 - 5 оқушы); 

үлкен  топта  (рөлдік  ойындар/дебат, 
сыныптағы талдау және т.б.); 
- оқушылар тобы және тұрғындар (оқушылар 
әлеуметтік сұрау жүргізеді); 
-  кейбір  техниканың  түрлері  (мысалы, 
компьютермен). 
Интерактивті  оқыту  әдісін  ұйымдасты-
рудың негізгі ережелері:  
Бірінші  ереже.  Жұмысқа  барлық  оқу-
шылар  қатыстырылуы  керек,  осы  мақсатта 
пікірталас әрекетіне барлық қатысушыларды 
тартатын технологияны таңдау маңызды. 
Екінші  ереже.  Қатысушыларды  психо-
логиялық  дайындау  қажет.  Мұндай  жұмыс 
түріне  барлық  қатысушылар  бірдей  дайын 
болмауы  мүмкін.  Осыған  байланысты  қаты-
сушыларды  үнемі  мақтап,  өзін  көрсетуге 
мүмкіндік беріп отыру керек. 
Үшінші  ереже.  Интерактивті  оқытуда 
қатысушылар  саны  көп  болмау  керек,  25 
адамнан  артпауы  керек.  Тек  осы  жағдайда 
ғана,  аз  топпен  жемісті,  дұрыс  жұмыс 
жасауға болады. 
Төртінші  ереже.  Жұмыс  жасауға 
арналған жердің дайындығы. Оқушылар топ 
-  топпен  және  жалпы  түгелдей  сыйуы  үшін 
жайлылық қажет.ъ 
Бесінші  ереже.  Жұмыс  уақытын  нақты 
белгілеу. Бұған жұмыс басында келісіп, оны 
бұзбау керек. Әркімнің сөз сөйлеуге құқылы 
екендігін есте сақтау керек. 
Алтыншы ереже. Топтарға бөлу кезінде 
түсіністікпен  қарау  керек.  Бас  кезінде  өз 
еріктерімен, қалауынша бөлінуін қамтамасыз 
ету.  Содан  кейін  кездейсоқ  таңдауды 
пайдалануға болады. 
Қазақ  тілі  пәнін  оқытудың  оқушы  қы-
зығушылығын  арттыруда  өзіндік  ерекшелік-
тері бар. Сондықтан оқушылардың мектепте 
алатын  білімі  мен  тәрбиесін  жетілдіруде 
оқытудың жаңа формасы тиімді  болмақ. Қа-
зіргі  кезде  оқыту  үрдісінде  сын  тұрғысынан 
ойлау, жаңа ақпараттық технологияларын са-
бақта қолдану бастауыш сынып оқушылары-
ның ойлау қабілеттерін, белсенділігін артты-
рады.  
Интерактивті  тақта  мұғалімнің  сынып-
тағы әрбір  оқушыға ақпаратты тиімді  жеткі-
зуіне көмектеседі. Интерактивті тақта әр түр-
лі  бағытта  оқытуды  және  сабақ  беруді  өз-
гертуі  мүмкін.  Олар  сабақтан  тыс,  уақытты 
жоспарлауға,  сондай-ақ  сабаққа  дайындалу-
ға,  оқушылардың  зейінін  аударуға  және 
ынталандыруға,  ақпараттарды  көрсетуге, 
уақытты тиімді пайдалануға өте қолайлы.  
Интерактивті  тақта  –  барлық  сыныпта 
оқыту  үшін  таптырмайтын  құрал.  Бұл  ви-
зуалды  ресурс  мұғалімнің  жаңа  материал-
дарды  оқушыларға  өте  тартымды  және  тез 
жеткізуіне  көмектеседі.  Бұл  тақта  ақпарат-
тарды  әр  түрлі  мультимедиялық  ресурстар-
дың  көмегімен  жеткізуге  мүмкіндік  береді: 
мұғалімдер  мен  оқушылар  материалдарды 
түсіне  және  жете  толық  игере  алады.  Қиын 
мәселелерді  жеңіл  түсіндіріп,  схемаларды 
беруде өте ыңғайлы.  
Жалпы білім беру жүйесінде үйреншік-
ті  дағдыдан  үйлесінді,  күрделі  сабақтастық-
тарды қамтуға, жаңа ақпараттық, компьютер-
лік  жабдықтармен  жұмыс  істеуге  көшу  – 
қазіргі заман талаптарынан туындап отыр.  
Біздің елімізде қазақ тілі  - мемлекеттік 
тіл.  Соған  орай  оқу  орыс  тілінде  жүретін 
мек-тептерде 
егемендік 
еліміздің 
мемлекеттік  тілі  –  қазақ  тілін  оқыту  өмірлік 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет