Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет9/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   677
АБАЙТАНУ  -  қазақ  әдебиеттану  ғылымының  бір  саласы.  А.  ұлы  ақынның  өмірі  мен 
шығарм-ғы,  фи-лос.,  қоғамдық,  эстет.  көзқарасы,  қазақ  поэзиясын  дамытудағы  үлесі,  муз. 
мүрасы  туралы  жазылған  сан-салалы  зерттеу  еңбектерді  қамтиды.  Абай  өмірі  мен 
шығарм-ғын  алғаш  зерттеушілер  А.Байтұрсынов,  К.Ысқақұлы,  Ә.Бөкейханов,  М.Дулатов, 
І.Жансүгіров,  Қ.Жұбанов,  Ы.Мұстамбайұлы,  Ғ..Тоғжанов  секілді  әдебиет  пен  мәдениет 
қайраткерлері болды. 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген Абай шығармаларының тұңғыш 
жинағын, оған кірген Кәкітай жазған ақынның түңғыш өмірбаяны - А-дың бастамасы, алғашқы 
деректік  арнасы  болып  табылады.  Жинақта  ақынның  аударма  өлеңдерін  қосқанда,  жүз 
қырықтай  өлеңі  мен  "  Ескендір",  "  Масғұт"  поэмалары  басылған.  Осы  жинақты  тұңғыш 
жинақтап,  дайындап,  бастырған  Кәкітай  Ысқақұлы  мен  Тұрағұл  Абайұлы  болатын.  Бұрын 
жарық көрмеген бір топ жаңа өлеңдері 1916 ж. Орынборда Самат Әбішұлы бастырған "Абай 
термесі"  атты  кітапта  жарияланды.  1922  ж.  Ташкентге,  Қазанда  басылған  жинақтар  бұрын 
жарияланған  шығармаларды  қамтиды.  Ақын  шығармалары  жеке  кітап  болып  басылғанға 
дейін-ақ  халық  арасына  қолжазба  түрінде  және  ауызша  тараған.  Байтұрсынов  ақын 
өлеңдерімен 1903 ж. қолжазба арқылы танысқанын айтады. 1914 ж. Мәскеуде жарық көрген 
"Восточный  сборник"  атты  кітапта  Абайдың  өмірі  мен  шығармалары  туралы  мағлұмат 
келтіріліп,  бірнеше  өлеңінің  мазмұны  орыс  тілінде  қара  сөзбен  берілген.  Абай  өлеңдері 
төңірегінде 20 ғ-дың 20-жылдарында, одан кейінгі кездерде айтыс-тартыс көп болды. Осыған 
орай  Байтұрсыновтың  "Қазақтың  бас  ақыны"  атты  1913ж.  жарияланған  мақаласындағы 
Абайға  берген  бағасы,  ұлы  ақынның  қазақ  әдебиеті  тарихындағы  алатын  орнын  анықтауы, 
өнерпаздық  өзгешелігін,  асқан  шеберлігін  тануы  шынайы  ғұлама  ғалымға  тән  айрықша 
көрегендіктің,  білгірліктің,  өлең  сөздің  қадірін  терең  бағалай  алатын  ақындық 
сезімталдықгың, талғампаздықтың үлгісі деуге лайық. Бөкейханов, Байтұрсынов, Дулатовқа 
ілесе Абай шығарм-ғы жайында үлкенді-кішілі мақала жазып, ақын өлеңдерін жұртшылыққа 
танытуға  Н.Рамазанов,  Ғ.Сағди,  Ы.Мұстамбайұлы  және  Н.Н.  Белослюдов,  т.б.  ат  салысты. 
Ақын шығармаларын жариялауға, олардың 1933 - 57 жылдардағы ғыл. басылымын құрастыру 
ісіне  М.Әуезов  орасан  зор  үлес  қосты.  Бұл  басылымдар  ақынның  1909  ж-ғы  жинағы  мен 


Мүрсейіт Бікеұлының бірнеше қолжазбасы  негізінде жүзеге асты.  Әуезовтің басшылығымен 
және тікелей қатысуымен 1957 ж. "Ғылым" баспасынан жарық көрген Абай шығармаларының 
екі томдық жинағы А. ғылымында елеулі табыс болды. Әуезов ұзақ жылдар бойы ізденіп, сан 
алуан деректерді зерттеп, жүйеге түсіріп, Абайдың ғыл. өмірбаянын жазып шықты. 1940 - 60 ж. 
Абай  өмірі  мен  шығарм-ғын  зерттеу  ісі  кең  көлемде  жүргізіліп,  жаңа  белестерге 
көтерілді.С.Мұқанов,  Қ.Жұмалиев,  Т.Тәжібаев,  Қ.Мұхамедханов,  М.Силъченко,  Ы.Дүйсенбаев, 
Б.Ерзакович, ММырзахметов, Ғ.Есімов, Ж.Ысмағұлов, Р.Сыздықова, Т.Әлімқұлов, А.Нұрқатов, 
3.Қабдолов, Т.Қожакеев, Ғ.Есім, Ғ.Мұқанов сияқты ғалымдар А. ғылымына өз үлестерін қосты. 
1970  ж.  Абайдың  туғанына  125  жыл  толуына  орай  шығармаларының  жинағын  шет  тілдерде 
кітап етіп бастыру ісі жандана түсті. Орыс тілінде ақын шығармалары 1940 жылдан бері он бес 
рет жеке кітап болып басылды. 1945 - 60 ж. Абай шығармалары жеке жинақ болып Ташкентте 
өзбек  тілінде,  Қазанда  татар  тілінде,  Ашғабатта  түрікмен  тілінде,  Бішкекте  қырғыз  тілінде, 
Улан-Баторда моңғол тілінде, Пекинде қытай тілінде, Прагада чех тілінде басылып шықты. 
1970 ж. Киевте украин тілінде, Ереванда армян тілінде, Минскіде белорус тілінде, Кишиневте 
молдован  тілінде,  Ригада  латыш  тілінде  жарық  көрді.  1970  ж.  Мәскеуде  "Прогресс" 
баспасында  араб,  ағылшын  тілдерінде Абай шығармаларының жинағы  басылды.  Абайдың 
150  жылдық  мерекесі  қарсаңында  жарық  көрген  ондаған  іргелі  зерттеулер  А-дың  ғыл.-теор. 
деңгейі  бұрынғыдан  да  биіктей  түскенін  айқын  танытты.  1995  ж.  жарық  көрген  "Абай" 
энциклопедиясында  Ұлы  ақынның  өмірі  мен  шығарм.  жолына  қатысты  қыруар  деректер, 
құнды ой-пікірлер жинақталып, жүйеге келтірілді. Абай шығармаларының ғыл. толық жинағы 
басылып  шықты.  Абай  шығармаларын  жариялау,  зерттеу  ісіне  шет  елдерде  айрықша  мән 
берілді.  Қытайда  проф.  Қабайдың  "Абай  және  Абай  шығармашылығы"  (Пекин,  1987  ж.)  атты 
еңбегі,  кейінірек  Су  Чжоусюннің  зерттеу  еңбегі  мен  Абайдың  қара  сөздерінің  аудармалары 
жарияланды.  Чех  ғалымы  П.Гржебичек  Абайдың  ақындық  жолын  арнайы  зерттеді.  1995  ж.  ұлы 
ақынның  150  жылдық  мерейтойы  барысында  шет  елдердің  көптеген  әдебиетшілері,  қоғам 
қайраткерлері Абай шығармалары жайлы мақалалар, баяндамалар жасады. Парижде, Стамбұлда, 
Мәскеуде, Санкт-Петербургте, Киевте, Минскіде, Вильнюсте, Ташкентте, Бішкекте, Қазанда ұлы 
ақынға арналған салтанатты мәжілістер мен ғыл. конференциялар өткізілді. Абай шығармалары 
Түркияда, Пәкстанда, Иранда, Қытайда басылды, француз, ағылшын, неміс және басқа тілдерге 
аударылды.   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет