АРАЛБАЕВ Жалғасбай (1893. Қызылорда обл. Қазалы ауд. - 1979. Қарақалпақстан, Нүкіс қ.) -
ақын, әнші, күйші. 1934 ж. Халық өнерпаздарының респ. слетіне қатысқан. Нартай
Бекежановтың концертгік бригадасында өнер көрсеткен. Соғыстан кейін Қарақалпақстанға
қоныс аударып, Қарақалпақ филармониясының қазақ группасында қызмет істеген. Толғаулары
мен әндері, өзі шығарған күйлері халық арасына кең тараған. А-тың орындауындағы Базар
жыраудың "Ақтолық-ай", "Күміс-ай", Шораяқтың Омарының "Өмір өткелдері" толғаулары,
өзінің "Өсекшілерге", "Өткен заман, қай заман", "Көрерге көркің болмаса" жырлары, өзінің екі
күйі және бірнеше халық күйлері грампластинкаға түсірілген.