Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының


Математика пәнінен үлгілік сабақ жоспарлары



Pdf көрінісі
бет102/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   197
Математика пәнінен үлгілік сабақ жоспарлары 
 
1-сабақ. 
 
Сабақтың тақырыбы: Бір саны мен цифрын сатылай кешенді талдау 
 
Сабақтың мақсаты:
а) Тәрбиелік: Топ мүшелерін оқу материалын меңгеруге бір-біріне 
жәрдемдесе отырып, нақтылыққа, тиянақты жауап беруге бағыттау. 
ә) Білімділік: Әртүрлі тапсырмалар орындау арқылы, бір санының 
мағынасын, ретін, мәнін түсінуге жағдай жасау. 
б) Дамытушылық: Ойлау логикаларын дамытуға жағдай жасалынады
өздіктерінен жұмыс істей білуге дағдыланады. 
 
Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгеру. 
Сабақтың технологиясы: Сатылай кешенді 
оқыту. 
Оқыту формалары: Жеке, жұптық, ұжымдық. 
Көрнекілігі: Кесте, сызба, сурет. 
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, ана тілі. 
Техникалық құралдар: Интерактивті тақта, 
компьютер. 
 
Сабақтың кезеңдері: 
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа бағыттау. 
Оқушылар бір-біріне қарап, жақсы тілек жолдайды. 
ІІ. Ой жинақтау. Мақсаты: өтілетін материалды жеңіл, ұғынықты 
меңгертуге дайындау.  
Интерактивті тақтамен жұмыс.


Жұлдыз-сансыз көп, 
Ай-біреу-ақ. 
Жер-шарында бірден ғана болатын заттарды атаңыздар.( Күн, 
Отан, ана т.б.)
(ұжымдық ) 
ІІІ. Жаңа сабақ. Жаңа білімді меңгеру. Мақсаты: (дербес тұрғыда 
әрекеттер іске асады).
Тірек сызба арқылы 1 саны мен цифрын талдау. 
 1. Анықтама. 1 натурал сан. Себебі, заттарды санауға қолданылатын 
сандар натурал сандар деп аталады. 
 2. Тану.
2.1. Жазылуы. 1 цифры екі элементтен ( бірі екіншісінен кіші 2
таяқшадан) тұрады. Алдымен кіші таяқшаны жазамыз. Оны тор ортасынан 
сәл жоғарырақ бастайды да, тордың жоғарғы оң жақ бұрышына дейін 
жүргізеді. Содан кейін қаламды қағаздан көтермей, негізгі көлбеу 
таяқшаны жаз ды. Тордың жоғарғы оң жақ бұрышынан оның төменгі 
қабырғасының ортасына дейін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет