Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет133/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   677
АХМЕТОВ  Әбдірашит (5.2.1912, бұрынғы Ақмола обл. Атбасар уезі, Алексеев болысы. №3 а - 
1984.  Алматы)  -  аудармашы.  Мәскеудегі  түсті  металлургия  ин-ты  жанындағы  жұмысшы  ф-тін 
бітірген  (1932).  1932  -  37  ж.  Көкшетау  ауд.  атқару  к-тінің  жауапты  хатшысы.  1937  -47ж. 
"Социалистік Қазақстан" (қазіргі "Егемен Қазақстан") газетінің бөлім меңгерушісі, 1941 - 42 ж. ҚР 
Жоғ. Кеңес Төралқасы аппаратының жауапты қызметкері, 1943 - 50 ж. Ақмола обл. атқару к-тінің 
бөлім меңгерушісі, хатшысы, 1950 - 56 ж. "Жаңа өмір" журналының әдеби қызметкері, жауапты 
хатшысы, 1956 жылдан "Ара" ("Шмель") журналының тілшісі, "Қазақ әдебиеті" газетінің жауапты 
хатшысы, "Қазақстан" баспасының аға редакторы, "Білім" қоғамының аға редакторы, Жазушылар 
одағы  Әдебиет  қорының  директоры  қызметтерін  атқарған.  Француз  жазушысы  Оноре  де 
Бальзактың  "Горио  атай"  романы,  орыс  жазушылары  А.П.  Чеховтың  "Жылқы  аттас  фамилия" 
әңгімесін, "Аю" мен "Юбилей" пьесаларын, А.Степановтың кеңестік классикалық шығармалары 
"Порт-Артурды"  (3-кітабын),  "Звонаревтер  әулеті"  (І-ІІ-кітаптар)  романдарын,  Г.Санкеевичтің 
"Нан үшін" повесін, А.Гайдардың "Барабаншы бала тағдыры" повесін, еврей жазушысы Шолом - 
Алейхемнің  "Сергелдең  болған  сарбаздар"  романын,  араб  ертегілері  -"Бағдат  сайқалын",  т.б. 
көптеген шығармалар мен кинофильмдерді кззақ тіліне аударған.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет