Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының



Pdf көрінісі
бет16/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   197
ә) Білімділік: Хабарлай, баяндай, суреттей айтылатын сөйлемдерді 
өздігінен меңгеруге жағдай жасау. 
б) Дамытушылық: Алынған нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерді негізге 
ала отырып, пікірталас, ойтолғау, шығармашылық жұмыстар атқаруға 
жағдай туғызу. 
Сабақтың түрі: Аралас сабақ 
Сабақтың технологиясы: Сатылай кешенді оқыту. 
Оқыту формалары: Жеке, жұптық, топтық, ұжымдық 
Көрнекілігі: Кесте, сызба, табиғат көріністерінің суреттері. 
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану. 
Техникалық құралдар: Интерактивті тақта, компьютер. 
Сабақтың кезеңдері: 
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа бағыттау. 
Әрбір адам: туысым, досым, жұрағат, 
Әрбір сабақ: үйрену, ұғу, ұлағат. 
Әрбір ісім: тірлік, тірек, адамдық, 
Әрбір сөзім: шындық, бірлік, адалдық. 
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру. 
 
Бірінші кезең: Өткен материалдарды еске түсіру. Мақсаты: жаңа білімді 
бұрынғы біліммен байланыстыра отырып, өтілетін материалды жеңіл
ұғынықты меңгерту. Тірек тапсырма: Білім алушылардың үйге берілген 
жаңа сабаққа негіз болатын тапсырмалармен жұмыс. 
Ұлағатты сөздер – ұрпаққа аманат. (Мақал). 
а) Сөйлемге айтылым әрекеті бойынша ойтолғау жасау. Ата-
бабаларымыздан ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалған ұлағатты сөздерінің 
қадірін жете біліп, күнделікті өмірде қолдана алу. 


ә) Талдаудың бірінші сатысы. Айтылым әрекеті бойынша 
сөйлемге синтаксистік талдау. Сөйлемде екі тыныс белгі бар. Олар: нүкте 
және сызықша. Нүктенің қойылу себебі ойды аяқтап, сөйлемді тиянақтап 
тұр. Сызықшаның қойылу себебі бастауыш атау тұлғалы зат есімнен. 
Баяндауыш нөлдік тұлғалы зат есімнен болғандықтан, бастауыштан кейін 
сызықша қойылып тұр. 
ІІІ. Жаңа сабақ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет