Н. О. Базанова атындағы физиология, морфология және биохимия кафедрасы jbhim «Жануарлар биохимиясы»


Ген дегеніміз - организмнің қандай да бір белгісін анықтайтын, тҧқым қуалау затының



Pdf көрінісі
бет6/19
Дата24.03.2017
өлшемі2,7 Mb.
#10348
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

          Ген дегеніміз - организмнің қандай да бір белгісін анықтайтын, тҧқым қуалау затының 
бірлігі.  Әр  ген  әрбір  белоктың  (ферменттіқ  немесе  клеткадағы  басқа  белоктың)  синтезі  үшін 
жауапты.  Гендер  белоктың  түзілуін  айқындай  отырып,  организмдегі  бүкіл  химиялық  реакцияны 
басқарады, сӛйтіп организмнің белгілерін (қасиеттерін) жарыққа шығарады. 
Химиялық  тҧрғыдан  қарастыратын  болсақ,  ген  дегеніміз  -  ӛзара  байланысқан 
нуклеотидтердің  ҧзын  тізбегінен  қҧралған  ДНҚ  молекуласының  учаскесі.  Геннің 
молекулалық  мӛлшері  анықталған.  Егер  белок  амин  қышқылдарының  300  қалдығынан  құралады 
дейтін  болсақ,  осы  белок  синтезі  үшін  жауапты  геннің  ұзындығы,  яғни  ДНҚ  тізбегінің  учаскесі 
900 нуклеотидке тең. Геннің М 900х330=297000 (бір нуклеотидтің М 330 шамасына тең) дальтон. 
Белгілі  бір  геннің  хромосомадағы  орналасатын  жері  локус  деп  аталады.  Бір  организмнің 
хромосомаларындағы  барлық  гендерінің  жиынтығы  геном  деп  аталады.  Сонымен,  геном 
дегеніміз - белгілі бір организмнің генетикалық қасиеттерінің бәрін ӛзінде сақтаған барлық 
ДНҚ молекуласы болып табылады. 
Бір  генде  бір  ғана  полипептидтік  тізбек  синтезделеді.  Молекулалық  генетиканың  негізгі 
ережелерінің бірінде: «бір ген - полипептидтік бір тізбек» делінген. Егер белок молекуласы екі 
немесе одан кӛп полипептидтік тізбектен құралса, онда сол белоктың синтезін екі ген немесе одан 
да кӛп ген іске асырады. 

Жақын уақытқа дейін генетикалық қасиеттер жайлы мәліметтер ДНҚ молекуласында заңды 
түрде  дәлме-дәл  жазулы  болады  және  белгілі  бір  белокты  анықтаушы  барлық  нуклеотидтер 
тәртіппен  орналасады  деген  сенімді  пікір  қалыптасып  келді.  Ал  биология  ғылымында  ашылған 
соңғы  жаңалықтар  жоғары  сатыдағы  организмдердің  гендері  азоттық  негіздердің  үздіксіз 
тізбегінен  емес,  аралары  «мағынасыз»  учаскелермен  бӛлінген,  жеке-жеке  бӛлшектерден 
тұратынын  анықтады.  Ген  бӛлшектерінің  орталығында  10  жұптан  20000  жұпқа  дейінгі  негіздер 
болуы мүмкін. Геннің «мағынасыз» артық бӛліктері белок синтезі алдында кесіп тасталады. 
Геннің ДНҚ-дан мРНҚ молекуласына кӛшкен тұтас бірлігі кӛрсетілген. 
 
 
 
Геннің екі жағында қосымша 
учаскелер 
кӛрсетілген, 
олар 
мРНК-да 
болады, 
ал 
белок 
түзілуіне қатыспайды. 
Бір  поли-пептид  (белок)  түзі-
летін ген. 
 
 
 
Ҧсынылатын әдебиеттер: 
1.
 
Сейітов З.С., Бейсебеков М.Қ. Физикалық және коллоидтық химия. –Алматы, 1993. 
2.
 
Болдырев А.И. Физическая и коллоидная химия.–М.:«Высшая школа», 1983.  
3.
 
Қайырханов Қ.К. Жануарлар биохимиясы. –Алматы:«Ана тілі», 1993. 
      4.    Сеитов З.С. Биохимия.– Алматы: «Қазақ университеті», 2001.  
      5.    Бохински Р. Современные воззления в биохимии. М.Мир. 1987.  
      6.    Зенгбуш П. Молекуларная клеточная биохимия 3 томдық. М.Мир. 1982.
 
 
Дәріс 14  Нуклеотидтер. Нуклеин қышқылдары-РНҚ, ДНҚ. Нуклеин қышқылдарының ҧлпадағы катоболизмі. 
Пуриндік және пуримединдік негіздердің катоболизмі. 
Дәріс жоспары: 
1. Нуклеин қышқылдары - тұқым қуалау негіздері. 
2. Нуклеин қышқылдарының химиялық құрамы. 
3. Нуклеин қышқылдарының біріншілік құрылымы. 
4. ДНҚ биосинтезі. 
5. Ген және гном.  
6. РНҚ биосинтезі. 
Нуклеин қышқылдары - тҧқым қуалау негіздері 
Алғашқы  тіршілік  нышандары  бұдан  3,2  млрд  жыл  бұрын  пайда  болған.  Ұзаққа  созылған  эволюция  нәтижесінде 
табиғи  сұрыпталу  жолымен  қазіргі  тіршілік                                                                        иелері  -  жануарлар,  адам,  ӛсімдіктер, 
микроорганизмдер  дүниеге  келді.  Тірі  организмдердің  аса  ғажап  қасиеті  -  ата  тегіне  ұқсас  ӛзіндей  жаңа  организмді 
жарыққа  шығаруы.  Осы  бір  табиғаттың  ұлы  жұмбағы  ғылым  үшін  әрқашанда  аса  маңызды  проблема  болып  келді. 
Оны шешуге бүкіл дүние жүзінің ғалымдары атсалысты. 
Сӛйтіп, нуклеин қышқылдары дегеніміз - тҧқым қуалайтын (генетикалық) зат. Енді тіршіліктің осы бір негізгі 
молекуласына анықтама берейік және оның химиялық табиғаты мен қасиеттерін қарастырайық. 
Нуклеин қышқылдарының химиялық қҧрамы 
Нуклеин қышқылдары (НҚ) дегеніміз - нуклеотид қалдықтарынан тҧратын жоғары молекулалы органикалық 
қышқылдар.  Нуклеотидтер  (мононуклеотидтер)  пуриндік  немесе  пиримидиндік  негізден,  пентозадан  (D-рибоза 
немесе  D-дезоксирибозадан)  және  фосфор қышқылынан құралады.  Нуклеин қышқылының  құрамына кіретін пурин 
негіздерінің ішінде әсіресе аденин (А) мен гуанин (Г); пиримидин негіздерінің ішіндегі әсіресе маңыздысы - урацил 
(У)тимин (Т) және цитозин (Ц). 
Пуриндік және пиримидиндік негіздердің құрылым формулалары 13.1.Суретте белгіленген. 

 
Нуклеин  қышқылдарының  құрамына  кіретін  бес  азоттық  негіздердің  -  адениннің,  гуаниннің,  урацилдың, 
тиминнің және цитозиннің құрылымдық формулалары. 
Нуклеотидтер  құрамына  кіретін  қанттардың  бір-бірінен  айырмашылығы  екінші  жағдайдағы  кӛміртек 
атомындағы  гидроксил  тобында.  D-рибоза  молекулада  2
1
-ОН  тобы  бар,  ал  дезоксирибозада  бұл  жағдайда  сутек  (Н) 
атомы болады. Азотты негіздердің атомдарынан айыру үшін пентозаның кӛміртек атомдары 1
-
-пен белгіленеді. 
Тӛменде  пентозалар  (D-рибоза,  D-дезоксирибоза)  ашық  альдегид  және  циклды  (β-фураноза)  түрінде 
кӛрсетілген. 
Ген дегеніміз - организмнің қандай да бір белгісін анықтайтын, тҧқым қуалау затының бірлігі. Әр ген 
әрбір  белоктың  (ферменттіқ  немесе  клеткадағы  басқа  белоктың)  синтезі  үшін  жауапты.  Гендер  белоктың  түзілуін 
айқындай  отырып,  организмдегі  бүкіл  химиялық  реакцияны  басқарады,  сӛйтіп  организмнің  белгілерін  (қасиеттерін) 
жарыққа шығарады. 
Химиялық тҧрғыдан  қарастыратын  болсақ,  ген  дегеніміз  -  ӛзара  байланысқан  нуклеотидтердің  ҧзын 
тізбегінен  қҧралған  ДНҚ  молекуласының  учаскесі.  Геннің  молекулалық  мӛлшері  анықталған.  Егер  белок  амин 
қышқылдарының 300 қалдығынан құралады дейтін  болсақ, осы  белок синтезі үшін жауапты  геннің ұзындығы, яғни 
ДНҚ  тізбегінің  учаскесі  900  нуклеотидке  тең.  Геннің  М  900х330=297000  (бір  нуклеотидтің  М  330  шамасына  тең) 
дальтон. 
Белгілі бір геннің хромосомадағы орналасатын жері локус деп аталады. Бір организмнің хромосомаларындағы 
барлық гендерінің жиынтығы геном деп аталады. Сонымен, геном дегеніміз - белгілі бір организмнің генетикалық 
қасиеттерінің бәрін ӛзінде сақтаған барлық ДНҚ молекуласы болып табылады. 
Бір генде бір ғана полипептидтік тізбек синтезделеді. Молекулалық генетиканың негізгі ережелерінің бірінде: 
«бір ген - полипептидтік бір тізбек» делінген. Егер белок молекуласы екі немесе одан кӛп полипептидтік тізбектен 
құралса, онда сол белоктың синтезін екі ген немесе одан да кӛп ген іске асырады. 
Жақын уақытқа дейін генетикалық қасиеттер жайлы мәліметтер ДНҚ молекуласында заңды түрде дәлме-дәл 
жазулы болады және белгілі бір белокты анықтаушы барлық нуклеотидтер тәртіппен орналасады деген сенімді пікір 
қалыптасып  келді.  Ал  биология  ғылымында  ашылған  соңғы  жаңалықтар  жоғары  сатыдағы  организмдердің  гендері 
азоттық негіздердің үздіксіз тізбегінен емес, аралары «мағынасыз» учаскелермен бӛлінген, жеке-жеке  бӛлшектерден 
тұратынын анықтады. Ген бӛлшектерінің орталығында 10 жұптан 20000 жұпқа дейінгі негіздер болуы мүмкін. Геннің 
«мағынасыз» артық бӛліктері белок синтезі алдында кесіп тасталады. 
Геннің ДНҚ-дан мРНҚ молекуласына кӛшкен тұтас бірлігі кӛрсетілген. 
 
 
 
 
Геннің екі жағында қосымша учаскелер кӛрсетілген, олар 
мРНК-да болады, ал белок түзілуіне қатыспайды. 
Бір поли-пептид (белок) түзі-летін ген. 
 
 
 
 
Ҧсынылатын әдебиеттер: 
1.
 
Сейітов З.С., Бейсебеков М.Қ. Физикалық және коллоидтық химия. –Алматы, 1993. 
2.
 
Болдырев А.И. Физическая и коллоидная химия.–М.:«Высшая школа», 1983.  
3.
 
Қайырханов Қ.К. Жануарлар биохимиясы. –Алматы:«Ана тілі», 1993. 
4.
 
Сеитов З.С. Биохимия.– Алматы: «Қазақ университеті», 2001. 
 
Дәріс 15 
Белок биосинтезі және оның негізгі кезеңдері. Белок биосинтезінің реттелуі. 
Дәріс жоспары: 
1.Амин қышқылдарының активтенуі және аминоацил- тРНҚ түзілуі. 
2.Рибосома мен мРНҚ-дан белок синтездеуші комплекстің түзілуі. 
3.Полипептидтік тізбектің синтезі (трансляция). 
4.Белоктың кеңістіктік  құрылымының (конформацияның) қалыптасуы. 
5.Белок биосинтезінің реттелуі. 

6.Секреторлық белоктар синтезінің ерекшелігі. 
Клеткада белоктың синтезделуі ӛте күрделі де, кӛп сатылы процесс. Қазіргі кезде белок синтезінің ӛте нәзік 
механизмі  анықталған.  Теория  жүзінде,  мысалы,  12  амин  қышқылының  ӛзі  ғана  кезектесе  қосылысып,  ақыл 
жетпейтіндей  10
30
  мӛлшерінде  алуан  түрлі  белок  молекулаларын  құрастырады.  Мұндай  санның  қанша  екенін  атап 
айтудың ӛзі мүмкін емес. Іс жүзінде клеткада белоктың синтезделуі қалай болса солай тәртіпсіз жүрмейді, ол процесс 
генетикалық информацияға сәйкес, қатал тәртіппен заңды түрде жүреді екен. 
Синтезделетін  әр  белок  клетканың  мұқтажын  ӛтеу  үшін  түзілетіні  және  дені  таза  организмде  белгілі  бір 
биологиялық қызмет атқаратыны анықталды. 
Белок биосинтезі үшін қандай компоненттер қажет? Ол үшін: барлық 20 амин қышқылы, АТФ, ГТФ, магний 
иондары,  әр  түрлі  ферменттер,  тРНҚ,  мРНҚ  барлық  түрі,  рибосомалар,  инициация  факторы,  элонгация  және 
терминация факторлары, т. с. с. қажет. 
Белоктың синтезделу процесін шамамен негізгі тӛрт кезеңге бӛлуге болады.  
Олар: 1) амин қышқылдарының активтенуі және аминоацил-тРНҚ түзілуі; 2) белок синтездеуші комплекстің - 
рибосомалар  мен  мРНҚ-дан  құралған  комплекстің  түзілуі;  3)  полипептидтік  тізбектің  синтезделуі  (трансляция);  4) 
белоктың кеңістіктік құрылымының (конформацияның) түзілуі. 
Белоктың  синтезделу  процесі,  әдетте,  амин  кышқылдарының  активтенуінен  басталады.  Олардың  активтенуі 
АТФ  энергиясының  есебінен  және  магний  иондарының  қатысуымен  жүреді.  Дипептидтік  комбинация  түзілу  үшін 
орта  есеппен  2-3  ккал/моль  энергия  кажет.  Амин  қышқылдары  карбоксил  тобы  бойынша  амино-ациладенилаттар 
түзіп, активтенеді: 
 
Амин қышқылы  
 
      Аминоациладенилат 
 
 
 
 
 
(активтенген амин қышқылы) 
Бұл реакцияда пирофосфат жоғары  энергиялы  қосылыс ретінде қатысады. Оның  пирофосфатаза  кӛмегімен 
экзергоникалық гидролизі, реакцияны солдан оңға қарай термодинамикалық жылжуын энегриямен қамтамассыз етеді. 
Е.coli  клеткасында  белок  синтездеуші  комплекстің  түзілуі  үшін  керек  компоненттер:  мРНҚ,  30S  және  50S 
рибосома суббӛліктері, рибосомалар, инициациялаушы аминоацил-тРНҚ. 
мРНҚ  молекуласы  алғашында  рибосоманың  кіші  30S  суббӛлігімен  байланысады  (13.7.2.),  бұдан  кейін  оған 
инициациялаушы  аминоацил-тРНҚ  қосылады.  Прокариот  клеткаларында  инициациялаушы  болып 
N-
формилметионил-тРНҚ
fМет
 саналады (қысқаша Мет-тРНҚ
f Мет
)

N-формилметионил-тРНҚ
fМет
 метионил-тРНҚ формилденгеннен кейін түзіледі, ал ол метионинның АТФ-пен 
және тРНҚ
fМет
-пен әрекеттескеннен кейін синтезделінеді. 
Бұл белок биосинтезіндегі  аса  маңызды  процестердің  біреуі  -  трансляция үш  сатыға бӛлінеді: а) инициация 
немесе  полипептидтік  тізбек  синтезінің  бастамасы;  б)  элонгация  немесе  полипептидтік  тізбектің  ұзаруы;  в) 
терминация немесе пеп-тидтік тізбек синтезінің аяқталуы. 
Белок биосинтезінің жылдамдығын бір жағынан генетикалық аппарат басқарса, екінші жағынан сыртқы орта 
факторлары  басқарады.  Эукариот  клеткаларында  белок  синтезі  реттелуінің  екі  механизмі  болуы  мүмкін.  Олар: 
транскрипция деңгейінде реттелу және трансляция деңгейінде реттелу. 
Транскрипция  деңгейінде  реттелу.  ДНҚ  хромосоманың  ішкі  жағында,  ал  белоктар  сыртқы  тыс  жағында 
«орама» түрінде орналасқан. Еске түсірейік, белоктар гистон түрінде және қышқыл гистон емес түрде болады. ДНҚ 
мен  белоктардың  қосылған  комплексі  әрекет  тұрғысынан  активті  емес  және  ДНҚ  құрамындағы  гендердің  кӛпшілігі 
басыңқы  болады.  Болжамға  қарағанда  гендердің  20  -  30%  шамасындайы  ғана  мРНҚ-ны  синтездей  алады. 
Дегенмен, активті гендердің ӛзі клетка қажетінің ӛзгеруіне байланысты үзіліспен жұмыс істейді. 
Гендердің активтенуі ДНҚ молекуласы учаскесінің белоктан босап шығуына байланысты, осы жағдай мРНҚ 
транскрипциясына алып келеді. Барлық гормондар дерлік транскрипция жылдамдығын арттырады, яғни мРНҚ 
мӛлшерін  арттырады,  сӛйтіп,  белок  синтезін  ҧлғайтады.  Мысалы,  еркектің  жыныс  гормоны  бұлшық  ет 
белоктарының  қалыптасуын,  пролактин  мен  инсулин  сүт  белоктарының  түзілуін  қолдайды.  Гормондардың  ген 
аппаратына әсері алуан түрлі де күрделі болады. Ол «Гормондар» деген тарауда қарастырылған. 
Трансляция деңгейінде реттелу. Трансляция негізгі үш сатыдан тұрады. Олар: инициация, элонгация және 
терминация.  Белок  синтезінің  реттелуі  осы  сатылардың  әрқайсысының  кезінде-ақ  орналасады.  Мұнда  клеткалардың 
амин  қышқылдарымен,  әсіресе  ауыстырылмайтын  амин  қышқылдарымен  қамтамасыз  етілуінің  маңызы  зор.  Белгілі 
бір амин қышқылы  жетіспеген кезде оған сәйкес аминоацил-тРНҚ түзілуі тоқталады, оның салдарынан трансляция 
тежеледі. 
Белок  синтезінің  әр  түрлі  тежегіштер  не  мРНҚ-ның  ӛзіне  немесе  инициация,  элонгация  және  терминация 
процестеріне әсер етеді. Бұл жағдайдың салдарынан белок синтезі тежеледі немесе мүлде тоқталып қалады. Мысалы, 
пуромицин антибиотигі пептид тізбегінің элонгациясын тоқтатады. 
Секреторлық  белоктар  дегеніміз  -  синтез  біткеннен  кейін  клеткадан  шығатын  белоктар.  Мұндай 
белоктарға қан белогы, гормондар, сүт белогы және басқалар жатады. 
Белок биосинтезінің бастапқы кезеңін тереңдете зерттеу мынаны кӛрсетті: секреторлық белоктардың түзілуі 
эндоплазмалық  ретикулуммен  (ЭР)  байланысты  рибосомаларда  ӛтеді,  ол  зат  кедір-бұдыр  ЭР  деп  аталады.  Ал 
барлық басқа белоктардың синтезі бос рибосомаларда іске асады. Секреторлық белоктар синтезіндегі айтарлықтай 
айырма  мынадай:  мұнда  овальбумиіннен  ӛзге,  бас  кезінде  уақытша  аминосоңғы  пептидтері  бар  пре-белоктар 
түрінде  түзіледі,  олар  белгі  (сигнал)  пептидтері  деп  аталады.  Бұдан  кейін  белгі  пептидтер  бӛлініп  ажырап 
кетеді де, пре-белок нағыз белокқа айналады. 
Ҧсынылатын әдебиеттер: 
1.
 
Сейітов З.С., Бейсебеков М.Қ. Физикалық және коллоидтық химия. –Алматы, 1993. 
2.
 
Болдырев А.И. Физическая и коллоидная химия.–М.:«Высшая школа», 1983.  
3.
 
Қайырханов Қ.К. Жануарлар биохимиясы. –Алматы:«Ана тілі», 1993. 
4.
 
Сеитов З.С. Биохимия.– Алматы: «Қазақ университеті», 2001 

№1 тәжірбиелік сабақ 
Тақырыбы: «Осмос, осмостық қысым. Ерітінділер. Ерітінділер концентрациясы» 
Сабақтың мақсаты: Осмос құбылысы мен осмостық қысым жӛнінде толық мағлұмат беріп, оның биологиялық 
маңызын түсіндіру. 
 
Сабақтың жоспары: 
1.
 
Осмос құбылысы жӛнінде негізгі түсінік. 
2.
 
Осмос қысымы. 
3.
 
Гемолиз, плазмолиз процесстері. 
4.
 
Изотоникалық, гипотоникалық және гипертоникалық ерітінділер. 
5.
 
Осмос, осмос қысымдарының биологиялық процестер үшін маңызы. 
6.
 
Ерітінділер жӛнінде негізгі түсінік. 
7.
 
Еру процесінің мәні. 
8.
 
Ерітінділер концентрациясы. 
9.
 
Ерітінділер концентрациясын белгілеу тәсілдері. 
 
Әдістемелік нұсқаулар: 
1.
 
Осмос және осмостық қысымды есептеуге арналған жаттығу жұмыстарын орындаңыз. 
2.
 
Изотоникалық, гипотоникалық және гипертоникалық ерітінділерге арналған жаттығу жұмыстарын 
орындаңыз. 
3.
 
Ерітінділер және оның концентрациясын есептеуге арналған жаттығу жұмыстарын орындаңыз. 
4.
 
«Ерітінділер және оның концентрациясы» тақырыбына тест тапсырмаларын орындаңыз. 
 
Ескерту: Жаттығу жұмыстарын орындауда «Физикалық және коллоидтық химия» оқу құралындағы типтік есептердің 
шығарылу үлгілерін қараңыз. 
Әдебиеттер: 
1.
 
Сейітов З.С., Бейсебеков М.Қ. Физикалық және коллоидтық химия. –Алматы, 1993. 
2.
 
Болдырев А.И. Физическая и коллоидная химия.–М.:«Высшая школа», 1983.  
3.
 
Қайырханов Қ.К. Жануарлар биохимиясы. –Алматы:«Ана тілі», 1993. 
4.
 
Сеитов З.С. Биохимия.– Алматы: «Қазақ университеті», 2001. 
 
№2 тәжірбиелік сабақ 
Тақырыбы: «Витаминдер. Провитаминдер, коферменттік қызметі» 
 
Сабақтың мақсаты: Витаминдер және провитаминдер жӛнінде толық мағлұмат беріп, витаминдердің коферменттік 
қызметін түсіндіру. 
 
Сабақтың жоспары: 
1.
 
Витаминдер жӛнінде негізгі түсінік. 
2.
 
Витаминдердің жіктелуі. 
3.
 
Провитаминдер. 
4.
 
Витаминдердің коферменттік қызметі. 
 
Әдістемелік нұсқаулар: 
1.
 
Витаминдер, витаминдердің жіктелуін, коферметтік қызметін қысқаша баяндаңыз. 
2.
 
«Витаминдер» тақырыбына тест тапсырмаларын орындаңыз. 
 
Ескерту: «Витаминдер» тақырыбы бойынша тест тапсырмаларына «Биохимия» оқулығы бойынша дайындалыңыз. 
Әдебиеттер: 
1.
 
Сейітов З.С. Биологиялық химия. – Алматы: «Қайнар», 1992. 
2.
 
Қайырханов Қ.К. Жануарлар биохимиясы. –Алматы: «Ана тілі», 1993. 
3.
 
Сеитов З.С. Биохимия.– Алматы: «Қазақ университеті», 2001. 
 
№3 тәжірбиелік сабақ 
Тақырыбы: «Ферменттер, қасиеттері және жіктелуі» 
Сабақтың мақсаты: Ферменттер, қасиеттері және жіктелуі жӛнінде толық мағлұмат беріп, ферменттердің 
биологиялық маңызын түсіндіру. 
 
Сабақтың жоспары: 
1.
 
Ферменттер жӛнінде негізгі түсінік. 
2.
 
Ферменттердің қасиеттері. 
3.
 
Ферменттердің жіктелуі. 
4.
 
Ферменттердің биологиялық процестер үшін маңызы. 
 
Әдістемелік нұсқаулар: 
1.
 
Ферменттар, ферменттердің жіктелуін, қасиеттерін қысқаша баяндаңыз. 
2.
 
«Ферменттер» тақырыбына тест тапсырмаларын орындаңыз. 
 

Ескерту: «Ферменттер» тақырыбы бойынша тест тапсырмаларына «Биохимия» оқулығы бойынша дайындалыңыз. 
Әдебиеттер: 
1.
 
Сейітов З.С. Биологиялық химия. – Алматы: «Қайнар», 1992. 
2.
 
Қайырханов Қ.К. Жануарлар биохимиясы. –Алматы: «Ана тілі», 1993. 
3.
 
Сеитов З.С. Биохимия.– Алматы: «Қазақ университеті», 2001. 
 
№4 тәжірбиелік сабақ 
Тақырыбы: «Ҧйқы және қалқанша бездерінің гормондары. Гипофиз және  
 гипоталамус гормондары» 
Сабақтың мақсаты: Гормондар, ұйқы және қалқанша бездерінің, гипоталамус гормондары жӛнінде толық мағлұмат 
беріп, гормондардың қызметін түсіндіру. 
 
Сабақтың жоспары: 
1.
 
Гормондар жӛнінде негізгі түсінік. 
2.
 
Гормондардың жіктелуі. 
3.
 
Ұйқы және қалқанша бездерінің гормондары. 
4.
 
Ұйқы және қалқанша бездерінің гормондары қызметінің биологиялық маңызы. 
5.
 
Гипофиз, гипоталамус жӛнінде негізгі түсінік. 
6.
 
Гипофиздің алдыңғы бӛлігінің (аденогипофиз) гормондары. 
7.
 
Гипофиздің ортаңғы және артқы бӛлігінің (нейрогипофиз) гормондары. 
8.
 
Гипоталамус гормондары. 
9.
 
Гипофиз және гипоталамус гормондары қызметінің биологиялық маңызы. 
 
Әдістемелік нұсқаулар: 
1.
 
Гормондар, ұйқы және қалқанша бездерінің гормондары жӛнінде қысқаша баяндаңыз. 
2.
 
«Гормондар» тақырыбына тест тапсырмаларын орындаңыз. 
3.
 
Гипофиз және гипоталамус гормондарының жіктелуін, биологиялыққызметін қысқаша баяндаңыз. 
4.
 
«Гормондар» тақырыбына тест тапсырмаларын орындаңыз. 
 
Ескерту: «Гормондар» тақырыбы бойынша тест тапсырмаларына «Биохимия» оқулығы бойынша дайындалыңыз. 
Әдебиеттер: 
1.
 
Сейітов З.С. Биологиялық химия. – Алматы: «Қайнар», 1992. 
2.
 
Қайырханов Қ.К. Жануарлар биохимиясы. –Алматы: «Ана тілі», 1993. 
3.
 
Сеитов З.С. Биохимия.– Алматы: «Қазақ университеті», 2001. 
 
№5,6 тәжірбиелік сабақтар 
Тақырыбы: «Биологиялық тотығу» 
Сабақтың мақсаты: Биологиялық тотығу және биототығу процестерінің теориясы жӛнінде толық мағлұмат беру. 
 
Сабақтың жоспары: 
1.
 
Биоэнергетика жӛнінде негізгі түсінік. 
2.
 
Биологиялық тотығу жӛніндегі ұғымның дамуы. 
3.
 
Биологиялық тотығудың осы заманғы теориясы. 
4.
 
Тыныстану тізбегі және ферменттері. 
5.
 
Митчеллдің теориясы. 
 
Әдістемелік нұсқаулар: 
1.
 
Биологиялық тотығу және биототығу процестерінің теориясы жӛнінде қысқаша баяндаңыз. 
2.
 
«Биологиялық тотығу» тақырыбына тест тапсырмаларын орындаңыз. 
 
Ескерту:  «Биологиялық  тотығу»  тақырыбы  бойынша  тест  тапсырмаларына  «Биохимия»  оқулығы  бойынша 
дайындалыңыз. 
Әдебиеттер: 
1.
 
Сейітов З.С. Биологиялық химия. – Алматы: «Қайнар», 1992. 
2.
 
Қайырханов Қ.К. Жануарлар биохимиясы. –Алматы: «Ана тілі», 1993. 
3.
 
Сеитов З.С. Биохимия.– Алматы: «Қазақ университеті», 2001. 
 
№7 тәжірбиелік сабақ 
Тақырыбы: «Кӛмірсулар химиясы» 
Сабақтың  мақсаты:  Кӛмірсулар  жӛнінде  толық  мағлұмат  беріп,  кӛмірсулар  химиялық  құрамын,  қасиеттерін 
түсіндіру. 
 
Сабақтың жоспары: 
1.
 
Кӛмірсулар жӛнінде негізгі түсінік. 
2.
 
Кӛмірсулардың жіктелуі. 
3.
 
Моносахаридтер, құрылымы және қасиеттері. 
4.
 
Дисахаридтер, құрылымы және қасиеттері. 
5.
 
Полисахаридтер, құрылымы және қасиеттері. 

6.
 
Кӛмірсулардың қызметі және биологиялық маңызы. 
 
Әдістемелік нұсқаулар: 
1.
 
Кӛмірсулар, кӛмірсулардың жіктелуін, қызметінің биологиялық маңызын қысқаша баяндаңыз. 
2.
 
«Кӛмірсулар химиясы» тақырыбына тест тапсырмаларын орындаңыз. 
3.
 
«Кӛмірсулар химиясы» тақырыбына жаттығу жұмыстарын орындаңыз. 
 
Ескерту:  «Кӛмірсулар  химиясы»  тақырыбы  бойынша  тест  тапсырмаларына  «Биохимия»  оқулығы  бойынша 
дайындалыңыз. 
Әдебиеттер: 
1.
 
Сейітов З.С. Биологиялық химия. – Алматы: «Қайнар», 1992. 
2.
 
Қайырханов Қ.К. Жануарлар биохимиясы. –Алматы: «Ана тілі», 1993. 
3.
 
Сеитов З.С. Биохимия.– Алматы: «Қазақ университеті», 2001. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет