Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



бет146/166
Дата02.12.2023
өлшемі1,86 Mb.
#131956
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   166
Байланысты:
Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова-emirsaba.org

11. Сізбенен әріптес арасында келіспеушілік туындады. Ай-


талық, сізге оның себебі тіптен белгісіз, бірақ жұмысқа кесірін 

тигізбеу үшін қарым-қатынасын реттеп алу керек.
Ең алдымен сіз не істер едіңіз?


398
А. Шиеленіскен қарым-қатынастың себебін білу үшін, әріп-


тесімді ашық әңгімеге шақырар едім.


В. Бәрінен бұрын оған деген қарым-қатынасымнан өзімнің 
мінез-құлқымды анықтауға тырысам.
С. Әріптесіме: «Біздің іс-әрекетімізден жұмысқа зиян келеді, 
одан әрі қарай жұмыс істеуді келісіп алайық» деп айтамын.
Д. Біздің жағдайымыздан хабардар басқа әріптестеріме жүгі-
нем, мүмкін, олардың бізге көмегі тиер.


12. Сіз бірнеше жыл қатардағы жұмысшы болып істеген 


ұйымға жетекші болып тағайындалдыңыз. Сағат 8.15-те ке-

шігу себебін анықтау үшін қол астыңыздағы қызметкерді өзі-

ңіздің кабинетіңізге шақырасыз, кенеттен сіз өзіңіз 15 минутқа 

кешігіп қаласыз. Қол астыңыздағы қызметкер уақытында ке-

ліп, сізді күтіп тұр.

Сіз әңгімені неден бастайсыз?
А. Өзіңіздің кешігуіңізге қарамастан, дереу оның кешігуінің 
себебін түсіндіруді талап етесіз.
В. Қызметкер алдында кешірім сұрап, содан соң әңгімені 
бастаймын.
С. Сәлемдесіп, кешігу себебімді айтқаннан кейін «Қалай ой-
лайсыз, сіз секілді үнемі кешігетін жетекшіден не күтуге бола-
ды?» деп сұрайтын едім.
Д. Сол сәтте кездесуді келесі бір уақытқа ауыстырамын.

13. Сіз екінші жыл бригадир болып жұмыс істеп жүрсіз. 

Жас қызметкер сізден үйленуіне байланысты төрт күнге қыз-

меттен босатуын сұрады.
– Неге төрт күнге? – деп сұрайсыз.
– Асқаров үйленгенде сіз төрт күнге жібердіңіз ғой, – деп ол 

арыздана берді. Сіз үш күнге рұқсат етіп, қол қойып бересіз.

Бірақ ол жұмысқа төрт күннен соң келеді.

Сіз қандай тәсіл қолданасыз?
А. Тәртіп бұзылғаны жайлы жоғарыдағы бастыққа баяндай-
мын.
В. Қол астыңыздағы қызметкерді төртінші күнгі демалыста 

өтеуін ұсынамын: «Асқаров та өтеген» деймін.





399
С. Жағдайға қарай (адамдар күн сайын үйленбейді ғой) көп-


шіліктің қатысуымен ескерту жасаумен шектелемін.


Д. Оның келмеуін өз жауапкершілігіме алам. Тек «Олай жа-
саудың керегі жоқ еді» деп құттықтап, бақыт тілеймін.

14. Сіз өндірістік ұжымның жетекшісісіз. Түнгі кезекшілік 

кезінде қызметкерлердің бірі мас күйінде қымбат жабдықтың 
бірін бұзып алады. Айыпкер сізге қоңырау шалып не істеу керек-

тігін сұрайды.

Сіз қалай жауап бересіз?
А. «Нұсқаулыққа сай әрекет жасаңдар. Ол менің үстелім- 
нің үстінде тұр, соны оқыңдар және не керек болса, соны істең-
дер».

В. «Болған жайды вахтерге баяндаңдар. Жабдықтың сынға-


ны жайлы акт жазыңдар, зардап шеккен кезекші медбикеге 
барсын, ертең анықтаймыз».
С. «Менсіз ештеңе қабылдамаңдар, қазір барамын, содан соң 
анықтаймыз».
Д. «Зардап шеккендердің жағдайы қандай? Егер қажет болса, 
дәрігер шақырыңдар».

15. Бір күні сіз өндірістің бірнеше жетекшілерінің арасында 

қызметкермен қандай қарым-қатынаста болу керек деген пікір-

таластың арасына тап келесіз. Көзқарастардың біреуі сізге 

өте ұнады. Қайсысы?
А. Біріншісі – «жұмыста жақсы жұмыс істеу үшін оның жеке 
қасиеттерін ескере отырып, арнайы көңіл бөлу керек».
В. Екіншісі – «оның бәрі – майда тірлік. Адамдардағы басты 
құндылық – олардың іскерлік сапасы, жауапкершілігі. Әркім
өзіне тиісті жұмысты істеуі керек».
С. Үшіншісі – менің ойымша, жетекшіліктің сәттілігіне қол
жеткізу үшін, қол астыңдағылар өз жетекшісіне сенгенде ғана 
сыйлайды.
Д. Төртінші – «ол дұрыс, бірақ сонда да жұмыстың ынталан-
дырғышы ретінде нақты бұйрық, жақсы ойлылық болып табы-
лады».



400





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   166




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет