Н. О. Базанова атындағы физиология, морфология және биохимия кафедрасы jbhim «Жануарлар биохимиясы»



Pdf көрінісі
бет18/19
Дата24.03.2017
өлшемі2,7 Mb.
#10348
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

8 – зертханалық жҧмыс  
Қандағы глюкозаны Сомоджи әдісімен анықтау 
Жұмыстың мақсаты. Студенттерді қанның құрамындағы глюкозаны анықтау әдісімен таныстыру. 
Әдістің  принціпі.    Глюкозаны  анықтау  әдісі  оның  сілтілік  ортада  күкірт  қышқыл  мыстың  әсерінен  тотығуына 
негізделген.  Пайда  болған  мыс  оксиді  /I/  йодпен  қайта  тотығады  да,  ал  йодтың  қалған  мӛлшері  гипосульфидпен 
титрленеді. 
Реактивтер мен құралдар 
1. ZnSO4  5%-ті ертіндісі. 
5. 0,005н натрий гипосульфиті. 
2. 0,3н натрий гидроксидінің ертіндісі. 
6. 1 %  крахмал ертіндісі (индикатор). 
3. Сомоджи реактиві, 1 л ертіндісінің қүрамы: 
а) күкірт қышқыл мыс - 8 г 
б) кӛмірқышқыл натрий - 30 г 
в) сегнет тұзы - 30 г 
г) калий йодиді - 5 г 
д) натрий гидроксиді - 40 мл 1н ертінді 
е) күкірт қышқыл натрий /сусыз/ -.180 г 
7. Пробиркалар, микробюретка. 
4. 2н күкірт қышқыл ертіндісі. 
 
Жұмысты орындау тәртібі  
0,5 мл қанға 7,5 мл дистилденген су, 1 мл 0,3н NаОН және 1 мл цинк  сульфатын құйып сұйылтады. Қоспаны мұқият 
араластырып, тұнбаға түскен белокты сүзіп алады. 
5  мл  тұнық  сүзіндіге  5  мл  Сомоджи  реактивін  «қант»  пробиркасында  араластырып,  15  мин  су  моншасында 
қыздырады.  Пробиркадағы  ерітінді  суығаннан  кейін  2,5  мл  2н  күкірт  қышқылын  құйып  араластырады  да,  0,005н 
гипосульфит ертіндісімен титрлейді. Екінші  «қант»  пробиркасына сүзіндінің орнына 5 мл су алып тәжірйбені қатар 
жүргізеді.  Титрлеу  айырмашылығы  арқылы  калибрлеу  графигінен  қанның  құрамындағы  глюкозаның 
концентрациясын анықтайды. 
Қосымша нұсқау 
1. Ертіндіні қышқылдандыру үшін күкірт қышқылын жедел құйып араластыру қажет. 
2. «Кӛмірсулар және олардың алмасуы» тақырыбы бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз. 
Өз бетімен дайындалуға арналған тапсырма 
Оқулық және дәріс конспектісі бойынша  «Кӛмірсулардың қортылуы және сіңуі» тақырыбына дайындалып келу. 
Проблемалық сұрақтар 
3.
 
Күйіс қайыратын жануарлардың қанының құрамында глюкоза неліктен аз? 
4.
 
Қан құрамындағы кӛмірсулар мӛлшері қалай реттеледі?  
 
9 – зертханалық жҧмыс  
Майдағы йод санын маргошес әдісімен анықтау 
Әдістің принціпі. Майдағы йод саны - 100 г майға қосылатын йодтың мӛлшері (г), майдың қанықпағандық дәрежесін 
кӛрсетеді. Йод санын анықтау тәсілі ғалогендердің май құрамындағы қанықпаған қышқылдармен қосылу реакциясына 
негізделген.   
 
Реактивтер мен құралдар 
Май,  этанол,  5%  -ті  йодтың  спирттегі  ертіндісі,  1%  -ті  крахмал  ертіндісі,  натрий  гипосульфитнің  0,1н  ертіндісі 
(Na2S2O3),  300  мл  қақпақты  колбалар  -  2  дана,  бюретка,  200  мл  цилиндр,  10  мл  пипеткалар  -  2  дана,  су  моншасы, 
таразы.   
Жұмыстың орындалу тәртібі 
300 мл колбада 0,10-0,12 г майды 10 мл этил спиртінде еріту үшін су моншасына салып қыздырады. Екінші колбаға 
тек 10 мл этил спиртін құйып тәжірибені қатар жүргізеді. Екі колбаға да 5 мл 5 %  йодтың спирттегі ертіндісі мен 200 

мл жылы су /20-30°С/ құйып, араластырады да, 5 мин колбаның аузын қақпақпен жауып қояды. Екі колбадағы йодтың 
артық  мӛлшерін  0,1н  гипосульфит  ертіндісімен  титрлейді.  Индикатор  ретінде  10-12  тамшы  1%  крахмал  ертіндісін 
пайдаланады. Титрлеуді ертіндінің кӛк түсі жойылғанға дейін жүргізед. Майдагы йод санын мына формула бойынша 
анықтайды         
х = (а - в) 

 0,0127 

 І00/c;     
мұнда: 
х - майдағы йод саны;   
а - бос тәжірибеге (майсыз) кеткен гипосульфит мӛлшері; 
в - маймен жүргізілген тәжірибеге кеткен гипосульфит мӛлшері;    
с - майдың салмағы (г мӛлшерімен); 
0,0127 - 1 мл 0,1н гипосульфит ертіндісіне сәйкес йод мӛлшері. 
Қосымша нұсқау 
1. Майдың толық еруін қадағалау қажет. 
2. Йод пен суды қосқаннан кейін қоспаны мұқият араластырады.         
3. Титрлеуді асықпай, мұқият жүргізу керек. 
4. «Липидтер және олардың алмасуы» тақырыбы бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз. 
Өз бетімен дайындалуға арналған тапсырма 
1. Майдың және май құрамына кіретін қышқылдврдың формуласын жазу. 
2. Үшолеин мен йодтың әрекеттесу реакциясының теңдеуін жаз. 
 Проблемалық сұрақтар  
1. Майдағы йод санының оның биологиялық қасиеттеріне қандай әсері бар?          
2. Йод санының анықтаудың  қажеттілігі қандай?  
10 – зертханалық жҧмыс  
Белокты диализ арқылы тазарту 
Жұмыстың  мақсаты.  Студенттерді  белоктардың  физика-химиялық  қасиеттерімен  және  диализ  әдістерімен 
таныстыру.  
Әдістің принципі. Диализ әдісі жартылай ӛткізетін қабықшаның молекулалық массасы аз қосылыстарды кішкентай 
кӛзшелерден    ӛткізіп,  ал  молекулалық  массасы  үлкен  косылыстарды  ӛткізбеуіне  байланысты.  Диализ  әдісі  арқылы 
белоктардың  ертіндісін  оларға  араласқан  түздардан,  углеводтардан  және  т.б.  молекулалық  массасы  тӛмен 
қосылыстардан тазартады. 
Реактивтер мен құралдар 
1. NаCl қосылған белок ертіндісі. 
6. Целлофан қағаздары. 
2. 0,5% -ті   АgNО3 ертіндісі. 
7. Стакан. 
3. 10% -ті   НNО3 ертіндісі. 
8. Шыны таяқша. 
4. 1% -ті   СuSO4 ертіндісі. 
9. Пробирка. 
5. 10% -ті NаОН ертіндісі. 
 
Жұмысты орындау тәртібі 
NaCl араласқан 5 мл белок ертіндісін целлофан қалтаға құйып, дистилденген су кұйылған стаканға батырады. Диализ 
бӛлме  температурасында  20-30  минут  жүргізеді.  Диализ  барысында  дистилденген  сумен  Сl-  ионына  және  белокқа 
сапалық  реакция  жасау  керек.  Диализ  біткеннен  кейін  осы  сапалық  реакцияларды  целлофандағы  белокпен  және 
стакандағы сумен жасайды. 
а)  СІ-  ионына  сапалық  реакция.  Екі  пробирка  алып,  біріншісіне  1-2  мл  белок  ертіндісін  целлофан  қалтадан,  екінші 
пробиркаға 1-2 мл стакандағы судан құяды. Екеуіне де 2-3 тамшы AgNO
3
 ерітіндісін қосады. Не пайда болады? Неге 
олай? 
б)  Биурет  реакциясы  арқылы  белокты  анықтау.  Бірінші  пробиркаға  1-2  мл  целлофан  қалтадағы  белок  ертіндісін, 
екінші пробиркаға диализ жүрген стакандағы судан 1-2 мл құяды. Екі пробиркаға да 1-2 мл NaОН ертіндісін және 3-5 
тамшы СuSО
4
 ертіндісін қосады. Не байқалады? Неліктен? 
Қосымша нұсқау 
1. Целлофан қалтаға белок ертіндісін құйған кезде, осы қалтаның сыртына белок құйылып кетпегенін байқау керек. 
2. «Белоктар және олардың алмасуы» тақырыбы бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз. 
Өз бетімен дайындалуға арналған тапсырма 
Оқулық пен лекция конспектісін пайдалана отырып «Белок» тақырыбына әзірлену керек. 
 
 
 
11 – зертханалық жҧмыс  
Қан сарысуындағы жалпы белокты рефрактометриялық әдіспен анықтау 
Жұмыстың  мақсаты.  Рефрактометрия  әдісі  әртүрлі  заттардың  жарық  сәулелерін  сындыру  қасиетіне  негізделген. 
Ертінділердің сыну кӛрсеткіші еріген заттың табиғатына, оның концентрациясын және температураға байланысты.  
Қан сарысуында сыну кӛрсеткіші қан құрамындағы басқа заттардан гӛрі белоктардың мӛлшеріне байланысты болады. 
 Реактивтер мен құралдар 
1. Рефрактометр 
2. Пипеткалар /тамшылық/ 
3. Сүзгіш қағаз 
4. Дәке 
5. Қан сарысуы 
Жұмысты орындау тәртібі 
1. Рефрактометрдің жоғарғы призмасын ашып, спиртке малынған дәкемен призмаларды тазартады. 

2. Астыңғы призмаға пипеткамен бірнеше тамшы дистилденген суды призманың түгел бетіне жағады. 
3. Жоғарғы призманы жабады. 
4.  Оқулярдың  жоғарғы  әйнекшесіндегі  түзулердің  қиылысына,  сол  жақ  винтті  бұрай  отырып,  ақ-қара  шекарасын 
әкеліп орналастырады. 
5. Оқулярдың тӛменгі әйнекшесінен шкала бойынша  сыну кӛрсеткішін анықтайды. Судың сыну  кӛрсеткіші  20°С-да 
1,333-ке тең болады. 
6. Анықтап болғаннан кейін рефрактометрдің жоғарғы призмасын ашып, призмаларды дәке тампонымен тазартады. 
7. Призмаға бірнеше тамшы қан сарысуын тамызып, жоғарыда айтылғандай сыну кӛрсеткішін анықтайды. 
8. Сыну кӛрсеткіші бойынша таблица арқылы қан сарысуындағы белок мӛлшерін анықтайды. 
Қосымша нұсқау 
1. Ертінді тамшыларын тамызған кезде призма бетіне дақ түсірмеу керек (сызықтар). 
2. Жұмыс аяқталғаннан кеиін призмаларды дистилденген сумен жуып дәкемен сүртіп тазартады. 
3. «Белоктар және олардың алмасуы» тақырыбы бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз. 
Өз бетімен дайындалуға арналған тапсырма 
Оқулықтан және дәріс конспектісінен «Белоктар»«Қанның химиялық құрамы» атты тақырыптарға дайындалып келу.  
 
 
12 – зертханалық жҧмыс  
Сҥттегі казеинді анықтау 
Жұмыстың мақсаты. Белоктардың сандық құрамын анықтау әдісімен танысу.                        
Әдістің принціпі. Казейнді анықтау тәсілі сүтті 0,1н NaOH ертіндісмен нейтралдауға негізделген. Казеиннің мӛлшері 
0,1н  NaОН  ертіндісінің  казеинмен  және  казеинсіз  жүргізілген  тәжірибеге  кеткен  мӛлшерінің  айырмасы  бойынша 
анықталады. 
Реактивтер мен құралдар 
0,04н  Н2SО4 ертіндісі, 0,1н NаОН ертіндісі, фенолфталеиннің 2% ертіндісі, 200 мл Эрленмейер колбасы - 2 дана, 100 
мл мензурка - 1 дана, . 100 мл ӛлшем колба - 1 дана, 20 мл Мор пипеткасы - 1 дана, воронка, 50 мл бюретка - дана, 
Бунзен штативі /сақинасымен/, сүзгіш қағаз. 
Жұмысты орындау тәртібі 
Екі колбаның әрқайсысына 20 мл сүт және 80 мл дистилденген су құйып, колбаның біреуіне бюреткадан 0,04н күкірт 
қышқылының ертіндісін казеин тұнбасы түскенге дейін тамшылатып қосады (шамамен 23-28 мл). 
Екінші  колбаға  да  күкірт  кышкылының  сондай  мӛлшерін  құяды.  Бірінші  колбадагы  казеин  түнбасының  бетіндегі 
сұйықты  100  мл  ӛлшем  колбаға  сүзіп  бӛліп  алады.  Казеин  тұнбасы  бар  екінші  колбаға  2-3  тамшы  фенолфталеин 
косып, 0,1н NаОН ертіндісімен солғын күлгін түске дейін титрлейді. 
100 мл ӛлшем кодбадағы фильтратты Эрленмейер колбасына ауыстырып, 2-3 тамшы фенолфталеин қосып 0,1н NaOH 
ертіндісімен солғын қызғылт түске дейін титрлейді. 
Есептеу мына формула боиынша нүргізіледі; 
х = (a - bc/100) 

 0,55 
х - казеиннің сүттегі проценттік мӛлшері; 
а - казеин тұнбасы бар колбаға кеткен 0,1н NаОН ертіндісінің мӛлшері; 
в - 100 мл филтратты титрлеуге кеткен 0,1н NаОН ертіндісінің мӛлшері; 
с - бірінші колбадағы сұйықтың жалпы мӛлшері; 
0,55 - казеин мӛлшерін процентке айналдыру коэффициенті. 
Қосымша нұсқау 
1. 0,04н күкірт кышқылын косқан кезде сүті бар колбаны қатты шайқамайды. 
2. Сүзгіш қағаздарды сүзу кезінде қолмен ұстамау керек. 
3. «Белоктар және олардың алмасуы» тақырыбы бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз. 
Өз бетімен дайындалуға арналған тапсырма 
Оқулықтан «Амин қышқылдары мен белоктар» тарауын кайталау 
Проблемалық сұрақтар 
1. Казеиннің биологиялық қасиеттері. 
2. Сүтке Н2SО4 ертіндісін қосқан кезде казеиннің тұнбаға түсуі неліктен?  
 
 
13 – зертханалық жҧмыс  
Қан сарысуындағы иммуноглобулиндерді анықтау 
Жұмыстың  принципі.  Әдіс  Кункелдің  эффектісіне  негізделген,  себебі  цинк  сульфатының  қанның  сарысуындағы 
иммуноглобулиндер әрекеттесуі нәтижесінде сұйық лайланады. 
Лайдың дәрежесі иммуноглобулиндердің мӛлшеріне тікелей байланысты. 
Реактивтер мен құралдар 
1. Дистилденген сумен 40 есе сұйытылған қанның сары суы (рН - 7.0-7,8) 
2. Цинк сульфатының ертіндісі (50 мг ZnSO4

7Н2О 1 л рН-ы 7,0-7,3 дистилденген суда ерітеді). 
3. ФЭК. 
4. Пробирка - 1 дана 
5. Пипеткалар - 1 мл және 5 мл 
Жұмысты орындау тәртібі 
1 мл сұйытылған қанның сарысуына 5 мл цинк сульфатының ертіндісін құйып, жақсы араластырады да, 60 мин бӛлме 
температурасында  қалдырады.  Уақыт  ӛткен  соң  фотометрлейді  /ФЭК-56М,540  нм/.  Иммуноглобулин  мӛлшерін 
таблицаның кӛмегімен анықтайды. 

Есептеу мысалы: ФЭК-тің кӛрсеткіш-0,230, ол иммуноглобулиннің 1,25 мг/мл тең. Демек, 1,25мг/мл х 40=50мг/мл. 
Қосымша нұсқау 
1. Қанды сұйылтатын және цинк сульфатын ерітетін дистилденген судың рН-ы 7,0-7,3 болуы керек. 
2. «Белоктар және олардың алмасуы» тақырыбы бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз. 
Өз бетімен дайындалуға арналған тапсырма     
Оқулықтан «Қанның белоктары» атты тақырыпқа дайындалып келу. 
 
14 – зертханалық жҧмыс  
Нуклеопротеидтер гидролизі 
Жұмыстың мақсаты. Күрделі белок - ңуклеопротеидтердің химиялық кұрамын анықтау. 
Жұмыстың  принципі.  Нуклеопротеидтердің  құрамын  анықтау  үшін  қышқылдық  гидролиз  жүргізеді.  Жартылай 
гидролиз  барысында  нуклеопротеидтер  қарапайым  белок  және  нуклеин  қышқылдарына  ыдырайды. 
Нуклеопротеидтердің толық гидролизі нәтижесінде мына заттар түзіледі: 1). Полипептидтер мен амин қышқылдары; 
2). Пурин және пиримидин негіздері; З). Кӛмірсулар (рибоза және дезоксирибоза); 4). Фосфор қышқылы. Гидролизат 
құрамындағы заттарды сапалық реакциялармен ашады. 
Реактивтер мен құралдар 
Ашытқы  (дрожжи),  5%    Н2SО4  ертіндісі  NаОН  ертіндісі,  10%  NaOH  ертіндісі,  2  %  CuSO4  ертіндісі,  концентрлі  
NН4ОН, 2% АgNО3 ертіндісі, фелинг сұйығы, молибден реактиві, лакмус қағазы, 100 мл колба, шыны түтікшелер (60 
см), асбест тӛселген плитка, воронка. 
Жұмысты орындау тәртібі 
100  мл  колбаға  0,5  г  ашытқы  салып,  20  мл  5%  Н2SО4  ертіндісін  құяды.  Колбаның  аузын  ұзын  шыны  түтікшемен 
жалғасқан тығынмен жауып 45 мин плиткада қайнатады. Колбадағы сұйық суығаннан кейін, оны сүзеді. Сүзіндімен 
мына реакцияларды жүргізеді. 
1. Белокты анықтау. 1 мл гидролизатқа сілтілік ортаға дейін (лакмус арқылы анықтайды) 10% NаОН ертіндісін және 
бірнеше тамшы CuSO4 қосады. Ертіндінің кӛкшіл-күлгін тұске боялуы полипептидтерге байланысты. 
2. Азотты негіздерді анықтау. 0,5 мл гидролизатка 3-4 тамшы аммиак ертіндісі мен 5-6 тамшы 2% АgNО3  қосады. 
Азотты негіздерінің бар екенін қоспада біраз уақыт тұрғаннан кейін бозғылт түсті тұнба түсуі кӛрсетеді. 
3.  Көмірсуларды  анықтау.  1  мл  гидролизатқа  8-10  тамшы  Фелинг  сұйығын  құйып,  қайнағанға  дейін  қыздырады. 
Кӛмірсулар-альдозалардың бар екенінін қызыл түсті мыс оксидінің /I/ тұнбаға түсуі кӛрсетеді. 
4. Молибден тәжірибесімен фосфор қышқылын анықтау
5 тамшы гидролизатқа 10 тамшы молибден реактивін косып қайнатқанда фосфор  - молибден аммонийінің сары түсті 
тұнбасы пайда болады. 
12(NH4)2MoO4 + H3PO4 + 21HNO3  

   21(NH4)NO3 + (NH4)3РO4

12MoO4

6H2O + 6H2O 
Қосымша нұсқау 
1. Гидролизді жай қыздыру арқылы жүргізеді. Гидролизаттың шыны түтікшелерінен тасып кетпеуін қадағалау қажет. 
2. «Нуклеин қышқылдары» тақырыбы бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз. 
Өз бетімен   дайындалуға арналған тапсырма 
Оқулық және дәріс конспектісі бойынша «Нуклепротеидтер, нуклеин қышқылдары» тарауларына дайындалу. 
Проблемалық сұрақтар 
1. ДНҚ, химиялық құрамы, құрылысы және маңызы. 
2. РНҚ-ның түрлері.құрылысы және маңызы 
3. Нуклепротеидтердің гидролизінің схемасы. 
15 – зертханалық жҧмыс  
Қан сарысуындағы кальцийдің сандық мӛлшерін анықтау 
Жұмыстың мақсаты. Қанды клиникалық зерттеу әдістерімен танысу. 
Әдістің принципі. Қан  сарысуында ерігіш тұз түрінде кездесетін кальцийді қымыздық қышқыл аммониймен тұнбаға 
түсіреді. 
СаСl2 + (NH4)2C2O4)  

  CaC2O4 + 2NH4Cl 
Тұнбаға түскен қымыздық қышқыл кальцийді қымыздық қышқыл аммонийдің артық мӛлшерінен аммиак ертіндісімен 
жуып, күкірт қышқылында ерітеді. 
CaC2O4 + H2SO4  

  H2C2O4 + CaSO4 
Бӛлініп шыққан кымыздық қышқылын 0,01н КМnО4 ертіндісімен тирлейді. 
5H2C2O4 + 2КМnО4 + 3H2SO4  

   К2SO4 + 2МnSO4 + 8Н2О + 10СО2 
Қымыздық қышқылын титрлеуге кеткен КМnО4 мӛлшері қан сарысуындағы кальцийдің мӛлшерін кӛрсетеді. 
Реактивтер мен құралдар 
Қымыздық  қышқыл  аммоний  ((NH4)2C2O4)  ертіндісі,  қан  сарысуы,  2%    аммиактың  судағы  ертіндісі,  0,01н  КМnО4 
ертіндісі,  центрифуға (1500 айн/мин), су моншасы, пипеткалар (2 мл, 1 мл, 5 мл), микробюреткалар (2 мл)м, шыны 
таяқша. 
Жұмысты орындау тәртібі 
Центрифуға пробиркасына 2 мл дистилденген су, 2 мл кан сарысуын және 1 мл қымыздық қышқыл аммоний құйыгі, 
араластырып  15  мин  уақытқа  қалдырады.  Екінші  пробиркаға  кан  сарысуы  орнына  2  мл  дистилденген  су  алып 
салыстырмалы тәжірибені катар жүргізеді. 
Пробиркаларды  5  мин  1500  айн/мин  жылдамдықпен  центрифуғада  айналдырғанда,  қан  сарысуымен  жүргізген 
тәжірибеде тұнба пайда болады. Пробиркалардағы сұйықты тӛгіп, орнына 4 мл 2 % NH4ОН ертіндісін құяды да, 5 мин 
центрифуғада айналдырады. 
Аммиак ертіндісімен пробиркаларды 3 рет жуады. Әр жуғаннан кейін центрифуғада айналдырып, сұйыктықты тӛгіп 
отырады. Соңғы рет жуғаннан кейін пробирканы сорғыш кағазбен құрғатады. 

Екі  пробиркаға  да  2  мл  1  Н  Н2SО4  ертіндісін  құйып  шыны  таяқшамен  араластырып,  2  мин  қайнап  тұрған  суы  бар 
стаканға салып қояды. 
Ертіндіні ыстық күйінде 0,0І Н КМпО4 қызғылт түске енгенше титрлейді. 
Кальцийдің мӛлшерін формула бойынша есептейді. 
х = (a-b) × 0,2×100/2 =  мг %  Са, мұнда, 
а - қан сарысуымен жүргізілген тӛжірибеге кеткен КМпО4 кӛлемі /мл/ 
b - салыстырмалы тәжірибеге кеткен КМпО4 кӛлемі /мл/ 
 
Қосымша нұсқау 
Қымыздық қышқыл калий тұнбасын жуған кезде тұнбаны жоғалтпау керек. 
Проблемалық сұрақта 
1. Кальций тұздарының орғанизмдегі биологиялық қасиеттері.               
2. Кальций тұздарын реттеуге қатысатын витаминдер мен гормондар.                                     
3. Кальций тұздары алмасуының патологиясы.  
 
«Жануарлар биохимиясы» пәнінен студенттердің ӛздіндік жҧмыстарына арналған әдістемелік нҧсқаулар 
1-тапсырма 
Тақырыбы: «Суда еритін витаминдер» 
Витаминдердің химиялық құрылысы, физико-химиялық қасиеттері, физиологиялық қызметі, табиғатта таралуы алуан 
түрлі. Сондықтан витаминдерге бір сӛзбен анықтама беруге болмайды. 
Организмнің  дұрыс,  қалыпты  жағдайда  жұмыс  істеуіне  міндетті  түрде  қажет,  қоректік  заттар  –  кӛмірсуларға, 
майларға,  белоктарға  қосымша  ретінде  пайдалануға  болатын  биологиялық  активті  заттарды  витаминдер  деп  атауға 
болады. 
Витаминдер негізінен организмде синтезделінбейді, сондықтан олар қоректік заттармен түсуге тиіс. 
Егер  организмде  бір  немесе  бірнеше  витаминдер  жоқ  болса,  оны  авитаминоз  егер  витаминдер  жетіспесе 
гиповитаминоз деп атайды. 
Физико-химиялық  қасиеттері  бойынша  витаминдер  майда  еритін  (липовитаминдср)  және  суда  сритін 
(гидровитаминдер) болып екі топқа болінеді. 
Тапсырма  мақсаты.  Витаминдердің  химиялық  табиғаты,  биологиялық  қьтзметімен  танысып,  олардың  зат  алмасу 
процссіндегі ролін талдау. 
Студенттің  міндеті.  Осы  тақырыпты  ұкыпты,  мүқият  оқып  шығып  В1,  В2,  РР,  В6,  С,  Р,  пантотен,  пантотен 
қышықылы,  парааминобензой  қышқылы,  фолий  қышқылы,  В2,  инозит  және  биотин  витаминдері  туралы 
материалдардан конспект жазу. 
Конспект жоспары: 
1.
 
Жоғарыда кӛрсетілген витаминдердің: 
2.
 
Аттары. 
3.
 
Химиялық формулалары. 
4.
 
Коферменттік қызметі. 
5.
 
Зат алмасу процесіне әсері. 
6.
 
Организмде синтезделуі. 
7.
 
Табиғатта таралуы. 
8.
 
Витаминдерге тән авитаминоздар және малдың тиімділігі. 
Қорытынды.  
Студеит  оқыған  материалдың  негізінде  суда  сритің  витаминдердің  коферменттік  маңызын  түсініп,  витаминдермен 
тығыз байланыстылығы туралы қорытынды жасауы керек. 
Бақылау тәсілі.        
Ауызша әңгімелесу арқылы студенттердің білімін анықтап, конспект тексеру және жазбаша жұмыс жүргізу.  
 
2-тапсырма 
Тақырыбы: «Жыныс бездерінің және гипофиздің гормондары» 
«Гормон»  деген  термин  гректің  (һоrmао  —  қоздырамын)  деген  сӛзінен  шыққан.  Гормондар  аздаған  молшерле  ішкі 
секреция бездерінде синтезделіп, қан арқылы нысана торшаларына әсер етеді. Гормондар зат алмасу процесіне активті 
қатысады.  Торшалардың  осуі,  жүрек  жұмысы,  қан  қысымы,  бүйрек  қызметі.  ішектің  қозғалысы,  ас  қорытуға 
қатысатып ферментгердің бӛлінуі, лактация, жыныс органдарының қызметі, гомеостаз және т.б. гормондарға тікелей 
байланысты. 
Биохимиялық  гормондарды  зерттейтін  бӛлігі  эндокринология  деп  аталады.  Гормондардың  қызметі  бүзылған  кезде 
организмде әртүрлі ауралар пайда болады. Сондықтан, эндокринология биохимиялық келешегі ӛтс зор, практикалық 
маңызы күшті үлкен саласы болып табылады. 
Тапсырма  мақсаты.  Жыныс  бездерінің  және  гипофиздіц  негізгі  гормондарымен  танысып,  олардың  зат  алмасу 
процесіндегі манызына гипофиз гормондарының басқа бездердің қызметіне тигізетін әсерін білу. 
Студенттің міндеті. Такдэірыпты мұқият оқып шығып, копспект жасау, жазбаша жұмысқа дайындалу. 
 
Конспект жоспары 
1. Әйелдердің жыныс гормондары (эстрадиол, прогестерон). 
2. Ерлердің жыныс гормондар (тестостерон). 
3. Гипофиздің алдыңғы бӛлігініц гормондары. 
3.1. Ӛсу гормоны (соматотропин). 
3.2. Адренокортикотроптық гормон (АКТГ). 

3.3. Тиреотроптық гормон (ТТГ). 
3.4. Лактогендік гормон (ЛТГ). 
3.5. Фоликулостимулдеу гормоны (ФСГ). 
3.6. Лютеиндену гормоны. 
4. Гипофиздің артқы бӛлігінің гормондары. 
4.1. Окситоцин. 
4.2. Вапрессин. 
5. Гилофиздің ортаңғы бӛлігінің гормоңдары (меланотропин немесе интермедин). 
Қорытынды.  Студент  оқыған  материалдың  негізінде  орталық  жүйке  жүйесі  мен  гипофиз  гормондарының  тығыз 
байланыста  болып,  барлық  басқа  ішкі  секреция  бездерінің  қызметіне  үлкен  әсер  ететіні  туралы  қорытында  жасау 
керек. 
Бақылау тәсілі. Конспект тексеру, программалық бақылау, жазбаша жұмыс жүргізу.  
 
3-тапсырма 
Тақырыбы: «Амин қышқылдарының және кҥрделі белоктрадың алмасуы» 
Белоктардың  алмасуы  ең  негізгі  биохимиялық  процестердің  бірі.  Организмдегі  барлық  процестср  бір  мақсатқа  - 
белоктар  синтезіне  бағытталған,  себебі  кӛмірсулардың,  майладыц  нуклеин  қышқылдарының,  минералды  заттардың 
алмасуының ӛнімдері арнаулы белоктар синтезіне пайдаланылады. 
Барлық қоректік белоктар асқазанда амин қышқылдарына гидролизденіп, қанға сіңіп, барлық торшаларға жеткізіледі. 
Торшаларда  олардан  қоректі  белоктар  синтезделеді.  Белок  синтезіне  пайдаланылмаған  амин  қышқылдары  қайта 
аминдену, дезаминдену, декарбоксилдену процестеріне ұшырайды. 
Қайта  аминдену  реакциясы  арнаулы  ферменттер  -  аминотрансферазалармен    катализденеді.  Бұл  реакцияның 
нәтижесінде амин қышқылының құрамындағы амин тобы, кето қышқылыға тасмалданып, екі жаца ӛнім  - жаңа амин 
қышқылы  және  жаңа  кето  қышшқылы  пайда  болады.  Қайта  аминдену  процесі  алмастыруға  болатын  амин 
қышқылдарының негізгі синтезделу жолы. 
Дезаминдену реакциясының нәтижесінде амин қышқылындағы амин тобы аммиак түрінде бӛлініп шығады. Улы зат - 
аммиак, бауырда мочевинаға айналып, зәрмен шығып отырады. 
Декарбоксилдену реакциясының нәтижесінде карбоксил тобынан СО2 болініп шығып, амин пайда болады. Аминдер 
әртүрлі биохимиялық ӛзгерістерге ұшырайды. 
Тапсырманың  мақсаты.  Амин  қышқылдарының  торшалардағы  пайдалануын,  олардан  шығатын  ақырғы  ӛнімдердің 
табиғатын білу және күрделі белоктардың маңызы, қорытылу жолдарымен танысу. 
Студенттің міндеті. Тақырыпты мұқият оқып шығып, конспект жасау. Ауызша әңгімеге дайындалу. 
 
Конспект жоспары 
1.  Маңызды амин қышқылдарының организмдегі алмасу ерекшеліктері: 
1.1. Треониннің; 
1.2. Цистеиннін, цистиннің және метиониннің; 
1.3. Аспарагии және глутамин қышқылдарының; 
1.4. Лизиннің; 
1.5. Фенилаланиннің және тирозиннің; 
1.6. Триптофанның: 
1.7. Гистидиннің. 
2. Нуклеопротеидтердің алмасуы. 
2.1. Нуклеопротеидтердің қорытылуы; 
2.2.  Нуклеин  қышқылдарының  ыдырау  (мононуклеотидтердің,  нуклеозидтердің,  гипоксантиннің,  ксантиннің,  несеп 
қышқылының, аллотоиннің түзілуі). 
3. Хромоиротеидтердің алмасуы. 
3.1. Хромопротеидтердің қорытылуы; 
3.2. Гемоглобиннің ыдырауы (вердоглобулиннің, биливердиннің, билирубиннің түзілуі); 
3.3. Гем мен гемоглобиннің биосинтезі (қысқаша). 
Қорытынды.  Студент  амин  қышқылдарының  белок  синтездеу  процесіндегі  ролін  түсініп,  кейбір  амин 
қышкылдарының  ерекше  алмасу реакцияларына  түсіп организмге  қажетті заттар түзетіні  туралы  қорытынды жасау 
керек. 
Бақылау тәсілі. Конспект тексеру, Ауызша әңгіме жүргізу.  
 
4-тапсырма 
Тақырыбы: «Судың және минералдық заттардың алмасуы» 
 
Организм үшін су ӛте маңызды заттардың бірі, себебі су тек клеткаладың міндетті түрде құрамына кіріп қоймайды, ол 
организм үшін негізгі орта, онда барлық биохимиялық процестер жүреді. Судың әсерімен маңызды процесс - күрделі 
заттардың гидролизі іске асады. 
Минералды затардың алмасуы су алмасуымен тығыз байланысты. Судан және тұздардан организм  энергия алмайды, 
бірақ олардың организмнің дұрыс жұмыс істеуіне үлкен қатысы бар. 
Маңызды минералдық элементтерге Са, Мg, Ғе, К, Nа, Р, S және т.б. жатады. 
 
Тапсырманың мақсаты. Минералды заттар мен судың организмдегі қызметімен танысу. 
Студенттің міндеті. Такырыпты ұқыпты, мұқият оқып шығып, конспект жасау. Ауыл шаруашылық малдары үшін 
макро- және  микроэлементтер мен судың қажетті мӛлшерін кӛрсету. 
Конспект жоспары 

4.
 
Судың алмасуы және оның ауыл шаруашылық малдары үшін қажетті мӛлшері. 
5.
 
Макроэлементтердің  (натрий,  калий,  кальций,  магний,  темір,  фосфор,  күкірт,  хлор)  биологиялық  маңызы. 
Олардың алмасу ерекшеліктері және малдарға қажетті молшері. 
6.
 
Микроэлементтердің (цинк, мыс, марганец, кобальт, молибден, йод, бор, фтор) биологиялық маңызы. 
 
Қорытынды. Студент су мен макро- және микроэлементердің организм үшін маңызын талдап, малдың ӛнмділігі мен 
денсаулығы олардың минералды заттармен тиісті мӛлшерде қоректенуіне байланысты екені туралы қорытынды жасау 
керек. 
Бакзылау тәсілі. Конспект тексеру. Ауызша әңгіме жүргізу.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет