Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының



Pdf көрінісі
бет104/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   197
 
 
 
 
V. Қорытындылау. Мақсаты: өтілген материал бойынша қорытынды 
жасайды. 
( Интерактивті тақтамен жұмыс) 
Жұмбақ есепті оқып, шешуін табыңыз. Шыққан санға сатылай кешенді 
талдау жасаңыз: 
Бестен төртті алайық, 
Қанша қалды, қарайық ? 
Қарайық та, санайық, 
Санайық та табайық ! 
(................) 
Тілдесім әрекеті бойынша диалог (үйренуші- үйренуші) құру. (жұппен)

1. Анықтама 
2. Тану. 
3. Мағынасы. 


VІ. Кері байланыс 

Сіздерге бүгінгі сабақ ұнады ма? Несімен? 

Нені үйрендіңіз? 

Қай тапсырмада қиындық туды? Неге? 

Осы тақырып бойынша ойыңыз. 
VІІ. Үйге тапсырма.
2-сабақ.
 
Сабақтың тақырыбы: Бір саны мен цифрын сатылай кешенді талдау 
 
Сабақтың мақсаты:
а) Тәрбиелік: Топ мүшелері оқу материалын меңгеруге бір-біріне 
жәрдемдесе отырып, нақтылыққа, тиянақты жауап беруге бағыттау. 
ә) Білімділік: Бір санының қасиеті, сандық сәуледегі орны, салыстыруды 
әртүрлі тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың өздігінен меңгеруге 
мүмкіндік туғызу. 
б) Дамытушылық: Сандық сәуле, санның қасиеті, санды салыстыру 
ұғымдарын өз беттерінше жұмыс жасау арқылы ұғынуға бағыт-бағдар 
беру. 
 
Сабақтың технологиясы: Сатылай кешенді оқыту. 
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Оқыту формалары: Жеке, жұптық, топтық, ұжымдық. 
Көрнекілігі: Сызба.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, ана тілі. 
Техникалық құралдар: Интерактивті тақта, компьютер. 
 
Сабақтың кезеңдері: 
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа бағыттау. 
Кел, балалар, келіңдер, 
Математиканы көріңдер. 
Қане, қарап шығыңдар, 
Білім барда оқу бар. 
Суреттер бойынша төрт топқа бөлінеді ( оқушыларға қиынды суреттер 
таратылады). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет