Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының


бойынша сөйлемге синтаксистік талдау жасау



Pdf көрінісі
бет19/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   197
Байланысты:
«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

бойынша сөйлемге синтаксистік талдау жасау. 
Үлгі: 
Сәлем – сөздің анасы. 
1.1. Екі тыныс белгі бар. Олар: нүкте (.) және сызықша (-). Нүктенің 
қойылу себебі, ... . Сызықшаның қойылу себебі, ... .
1.2. Айтылу сазы мен мазмұнына қарай – хабарлы сөйлем. Себебі, ой 
баяндай жеткізіліп тұр. Хабарлы сөйлем дегеніміз айтылу мақсаты 
хабарлау, суреттеу, баяндауды білдіретін сөйлемнің түрі. Хабарлы сөйлем 
интонациялық жағынан көтеріңкі басталып, бәсеңдеп бітеді. Сөйлем 
соңында жазуда нүкте қойылады.
IIІ. Жаңа білімді меңгеру.
Мақсаты: дербес тұрғыда әрекеттер іске асады. 
Қосымша әдебиетпен жұмыс. 
Мәтінді түсініп оқып, көкейіңізде сақтаңыз. 
Cәлем  сөздің басы 
 
Сәлемдесуден кейін хал-ахуал сұрасу да әдепке, көргенділік, 
естілікке жатады. Мұнда да әр халықта әр басқа қалыптасқан жора-
салттар бар. Мысалы, орыстар: «Денсаулығың қалай?» – дейтін болса, 


ертедегі мысырлықтар: «Қалай, сіз терлейсіз бе?» – дейтін болған. Гректер 
«қуаныңыз» сөзін айтса, қытайлықтар: «Бүгін тамақтандыңыз ба?
Қарныңыз тоқ па?» – деп сұрайды екен. Орта Азия халықтарында сол жақ 
кеудесін оң қолымен басып, кеудесін иіп сәлемдесу қалыптасқан да, одан 
кейін хал-жағдай сұрасатын болған. Бізде болса: «Бала-шаға, үй іші аман 
ба? Денсаулығыңыз жақсы ма? Мал-жаныңыз сау ма?» – деп бастап, біраз 
жерге дейін апаратыны белгілі. 
Міне, мұның бәрі әр елдің тұрмыс-тіршілік ерекшеліктеріне, өмір сүру 
жағдайлары мен салт-ғұрыптарына байланысты сәлемдесу әдептерінің де 
өзгешеліктері болатынын көрсетеді. 
 
Тапсырма:
1.Мәтінде не туралы айтылған? 
2. Әр халықтың сәлемдесу әдебі әртүрлі болу себептері қандай? 
3. Жауап алу мақсатында айтылған сөйлемдерді атаңыз. 
а) Мәтін мазмұнына байланысты айтылым, тыңдалым әрекеті 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет