АРНАУ - әдеби шығарманың басында берілетін, сол шығарманың кімге, қандай оқиғаға
байланысты екенін көрсететін, көбінесе, өлең түрінде келетін автордың сөзі. Кейде А-да
автордың өз шығармасын белгілі бір адамға ізет-құрмет ретінде арнайтыны айтылады. Кейде
жазушы А-ды кімге қаратып айтылғанын анықтамай, сол кісінің өзі ғана түсінетіндей етіп
береді. А. әлем халықтары әдебиетінің барлығында дерлік бар. Шығарманы тыңдаушыларға,
оқырмандарға А-мен бастау қазақ әдебиетінде де бұрыннан келе жатқан дәстүр. А-дың озық
үлгісіне
Ж.Аймауытовты "Қартқожа" романының басында берілген мына өлеңді жатқызуға
болады: "Ел үшін күйген, Еңбекті сүйген, Ізгі тілек, Ер жүректі, Жұртшылық көсемі - Жалынды
жастарға арнаймын".
Достарыңызбен бөлісу: