Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының



Pdf көрінісі
бет20/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   197
бойынша
ойтолғау. 
б)Талдаудың үш сатысы. Жазылым, айтылым, тыңдалым әрекеті 
бойынша сөйлемге синтаксистік талдау жасау.(Үйретуші жазады, 
айтады, үйренуші де жазады, айтады, тыңдайды). 
І. Синтаксистік талдау:
Үлгі:
Денсаулығыңыз жақсы ма? 
1.1. Сөйлемде бір тыныс белгісі бар. Ол – сұрау белгісі (?). 
Сұрау белгісінің қойылу себебі жауап алу мақсатында ма
шылауының қолданылуы арқылы сұрай айтылып тұр. 
1.2. Айтылу сазы мен мазмұнына қарай – сұраулы сөйлем. Себебі, 
сөйлем сұрау мағынасында айтылып тұр. 
1.3. Құрылысына қарай – жай сөйлем. Себебі, бірнеше сөзден 
құралып келіп, тиянақты бір ғана ойды білдіріп тұр. 
IV. Дәптермен жұмыс.
Көркем жазу. Сс әрпін көркем жазу.
V. Жаңа материал бойынша алған білімдерін зерделеу. 
1-тапсырма. 
Екі 
бағандағы 
сөйлемдерді 
салыстырып 
оқыңыз. 
Айырмашылығын дәлелдеп, түсіндіріңіз. Жеке орындайды. 
Бүгін ауылға барма. Сіз киноға барасыз ба? 
Әдепсіздік жасама. Ағам ауылға кетіп пе? 
Үйге жүгіріп кірме. Бүгін сабаққа дайынсың ба? 


Кез келген сөйлемді алып, синтаксистік талдаудың бірінші сатысын толық 
жазылым бойынша талдап жазыңыз.
2-тапсырма. Топтық тапсырма «Кім жүйрік?» Шарты: Қима қағаздарға 
сөздер жазылған, сол сөздерді қатыстырып, екі топ хабарлы сөйлем, ал
екі топ сұраулы сөйлем құрайды. Сол сөйлемдерге синтаксистік талдау 
жасайды. (Жазылым, айтылым және тыңдалым іс-әрекеттері жүзеге асады).
Топтық бағалау.
Мысалы: (Ассалаумағалайкүм, көп жаса, сәлемі түзу, рұқсат, жылы шырай 
парыз, т.б) 
3-тапсырма. Жұптық жұмыс.
 
 
Мақалдарды жалғастырып жазыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет