АРЫНОВМұхтар Ғалиұлы (20.5. 1936. Алматы обл. Ақсу ауд, Аксу а. - 10.9.1995. Алматы обл.) -
ғалым. филол. ғыл. канд. (1973). проф. (1988). Алматы шет тілдер ин-тын (қазіргі Халықар.
қатынастар және әлем тілдері ун-тін) бітірген (1957). Осы ин-тта оқытушы, кафедра меңгерушісі.
ҚазҰПУ-дың проректоры (1974 - 81), Білім мин-нің бөлім меңгерушісі (1981 - 83) қызметтерін
атқарған. 1983 жылдан өмірінің соңына дейін Ақгөбе ун-тінің ректоры болды. А-тың "Неміс тілінің
қысқаша грамматикасы" (1971), "Неміс тілі грамматикасы" (морфология) (1986) оқулықтары тіл
білімі ғылымындағы елеулі табыс ретінде бағаланды. А. ұлт мәдениетін өркендетуге елеулі үлес
қосты. 1989 ж. халықар. "Қазақ тілі" қоғамының құрылуына ұйтқы болды. А-тың ұлтгық филос.,
дидак., этногр. және этнолингвист. деректер негізінде жазған "Бес анық" (1996) кітабы - қазақ
халқының дәстүрлі дүниетанымын зерделеуге арналған алғашқы еңбектердің бірі болды. Ұлттық
рухтың ерекшелігін көрсететін тіл, дін, салт-дәстүр, тарих, атамекен туралы ой-толғамдары
халықтық пед. пәнінің қалыптасуына негіз болып қаланды. Ғалым Әйтеке бидің, Кердері
Әбу-бәкірдің өмірі мен шығарм. зерттеуге елеулі үлес қосты.