АХМЕТБЕККірішбайұлы (1933ж т., ҚХР, ШҰАР, Тарбағатай аймағы Еміл а.) - ғалым. Шыңжаң
ун-тін бітірген (1956). 1956 - 62 ж. Үрімжі пед. ин-тында оқытушы болды. 1962 жылдан ун-тте
кафедра меңгерушісі. А-тің ғыл. еңбектері қазақ әдебиеті тарихын зерттеуге арналған.
АХМЕТ Өтен (7.11.1938 ж т., Қызылорда обл. Қармақшы ауд. Қорқыт ст.) - жазушы, драматург.
ҚазҰУ-ды бітірген (1963). Қарсақпай кентіндегі орта мектепте мұғалім болып жұмыс істеген.
1967 жыл-дан баспасөз саласында. Қарағанды обл. "Орталық Қазақстан" газетінің меншікті тілшісі,
бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, редакторы, Қарағанды обл. телерадио
компаниясының төрағасы. респ. "Азия-транзит" тәуелсіз саяси газетінің редакторы. Алматы обл.
Жамбыл ауд. Мыңбаев а-ндағы орта мектеп мұғалімі қызметтерін атқарды. Алғашқы шығармасы
"Алыптың адымы" 1968 ж., "Алда күн бар" атш алғашқы повесі 1973 ж. жарияланған. "Адам болғым
келеді" (1975), "Алтын арқау" повестері (1977), "Қоңыр үй" (1982), "Заңғар" (1988) романдары
жарық көрген. "Қарқаралы қыздары-ай" телефильмі сценарийінің, "Темірқазық", "Студенттер",
"Құрыш пен қоңыз" пьесаларының авторы.