Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет106/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   677
АРСАЛАҢ (1821. Алматы обл. Қабанбай батыр а. - 1890. Алматы. Сарқан қ.) - айтыс ақыны. А. 
өлеңдерінің көпшілігі әлеум. сарынға құрылған. "Біржан - Сара айтысында "Сараның" Арсалаң, 
сал Ниязбек іздеп келіп...", - деп А-ды мақтан еткен. А. шығармалары Әдебиет және өнер ин-тының 
қолжазбалар қорында сақтаулы. 
 
АРТЫҚБАЕВ Сәрсекей (19 ғ-дың аяғы. Павлодар обл. Баянауыл ауд. - 20 ғ-дың басы. сонда) - 
ақын.  Алғашқы  шығармалары  "Дала  уәлаяты"  газетінде  жарияланған.  Негізгі  шығармасы  Абайға 


еліктеп  жазған  "Осы  күнгі  бозбаланың  қылып  жүрген  жұмыстары"  деп  аталады.  Қазан  қ-нда 
баспаға дайындағанда оған "Хикаят Үфі" деген ат береді. Көп уақыт Мәшһүр Жүсіп Көпеевпен 
шығарм.  пікірталасына  түсіп,  ой  алмастырып  отырған.  "Дала  уәлаяты"  газетінің  бетіндегі  бұл 
пікірталаста ел қамын, жастар болашағын ойлаған пікірлері мол. АРУЗ - орта ғасырлардағы түркі 
классикалық  поэзиясындағы  созылыңқы  және  қысқа  буындардың  белгілі  заңдылықпен 
кезектесуіне негізделген өлең өлшемі.  Түркі әдебиетіне 11 ғ-да енген. Іле-шала А. кең таралып. 
ежелгі  түркі  өлеңінің  бармақ  өлшемін  ығыстырып  шығарды.  Шығыс.  түркі  әдебиетінің  ірі 
тұлғалары Саади, Хафиз, Әлішер Науаи, Мақтымқұлұлы, Жүсіп Баласагұни, Бабыр, Луфти, т.б. А. 
өлшемімен жазды. Басрадан шыққан әйгілі ғалым Халил ибн Ахмед А-ды нақтылы жүйеге салып, 
оның негізгі 15 түрін ашты. Кейін оған 4 түрі қосылды. Түркі тілдес халықгар поэзиясында А-дың 
рамал.  хазаж,  мутақариб  деген  түрлері  жиі  қолданылады.  Бертін  келе  бармақ  өлең  өлшемі 
түркі тілдес халықгар поэзиясынан қайтадан орын алды.   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет