Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова


Тұлғаралық қатынас тәсіліне баға беру



бет152/166
Дата02.12.2023
өлшемі1,86 Mb.
#131956
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   166
Байланысты:
Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова-emirsaba.org

Тұлғаралық қатынас тәсіліне баға беру 

Тұлғааралық қатынас тәсілі адамның қызмет орнында және 


бос уақытында айналадағылармен қарым-қатынас жасауының
қалыпты тәсілдерін бейнелейді. Баға беру үшін сыналушыдан 
қойылған сұрақтарға жасалған нақты жауаптардың ұпайлар са-
нын белгілеу сұралады. 


1. Әріптестермен қарым-қатынас белсенділігі:
*мен өзара қатынасқа араласпаймын десе де болады – 1; 
*мен қажеттілігіме қарай ғана қатынас жасаймын – 2;
*басқаларға қарағанда, мен қатынас жасауда аса белсенділік 
танытпаймын – 3;
*басқалар сияқты, мен де жақсы қатынас жасаймын – 4; 
*әріптестеріме қарағанда, мен жақсырақ қатынас жасаймын – 5;

2. Ұжымдағы қатынас жасаудың қалыпты ортасы:
*ұжымда ешкіммен араласпаймын – 1; 
*лауазымды тұлғалармен ғана араласамын – 2;
*достарыммен ғана араласамын – 3; 
*бірнеше топпен араласамын – 2;
*барынша көп адаммен белсенді түрде қатынас жасаймын – 5. 


3. Қатынас жасауға деген қажеттілік:
*өзгелермен қатынас жасауға деген ешбір қажеттілікті се-
зінбеймін – 1;
*біреумен қарым-қатынас жасауды сирек қалаймын – 2; 
*кейбір әріптестеріммен жақын араласуды қалар едім – 3;
*бір топ адамдармен жақын араласуды қалар едім – 4; 
*ұжыммен қатынас жасауға деген үлкен қажеттілікті сезі-
немін – 5. 


4. Ұжымдағы қарым-қатынастың сипаттамасы:
*бірін-бірі кінәлау, даулы жағдайлар – 1; 


417
*бір-біріне жау көзбен қарау, тұрпайылылық, балағаттау – 2; 


*ешбір қатыссыз, жайлылық, сирек жағдайда балағаттау – 3;


*өзара көмек көрсету, адамгершілік, қатынас – 4; 
*достық, ұжымдық әріптестік, ортақ істегі келісімділік, бір-
лік – 5. 
Сауалдамадан алынған мәліметтер әр сыналушы тұл-
ғаның шынайы өмірдегі қарым-қатынас жасауымен салыс- 
тырылады. Тұлғааралық қатынастардың сипаттамасын зерт-
тей келе, зерттеушінің қосымша сұрақ қоюына болады,
оларға жауап бере отырып, сыналушы тұлға бес топқа бө-
лініп көрсетілген барынша жеке қатынастарды жанап өте- 
ді:
1. Түрлі кіші топтар туындататын өте қиын жағдай. Басшы 

шарасыз, ол еріксіз озық болып бас көтерген басшыларға тәуел-


ді. Даулы жағдайлар жиі туындайтын. 
2. Саналы түрдегі қиын жағдай. Тұрпайылылық, балағат,
мысқыл, кекету. Басшы басқа тәсілдермен тәртіп орнатуға ты-
рысады.
3. Жоғары тұрған қатынастарға бейтараптық пен бір-біріне 
деген ешбір қажетсіздік жатады. Кейбір кезде өзара тұрпайы-
лылық пен балағаттық жайттар бас көтереді. Күмән туып, бір-
бірін жақтырмау білінеді. Көмек көрсету – сирек құбылыс, аяу
сезімі аз дәрежеде. 
4. Жылылық пен көмек көрсетуге тырысу. Тұрпайылылық –
сирек құбылыс. Басшы өзара сыйласымдылық пен адамгерші-
лікті қол жеткен тәсілдермен қалыптастырады.
5. Әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан алғанда, жақсы жағ-
дай. Достық пен бірлік. Толық түсінушілік. Басшының жоғары
беделі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   166




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет