Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының



Pdf көрінісі
бет22/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   197
Байланысты:
«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

4-сабақ. 
Сабақтың тақырыбыЛепті сөйлем. 
Сабақтың мақсаты:
а) Тәрбиелік: Нақыл сөз, мақал-мәтелдер арқылы оқушыларды ұлттық 
құндылықтарды бағалай білуді бойларына сіңіру. 
ә) Білімділік: Лепті сөйлем туралы білім алу. 
б) Дамытушылық: Алынған нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерді негізге 
ала отырып, пікірталас, ойтолғау, шығармашылық жұмыстар атқаруға 
жағдай туғызу. 
Сабақтың технологиясы: Сатылай кешенді оқыту. 
Сабақтың түрі: Аралас сабақ. 


Оқыту формалары: Жеке, жұптық, топтық, ұжымдық. 
Көрнекілігі: Сызба, кесте.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану. 
Техникалық құралдар: Интерактивті тақта. 
Сабақтың кезеңдері: 
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа бағыттау. 
Суреттер бойынша үш топқа бөлінеді: нүкте, леп белгісі, сұрау 
белгісі. 
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. 
Бірінші кезең: Өткен материалдарды еске түсіру. Мақсаты: жаңа білімді 
бұрынғы біліммен байланыстыра отырып, өтілетін материалды жеңіл
ұғынықты меңгерту. Тірек тапсырма: Білім алушылардың үйге берілген 
жаңа сабаққа негіз болатын тапсырмалармен жұмыс. Мысалы: Нақыл – 
саған ақыл.
а) Сөйлемге айтылым әрекеті бойынша ойтолғау жасау.
Ата-бабаларымыздан ұрпақтап-ұрпаққа мұра болып қалған ұлағатты 
сөздерінің қадірін жете біліп, күнделікті өмірде қолдана алу, нақыл 
сөздердің мәнін түсінуге жетелеу. 
 б) Талдаудың үш сатысы. Жазылым, айтылым, тыңдалым әрекеті 
бойынша сөйлемге синтаксистік талдау жасау. (Ойындар арқылы 
амалға асыруға болады). 
 
Үлгі: 
Нақыл – саған ақыл. 
1.1. Сөйлемде екі тыныс белгісі бар. Олар: нүкте және сызықша. 
а). Нүктенің қойылу себебі ... . 
б). Сызықшаның қойылу себебі - ... . 
1.2. Айтылу сазы мен мазмұнына қарай – хабарлы сөйлем. Себебі, ...

1.3. Құрылысына қарай – жай сөйлем. Себебі, ... . 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет