Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының



Pdf көрінісі
бет24/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   197
ІV. Дәптермен жұмыс. Лл әрпі мен дыбысын көркемдеп жазу. 
2-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқып, лепті сөйлемдерді көшіріп жазу.
Итжейде 
 
«Қой бөпешім, бұлқынба», – 
Көндірді әжем ырқына. 
Әйбәт жейде кигізді, 
Тігісі тек сыртында. 
Ғұмыр тілеп, 
Жол тілеп, 
Айтуда жұрт оң тілек: 
«Жасың ұзақ болсын!..» – деп, 
«Итжейдең тез тозсын!..» – деп... 


Істі көріп бүгінгі, 
Қабағым сәл түйілді: 
Итжейде деп неліктен
Атады екен киімді?! 
Өтепберген Ақыпбекұлы 
1. Ақын өлеңді қандай сезіммен жазған? 
2.Жас нәрестеге не үшін ырымдап «итжейде» көйлегі кигізіледі? 
3. Тағы да қазақ халқының қандай әдет-ғұрыптарын білесіздер? 
4.Жан жадыратар қандай жақсы тілектерді білесіздер? 
 
V. Алған білімдерін зерделеу. 
3-тапсырма.Топтық тапсырма. 
Жан жадыратар жақсы сөздерді топтап жазады. 
1-топ: Сол сөздерді қатыстырып лепті сөйлем құрайды. 
2-топ: Сұраулы сөйлем құрастырып жазады. 
3-топ: Хабарлы сөйлем құрап жазады. 
Құрап жазған сөйлемдеріне синтаксистік талдау жасайды.(Жазылым, 
айтылым және тыңдалым әрекеттері жүзеге асырылады). «Тірек сызба» 
ойыны арқылы баяндауға болады. Шарты: Топ мүшелері біріне-бірі тірек 
болып тұрады. Талдаудың келген жерінен жалғастырып айтады. Топтар 
бірін-бірі бағалайды. Мақсат:Бірін-бірі тыңдауға, қателіктерді түзетіп, 
нақты әділ баға беруге баулу. 
4-тапсырма. Жеке жұмыс. Сөйлемдердің соңына тиісті тыныс белгілерін
қойып жазу. Тыныс белгісіне сай ырғақпен оқу. 
1. Абылай хат жазды
2. Алтынай қоянға неше сәбіз берді 
3. Айнала қандай тамаша 
Өз таңдауы бойынша сөйлемге синтаксистік талдау жасайды. (Талдаудың 
үш сатысын жазады). 
VI. Сергіту сәті. Слайд көрсетілімі арқылы қимылдарды жасайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет